Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет195/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Шикізаттың майдалану дәрежесі. Сығындылаушы экстрагенттің 
өсімдіктің жасушалық құрылысы бар материал қалындығынан өтуін 
жеңілдету үшін, өсімдік шикізатын майдалау керек. Майдалану дәрежесі 
шикізаттың морфологиялық құрылысына тәуелді. Себебі қабықтар мен 
тамырлардың жасушалық тасалары гүлдер мен жапырақтар тасаларымен 
салыстырғанда қалыңдау және қатты болады, сондықтан олардың өлшемдерін 
едәуір майдалау керек. Сонымен бірге жасуша тасаларының құрамының 
маңызы зор. Жасуша тасаларының негізгі заты - клетчатка (целлюлоза). 
Оларға бөлек жасушалардың тасаларын бір-бірімен жабыстыратын пектинді 
заттар кіреді. Целлюлоза суда ерімей, тек қана ісінеді, ал пектинді заттар 
арасында еритін және ерімейтін заттар кездеседі. Пектиндер ыстық суда 
тұтқыр гельдер түзіп, сығындылау процесін баяулатады. Осы жағдайларды 
ескере отырып, дәрілік өсімдік шикізатын оптимальды өлшемге дейін 
майдалау қажет, одан төмен майдалау тиімсіз, себебі сығындыға майда ұлпа 
бөлшектері және басқа ерімейтін заттар өтіп, оның сапасын төмендетеді, 
сығынды тез бұзылады. 
Майдалаудың оптималды өлшемдері КСРО МФ Х «Тұнбалар мен 
қайнатпалар» мақаласында көрсетілген: 
- өсімдіктердің жапырақтары, гүлдері, шөбі 5 мм дейін майдаланады. Тек 
аюқұлақ және эвкалипт жапырақтарын майдалауды 1 мм асырмайды 
- өсімдіктердің сабағын, қабығын, тамырын, тамырсабақтарын 3 мм дейін 
майдалайды 
- жемістердің, тұқымдардың майдалау дәрежесі 0,5 мм. 
Спорынья (қара күйе қауыз) – жаңадан (0,3-0,5 мм дейін) майдаланған болуы 
керек, себебі құрамындағы өсімдік майы тез тотығып кетеді. 


271 
КСРО МФ ХІ басылымында майдалаудың жеке жағдайлары ұсынылған. 
Спорыньядан және эвкалипт жапырақтарынан басқа шикізат, дәріханаға 
майдаланған күйде түседі.
Шикізат мөлшері қалдықсыз майдалануы тиіс, себебі өсімдіктердің 
әртүрлі бөліктерінде әсер етуші заттар әртүрлі мөлшерде таралады. Шикізат 
шаңнан еленген болуы керек, себебі балласты заттар суда ісінеді, масса 
жабысқақ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет