ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
А.С. Ержанова, С.М. Тажибаева, А.К. Алпысбаева
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША МӘТІНДЕР ТОПТАМАСЫ
Оқу-әдістемелік құрал
Қарағанды 2009
ӘӨЖ 800:61
ҚБЖ 81+5я7
Е 70
ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:
Жұмаділова Н.Т. - Қарағанды «Болашақ» университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к.
Головина К.М. - Қарағанды «Болашақ» университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.
Баширов А.Б. - ҚММА №2 хирургиялық аурулар кафедрасының доценті, м.ғ.к.
Е 70 Медициналық тақырыптар бойынша мәтіндер топтамасы медицина академиясының студеттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал: Ержанова А.С., Тажибаева С.М., Алпысбаева А.К: - Қарағанды, 2009 - 93б.
«Медициналық тақырыптар бойынша мәтіндер топтамасы» оқу-әдістемелік құралы медициналық мәтіндерден, мәтінге арналған тапсырмалардан тұрады, сонымен қатар грамматикалық тақырыптарды қайталау мақсатында жазба жұмыстары мен ауызекі сөйлеуді дамыту үшін науқас адаммен сұхбат құрастыру тапсырмаларына да орын берілген.
Бұл құралды оқу орыс тілінде жүретін топтардың студенттері пайдалана алады.
Оқу-әдістемелік құрал Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы әдістемелік кенесінің отырысында қаралды және мақұлданды 11.02.09ж.
№6 хаттама
ҚММА Ғылыми кенесіне шығарылу үшін ұсынылды және бекітілді
18.02.2009ж. №6 хаттама
©А.С. Ержанова, С.М. Тажибаева, А.К. Алпысбаева, 2009
Қысқартулар тізімі
УДЗ Ультрадыбыстық зерттеу
ДДҰ Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы
Алғы сөз
Қоғам дамуының әр сатысы білім беру жүйесіне, оның бір саласы жоғары оқу орындарындағы кәсіби дайындық мазмұнына өз талаптарын қояды. Жоғары оқу орындарындағы өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін кәсіби мақсатта оқыту ісі өзекті бола бастағаны белгілі. Мамандыққа, кәсіпке сәйкес келтіре отырып, қазақ тілін үйрету дегеннен әрбір үйренушінің келешекте өз мамандықтары бойынша қызмет бабында қазақ тілінде пікір алмасу, өз мамандығына қатысты терминдерді пайдалана отырып, ақпаратты кідіріссіз тез түсіну, шапшаң реакция жасай білу дағдысын қалыптастыру керек деген көзқарас туындайды.
Бұл еңбектің басты мақсаты – қазақ тілінен біршама хабары бар үйренушілердің қазақша сөйлеуін болашақ мамандықтарына қатысты одан әрі дамыту, жетілдіру, лексикасын байыту болып табылады.
Оқу құралы жалпы медицина факультетінің студенттері үшін Типтік бағдарламаға сай жазылып даярланды. Жинақталған материалдар мәтін бойынша бөлінген.
Студенттердің мәтінді жақсы меңгеруі үшін ұсынылған мәтін алды, мәтін кезіндегі тапсырмалар тақырыптың жалпы мазмұнын түсінуге, байыптауға бағытталса, мәтіннен кейінгі жұмыстар мазмұнын қалай түсінгенін тексеру, қысқаша ақпарат беру, аударма жасау, болашақ мамандығына қатысты лексиканы игеру, сұхбат өткізе білу, сырқатнама жазып үйрену сияқты мақсаттарды көздеді.
Берілген тапсырмалар студенттердің қазақша сөйлеуін, ойлауын одан әрі жетілдіруге, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Қазақтың халық медицинасы
Қазақтың халық медицинасы үлкен үш салаға бөлінген. Табибия – диагностика, дәрігерлік – фармакология, емшілік – терапия. «Тәуіп» - дәрігер, ауруды анықтаушы (диагноз қоюшы). Бабаларымыз медицинаны сақия, яғни денсаулық сақтауға қатысты білімдер жиынтығы деп атаған. Олар науқастың ағзасындағы өзгерістеріне байланысты салқын, ыстық, құрғақ, ылғал деп төрт топқа бөлген.
Медицина атасы – Гиппократ адам баласын табиғатына қарай былай бөледі: «Әр адамның бір-бірінен айырмашылығы ағзадағы төрт шырын: қан, сілекей, сары өт, қара өттің қасиеттеріне тікелей байланысты. Сол төрт шырынның негізін табиғаттың төрт құбылысы – жылы, салқын, құрғақ және ылғал болуынан» - деп пайымдайды. Әйгілі ғұлама Гиппократ ғылыми жұмысқа кіріспес бұрын көп жыл бойы сақтар ішінде (қазіргі қазақтардың бабалары) болғанын өзі атап өтеді. Гиппократ былай жазған: «Денесінің қандай да бір жері күйдірілмеген сақты табу қиын. Өйткені сақтар күйдіру жолымен емдеуді бірінші орынға қояды».
Қазақтың дәрі-дәрмектен басқа емдері: ұшықтау (тітіркендіру), уқалау, сипалау, ыстық өткізу, суық басу, оңашалау әдістері күні бүгін ең тиімді тәсілдер болып отыр.
1-Тапсырма
«Қазақтың халық медицинасы» мәтіні бойынша берілген жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
Сала – область; отрасль; сфера
Тәуіп – лекарь; целитель
Баба – предок
Айырмашылық – отличие
Тәсіл – способ
Әдіс – метод; прием; способ
Өзгеріс – изменение
Жиынтық – сборник
Құрғақ – сухой
Ылғал – влажный
Тиімді – эффективный
Анықтау – определять
Диагноз қою – ставить диагноз
Қолдану – применение; применять
Ұшықтау, тітіркендіру – раздражение (чем-либо: рукой, холодом и т.д.)
Уқалау, сипалау – массажировать
Ыстық өткізу – горячий компресс
Суық басу – холодный компресс
Күйдіру – обжигать
Оңашалау – изолировать; отделить
2-Тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
-
Қазақ халқы халық медицинасын қандай үш салаға бөлген?
-
Тәуіп деген кім?
-
Сақия дегеніміз не?
-
Қазақ халық медицинасының қандай емдеу тәсілдерін білесіз?
-
Гиппократтың айтуынша, әр адамның бір-бірінен айырмашылығы неде?
3-Тапсырма
«Бабамыз» сөзін септеп, 5 сөйлем құрастырыңыз
Дәрумендер және олардың тамақта сақталуы
Дәрумендер – ерекше органикалық заттар. Адам олардың аз мөлшерін ғана пайдаланады, бірақ дәруменсіз біздің ағзамыздағы мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Дәрумендер ағза үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, адам ауруға шалдығуы мүмкін.
Дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық-түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендер алып отырады. Дәрумендер латын алфавитіндегі А, В, С, Д және т. б. әріптермен белгіленеді.
А дәрумені ағзаның өсуіне және дамуына әсерін тигізеді. Ол – дененің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А дәрумені треска балығының бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде кездеседі.
В дәруменінің түрлері көп: В1, В2, В6, В12, В15, сондықтан оларды В дәрумендер тобы деп атайды. Олар нанда, жемістерде және әсіресе ашытқыда көп болады. В дәрумендерінің тобы бұлшық ет пен жүйке жүйесі жұмысына әсер етеді. Бұл дәрумен жеткіліксіз болғанда адам тез шаршап-шалдығады, жүйкесі тозады және ашуланшақтық байқалады. В12 дәрумені жетіспесе, қан аздық ауруының тууына себеп болады. В15 дәрумені жүрек, қан тамырларының жұмысына және бауырдың ауруына әсер етеді.
С дәрумені ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады. Бұл дәрумен ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістерді, ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн.
Д дәрумені денемізде күн сәулесінің әсерімен түзіледі. Бұл дәруменнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Ал дайын дәрумендер таблетка, драже, ұнтақ т.б. қалыптарда дәріханаларда сатылады.
1-Тапсырма
Мәтін бойынша берілген сөздерді жаттап алыңыз
Дәрумен – витамин
Даму – развитие
Зат алмасу – обмен веществ
Қорғаныш қасиеті – защитные свойства
Жүйкесі тозу – повышенная нервозность
Ашуланшақтық – вспыльчивость; раздражительность
Қарсы тұру – сопротивляемость
Қан тамырлары – кровеносные сосуды
Ашыған қырыққабат – квашеная капуста
Ұнтақ – порошок
Мешел – рахит
Қалып – форма
Алабұға – окунь
Ерекше – особый
Қалыпты – нормальный; устойчивый
Дайын – готовый
Қамтамасыз ету – обеспечивать
Нашарлау – ухудшаться
Шаршап-шалдығу – усталость; утомляться
Реттеуге қатысу – участвовать в регулировании
Арттыру – повышать
Түзілу – образоваться
Күн сәулесінің әсерімен – под влиянием солнечных лучей
Себеп болу – стать причиной
Жеткіліксіз – недостаточно
2-Тапсырма
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз
1. Дәрумендердің адам өміріндегі маңызы қандай?
2. А дәрумені не үшін қажет?
3. В тобының дәрумендері қандай тағамдардың құрамында болады?
4. С дәруменінің маңызы қандай?
5. Д дәрумені ненің әсерінен түзіледі, әсіресе ол кімдер үшін керек?
6. Дәрумендер неде болады?
7. Дәрумендер қандай әріптермен белгіленеді?
3-Тапсырма
Мәтін бойынша курсивпен берілген сөздерді теріп, олардың антонимдерін жазыңыз
4-Тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз: ағзада ... , тез ... , жүрек жұмысын ... , ой еңбегін ... , бауыр ауруына ... , латын әріппен ... .
Керекті сөздер: себеп болу, арттыру, жеткілікті болу, шаршау, жақсарту, белгіленген
Денсаулыққа зиянды әдеттер
Денсаулықты нығайтуда спорт, дене шынықтыру, ырғақты қимыл, мәдениетті түрде тынығу, дұрыс тамақтану, ретімен киінудің де мәні зор.
Спортпен айналысқан адамның бұлшық еті шымыр, тұлғасы сымбатты, ауру-сырқаудан аулақ болады. Сондықтан да халқымыз «Тәні саудың, жаны сау» деп орынды айтқан.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолында адамға зиянды әдеттер туралы хабарлы болу керек. Адамның зиянды әдеттеріне темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық жатады.
Темекі тарту. Темекінің түтінінде өте улы зат – никотин болады. Никотин алдымен жүйке жүйесін уландырады, асқазан қышқылын көбейтеді, ас қорыту процесі де бұзылуы мүмкін. Никотин қан қысымын жоғарылатып, жүрек соғуын жиілетеді. Темекі, әсіресе жастарға зиянды. Сондықтан оны балалар бар жерде тартпау керек.
Адам темекіні алғаш рет тартқанда уланады: басы айналады, жүрегі қағады, құсады, аяқ-қолы дірілдейді.
Маскүнемдік – медицина ұғымында спиртті ішімдіктерді салынып ішуден болатын ауру. Маскүнемдік арақты күн сайын аздап ішуден басталады да, бір кезде оған құмарту әдетінің пайда болғанын өзі де сезбей қалады. Мұндай ауруға ұшыраған адамның зияны өз денсаулығына, отбасына ғана емес, қоғамға да тиеді.
Нашақорлық – адамның апиын, морфин, кокаин сияқты улы заттарға құмар болуы.
Бұларды қолданғанда адам көңілденіп, мас болады. Сөйтіп ол бара-бара үйреншікті ауруға айналады. Мұндай ауруға ұшыраған адам бұларды ішпесе мазасызданады, ұйқысы бұзылады, асқа тәбеті тартпайды, адаммен сөйлеспейді. Бірақ осының салдарынан адамның бірте-бірте мінез-құлқы өзгереді, түрлі жат қылықтарға барады, адам жүдейді, қолы дірілдейді.
Біздің елде маскүнемдікке, нашақорлыққа және темекі тартуға қарсы жан-жақты күрес жүргізіледі. Бұлардың зияны баспасөз, теледидар арқылы халыққа түсіндіріледі. Нашақорлық пен маскүнемдікті емдейтін арнаулы мекемелер бар.
1-Тапсырма
«Денсаулыққа зиянды әдеттер» тақырыбы бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
әдет – привычка
темекі тарту – курение
маскүнемдік – алкоголизм
нашақорлық – наркомания
дене шынықтыру – физкультура
ішімдікті салынып ішу – чрезмерное употребление алкоголя
жүрек соғуы – сердцебиение
түтін – дым
асқазан қышқылы – кислотность желудка
салдар – последствия
қылық – поступок
мінез-құлық – характер
қимыл – движение
зиян, зиянды – вред; вредный
улы – ядовитый
арнаулы – специальный
үйреншікті – привычный
мас – пьяный
нығайту – укреплять
ұйқысы бұзылу – нарушение сна
хабарлы болу – быть информированным
Тәні саудың, жаны сау – В здоровом теле здоровый дух
2-Тапсырма
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз
-
Денсулықты нығайтуда ненің мәні зор?
-
Адамның зиянды әдеттеріне не жатады?
-
Маскүнемдік деген не?
-
Нашақорлық дегеніміз не?
-
Нашақорлыққа ұшыраған адам қалай өзгереді?
-
Біздің елде зиянды әдеттермен қандай күрес жүргізіледі?
Анатомиялық терминдер
бас – голова мойын – шея
бас сүйек – череп кеуде – грудь
маңдай – лоб тұлға – туловище
шүйде, қарақұс – затылок арқа – спина
самай, шеке – висок бүйір – бок
төбе – темя қол – рука
бет – лицо білек – предплечье
ұрт – щека шынтақ – локоть
құлақ – уши иық – плечо
мұрын – нос алақан – ладонь
ауыз – рот саусақтар – пальцы на руке
ерін – губы аяқ - нога
тіл – язык балтыр – икра (ноги)
тіс – зубы сан – бедро
иек – подбородок тізе – колено
көз – глаза өкше – пятка
кірпік – ресницы табан – подошва
қас – брови бақайлар – пальцы на ноге
тырнақ – ноготь жамбас – таз
бел – поясница
Медициналық терминдер (ауру атаулары)
Асқазанның жарасы – язва желудка
Асқазанның қабынуы – гастрит
Бас сақинасы – мигрень
Баспа – ангина
Демікпе – астма
Жел шешек – ветряная оспа
Жүректің ұстамасы – приступ сердца
Қан аздық – анемия
Қызылша – корь
Қатерлі ісік – рак (злокачественная опухоль)
Қант диабеті – сахарный диабет
Қышыма – чесотка
Қояншық – эпилепсия
Көкжөтел – коклюш
Күл – дифтерия
Мешел – рахит
Мерез – сифилис
Өкпе қабынуы – воспаление легких
Соқыр ішек – аппендицит
Сарыауру – болезнь Боткина
Сүзек – тиф
Тырысқақ – холера
Тұмау – грипп
Іш өту – понос
Кейбір клиникалық терминдер
қабыну – воспаление
бұзылу – нарушение
асқыну – осложнение; обострение
зақымдану – поражение; травмирование
қызу – температура (жар)
қан қысымы – давление
бас айналуы – головокружение
батып ауру – давящая боль
шаншып ауру – колющая боль
солқылдап ауру – пульсирующая боль
сыздап ауру – ноющая боль
қан кету – кровотечение
қан құйылу – кровоизлияние
құсу – рвота
лоқсу – позывы к рвоте
дірілдеу; қалтырау – дрожать; озноб
арықтау; жүдеу – худеть
семіру; толу – поправиться; полнеть
тәбеттің төмендеуі – понижение аппетита
ентігу – задыхаться (при физической нагрузке)
тұншығу – задыхаться (в покое)
ұстама – приступ
тырыспа – судороги
жөтел – кашель
сырыл – хрип
қорыл – храп
қақырық – мокрота
әлсіздік – слабость; бессилие
жүрек айнуы – тошнота
жансыздану – онемение
естен тану – потеря сознания
талу – обморок
іш кебу – вздутие живота
салдану – парализоваться
жарақаттану – травмироваться
іріңдеу – нагноение
Медициналық терминдер
Ауру, науқас – больной
Ауру, сырқат, кесел, дерт - болезнь
Ауру белгілері – признаки заболевания
Ауру ағымы – течение заболевания
Ауру тарихы; сырқатнама – история болезни
Анықтама – справка
Аурудың даму тарихы – история развития болезни
Ауру шағымдары – жалобы больного
Созылмалы ауру – хроническое заболевание
Жұқпалы ауру – инфекционное заболевание
Қауіпті ауру – опасное заболевание
Адам ағзасы
Адам денесіндегі әрбір мүше белгілі қызмет атқарады.
Адамның кеуде қуысында тыныс алу мен қан айналымының ортақ мүшелері (өкпе, жүрек) орналасқан, ал құрсақ қуысында – ас қорыту, зәр шығару, көбею мүшелері бар. Бұлардан басқа адам ағзасында әр түрлі қызмет атқаратын: көз, құлақ, ауыз, бауыр, көк бауыр және т.б. мүшелер болады.
Тірек-қимыл жүйесі қаңқа мен бұлшық еттен тұрады. Қаңқа дегеніміз – денедегі әр түрлі сүйектерден құралған мықты тірек. Сүйектерге бұлшық еттер бекиді. Адам бұлшық еттің көмегімен жүреді, жүгіреді, дене еңбегі мен басқа әр түрлі қимылдар жасайды.
Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке, одан асқазанға түсіп, ас қорыту бездерінің әсерінен ішек-қарын жолында қорытылады.
Қан айналу жүйесі денедегі барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды жеткізіп отырады.
Тыныс алу жүйесі мүшелеріне мұрын, көмей, кеңірдек, өкпе, бронхтар жатады. Ағзаның оттегін сіңіріп және көмірқышқыл газын бөліп отыруы – тыныс алу жүйесінде өтеді.
Зәр шығару жүйесі мүшелеріне қос бүйрек, несепағар, қуық жатады. Бүйректе қан тазартылып, зәр түзіледі.
1-Тапсырма
«Адам ағзасы» тақырыбы бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
ағза – организм
дене – тело
мүше – орган; часть тела
кеуде қуысы – грудная полость
құрсақ қуысы – брюшная полость
жүйе – система
ас қорыту жүйесі – пищеварительная система
тыныс алу жүйесі – дыхательная система
зәр шығару жүйесі – мочевыделительная система
қан айналу жүйесі – система кровообращения
қан айналымы - кровообращение
тірек-қимыл жүйесі – опорно-двигательная система
көбею мүшелері – органы размножения
қаңқа – скелет
бұлшық ет – мышцы
сүйек – кость
жұтқыншақ – глотка
өңеш – пищевод
асқазан – желудок
без – железа
ішек-қарын жолы – желудочно-кишечный тракт
қоректік заттар – питательные вещества
оттегі – кислород
көмей – гортань
кеңірдек – трахея
қос бүйрек – парные почки
несепағар – мочеточник
қуық – мочевой пузырь
түзілу – образоваться
беку – прикрепиться
қорытылу – перевариваться
жеткізу – доставить
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
-
Адамның кеуде, құрсақ қуысында қандай мүшелер бар?
-
Тірек-қимыл жүйесі неден тұрады және қаңқа дегеніміз не?
-
Адам бұлшық еттің көмегімен не істейді?
-
Ас қорыту жүйесінің қызметі қандай?
-
Зәр шығару жүйесіне қандай мүшелер жатады?
-
Қан айналу жүйесі қандай қызмет атқарады?
-
Тыныс алу жүйесі қандай мүшелерден тұрады және ол қандай қызмет атқарады?
3-Тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз: бұлшық еттен ..., асқазанда ..., кеуде қуысында ..., оттегіні ..., ауыз қуысынан ..., екіге ..., сыртқа ..., жұмысын ... .
Керекті сөздер: бөлінеді, орналасқан, тұрады, қорытылады, жеткізеді, басталады, реттейді, шығарады
4-Тапсырма
«Адам ағзасы» сөз тіркесін септеп, 6 сөйлем құрастырыңыз
Тірек-қимыл жүйесі
Қаңқа мен бұлшық ет тірек-қимыл жүйесін құрайды. Денені қимыл-қозғалысқа келтіреді және ішкі мүшелерді қорғайды.
Адамның қаңқасы өзара буындар қалтасы мен сіңірлер арқылы жалғасады. Адамның қаңқасында 220-дай сүйек бар. Сүйектер омыртқа жотасын, кеуде қуысын, бас сүйек, иық, жамбас белдеулерін, аяқ-қол сүйектерін құрайды.
Адамның қаңқасының өзіне тән ерекшелігі бар. Оның негізгі ерекшелігі мынау: қолдың құрылысы адамның еңбек етуіне байланысты икемделген. Ал аяқ сүйектері дененің салмағын ұстап, жүріп-тұруға бейімделген, аяқ сүйектері жуан және мықты болады.
Адамның денесіндегі сүйектер бір-бірімен байланысты болады. Сүйек байланысының 3 түрі болады: қозғалмайтын, қозғалмалы және жартылай қозғалмалы. Қозғалмайтын сүйектерге – бас сүйегі және жамбас; жартылай қозғалмалы сүйектерге – омыртқа жотасы, қозғалмалы сүйектерге буын арқылы жалғасқан сүйектер – яғни қол, аяқ, иық, қабырғалар жатады.
Сүйектер ұзын, қысқа, жалпақ болады. Ұзын сүйектер жілік деп аталады. Бұл сүйек тығыз заттан тұрады. Оның іші қуыс болады, онда жілік майы бар. Жіліктің екі басы сүйек кемігінен түзіледі. Жілік денеге таяныш болады. Қысқа сүйектер денеге мықтылық қасиет береді және иілімді жерлерде орналасады. Олар: омыртқа, табан, қол сүйектері. Жалпақ сүйектер жұқа болады. Бұларға бас сүйек, жамбас, кеуде қуысындағы қабырға, жауырын, самай, бет сүйектері жатады.
1-Тапсырма
«Тірек-қимыл жүйесі» тақырыбы бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
Буын қалтасы - суставная сумка
Сіңір – сухожилие
Омыртқа жотасы – позвоночный столб
Сүйек кемігі – губчатое вещество кости
Иық белдеуі – плечевой пояс
Жамбас – тазовая кость
Жауырын – лопатка
Самай – височная кость
Қабырға – ребро; стена
Құрылыс – строение
Жілік – трубчатая кость
Тән ерекшелік – специфическая особенность
Таяныш; тірек – опора
Табан сүйегі – кости стопы
Иілімді – гибкий; пластичный; легко сгибаемый
Жалпақ – плоский
Ішкі – внутренний
Келтіру – приводить (в движение)
Икемделу – приспособиться
Бейімделу – адаптация; приспособиться
Жартылай – наполовину; не полностью
Өзара – между собой
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
-
Тірек-қимыл жүйесін нелер құрайды?
-
Адам қаңқасы неден тұрады?
-
Қаңқада қанша сүйек бар?
-
Адам қаңқасының қандай ерекшеліктері бар?
-
Сүйек байланысының неше түрі бар?
-
Ұзын сүйектер қалай аталады?
-
Жіліктің іші қандай болады?
-
Қысқа сүйектерге нелер жатады?
-
Жалпақ сүйектерге нелер жатады?
Адам қаңқасы
Бас сүйегі – ми сауыты мен бет сүйегінен тұрады. Ми сауыты жұмыртқа тәрізді. Оның ішінде ми болады. Ми сауыты өзара қимылсыз байланысқан сүйектерден құралады. Оларға төбе мен самай, маңдай мен шүйде, жақ сүйектері жатады. Бет сүйектері жұп: үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерден, мұрын, таңдай, көз ұясы, тіл асты сүйектерінен тұрады. Бұлардың ішінде тек жақ сүйектері ғана қимылдайды.
Тұлға қаңқасы омыртқа жотасынан, қабырғалардан және төс сүйегінен тұрады. Омыртқа жотасы мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді. Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан құралады. Омыртқалар бірігіп жұлын өзегін түзеді.
Он екі жұп қабырғалар кеуде қуысын құрайды.
Иық белдеуі – иық және қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі арқылы қол сүйектері денемен байланысады. Бұғана мен жауырын иық белдеуін құрайды. Кеуденің сыртқы жағына орналасқан жалпақ, үшбұрышты сүйек жауырын деп аталады. Қол сүйектері екі ұзын жіліктен: тоқпан жілік пен кәрі жіліктен тұрады. Білезік сүйек, алақан және саусақтар – қол басы сүйектері.
Жамбас белдеуі – жалпақ жамбас сүйегінен, ортан жіліктен, тізе, асықты жіліктен, өкше сүйектен, табан сүйектері мен бақайлардан құралады.
1-Тапсырма
«Адам қаңқасы» тақырыбы бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
Төбе сүйегі – теменная кость
Маңдай сүйегі – лобная кость
Шүйде сүйегі – затылочная кость
Үстіңгі жақ сүйегі – верхняя челюсть
Астыңғы жақ сүйегі – нижняя челюсть
Таңдай – небо
Көз ұясы – глазное яблоко
Жұп – пара; парный
Төс сүйегі – грудина
Мойын омыртқасы – шейный позвонок
Бел омыртқасы – поясничный позвонок
Сегізкөз – крестец
Құйымшақ – копчик
Бұғана – ключица
Жауырын – лопатка
Тоқпан жілік – плечевая кость
Кәрі жілік – локтевая кость
Ортан жілік – бедренная кость
Асықты жілік – большеберцовая кость
Тізе – колено
Шынтақ – локоть
Жілік – трубчатая кость
Бақайлар – пальцы ног
Жүйке талшығы – нервное волокно
Достарыңызбен бөлісу: |