Қазақстан республикасының білім


I, II және III-ші топтың аниондарының қоспасын анализдеу



бет17/20
Дата19.04.2023
өлшемі374 Kb.
#472379
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Аналитикалық хим.лаб

I, II және III-ші топтың аниондарының қоспасын анализдеу
Жұмыстың мақсаты: I, II және III-ші топтың аниондарының қоспасын анализдеуді оқып үйрену.
Жұмыстың міндеттері: I, II және III-ші топтың аниондарының қоспасына алдын-ала сынаулар жүргізу, анализдеу барысында алынған нәтижелерді қорытындылау.
Жұмыстың орындалуы: жұмысты төмендегі сызба бойынша және 11-ші, 12-ші зертханалық жұмыстарда берілген нұсқауларды пайдаланып орындайды.
Кесте 13.1
I-III-ші аналитикалық топтардың катиондарының қоспасын бөлудің сызба-нұсқасы

Аниондар қоспасын жүйелік әдіспен зерттемей жеке реакциялары бойынша анықтайды. Ол үшін қоспадан аниондарға алдын ала болжау жасайды. Болжау барысында байқалған аниондарды жеке реакциялармен анықтайды.


Б ерілген қоспаны алдын ала зерттеу.
1-ші болжам. Реакция ортасын анықтау үшін, қоспаның рН мәнін лакмус немесе универсал индикатор көмегімен белгілейді. Егер орта қышқылдық болса, СО32- S2- иондарының бар болғаны.
2. Болжам. Тотықтырғыш аниондарды болжау үшін, қоспаның 5-6 тамшысына 2-3 тамшы 2 н H2SO4 және 3-4 тамшы дифениламин ерітіндісін қосады. Ерітіндінің қара көк түске боялуы - нитрат-ион NО3- белгісі.
3. Болжам. Тотықсыздандырғыш аниондарды болжау үшін, қоспаның 5-6 тамшысына 2-3 тамшы 2 н Na2SO4 және 3-4 тамшы сұйылтылған калий перманганатын КМпО4, қосады. Егер калий перманганаты түссізденсе, СІ- , І- аниондарының белгісі.
4. Болжам. Газ бөлетін аниондарды болжау үшін, 1 мл қоспаға сонша 2 н HC1 ерітіндісін қосып, ептеп қыздырады. Бөлінген газ көпіршіктері әк суын лайландырса, CO32- иондарының белгісі.
Ал бөлінген газдан шіріген жұмыртқаның иісі сезілсе, онда S2- иондарының белгісі.
5. Болжам. II топ аниондарына болжау үшін, қоспаның 4-5 тамшысына сонша мөлшерде HNO3 және 2-3 тамшы AgNO3 қосады. Тұнба түзілу — II топ аниондарының белгісі.
6. Болжам. III топ аниондарына болжау үшін, қоспаның 4-5 тамшысына бейтарап немесе әлсіз сілтілік ортада сонша барий хлоридін қосады. Тұнба түзілу - III топ аниондарының белгісі. Қоспадағы аниондарды алдын ала зерттегеннен кейін аниондарды жеке реакциялары бойынша анықтайды.


Бақылау сұрақтары;
1. Аниондардың периодтық кестесіндегі орны.
2. Аниондарды талдаудың жеке және жүйелі әдістері, аниондардың жіктелуі.
3. I топ аниондарының топтық реагенттерімен реакцияларының химиялық теңдеулерін жазу.
4. ІІ топ аниондарының топтық реагенттерімен реакцияларының химиялық теңдеулерін жазу.
5. ІІІ топ аниондарының топтық реагенттерімен реакцияларының химиялық теңдеулерін жазу.
6. Аниондарды анықтауда қолданылатын органикалық реагенттердің химиялық формулаларын жазу.
7. Әлсіз және күшті қышқылдар аниондарының химиялық формулаларын жазу.
8. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиет көрсететін аниондардың химиялық формулаларын жазу.

№ 14-ші лабораториялық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет