Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы баймұхамбетов М. А. Медешова А. Т. Фармакогнозия пәні бойынша таңдамалы дәрістер жинағы


ҚҰРАМЫНДА ПИРРОЛИДИН ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ АЛКАЛОИДТАРЫ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ЖӘНЕ ШИКІЗАТТАР



бет2/7
Дата25.02.2016
өлшемі6.72 Mb.
#18573
1   2   3   4   5   6   7

ҚҰРАМЫНДА ПИРРОЛИДИН ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ АЛКАЛОИДТАРЫ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ЖӘНЕ ШИКІЗАТТАР




Ромб жапырақты зиягүл seneci rombi folius

(wlld.) sch. bip.

Астерлар күрделілер тұқымдасы asteraceae (compositae)
Сипаттама. Зиягүл туысына жататын, биіктігі 150 см-ге жететін, көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары тік, жуан, тамырсабағы ұзын, жайылып өседі, көптеген тамырлары бар. Тамырсабағынан бірнеше түзу өсінділер өсіп шығады. Тамыр түйініндегі жапырақтары үлкен, ұзындығы 3 см. Өркен жапырақтары кезектесіп орналасқан, бүйрілі, үш бұрышты. Жапырағының негізі терең, шұққырлы және біркелкі емес, тісті, жиекті. Өркен ұшында және жоғарғы жағында сыпырғы тәрізді себеті орналасқан. Себеттері 10-15 түтікше гүлдерден, 4 түсті сары гүлден тұрады. Себеттің орама гүлдері цилиндр тәрізді. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. Жемісі қырқүйекте піседі.

Таралуы. Закавказьяның биік таулы аудандарында көп таралған. Грузияда өскендері биік таулы ормандардың жоғарғы белдеулеріндетеңіз денгейінен 1600-2800 метр биіктікте кездеседі. Биік шөптердің арасында өсіп субальпі белдеулеріне өнеді.

Дайындалуы. Емдік мақсатта, тамырсабақтарын және шөбін (Rhizomata et herba Senecionis rhombifolii) жинайды. Өсімдік гүлдей бастағанда тамырсабақтарын қазып, топырағын, шөбін бөлек кесіп алып, кептіру орындарына жеткізеді. Ашық ауада немесе 500С температурада кептіреді.

Химиялық құрам. Өсімдіктіңбарлық бойында пиролидин алкалоидтары (платифиллин, сенецифилин) бар.


Қолданылуы. Шикізатынан платифиллин гидротартыраты алынады. Платифиллин холинолитикалық және спазматикалық қасиеттерін көрсетеді. Ішек және асқазан спазмасында, іш қату кезінде, он екі елі ішек, асқазан жара ауруында, бауыр және бүйрек шаншуында, холедиститте, қолқа демікпесінде, стенокардияда, перифериялық және ми қан айналымының спастикалық ауытқуларында қолданылады.

Дәрі-дәрмектер. Платифиллин гидротартрат.

Сақтау мерзімі 2 жыл.

ҚҰРАМЫНДА ПИРИДИН ЖӘНЕ ПИПЕРИДИН ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ АЛКАЛОИДТАРЫ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР МЕН ШИКІЗАТТАР

Сары тұңғиық Nuphar luten (L.)

Sibth et Smith.

Тұңғиықтар тұқымдасы Nymphaeaceae
Сипаттама. Тұңғиық туысына жататын, көпжылдық су өсімдігі, тамыршасы жерге терендеген, су түбіндегі ақ жіп тәріздес тамырларымен жалғанған. Тамыршасы цилиндр тәрізді, көбінесе бір немесе бірнеше өсінділері бар, ұзындығы 1-1,5 м, жуандығы 13 см-ге дейін, сырты сарғыш-жасыл, іші- ақ түсті, үсті домалақ ромб тәріздес қоңыр тыртықты болады. Тамыршасының сыртында жапырақ және гүл сағағы орналасқан. Жапырағы 2 тектес: жүзіп жүрген жапырағы үшеу, әлсіз, жұмыртқа – элипс тәріздес, ені 15-17 см, тегіс жиекті, су асты жапырағы нәзік, жұқа әлсіз қатпарланған. Ұзын гүл сағағына орналасқан жалғыз сары гүлі бар, шар тәріздес, диаметрі 4-5 см-ге дейін. Мамыр-тамызда гүлдейді, шілде қыркүйек айларында жемісі піседі.

Таралуы. Қазақстанда Арал теңізі бассейіні мен Оңтүстік аудандардың барлық жерлерінде кездеседі. ТМД-де барлық аймағында кең таралған. Украина, Белоруссия, Воронеж облысы, Краснодар өлкесінде өндіріледі.

Дайындалуы. Дәрілік шикізаты тамырсабақтарын (Rhizomata Nupharis lutei) тамыз-қазан айларында жинап алады. Тамырсабағын тамырымен жұлып немесе кесіп алу арқылы жинайды. Тамырсабағын тазартып, жапырақ сағағын тамырының шіріген бөліктерін кесіп алып тастап, тамырсабағын 1,5 см-ге дейін етіп жұқалап кесіп алып жайып кептіреді.

Химиялық құрам. Тамырсабағының құрамында хинолизидин қатарындағы алкалоидтардан тұрады. Олардың ішінде нуфлеин, тиобин, неотикбин,нуфаридин сияқты күкірті бар алкалоидтар кездеседі.



Қолданылуы. Медицинада сары тұңғиықтың препараттарының протистотикалық және протистоцидті қасиеттері бар. Осыған байланысты, трихомонада ауруына, сонымен қатар, қабынуға қарсы, және концептивтік дәрі есебінде қолданылады.

Дәрі-дәрмектер. Лютенурин.

Сақталу мерзімі 2 жыл.
Қандауыр термопсис Thermopsis lanceolata R.Br.

Нағыз бұршақтар тұқымдасы Fabaceae (Leguminosae)
Сипаттама. Термопсис туысына жататын, биіктігі 40 см-ге жететін, сабағы түзу, көпжылдық шөптес өсімдік. Тамырсабағы түлеп жайыла өседі. Сабағында бұтақтары көп, жапырақтары сұр түсті, кезектесіп, үшпен топтала орналасқан. Жапырақтарының бөлшектері сопақша, жіңішкелеу. Қосымша жапырақтары қатарынан ұзын, сондықтан бұл өсімдіктің тамыр жапырақтары 5 салалы. Гүлдері сары, ірі, сабағының үш жағынан шоғырланып тұрады. Жемісінің ұзындығы 6 см-ге жететін бұршақ сияқты қоңыр әрі жалпақ.

Таралуы. Таулардың, төбелердің, батпақты беткейлерде, тың жерлерде, шөл және шөлеит аимақтарда, ал кейде арамшөп ретінде егістердің арасында да өсе береді. Тобыл, Есіл, Ертіс өзеңдерінің анғарларында, Көкшетау, Ақтөбе, Ұлытау, Қарқаралы, Алтай, Тарбағатай тауларында кездеседі. Ресейдің еуропалық блігінде, Монголияда, Батыс және Шығыс Сібірде таралған.

Дайындалуы. Дәрі жасау үшін өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігін, тұқымдарын (Herba et Semina Thermopsidis lanceolata) жинайды. Жылы ашық кезенде күн астында немесе 50-600С кептіргіште кептіреді. Тұқымдарын қыркүйек айынан бастап теріп алады.

Химиялық құрам. Өсімдіктің тұқымында алкалоидтар (0,63-2%), оның ішінде цитизин (0,22-1,16%), термопсин (0,09-0,43%), пахикаприн (0,06-0,57%), гомотермопсин, анагирин (0,13%), лупанин кездеседі.

Шөбінің бойында алкалоидтар (0,37-4,05%), оның ішінде термопсин, тамопседин, гомотермопсин, анагирин, цитизин, метилцитизин, пахикаприн, лупанин, термопсанин, ромбифолин, аргентин, термопсидин табылған. Сонымен қоса, жер үстіндегі өнімдерінде оксикорич қышқылдарының туындылары, флавоноидтар, микро-, макроэлементтер болады.



Қолданылуы. Шөбінен жасалған дәрілер қақырық түсіретін дәрі ретінде, созылмалы бронхит, пнеоманияны емдеуге қолданады. Тұқымынан алынған дәрілер уланғанда (морфин барбитураттар), тыныс тоқтағанда пайдаланады.

Дәрі-дәрмектер. Тұнба (1:400), цититон, құрғақ экстракт. Қақырық түсіретін дәрілердің, табекстің құрамында болады.

Сақталу мерзімі 3 жыл.
Карнеоликалық скополия Scopolia carniolica Laco.

Алқалар тұқымдасы Solanaceae
Сипаттама. Скополия туысына жататын, биіктігі 30-35 см-ге дейін жететін, көпжылдық шөптектес өсімдік, сабағы тік, ашық-жасыл түсті, түбі жағы күлгін. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сопақша, ұзынша келген. Гүлдері қызғылт-күлгін, кейде сарғыш-жасыл болады. Жемісі көп тұқымды қорапша. Тұқымы бүйрек тәрізді, сарғыш-қоңыр, ұзындығы 2 мм-ге дейін жетеді. Сәуір-мамырда гүлдейді, жемісі маусым айында піседі.

Таралуы. Оңтүстік Орталық Еуропада, Австралия, Венгрия, Югославия, Ресейде, Солтүстік, Батыс Кавказда, Украина, Молдова ұшырасады.

Дайындалуы. Дәрілік мақсатта тамырлары мен тамырсабақтарын (Rhizomata et radices Scopoliae carniolicae), күзде қазып жинап алады. Тамырын көктемде дайындайды. Бұл үшін өсімдік барлық жер асты бөлігін қазып алып, оны топырағынан тазартады да салқын сумен жуады. Аштық ауада, көленкелі жерлерде немесе кептіргіштерде кептіреді. Кептіргіштерде 400С температурада ұстап 2-3 күннен кейін 600С температурада кептіреді, құрғақ күндері шикізатты ашық ауада кептіруге болады.

Химиялық құрам. Шикізаттың құрамында тропан алкалоидтар (0,68%) оның ішінде гиосциамин (0,4%), скополамин (0,04%) болады.

Сонымен бірге, өсімдіктің тамырсабақтарында кумаринді қосылыстары, микро-, макроэлементтер кездеседі.



Қолданылуы. Медицинада паркинсонизм, нерв жүйесі, теңіз ауруларында, науқас адамды наркозға дайындау кезінде қолданады. Мұнымен қатар, офтальмологияда, ирит, иридоциклит аураларында, көз қарашығын кенейту үшін, теңіз, ауа ауруларында, тыныс алу жолдарына операция жасаған кезде, аурудан көп сөл бөліндірмеу үшін пайдаланады.

Дәрі-дәрмектер. Гиосциамин, атропин, скополамин гидробромид, гидротартрат. Аэрон препаратының құрамында болады.



Жартылай бұтақша секуринега Securinega sufruticosa

(Pall.) Rehd.

Сүттігендер тұқымдасы Euphorbiaceae
Сипаттама. Секуринега туысына жататын, биіктігі 1,5 см-дей қос үйлі бұта. Жалаң ашық-сары өркендері және ескі бұтақтары сұр қабықпен қапталған. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, бүтін, жалаң, қандауыр тәрізді, жапырақ тақтасының ұзындығы 1-7 см, ені 2-3,5 см-ге дейін болады. Гүлдері жалқы жынысты, ұсақ, жасыл, буын түбіне орналасқан. Аналық гүлдері үйіліп 3-12-ден, аталық гүлдері біреуден. Жемісі үш ұялы қауашақ.

Таралуы. Амур бойында, Қиыр Шығыста таралған. Құм, шауыт жерлерде өседі. Краснодар өлкесінде, Қазақстанда мәдени түрінде өсіріледі.

Дайындалуы. Дәрі-дәрмектер шикізаты есебінде өркендерін (Cormus Sercurinegae sufruticosae) жинап алады. Гүлдеу кезінен жеміс беруге дейін жинайды. Өсімдіктің шикізатын көлеңкелі жерлерде, ашық ауада, кептіргіште 50-600С температурада кептірген жөн.

Химиялық құрам. Өсімдіктің өркендерінде алкалоидтар (секуринин, суфрутиноид, суфрутининин, дигидросекуринин, филантицид, аллосекуринин, филохризин) кездеседі.



Қолданылуы. Бұл өсімдіктің препараттары орталық нерв жүйесін қоздыратын дәрі ретінде қолданады. Осыған байланысты, астения, невратения, адамның қабілетін күшейтетін, сонымен қатар, жүрек жұмысы нашарланғанда, созылмалы маскүнемдікті, күйікті емдеу үшін дәрі жасайды.

Дәрі-дәрмектер. Секуринин нитрат.

Сақталу мерзімі 4 жыл.
Гиперзия селаго Huperzia selago L. (Bernh.)

Ликоподиацеа Lycopodiasea

Сипаттама. Гиперзия туысына жататын, мәнгі көгеріп тұратын көп жылдық биіктігі 20-25 см-ге жететін, тік өсетін бірнеше сабақтары бар споралы өсімдік. Жапырақтары жіңішке, сопақша, қияқ тәрізді, ұштары өткір, қоңыр-жасыл. Бұл өсімдіктің споралы бұтақтарының орта ішіндегі және жоғарғы бөлігіндегі жапырақтарының тұп жағына орналасқан.

Таралуы. Қышалы ормандардың ішінде өседі. Қазақстанда Алтай тауларында ұшырасады. Ресейдің солтүстік еуропалық бөлігінде таралған.

Дайындалуы. Дәрілік мақсат үшін жер үстіндегі мүшелерін (Herba Hupersiae selaginis) тамыз-қырқүйек айларында жинайды. Шөбін өткір пышақпен жасыл және сарғайған өркендерімен кесіп алады. Тамырларына зиян келтірмеу үшін өсімдікті жұлмау керек. Арнайы кептіргіштерде 500С температурада кептірген жөн.

Химиялық құрам. Шөбінің бойында (0,4-1,1%) хинолизидин алкалоидтары, оның ішінде негізгі аннотинин, ликоподин, псевдоселагин және акрифолин болады.

Сонымен қатар, жер бетіндегі бөліктерінде флаваноидтар, пектиндер, фенол қышқылдары табылған.



Қолданылуы. Бұл өсімдіктің құстыратын қасиеті бар. Зерттеулердің нәтижесінде 5%-тік тұңдырмасы маскүнемдікті емдеу үшін қолданады. Препараттарын артық мөлшерде пайдаланылса, өте күште ретінде әсер ететіні белгілі. Оның үстінде белгілі бір сырқаты бар кейбір ауруларға және жақсы 60-тан асқан адамдарға тұңбасын қолдануға болмайды. Маскүнемдікті бұл дәрімен емдеу дәрігердің бақылауымен тиісті ауруханаларда ғана жүргізіледі. Ол үшін ауру ішімдікті 4 күнге дейін аузына алмау керек. 5-ші күні 5%-тік тұңбасын ішеді (100мл), арада 3-15 минут өткеннен өткеннен кейін ауруға 3-6 мл арақ ішкізеді және иіскетеді. Ауру артынша қатты лоқсып, құсады. Осылайша ауруды бірнеше күн құстырса, маскүнем адам ішкілікке беті қайтып беттемейтін болады. Жарты немесе бір жылдан кейін тағы бір-екі рет осылайша қайталап емдеуге болады.

Дәрі – дәрмектер. Сулы тұңба, қайнатпа.

Сақталу мерзімі 1 жыл.

Қара мендуана Hyoscyamus niger L.

Алқалар тұқымдасы Solanaceae

Сипаттама. Мендуана туысына жататын, биіктігі 1 м-ге дейін жететін, сыртын жұмсақ желімтек түк басқан, жағымсыз иісті, екі жылдық шөптес өсімдік. Тамыры жуан, тарамдалып келген, күндік түбір, сабақтары бұтақталған, тік келеді. Жапырақтары жұмыртқа пішіндес, жиектері ойықталған, тақтасының үстінгі жағы қою жасыл, астыңғы жағы ақшыл-жасыл, қалың түк басқан. Сабақ түбіндегі дөңгелек жапырақтары ұзын сағақтан, сабақ ұшына жақындаған сайын сағақсыз орналасады. Гүлдері сабақ ұшына бекінеді, гүлі де кіріккен құйғыш тәрізді, сыртын қалың жабысқан жасыл түсті 5 тостағанша, ақшыл-сарғылт түсті, үстінде көптеген тарамдалған жолақтары бар, 5 күлге, 5 аталық оның үшеуі ұзын, екеуі қысқа, тозанқабы күлгін, бір аналығы болады. Жұмысы екі ұялы, кең тұқымды, кең құмыра тәрізді қауашақ, ашылатын қақпасы бар, бір тостағаншасының ішінде тұрады. Тұқымы майда қаракөк көкнәр өсімдісінің тұқымына өте ұқсас. Маусымның аяғынан тамырға дейін гүлдейді.

Таралуы. Көбінесе жолдың жағасында, егістің арасында, ескі жұрт пен аулаларда, қоқсық жерлерде өседі. Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. Жалпы еліміздің еуропалық бөлігінде, Кавказда, Орта Азияда, Батыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Батыс Қытай, Үндістан, Гималайда кездеседі.

Дайындалуы. Дәрі жасау үшін жапырақтарын (Folia Hyoscyami niger) жазда жинап алады. Сабақ жапырақтарын қолмен жұлып алады. Ылғалды, шық кезінде жинауға болмайды, жапырақтары қарайып кетеді, 400С температурада кептіргіште кептіреді.

Химиялық құрам. Жапырағының құрамында атропин, гиоциамин, скополамин, жоцин, жоциамин дейтін тропан қатарына жататын алкалоидтары бар.



Қолданылуы. Қара мендуананың жапырақтарын күнбағыс майына салып жасаған майын, тұнбағыс буын сырқырағанда, бұлшақ өттер қабынғанда, ревматизмге, дененің ауырған жеріне жағады. Жапырақтары бронх демікпесіне қолданатын дәрілерге қосады. Атропинді асқазан жарасына, көз қарашығын үлкейтуге пайдаланады.

Дәрі-дәрмектер. Жапырақтары астматин, астматол қоспалардың құрамына енеді. Мендуана майы.

Сақталу мерзімі 2 жыл.

Нағыз сасық мендуана Datura stramonium L.

Алқалар тұқымдасы Solfnfceae
Сипаттама. Биіктігі 50-120 см-ге дейін жететін, өте жағымсыз иісі бар, бір жылдық шөптектес өсімдік. Тамыры ұршық тәрізді, жуан күндік, түбір сабағы тік, екі айырланып бұтақталғандар. Жапырақтары жай, жұмыртқа пішіндес, тақтасының жиектері ірілі-ұсақты, сирек, тіс тәрізді, оиықталған. Жас жапырақтары түкті, ұзындығы 25 см, ені 20 см, үстінгі беті жасыл, астыңғы беті ақшыл-жасыл, жүйкелері өте жақсы білініп тұрады. Гүлдері ірі, ұзындығы 8-10 см, сабаққа жеке-жеке орналасады. Жеке гүлі жасыл, түтік тәрізді, тұтасып, біріккен 5 тостағанша, ақ түсті құйғыш тәрізді, 5 күлте, 5 аталық, 2 ұялы аналықтан тұрады. Жемісі қатты, қалың тікенекті, 4 жеке таулы қауашақ. Маусымда гүлдейді, шілдеде жеміс береді. Тұқымы бүйрек пішіндес, қара түсті.

Таралуы. Көбінесе өзендердің, көл жағасының, үйлердің маңайларында, қоқырсық жерлерде, бақшада өсімдіктердің арасында арамшөп ретінде өседі.

Дайындалуы. Дәрі жасау үшін жапырақтарын (Folia Daturae stramonii) жазда жинайды. Жапырғын кесіп алып, әртүрлі қоспаларда тазартып, жұқалап жайып, жақсы желдетілген бөлмелерде кептіреді.

Химиялық құрам. Өсімдіктің жапырақтарында алкалоидтар (0,19-0,61%) гиосциамин, гиосцин, атропин, скополамин. Тұқымын құрамында алкалоидтар асцин, тропин, коратропин, атропин бар.

Бұлардан басқа, шикізаттың құрамында стероидтар, фенолкарбон қышқылдары, флаваноидтар, азотты қосылыстар, майлар (20%) кездеседі.



Қолданылуы. Демікпе, көкжөтел, ревматизм, жүйке ауруларына қарсы өсімдік тән алынған алкалоидтарды пайдаланады.

Дәрі-дәрмектер. Астмопен, асматин, астматол, ұнтақ, май.

Сақталу мерзімі 2 жыл.
Үнді сасық мендуана Datura innohia Mill

Алқалар тұқымдасы Solanaceae
Сипаттама. Сасық мендуана туысына жататын, көпжылдық шөптесін, биіктігі 2-2,5 м-ге жуық өсімдік. Жуан, қызыл-күлгін түсті сабақтары бар. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, жалпақ жұмыртқа тәріздес, ұзын сағақшасына орналасқан, күшті масандандыратын иісі болады. Гүлдері тік, жалқы, ақ, ірі, тостағаншасы жасыл, 5 түсті үрілген, гүл жапырақшасы түтік, 5 түсті. Жемісі қуашақ, шар тәріздес, сұр-жасыл, кепкен кезде сарғаяды, 4 ұялы, ұрығы ашық-сары, көп.

Таралуы. Отаны - Мексика. ТМД-де Крым, Қазақстан, Молдавияда, Краснодар өлкесінде өсіріледі.

Дайындалуы. Дәрілік мақсатта жемістері мен тұқымдары (Fructus et Semina Datura innoxiae) жинайды. Жетілмеген шырынды қаушақтарын жинайды. Туралған кесінділерді кептіргіште 40-500С температурада кептіреді. Өткізгіш елеуіш арқылы шикізаттан тұқымын ажыратып алады.

Химиялық құрам. Өсімдіктің барлық бойында тропан алкалоидтары бар: жапырақтарында 0,28-0,39%, сабақтарында 0,15-0,24%, тамырларында 0,21-0,46%, гүлдерінде 0,20-2,89%, жемістерінде 0,76-0,83%, тұқымдарында 0,83%. Қажетті заттардың ішінде скополамин, гиосциамин, тропин бар.

Сонымен бірге, норгиосциамин, куксгигрин, никотин, тиглоиллокситропин, дитиглоилокситропан, тиглоидин, тропин, псевдотропин, деген алкалоидтар кездеседі.



Қолданылуы. Медицинада бұл өсімдіктен алынған дәрілер психиатрия саласында тыныштандыратын дәрі ретінде, Моньера ауруына қарсы қолданады.

Дәрі-дәрмектер. Скополамин, Аэрок дәрінің құрамында болады.

Сақталу мерзімі 1 жыл.
Кәдімгі итжидек Atropa Belladonna L.

Алқалар тұқымдасы Solanaceae
Сипаттама. Итжидек туысына жататын, биіктігі 2 м-ге дейін жететін, көп жылдық шөптесін өсімдік. Көп кіндікті тамыр сабағының көптеген бұтақталған тамырлары бар. Сабағы жуан және шырынды, біреуден немесе бірнешеуден тұрады. Астыңғы бөлігі үстіне қарай жай бұтақталған, олар күлгін түті жіпшелермен қапталған. Жапырақтары үлкен, екеуден кезектескен, жұмыртқа немесе элипс тәріздес, тегіс жиекті, жапырақ ортасына дейін қосыла түскен. Гүлдері үлкен, жалқы немесе екеуден қысқа гүл тостағаншасына отыра орналасқан, 5 тісті, түтікті, сұр-қоңыр, күлгін түсті. Жемісі 2 ұялы, көп тұқымды. Тұқымы жылтыр, қара, шырынды немесе тұқымының аумағындай, шырынды, қою-күлгін түсті. Дәмі тәтті, қышқыл, улы.

Таралуы. Краснодар өлкесінде, Қырым, Украина, Кавказда кездеседі. Қазақстанда жабайы түрде кездеседі.

Дайындалуы. Емдік мақсатқа жапырақтарын, шөбін, тамырларын (Folia Herba et Radices Belladonnae) жинап алады. Жапырақтарын өсімдік гүлдей бастағанда жинайды. Сосын, жеміс беру кезінде өсімдікті кесіп, егер ауа өркендерімен қоса кесіп алады. Тамырларын күзде не ерте көктемде қазып алады.

Химиялық құрам. Өсімідктің оне бойы тропа қатарындағы алкалоидтардан тұрады. Аз мөлшерде скополамин, атропин, белладонин кездеседі. Тамырларында және жапырақтарында метилэскулин, кумарин, скополетин бар.

Қолданылуы. Спазмолитикалық әсеріне байланысты бірыңғай бұлшық етті босаңсытады, ауруды басады, асқазан, қолқа, тер, сілекей бездерінің секрециясын төмендетеді. Көздің жарақаттануы мен қабыну ауруларын емдеуге және диагностикалық мақсатта қолданылады. Холимомиматикалықтармен уланғанда атропинді қолданады.

Дәрі-дәрмектер. Спирт тұнбасы, құрғақ, қою экстракт, кұрделі препараттардың: Солутан, бетиол, анузол, зеленин тамшыларына, беллатаминал, астмарин, астматол, бекарбон, корбелла, бепасал, бепалгин, аэрон, белластизин құрамында болады.


Қалың жемісті софора Sophora pachycarpa C. A. Mey.

Нағыз бұршақтар тұқымдасы Fabaceae (Leguminosae)
Сипаттама. Ақмия туысына жататын, биіктігі 60 см-ге дейін жететін, көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабақ түбірімен бастап бұтақталған, ұзын, жоғары бағытталған жапырақтары көп. Барлық өсімдіктер сияқты өсімдіктің ең боиы ақ түсті жатыңқы түктермен қапталған. Жапырақтары тақ қауырсынды, ұзындығы 8-16 см, 6-12 жұп жұмыртқа сияқты жапырақтары бар. Гүлдері сабақтың ұшына масақ сияқты орналасқан. Тәжесі ақшыл немесе сарғыш түсті. Жемісі жуан, түтік тәрізді бұршақ, тұқымы сопақша, жұмыртқа пішіндес, ұзындығы 5-7 мм, қоңыр немесе қара.

Таралуы. Шөлді немесе шөлейтті жерлерде, аласа таудың етегінде, құмды топырақтарда, жер асты суы жақын жерлерде өседі. Суғарылатын жерлерден арамшөп ретінде кездеседі. Қызылорда облысында, Бетпақдала, Мойынқұм, Туркестан, Батыс Тянь-Шаньда, сонымен бірге, Орта Азияда, Иран, Ауғанстанда таралған.

Дайындалуы. Дәрілік мақсатта өсімдіктің шөбін (Herba Sophorae pachycarpae) дайындайды. Шикізатты бүкіл жаз бойы мамыр айынан қыркүйек айына дейін жинайды. Жинау кезінде шикізатта жемістері түсіп кептеуін қадағалау қажет. Шөбін 5-10 см биіктікте орақпен немесе пышақпен кесіп алып күнде кептіреді. Өсімдік улы болғандықтан қауіпсіздің шараларын қадағалау шашыла бастағаннан білуге болады.

Химиялық құрам. Шөбінің құрамында 2,3-3% алкалоидтар бар. Ең негізгісі болып есептелінеді. Пахикапринге ұқсас алкалоидтар, софорамин, патрин кездеседі.



Қолданылуы. Есекмия алкалоидтарынан медицинада пахикаприн туу процесті жақсарту, жыйындату мақсатында пайдаланады. Тонусты көтеретін қасиетіне байланысты пахикаприн туғаннан кейінгі кезінде қанның кетуін азайтады. Пахикапринді эндоартерит және шеттері жатқан қан тамырларың спазмымен байланысты ауруларда қолданады. Пахикапринді екі қабат әйелдерге, бүйрегі, бауыры, жүрек, қан тамыры, жүйесі ауыратын адамдарға қолдануға болмайды.

Дәрі-дәрмектер. Пахикаприн гидроиодит.

Шикізаттың сақталу мерзімі 5 жыл.

Тесттер


1. Алколоидтар деп –

А) әртүрлі биологиялық және биохимиялық қызметтер атқаратын органикалық

заттардың ерекше тобы;

Б) ароматты органикалық қосылыстардың ұшқыш сұйық қоспасы;

В) гемолитикалық және беттік белсенділік қасиет көрсететін заттар;

Г) құрамында азоты бар, өсімдік ағзаларында түзілетін табиғи қосылыс;

Д) бір немесе бірнеше гидроксил топтардан тұратын табиғи ароматты қосылыс

2. А.П. Ореховтың алколоидтарды жіктеу негізі:

А) гетероциклді құрылымы бойынша

Б) амин қышқылдық құрылымы бойынша

В) бүйір тізбек құрылымы бойынша

Г) молекуланы химиялық құрылымы бойынша

Д) барлығы дұрыс

3. “Раунатин” препараты суммарлы алколоидтар препараты болып табылады:

А) чилибуха

Б) биік аңдыз

В) манжур аралиясы

Г) кіші қабыршөп

Д) жыланды раувольфия

4. Кофеин әсер етеді:

А) ОЖЖ және жүрек-қан тамырлар жүйесін қоздырады

Б) ОЖЖ тежейді

В) жүрек қимылын бәсеңдетеді

Д) тері тамырларын кеңейтеді

Г) барлығы дұрыс

5. Atropa belladonna жемісі:

А) жидек

Б) дән


В) қақпағы бар қорап

Г) қақпағы жоқ қорап

Д) тесік қорапша

6. Folia Belladonnae шикізатының құрамындағы алколоидтар суммасы процентпен:

А) 5% кем емес

Б) 1% кем емес

В) 0,05% кем емес

Г) 0,5 % кем емес

Д) 0,3 % кем емес

7. Скополаминді алу үшін пайдаланатын өндірістік шикізаты:

А) кәдімгі белладонна шөбі

Б) гималай скополии шөбі

В) кәдімгі сасық меңдуана

Г) үнді сасық меңдуана

Д) жазық стефании

8. Кофеин, теобромин және теофиллин бұл:

А) хиноминді алколоид

Б) стероидты алколоид

В) пуринді алколоид

Г) индолды алколоид

Д) пиперидинді алколоид

9. “Омнопон” препарат құрамында:

А) 25 % кодеин

Б) 80 % папаверин

В) 50 % морфин

Г) 10 % скополомин

Д) 5 % морфина

10. Пиридинді және пинеридинді алколоид құрамында:

А) итжидек өсінділері және шөбі

Б) лобель шөбі

В) мимоза жапырағы

Г) темекі жапырағы

Д) барлық жауабы дұрыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет