Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы


Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты



бет2/4
Дата08.07.2016
өлшемі390.5 Kb.
#184490
1   2   3   4

4. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен олардың өзара қарым-қатынастарын реттеу, дамыту мәселесі қоғам өміріндегі аса қиын да күрделі құбылыс. Өйткені элемде 3 мыңнан астам ұлттар, халықтар мен ұлыстар өмір сүреді. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың әртүрлі сатысында тұрған, олардың арасында азаттықпен бостандыққа қол жеткізгендері де, оған жете алмай тәуелді болып отырғандары да бар. Бүгінде дүние жүзі халықтарының 90 пайыздан астамы көпұлтты мемлекеттер құрамында өмір сүруде. Әлем халықтары 225 мемлекетке топтасқан. Олардың ішінде 180-ге жуығы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі, ал 187-сі егеменділік құқы бар ел болып табылады. Бұлардың қатарында 38-і дамыған ірі мемлекеттерге тәуелді болып келеді. 1600 халық дамушы елдерде тұрады, шамамен алғанда 100 ұлт дамыған капиталистік елдерді мекендеген. Ал ТМД әлемдегі 320-дан астам халықтың әрқайсысының саны бір миллион адамнан асады. Неміс ғалымдарының есептеуінше әлемде бүгінде 5661 түрлі тіл бар. Оның 1400 қолданыстан қалған не жойылу алдында тұрған тілдер болса, ал 4200-і өз алдына дербес тіл ретінде танылған. Бұл келтірілген мысалдар, саясаттың субъектісі ретіндегі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың дамуы жөніндегі мәселеге айрықша назар аударуды талап ететін, күрделі де аса маңызды мәселе көрсетеді.

Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың «түрі» жөнінде түсінік берер болсақ, қауымдастықтың нәсілдік түрі тиісінше адамдарды бет-әлпеті, өңіне қарай біріктіреді, ал көз жанары, түсіне қарай тағы да басқа бір қасиеттері орайластырылады. Сөйтіп, адамдар нәсілдік және жағрапиялық орта ерекшелігіне сәйкес алдымен тайпалық, ұлыстық, ұттық қауымдастыққа топтасады. Міне, осыған орай, адамдардың әрбір тобы олардың қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрі деп аталады.

Адамдар қауымдастығының түрліше әлеуметтік-этникалық түрінің пайда болуы мен дамуы қоғамдық өндіріс тәсіліне қарай анықталады. Демек, материалдық өмірдің өндіріс тәсілі, адамдар өмір-тіршілігінің әлеуметтік, саяси және рухани процесін айқындайды. Адамдар өміріндегі сондай аса қажетті, өзара араласу мен қауымдастықтың күллі тұтастық белгісі-тілдің ортақтығы болып саналады. Тіл – халықтың жан-жүрегі, оның этникалық сана-сезімінің қасиетті мұрасы. Тіл – адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас байланысын нығайта түсетін басты құрал. Адамдардың қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрінің негізгі белгілері – рулық-тапайлық, ұлыстық, ұлттық. Адамдар қауымдастығының, әлеуметтік-этникалық түрінің негізгі белгілеріне жататын экономикалық байланыстың ортақтығына, тілдің ортақтығы, жер мен мәдениет ортақтығы – қауымдастықтың қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Ал нәсілдік тұрпатқа келер болсақ, бұл – адамдардың ұзақ уақыт бойы биологиялық жағынан жағырапиялық түрліше жағдайда икеменделуі. Кейбір ғалымдар қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрлерінің үш түрі бар деп тұжырымдайды. Бұлар – рулық-тайпалық қауымдастық, ұлытық, ұлттық. Енді бірі осындай қауымдастықтың төрт түрі бар дейді. Олардың айтуынша: ру, тайпа, ұлыс, ұлт. Орыстың белгілі этнографы С.А.Токарев адамдар қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрін басқаша қарастырған. Мысалы, адамдар қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрі – тайпа, демос, ұлыс, ұлт деп тұжырымдайды. Соңғы көзқарастар бойынша, әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың негізгі түрлері: рулық-тайпалық қауымдастық, ұлыс және ұлт. Шынында, түрлі халықтың ұзақ ғұмыр кешуі, дамуы қарқынына сәйкес адамдар қауымдастығының-этникалық түрі де түрліше бұл дамудың әлеуметтік-экономикалық жағдайларының ерекшеліктеріне тікелей қатысты болған.

«Этнос» - гректің сөзі. Ол «тайпа», «халық» деген мағына білдіреді. «Этнос» дегенді екі түрлі мән-мағынада ұғынған жөн.

Біріншіден, этникос атау тұрғысында, екіншіден, этникалық әлеуметтік организм (құбылыс). Бір тұрпатты этникосқа қай жерде тұратынына қарамастан аталған этностың барлық топтары жатады. Мысалы, Түркияда, Иранда, Қытайда, Монғолияда және т.б. елдерде тұратын қазақтар бір этносты құрайды. Ал әлеуметтік этнос организмі міндетті түрде ұлттық мемлекетпен астарлас. Мәселен, қазақтың әлеуметтік этнос организміне Қазақстан Республикасында тұратын ғана қазақтар жатады. Этнос – белгілі бір аумақта (территорияда) тарихи қалыптасқан, адамдардың тұрақтылық жиынтығын бейнелейтін аса күрделі қоғамдық-тұтастық құбылысты айқындайды. Бұган өзіндік белгілер ретінде тілдің, мінез-құлыұтың, мәдениеттің ерекшелігі, сана-сезімнің бірлігі, сияқты ортақ ұқсастықтар тән.Осы тәрізді ұқсастықтан тек тіл, халық өнері, дәстүр, салт, ғұрып, әдет дағды т.б. белгілерімен ерекшеленеді. Адамдардың рулық-тайпалық этникалық қауымдастығының құрылысы ондаған мың жылдар бойы үстемдік құрған. Алайда, өндіргіш күштерді дамыту қажеттілігі бірте-бірте алғашқы қауымдық ұжымдарды нығайта түсуді талап еткен. Алғашқы рулық-қауымдық құрылыс дәуірінің аяғында, тайпаның дамуы кезінде тайпалық өзіндік басқару жүйесі болды. Бұл жүйе тайпалық кеңес арқылы басқарылды, оған әскери азаматтар, көсемдер тартылды. Сонымен, тайпа – ерте кездегі этностық тұрпатты бейнелейтін, біртұтас этностық құрылым, бұл алғашқы рулық-қауымдық құрылысқа, ондағы рулық қатынастарға тән белгілерді жоймаған. Бұл этностың тұрпаттық рулық жиынтығы, олардың мәдениет жағынан, пайда болуы, пайымдауы, әдет-ғұрпы, өзіндік аты-жөні жағынан ортақтастығы бар.

Өндіргіш күштердің дамуы жеке меншік пен таптардың пайда болуы рулық-қауымдық құрылыстың ыдырауына әкеп, біртіндеп тайпалық қауымдастық жаңа сатыға этностық тұрпатқа, яғни ұлыстық түрге астаса бастады. Бұл қауымдасу рулық-тайпалыққа қарағанда адамдардың өзара бірлесіп, топтасуын нығайта түсті. Ұлыстың сырттай жиынтық қалпы, яғни өзінің даралануын көршілес қауымдастардың қалыптасуынан басталады. Алғашқы рулық-тайпалық құрылыстың ыдырауы барысында мүдделердің ортақтастығы көптеген тайпаларды одақ түріндегі бірігуге әкеледі. Мысалы, тайпалардың одақтарға бірігуін Солтүстік Америкадағы, Мексикадағы, Оңтүстік Африкадағы ирокездердің, ацтектердің, зулустардың бірігу процесі дәлелдейді. Осы одақтардың құрылуын тайпалар арасында шаруашылық және мәдени байланыстармен ұштасып, бірте-бірте сол тайпалардың өзара қоян-қолтық араласып кетуіне, қандас-туыстық байланыстың аумақтық байланысқа ұласуына себеп болды.

Көне орыс ұлыстарының негізін қалаушы тайпа-орыстың тайпалық одағы еді. Орыстық тайпалық одақ өз қауымдастығында ұзаққа созылғанымен кейін соншалықты берік одақ болмай шықты. Көне орыс ұлыстары ХІ-Х ғасырларда пайда болып, олардың мәдениеті, экономикалық байланыстары, тілі, шығыс славяндардың жері ортақ болды.Осы тұрғыдан алғанда ұлыстық бірігу даму-этностық тұрпаттың тарихи қалыптасуының екінші сатысында пайда болды. Сонымен, қорыта айтқанда, ұлыстық адамдардың әлеуметтік-этникалық қауымдастығы рулардың, тайпалардың, тайпалық одақтардың бір-бірімен қосылып, құрылуының нәтижесі – жердің, тілдің, экономикалық өмірдің, мәдениеттің ортақтығымен сипатталады, ал мұның өзіндік ерекшелігі саясат субъектісі болып табылады. Алайда, ұлысты тілдің, мәдениеттің, жер мен экономиканың ортақтастығының әлсіз тұрақтылығымен ғана анықтау оңтайлы, ал бұл сипаттар ұлттық қауымдастыққа тән тұрақты сипат бола алмайды. Сөйтіп, ұлыстық қауымдастық ұлттың қалыптасуының негізі болып табылады. «Ұлт» деген атау адамдар қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрі ретінде ерекше қалыптасуына дейінгі кезеңде пайда болды.

Ұлт-өндіргіш күштер дамуының, өндірістік қатынастардың аса жоға-ры сатысының жемісі, адамдардың әлеуметтік-экономикалық және саяси бірігуінің нәтижесі болып табылады. Ұлт дегеніміз – бұл адамдардың ана-ғұрлым тұрақты берік қауымдастығы, бұл рулық-тайпалық қауымдастықтан айрықша, ұлыстық қауымдастықтың неғұрлым тұрақты белгісі.

Ұлт адамдардың, түрліше тайпалар мен ұлыстардың, әртүрлі этникалық топтар мен нәсілдік тұрпаттардың қосылуынан қалыптасқан. Мысалы, неміс ұлты әртүрлі тайпалар мен ұлыстардан құралған. Олар – фриздер, гоптар, батавалар, ангалар, вариндер, вандалдар, боварлар, алемандар, бүрүндер, свевилер, маркомандар, гауттар, келитілер, франкілер, саксылар, тюрингілер, хавкилер тағы басқа да антропологиялық және нәсілдік тұрпатқа жататын ұлыстардан тұрады.

Ұлыбританияда, Индонезияда, Италияда, Испанияда, Францияда да осы ұлттардың қалыптасуына түрліше тайпалар мен ұлыстардың бірлесуі ықпал жасаған. Ал Америка ұлты күллі европалық елдерден лек-легімен қоныс аудара келушілерден пайда болған. Ал қазақ ұлты да түркі тілдес тайпалар мен ұлыстардың бірігуі барысында пайда болды. Сөйтіп ұлттың қалыптасуында басты рөлді туыстас тайпалар мен нәсілдік қатынастарының жақындығы ғана емес, керісінше, жер аумағындағы ортақтастық, экономикалық және саяси өмірдің ортақтастығы, экономикалық және саяси байланыстар ықпал еткен. Сондықтан да ұлтқа анықтама беруде бірінші кезекке этникалық ортақтастық емес, әлеуметтік-этникалық қауымдастығы алға шығады.

Ұлт – объективті тарихи құбылыс. Ол – адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы. Міне осы қауымдастықтан құралған ұлт, мәселен Кир мен Александр құрған мемлекеттен өзгеше. Аталған мемлекеттер тарихи жағдайда түрліше тайпалар мен ұлыстардан құрылғанымен, оның өзіндік экономикалық негізі болмады, өзара нашар байланысты топтардың уақытша және де негізі берік емес әскери-әкімшілік бірлестіктің жиынтығы ғана болды. Сол мемлекеттер нендей бір жаулаушының жеңісі кезінде туындап, ал оның жеңілісі жағдайында ойсырай құралған мемлекеттер болды. Сайып келгенде, ұлт – этностық тұрпаттың үшінші сатысының жемісі, яғни өз ерекшелігімен анағұрлым дамыған әлеуметтік-этникалық қауымдастық, ол тарихи ұзақ кезең барысында қалыптасып, өзіне түрліше тайпаларды, ұлыстарды, тіпті десең ұлттар нәсілдерді қосып, «тұтастай араласып» кеткен қауымдастық. Бұл этникалық қауымдастықтың тұрақты белгілері негізінде пайда болды, оған ортақ-экономикалық байланыстар, жер аумағы, тіл, мемлекет және ұлттық сипат, бұл ұлттың мәдениеті мен тұрмыс ерекшелігінен көрніс тауып отырды. Ұлттық белгілер ретінде бағаланатын осы элементтердің бәрі бір-бірімен өзара байланысты, бір-біріне белгілі мән-мазмұнда ықпал етеді. Ал осы өзара байланысты басымдылық экономикалық өмір тұрғысындағы қауымдастық еді. Міне тек қана осы белгілердің берік жиынтығы, бірлігі мен ажырамастығы ұлттық сипатты айқындайды. Сөйтіп, ұлт деп жер, тіл, экономикалық қатынастар, мәдениет ерекшеліктері мен психологиялық құрылымының ортақтығы негізінде қалыптасқан адамдардың тарихи әлеуметтік-этникалық бірлестігін айтады.

Қазақстан халқы – этносаяси қауымдастық, ол демократиялық қайта құрылыста ұлттық өмірді интернационалдыру негізінде, қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығы базасында ұлттардың, ұлыстардың, ұлттық және этникалық топтардың дамуының нәтижесі. Халықтар өздерінің ортақ Отаны – Қазақстан жерінде өздерінің ұлттық беліглері мен ерекшеліктерін тұтастай сақтай алған. Ортақ территория, экономикасы, әлеуметтік таптық құрылымы, мәдениеті, өркениетті қоғам құру бағыты, жалпы адамзаттық белгілері, тұрмыстағы, әлеуметтік-экономикалық өмірдегі, тіл саласындағы еркіндік, әрбір ұлттарға тән қасиеттер, сайып келгенде осы ерекшеліктердің бәрі Қазақстан халықтарының сана-сезімін өсіріп, бірлігін нығайтудың маңызды негізі бола алады. Осы жаңа теорялық тұжырым қоғамдық санада даралана бастады. Біздің мемлекетіміздің әрбір ұлты мен ұлысы, ұлттық немесе этникалық топ – Қазақстан халқының этносаяси қауымдастығының құрамды бөлігі болып табылады. Осы қауымдастықта әр халық - өзара тең өмір сүре отырып, араларындағы бауырластық бірлігі арқасында Қазақстан халқының жалпы дамуына белсенді үлес қосуда. Қазақстан халқының өркениеттік даму жолындағы демократиялық қадамдары республика халықтарының жан-жақты түрленуін тездетеді.

Ұлттық саясат деп адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге бағытталған қоғамдық, ең алдымен әлеуметтік-құқықтық әрекеттердің ерекше түрін атайды. Соңғы жылдары Батыс саясаттанушылары этникалық саясат деген жаңа бағытты зерттеуде.Ол – дүниежүзіндегі болып жатқан этникалық дау-жанжалдары, ұлттық шиеленістерді түсіндіруге, оларды шешу жолдарын анықтап, сондай-ақ белгілі бір аймақтарда мұндай дау-дамайлардың болуын алдын ала болжай білуге арналған жалпы теория. Бұл теория этникалық дау-жанжалдарға плюралистік қоғамда әрдайым кездесіп тұратын әдеттегі жағдай сияқты қарайды. Ұлттық саясат әр елде, әр кезеңде әр түрлі болуы мүмкін. Бүгінгі танда бұл салада ассимиляция, сегрегация, геноцид сияқты саясаттар мәлім.



Ассимиляция деп бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуін айтады. Бұл саясат оны заң жүзінде сіңіскен халықпен тең деп санайды, бірақ оның өзіндік ерекшелігін танып, мойындамайды.

Сегрегация деп елдің халқын нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлушілікті айтады. Бұл адамдар арасындағы айырмашылықты бекітіп, «екінші» халықты теңдік жөнінде қандай болмасын мәселе көтеруге мүмкіншілік бермейді. Соңғы кезге дейін сегрегация Оңтүстік Африка Республикасына бой көрсетті. Әдетте, ұлттық топты алалау нәсілдің теңдік принципін формальды түрде мойындаумен қатар жүрді.

Геноцид деп адамдарды шығу тегіне байланысты дербес өмір сүруін болдырмауға, бір ұлттың өкілі болу құқығын жою мақсатында қырып, оны тып-типыл ету үшін жүргізілетін қудалауды айтады. Басқаша айтқанда, бұл белгілі бір әлеуметтік, мәдени немесе биологиялық топтың қатарына жатуын кінәлаудың жасырын түрі. Мұнда ұлттық немесе нәсілдік топқа енуді желеу етіп, бір халыққа жаппай кінә тағу. Мысалы, мұндай саясатқа 1915 жылы түрік мемлекетінің армяндарды, фашистік Германияның еврейлер мен цығандарды қыруы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ішінара славян халықтарын қырғынға ұшырату (онда беларус халқының төрттен бірі қырылды) жатады. Сондай-ақ, 30-шы жылдардағы қазақтардың тең жартысының қырылуы да сол саясаттың салдары.

Қазақстан Республикасының мекендеген халықтардың жалпы саны 2004 жылдың басында 14 951 302 адамға жетті.ал халық санының ұлттық құрамы төмендегідей:

Қазақтар – 8 550 846 адам яғни 57,19 пайыз;

Орыстар – 4 072 566 адам яғни 27,23 пайыз;

Украиндар – 469 423 адам яғни 3,14 пайыз;

Өзбектер – 409 746 адам яғни 2,74 пайыз;

Немістер – 237 672 адам яғни 1,59 пайыз;

Татарлар – 232 744 адам яғни 1,55 пайыз;

Ұйғырлар – 223 007 адам яғни 1,49 пайыз;

Кәрістер – 100 243 адам яғни 0,67 пайыз;

Беларустар – 96 243 адам яғни 0,64 пайыз;

Әзірбайжандар – 84 429 адам яғни 0,56 пайыз;

Түріктер – 82 972 адам яғни 0,55 пайыз. Бұл бүгінгі Қазақстан Республикасының мекендейтін халықтардың ұлттық құрамы
5. Қоғамның саяси жүйесі

Алғашқы қауымдық қоғамда жалғыз адам жеке-дара өмір сүре алмайтын. Себебі, айналада жыртқыш аңдар болды, басқа рудың адамдары да жат көзбен қарады. Сондықтан ұжымдасып ру-ру, тайпа-тайпа болып тұрудың арқасында ғана табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұра алды, өздерінің қауіпсіздігін және күнкөрісін қамтамасыз ете алды. Олардың нақтылы тұратын жері болмайтын, көбіне көшіп-қонып жүретін. Еңбек өнімі аз болды. Сондықтан аштан өлмей, күн көру үшін барлық еңбекке жарамды адамдар – еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін өз күшіне қарай аң аулайтын, жұмыс істейтің.Тапқан табыс ру мүшелері арасында тең бөлінетін. Артық өнім болмады. Мұндай жағдайда өндіріс құрал-жабдықтары, еңбек өнімдері тек адамға емес , ұжымға тиісті болды. Руға басшылық ету нақтылы жағдайда байланысты қауымның бір мүшесінен екіншісіне ауысып отыратын. Әдетте, оны дәстүрді жақсы білетін ақсақалдар атқаратын. Адамдар арасындағы қатынастарды, ұждымдық өмірді, іс-әрекеттерді өзін-өзі басқаратын ұйым, әдет-ғұрып, дәстүр арқылы реттеп, шешіп отырды. Тәртіпті бұзғандар ата-бабаның салты бойынша жазалатын. Халықтан оқшау қарулы күштер болмаған, ер-азаматтың бәрінін қаруы болды, керек кезінде жау тайпаларға қарсы шығатын.

Өндіріс құралдары бірте-бірте жетілде берді, оларды бұрынғыдай ағаштан, тастан емес, металдан жасай бастады. Қоғам ішінде еңбек бөлінісі пайда болды: мал шаруашылығымен қатар егіншілік, онан кейін қолөнері де дүниеге келді. Еңбек бөлінісі өз кезегінде өнімдер айырбасын туғызды. Өйткені егіншіге мал өсіруші мен қолөнершінің өнімдері керек болса, мал өсіруші мен қолөнершіге егінщілік өнімдері керек болды.

Еңбектің жаңа құрал жабдықтары жасалынды. Оның бөлінуінің арқасында еңбекшілер өнімді өзінің күн көрісіне қажетті мүшелерден артық өндіре бастады. Бұл қосымша өнімнің өсуіне әкеді. Басқа сөзбен айтқанда, қоғамдық өнім екі бөліктен құралды: 1) қажетті өнім, яғни қоғам мүшелері оларды күнделікті тұтынбай өмір сүре алмайтын игіліктер; 2) қосымша өнім, яғни экономикалық даму нәтижесінде пайда болған басы артық еңбек өнімі. Қосымша өнім өз кезегінде екі салдарға әкеледі: біріншіден, ол қоғамды шектен шыққан мұқтаждықтан құтқарады, екіншіден, оны иемденудің арқасында орынсыз баюдың көзі ашылады. Қосымша құнға ру шонжарлары, ақсақалдар, әскербасылар, абыздар және басқа қауымдастықта қызмет ететін адамдар иелік ете бастады. Осыдан кейін өндіріс пен қор жинау экономикалық өмірдің өзара тығыз байланысты екі саласына айналды. Қосымша құнға байланысты жеке меншік дүниеге келді, адамды адам қанауына мүмкіндік туды. Ол әскери тұтқындар мен қауымның қарыздануға, берешекке белшесінен батқан, бейшаралық халге түскен мүшелерін құлдарға айналдыру нәтижесінде пайда болды. Сөйтіп, алғашқы адамдар қоғамының орнына құл иеленушілік қоғам келді.

Бұл қоғам құлдар мен құл иеленушілер, басқарушылар мен бағынушыларды тудырады. Мұндай жағдайда адамдар арасындағы қатынастарды бұрынғыдай ынтымақтастықпен шешуге болмайтын. Керсінше, үстем тапқа қоғамды басқару, таптар, жеке адамдар, тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеу үшін белгілі бір әлеуметтік тетік, құрал, қоғамның ішкі дау-дамайын, жанжалдарын бақылайтын әлеуметтік топтың қажеттілігі туды. Рулық қоғамға белгісіз бірқатар ұйымдар мен саяси өмір саласы қалыптасты. Айрықша құқықтары бар, ерекше жеңілдіктермен пайдаланатын орталықтанған азғантай пұрсатты топ билік қызметіне жеке дара иелік ете бастады. Ол төмен шенділердің бағынатын әкімшілік аппаратына сүйенеді. Қоғамның басқа мүшелеріне еріксіз бақылау жүргізді. Күштеу, зорлау арқылы орындаттыратын анық заң ережелері, нормалары қалыптасты. Билеуші топтар экономикалық қызметті ұйымдастырды, бағынушылар қоғамдық өнімді өндірді. Бұл араасында қайшылықтар мен теңсіздікті өрістетті. Әлеуметтік шиеленістер жиілеп, қоғамның тұрақтылығына көрсетілген билеуші және бағынушылық қатынастарды қолдау және оларды сол қалпында сақтау. Бұл жолда ол келісімге келуден бастап күш қолдануға дейінгі (әдет-ғұрыпты пайдалану, немқұрайлдық көрсету, қорқытып-үрікту, сендіру және т.с.с) сан түрлі тәсілдерді пайдаланады. Осыдан бастап үстемдік етуші тап пен қанаушылардың кикілжіңдері саяси қоғамдастық шеңберіне енеді. Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институционалдық қалыпқа түседі. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – мемлекет. Ол – үстем таптың саяси өкімет ұйымы. Кейінірек, қоғамның даму деңгейіне, тап күштерінің арасалмағына байланысты, саяси ұйым үздіксіз өзгеріп, күрделене берді. Саяси партиялар және басқа қоғамдық ұйымдар пайда болды. Олар өкіметті басып алу немесе оны қолдан шығармай ұстап тұру , белгілі бір таптың мүддесін жүзеге асыру үшін жасалды. Осы ұйымдар мен әлеуметтік институттардың бәрін бір-бірімен тығыз байланыста алсақ, қоғамның саяси жүйесін құрады. Басқа сөзбен айтқанда, қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлкеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Бұл жүйе саяси деп аталды. Себебі, мемлекеттік істер алға қойған мақсатты амал-әдістерді, олраға жету жолдарын қамтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар оны жүйе дейді. Себебі, оған мемелкеттен басқа мемлекеттік билікке ықпал ету үшін басқалар мен бәсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмілеге келетін мемлекеттік емес көптеген ұйымдар да кіреді. Бұл саяси қатынастардың күрделі көрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді.

Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50 жылдарына Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады. Кірістің екі түрі бар. Олар – талаптар мен қолдау. Талапты қоғамдағы қазына мен қаржының дұрыс немесе бұрыс бөлінуі туралы билік органдарына үндеуі деуге болады. Мысалы, оқытушыларға жалақыны немесе ауыл шаруашылығына қаржы бөлуді көбейту туралы және т.б. Мұндай талаптар көбейіп, билік басындағылар назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.

Қолдап, керісінше, үстемдік етіп тұрған тәртіпті күшейтеді. Оған, мысалы, саяси өмірге белсене қатынасу, қабылданған шешімдерді, заңдарды уақытында бұлжылтпай орындау, салықты уақытында төлеу және т.б. жатады. «Кіріс» нәтижесінде сыртқы орта саяси жүйеге ықпал жасайды. Жүйе түскен талаптарды қарастырады, реттейді. Мұның салдары ретінде саяси жүйе түскен талаптарға немесе көрсетілген қолдауға жауап береді, яғни «шығыс» жасайды. Мұнда қазына мен қаржы-қаражатты дұрыс бөлу туралы биліктің беделді шешімдері шығады.

Егер билік басындағылар қоғам мүшелерінің талаптарын тыңдамаса, оның шешімдері қолдау таппайды. Егер талаптар шамадан тыс көп болмаса және «кіріс» пен «шығыстың» әрекеттері дер кезінде өзара үйлестіріліп отырса, саяси жүйе тиянақты қызмет атқарады.

Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері де бар. Д.Истон мен Г.Алмонд (1911 жылы туған) олардың төрт түрін көрсетеді: 1) топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрыстын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі; 2) өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі; 3) қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік (озаттық ) белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі; 4) әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі. Үндістан саясатшысы П.Шарон бұл төртеуіне бесіншісін – ішкі жағдайдын басқара алатын өзін-өзі реттеу мүмкіндігін қосады. Осының бәрі, сайып келгенде, үстемдік етіп отырған қоғамның біртұтас өзін-өзі басқаратын әлеуметтік организм ретінде қызмет етуін қамтамасыз етуі керек.

Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:



  1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институционалдаған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамға тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.

  2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтап мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақстаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындайдың саяси жобаларын жасайды.

  3. Саяси жүйе қоғамға жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады. Ол ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, таптар , жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.

  4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді.

  5. Қоғамды оның мүшелерін ішкі және сыртқы агрессиядан (әскери, экномикалық, информациялық) және т.с.с.

Сонымен, саяси жүйе құлдық қоғамда жеке меңшіктің, қанаушылар пайда болуына байланысты дүниеге келді. Ол қоғамда тәртіпті, бірлікті қамтамасыз етеді, әртүрлі қоғамдық топтар, ұйымдар мен қозғалыстардың қызметтерін реттейді, қоғамдық қатынастарды үйлестіреді, қазына,байлықты бөледі, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы-қаражатты жұмылдырады.

Саяси жүйенінң құрылымы

Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды: 1) саяси институттар; 2)саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік.

Саяси институттарға (ұйымдар, мемлекеттер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер т. б.ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.

Солардың ішіндегі ең негізгісі – мемлекет. Ол адамға белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштер, зорлау органдары (әскер, сот полиция, милиция және т.т) болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет