Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ


Механикалық сарғаюы бар науқастардың операциядан кейінгі асқынуларының алдын алу үшін циклоферон препаратын қолдану нәтижелері



бет6/7
Дата08.07.2016
өлшемі3.24 Mb.
#184680
1   2   3   4   5   6   7

Механикалық сарғаюы бар науқастардың операциядан кейінгі асқынуларының алдын алу үшін циклоферон препаратын қолдану нәтижелері
Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасында 2000-2007 жылдар аралығында ісіксіз генезді механикалық сарғаюы бар 147 науқасты кешенді зерттеудегі және емдеудегі қорытынды нәтижелері. Барлық бақылаудағы науқастар 2 топқа бөлінген: негізгі (75 науқас) және бақылау тобы (72 науқас).

Бақылау топтағы МС бар науқастарға әртүрлі өт жолдарын декомпрессиялаумен бірге, әдеттегі МС-ды емдеу әдістері қолданылды.

Негізгі топтағы МС бар науқастарға өт жолдарын әртүрлі декомпрессиялаумен бірге операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу, иммунокоррекция үшін циклоферон қолданылды.

Ауруханаға түскенде барлық науқастарға жалпы клиникалық қан анализі мен гепатобилиарлы аймақтың УДЗ-і жүргізілді. Механикалық сарғаюдың жеңіл дәрежесімен ауыратын науқастарға бауырдың функциональды жағдайын зерттеу мақсатымен билирубин мен гепатоарнамалы ферменттердің белсенділігін зерттеу жүргізілді: аминотрансфераза АлАТ және АсАТ.

Лимфоциттердің иммунофенотиптелуі Лебедев К.А. модификациясындағы стрептавидин - биотиндік әдіс негізінде анықталды. Клеткалар фенотипін анықтау үшін моноклональды антиденелер және реактивтері қолданылды.

Лимфоциттердің салыстырмалы мөлшерін (%) тауып (СД3, СД4, СД8, СД56, СД20), олардың абсолютті мәнін анықтады.


Механикалық сарғаюы бар науқастардың жасы бойынша анализінің сипаты науқастардың басым бөлігі егде және қарт жастағы екенін көрсетеді (66 жас және одан жоғары жастағы науқастар саны 41,5%). МС бар науқастардың жынысы бойынша әйелдердің саны-113 (76,9%), еркектердің саны-34 (23,1%) . Еркектерге қарағанда әйелдердің саны басым.

Науқастарда МС-дың ұзақтығы 3 күннен 22 күнге дейін болды.Орташа 12,3±1,1 жалпы топтағы науқастарда және 12,6±1,5 күн бақылау тобында.

Біздің бақылауымызда МС-дың ең жиі себебі холедохолитиаз болып табылды, ол 111(75,5%) науқаста анықталды. Осының өзінде 21 науқаста холедохолитиаз ҰҮҮ-нің стенозымен және ЖӨӨ тарылуы үйлесіп келді.

Зерттеу кезінде қосымша аурулар 116 (78,9%) науқастарда табылған,негізін 56 жастан жоғары топтағы науқастар құрайды.



2-кесте. Механикалық сарғаюы бар науқастарды ауырлық дәрежесіне байланысты бөлу


Механикалық сарғаюдың ауырлық дәрежелері

Науқастар тобы

Негізгі (n = 75)

Бақылау (n = 72)

абс.

%

абс.

%

Жеңіл

22

29,3

24

33,4

Орташа

36

48,0

33

45,8

Ауыр

17

22,7

15

20,8

Барлығы:

75

100

72

100,0



3-кесте. Механикалық сарғаюы бар науқастарға жасалған операцияның түрлері


Операцияның аттары

МС жеңіл дәрежесі

МС орташа дәрежесі

МС ауыр дәрежесі

Негізгі

Бақылау

Негізгі

Бақылау

Негізгі

Бақылау

бс

%

бс

%

бс

%

Бс

%

бс

%

бс

%

Холецистэктомия, холедохолитотомия (ХЭ ± ХЛТ)

8

5,7

8

1,9

1

8,6

8

7,5

3

1,4

9

89,2

Холецистэктомия, Холедохолитотомия және жалпы өт жолын сыртқы дренаждаумен (ХЭ ± ХЛТ сыртқы дренаждау)

1

4,8

1

4,5

2

5,7

2

6,3

1

6,2

1

7,7

Холецистэктомия, холдехолитотомия, холедоходуоденоанастомозбен (ХЭ ± ХЛТ ± ХДА)

2

9,5

2

9,1

2

5,7

1

3,1

1

6,2

2

15,4

Холецистэктомия, холедохолитомия және екі ішкі дренаждаумен

-

-

1

4,5

-

-

1

3,1

1

6,2

1

7,7

Жеңіл дәрежедегі МС 46 (31,3%) науқаста анықталған. Стационарға түспей тұрып механикалық сарғаю ұзақтығы оларда 7 күнге дейін болған (орташа 3,8±0,7 күн). Билирубин деңгейі 100 ммоль/л дейін (86,3±4,12 ммоль/л). Орташа жасы - 57,3±1,2 жас. Қандағы жалпы билирубиннің мөлшері негізгі топ науқастарында 4,2 есеге, ал бақылаушы топтағы науқастарда 4,1 есеге жоғарылаған. Сонымен қатар зерттеу көрсеткіштері аминотрансферазаның жоғарылағанын көрсетті: негізгі топта АлАТ қалыпты жағдайдан 1,7 есеге, ал бақылау тобында 1,8 есеге жоғарылаған. АсАТ-2,2 және 2,3 есеге сәйкес. Кешенді зерттеу нәтижесінде жеңіл дәрежедегі механикалық сарғаюдың себебі холедохолитиаз - (39 (84,8%) науқаста), ұлтабардың үлкен үрпегінің стенозы - 5 (10,9%) науқаста, жалпы өт өзегінің стриктурасы - 2 (4,3%) науқаста, ұлтабардың үлкен үрпегінің стенозы 5 науқаста кездессе, оның ішінде 4 науқаста холедохолитиазбен бірге кездесіп отырды.

Механикалық сарғаюдың жеңіл дәрежесімен ауыратын науқастардың өт шығару жолдары декопрессиясының негізі әдістері - эндоскопиялық папиллосфинктеротомия, кейін 29(63,1%) науқасқа гепатикохоледохтан Дормиа кәрзеңкесімен - тастарды алып тастау жүргізілді. 6(13,0%) науқасқа тері арқылы, бауыр арқылы микрохолецистостомия (ТБМХЦС) жүргізілді, ал 3(6,5%) науқасқа УДЗ бақылаумен микрохолецистостомия жүргізілді (22-сурет).



22 - сурет. Механикалық сарғаюдың жеңіл дәрежесіндегі науқастарда өт жолдарының декомпрессия тәсілдерін қолдану

Билирубин мен гепатоарнамалы ферменттердің 3-4 есеге азайып, қалыптыға жақындауы түбегейлі оперативті емге көрсеткіш болып табылды.

Әдеттегідей, емді қабылдағаннан кейін науқастарда да көрсеткіштер төмендеді, бірақ көрсеткіштер 1,5-2 есе жоғары деңгейді көрсетіп тұрды.

Науқастарды операцияға тиімді дайындау мен операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін негізгі топтың науқастарына иммундық жүйені ретке келтіретін ем – циклоферонмен жүргізілді. Циклоферон базисті схема бойынша бұлшық етке немесе көктамыр ішіне 12% – 2 мл - ден күнара 1 рет операцияға дейін және операциядан кейін 3, 5, 7, 9 – тәулікте егілді.

Механикалық сарғаюы бар науқастарға жасалған операцияның түрлері (2-кесте).

Науқастың иммунологиялық көрсеткішінде СD3-лимфоциттердің көрсеткіші 37,5±1,99%, СD20- - 12,8±1,07%, СD4 – 36,4±2,93%, СD8 –9,5±2,93%, СD56 – 54,38±1,95% төмендегені байқалды (4-кесте).


4-кесте. Механикалық сарғаюдың жеңіл дәрежесіндегі бақылау және негізгі топтағы иммунологиялық көрсеткіштері




Бақыланушы топ

Негізгі топ

Операцияға дейін

Операциядан кейін

Операцияға дейін

Операциядан кейін

N

24

24

22

22

CD 3- лимфоциттер, %

37,50±1,99

38,56±3,7

37,50±1,8

41,12±2,6

CD 3- лимфоциттер, 109

0,43±0,06

0,55±0,10

0,43±0,02

0,32±0,18*

Адгезия

33,44±2,36

34,80±1,49

33,44±2,36

35,00±1,82

CD 20- лимфоциттер, %

12,8±1,07

12,9±1,16

12,8±1,07

13,4±1,63

CD 20- лимфоциттер, 109

0,16±0,02

0,24±0,10*

0,16±0,02

0,32±0,18**

Фагоцитоз

28,80±1,52

30,1±2,20

28,8±1,52

31,8±2,23

CD 4- лимфоциттер, %

36,4±2,93

39,88±2,99

36,4±2,93

42,22±2,99*

CD 4- лимфоциттер, 109

0,46±0,04

0,48±0,08

0,46±0,04

0,54±0,1**

CD 8- лимфоциттер, %

9,50±2,93

10,20±1,61

9,50±2,93

11,56±2,99

CD 8- лимфоциттер, 109

0,6±0,03

0,48±0,08*

0,46±0,04

0,54±0,1*

CD56- лимфоциттер, %

54,38±1,95

56,22±1,25

54,38±1,05

60,80±1,95*

CD56- лимфоциттер, 109

0,69±0,06

0,76±0,22*

0,69±0,06*

0,82±0,5**

Нұсқама -* - p<0,05; ** - p<0,01 – операцияға дейнгі науқастар тобымен салыстырғанда

Операциядан кейінгі емнің 10-шы тәулігінде науқастың иммунологиялық көрсеткштері СD3 – лимфоциттердің көрсеткіші 41,12±2,6%, СD20-13,4±1,63%, СD4 – 42,22±2,99%, СD8 – 11,56±2,99%, СD56 – 60,8±1,95% бақылау топқа қарағанда, негізгі топта жоғарылағаны байқалды. Шығарылған кезде билирубин мен гепатоарнамалы ферментердің көрсеткіштері қалыпты болды.

23 - суретте көрсетілгендей механикалық сарғаюдың жеңіл түрімен науқастарға циклоферон препаратын қолданып, науқасты түбегейлі операцияға дайындау уақыты (1-ші кезеңде) 4,9±0,3 күннен 4,1±0,2 күнге (р>0.05) дейін қысқартылды, ал жалпы емдеу ұзақтығы 13,2±0,4 күннен 9,8±0,3 күнді (р<0,05) құрайды.

23 - сурет. Науқастарды механикалық сарғаюдың жеңіл түрімен емдеу ұзақтығы
Негізгі топтағы науқастарда емнің 1-ші кезеңінің орташа ұзақтығы -4,1±0,2 күн, ал бақылау тобында - 4,9±0,3 күн (р≥0,05)
Механикалық сарғаюы бар орта дәрежедегі (МС) 69 (46,9%) науқаста сарғаю кезеңінің ұзақтығы 7 күннен 14 күнге дейін (орташа 10,6±1,6 күн), билирубин деңгейі 200 ммоль/л дейін (орташа 184,7±6,22 ммоль/л). Орташа жасы - 60,2±3,1 жас.

Негізгі топтағы науқастарда жалпы билирубин 9,4 есеге жоғары: АлАТ және АсАТ мөлшері – 3,6 және 4,0 есеге сәйкес. Бақылау тобындағы науқастарда жалпы билирубин 8,8 есеге жоғары, ал АлАТ және АсАТ көрсеткіштері - 3,4 есеге – 3,8 есеге жоғарылаған.

Механикалық сарғаюдың орташа дәрежесіндегі науқастарға өт жолдарының декомпрессия тәсілдерін қолдану (24-сурет).


24 - сурет. Механикалық сарғаюдың орташа дәрежесіндегі науқастарға өт жолдарының декомпрессия тәсілдерін қолдану
25 - суретте көрсетілгендей негізгі топтағы науқастарға жүргізілген емнің 3-ші тәулігінен кейін билирубин мен гепатоарнамалы ферменттер бірден төмендеді, ал 6- ші тәуліктен кейін қалыпты көрсеткішке жақындады. Бақылау тобындағы науқастарға жүргізілген емнің 3-ші тәулігінен кейін билирубин мен гепатоарнамалы ферменттер біршама төмендеді, ал емнің 6-шы тәулігінен кейін, бірнеше есеге төмендесе де, қалыпты көрсеткіштерден жоғары болды.


25 - сурет. Механикалық сарғаюдың орташа дәрежесіндегі жалпы және тік билирубиинің өзгерісі
Науқастарды операцияға тиімді дайындау мен операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін негізгі топтағы науқастарға иммундық жүйені ретке келтіретін ем – циклоферонмен жүргізілді. Циклоферон базисті схема бойынша бұлшық етке немесе көктамыр ішіне 12,5%- 2 мл- ден күнара 1-ші және 3-ші тәулікте 1 рет операцияға дейін және операциядан кейін 5, 7, 9 – тәуліктерде егілді.

Науқастардың иммунологиялық көрсеткішінде СD3 – лимфоциттердің көрсеткіші 37,6±1,99%, СD20 - 12,8±1,8%, СD4 – 36,4±2,9%, СD8 – 9,6±2,93%, СD56 – 54,6±1,95% төмендегені байқалды.

Механикалық сарғаюдың орташа дәрежесіндегі бақылау және негізгі топтағы иммунологиялық көрсеткіштері 5-кестеде көрсетілген.

Механикалық сарғаюдың орташа дәрежесіндегі науқастарды зерттеу нәтижесінде олардың механикалық сарғаю себебі холедохолитиаз (76,8%) болып табылады. 15,9% ұлтабардың үлкен үрпегінің стенозы, 7,3% - жалпы өт өзегінің стриктурасы 7 (10,1%) науқаста холедохолитиаз бен бірге ҰҮҮ стенозы бірге кездеседі.



5-кесте. Механикалық сарғаюдың орташа дәрежесіндегі бақылау және негізгі топтағы иммунологиялық көрсеткіштері




Бақыланушы топ

Негізгі топ

Операцияға дейін

Операциядан кейін

Операцияға дейін

Операциядан кейін

N

33

33

36

36

CD 3- лимфоциттер, %

37,6±1,99

38,9±3,70

37,6±2,1

42,0±2,6*

CD 3- лимфоциттер, 109

0,48±0,06

0,58±0,10

0,48±0,06

0,68±0,14*

Адгезия

33,67±1,49

34,9±2,0

33,67±1,49

35,67±2,36

CD 20- лимфоциттер, %

12,8±1,8

13,0±1,16

12,8±1,07

14,1±1,63*

CD 20- лимфоциттер, 109

0,18±0,04

0,28±0,1*

0,18±0,04

0,34±0,16**

Фагоцитоз

28,07±1,52

30,80±2,29

28,07±1,57

31,54±2,13

CD 4- лимфоциттер, %

36,4±2,93

40,0±2,99*

36,4±2,93

43,1±2,99**

CD 4- лимфоциттер, 109

0,48±0,06

0,50±0,1*

0,48±0,06

0,54±0,15**

CD 8- лимфоциттер, %

9,6±2,93

10,5± 1,61

9,6±2,93

12,0±2,99*

CD 8- лимфоциттер, 109

0,08±0,06

0,10±0,08**

0,08±0,06

0,18±0,10**

CD56- лимфоциттер, %

54,6±1,95

57,4±1,25*

54,6±1,05

61,2±1,95**

CD56- лимфоциттер, 109

0,70±0,08

0,78±0,28

0,70±0,08

0,82±0,50**

Нұсқама - * - p<0,05; ** - p<0,01 - операцияға дейнгі науқастар тобымен салыстырғанда

Науқастардың иммунологиялық көрсеткіші 10-тәулікте СD3 – лимфоциттердің көрсеткіші - 42,0±2,6%, СD20 - 41,1±1,63%, СD4 – 43,1±2,9%, СD8 – 12,0±2,93%, СD56 – 61,2±1,95% бақылаушы топқа қарағанда, негізгі топта жоғарылағаны байқалды.

Механикалық сарғаюдың орташа дәрежесіндегі науқастардағы циклоферон препараты мен өт шығару жолдарының декомпрессия әдісін қолдану, әдеттегідей, кешенді емге қарағанда операциядан кейінгі асқынулар 1,7 есеге төмендетеді, науқастарды түбегейлі операцияға дайындау 2,2 тәулікке қысқартылып, науқастың ауруханада болуы 4,2 тәулікке қысқарды (26-сурет).

26 - сурет. Механикалық сарғаюы бар науқастардың орта дәрежесіндегі емнің жалпы мерзімі
Механикалық сарғаюы бар науқастардың ауыр дәрежедегі 32 (21,8%) науқастың сарғаю ұзақтығы 14 күннен жоғары (орташа 17,6±2,3 күн) және билирубин деңгейі 201-ден жоғары (орташа 276,5±8,47 ммоль/л) болды. Орташа жасы - 58,1±2,1 жас.

Операциядан кейінгі кезеңде бақыланатын топтағы науқастарға, әдеттегідей, ем жүргізу жалғастырылды, ал негізгі топтағы науқастарға операцияға тиімді дайындау мен операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін иммундық жүйені ретке келтіретін ем – циклоферонмен жүргізілді. Циклоферон базисті схема бойынша бұлшық етке немесе көктамыр ішіне 12,5% - 2 мл - ден күнара 1-ші және 2-ші тәулікте күніне 1 рет операцияға дейін және операциядан кейін 5, 7, 9 – тәуліктерде егілді.

Науқастардың иммунологиялық көрсеткішінде СD3 – лимфоциттердің көрсеткіші - 37,8±2,0%, СD20 - 14,2±1,5%, СD4 – 34,2±0,8%, СD8 – 8,2±0,8%, СD56 – 55,7±1,6% төмендегені байқалды.

Механикалық сарғаюдың ауыр дәрежесіндегі бақылау және негізгі топтағы иммунологиялық көрсеткіштері 6-кестеде көрсетілген.




6-кесте. Механикалық сарғаюдың ауыр дәрежесіндегі бақылау және негізгі топтағы иммунологиялық көрсеткіштер




Бақыланушы топ

Негізгі топ

Операцияға дейін

Операциядан кейін

Операцияға дейін

Операциядан кейін

N

15

15

17

17

CD 3- лимфоциттер, %

37,8±2,0

39,1±2,8

37,8±2,0

42,8±3,2*

CD 3- лимфоциттер, 109

0,50±0,3

0,67±0,12*

0,50±0,33

0,94±0,33*

Адгезия

33,79±1,96

36,18±2,15

33,79±1,96

38,89±2,89

CD 20- лимфоциттер, %

14,29±0,8

14,4±1,2

14,29±1,1

15,6±1,6

CD 20- лимфоциттер, 109

0,20±0,08

0,30±0,12

0,20±0,08

0,36±0,18**

Фагоцитоз

29,64±1,11

36,04±1,26

29,64±1,11

38,67±2,13

CD 4- лимфоциттер, %

34,29±0,81

38,44±2,10

34,20±0,81

40,9±1,90*

CD 4- лимфоциттер, 109

0,50±0,08

0,54±0,14

0,50±0,08

0,58±0,18*

CD 8- лимфоциттер, %

8,29±0,81

10,8±1,61*

8,29±0,81

12,55±1,82**

CD 8- лимфоциттер, 109

0,11±0,37

0,14±0,12*

0,11±0,37

0,16±0,17**

CD56- лимфоциттер, %

55,7±1,6

58,1±2,00

55,7±1,8

61,5±2,1*

CD56- лимфоциттер, 109

0,75±0,11

1,01±0,32**

0,75±0,1

1,12±0,35**

Нұсқама -* - p<0,05; ** - p<0,01 - операцияға дейнгі науқастар тобымен салыстырғанда

Науқастың иммунологиялық көрсеткіші 10-шы тәулікте СD3 – лимфоциттердің көрсеткіші - 42,8±3,2%, СD20 – 15,6±0,9%, СD4 – 40,9±1,9%, СD8 – 12,5±1,8%, СD56 – 61,5±2,1% бақылаушы топқа қарғанда, негізгі топта жоғарылағаны байқалды.

Қандағы жалпы билирубиннің мөлшері негізгі топ науқастарында қалыптағыдан 14,1 есе, ал бақыланушы топтағы науқастарда 13,8 есе жоғарылағаны, сонымен қатар гепатоарнамалы ферменттердің көрсеткіштері де жоғарылаған: негізгі топта АлАТ және АсАТ мөлшері - 4,5 және 6,1 есе; бақыланатын топта – АлАТ және АсАТ – 4,6 және 5,5 есе жоғарылаған.

Механикалық сарғаюдың ауыр дәрежесі бар науқастарда жүргізілген емнің нәтижелігін бақылау мақсатында динамикасында билирубин мен гепатоарнамалы ферменттердің көлемін анықтау емнің 3-ші күні екі топтың көрсеткіштері арасында айқын ерекшелік бар екендігін анықтайды.

Механикалық сарғаюдың ауыр дәрежесіндегі жалпы және тік билирубиинің өзгерісі (27-сурет).

27 - сурет. Механикалық сарғаюдың ауыр дәрежесіндегі жалпы және тік билирубиинің өзгерісі
Осылай, науқастарды механикалық сарғаюдың ауыр дәрежесімен емдеуде циклоферон препараты мен өт шығару жолдарының декомпрессиясын бірге қолдану, әдеттегідей жүйелі еммен салыстырғанда, операциядан кейінгі асқы­нулар жиілігін 1,6 есе төмендетуге, науқастарды түбегейлі операцияға дайындау уақытын 2,9 тәулікке, науқастардың жалпы ауруханада емделу уақытын 5,5 тәулікке қысқартуға мүмкіндік берді. Операциядан кейінгі өлім механикалық сарғаюы бар науқастарда 6,0%-дан 2,8% -ға төмендеді (28-сурет).

28 - сурет. Науқастардағы механикалық сарғаюдың ауыр дәрежесіндегі емінің ұзақтығы
Механикалық сарғаюы бар науқастарды циклоферон препараты мен өт жолдарын декомпрессиялап емдеудің нәтижесі (7-кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет