4-тарау. Әуе кеңістігін пайдалану және пилотсыз ұшу аппараттары ұшуын жүргізу тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
12. ПҰА елді мекендердің үстінен ұшуы осындай ұшуларды ұйымдастырушының ұшуды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, көрсетілген іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ететін биіктікте орындалады.
13. Ұшуларды орындауды келісуді және авиацияның барлық түрлері үшін "ерекше" операциялар санатындағы ПҰА ұшуына рұқсат беруді ӘҚБ орталықтары ұшу жоспарын ұсынған кезде ҚР ӘПҚ қағидаларында көзделген тәртіппен жүргізеді.
Осындай ұшуларды келісу кезіндегі ӘҚБ орталықтары:
1) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның арнайы рұқсаты берілген ұшуларды қоспағанда, тыйым салынған аймақтарға және шектеу аймақтарына кіруді болдырмайды;
2) ҚР ӘПҚ қағидаларының 82-2-тармағында көзделген қажетті келісулердің болуын тексереді.
14. Күзет іс-шараларын өткізу кезеңінде ПҰА елді мекендердің үстінен ұшуы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.
15. ПҰА күзетілетін объектілердің үстінен ұшуын пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен осындай ұшулар басталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын келіседі.
16. Барлық жағдайларда ПҰА қалалар мен кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен ұшуы осы Қағидалардың 5-тарауында айқындалған тәртіпке сәйкес уәкілетті ұйымнан алынған рұқсаттардың негізінде орындалады.
Шекара белдеуінің әуе кеңістігін пайдалануға байланысты іс-шаралар өндірісі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі органдарымен, әуе қорғанысы күштерімен, әуе қозғалысын басқару органдарымен қызмет басталғанға дейін кемінде 5 күн бұрын келісіледі.
17. ПҰА ұшуын орындау кезінде, ҚР ӘПҚ қағидаларының 82-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ПҰА пайдаланушы осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес келісу үшін ұшуларды орындау жоспарланған жауапкершілік аймағындағы (ауданындағы) ӘҚҚ органына және ӘҚБ орталығына ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшуын жүргізу жөніндегі ақпаратты ұсынады.
18. ПҰА ұшу жоспары туралы хабарлама, егер жоспарланған ұшудың нақты биіктігі жер бетінен 50 метрден аспаса, ал ұшу маршруты (жоспарланған траектория) әуеайлақ қоршауынан (ал қоршау болмаған жағдайда) 5,5 км жақын болмаса, пилотсыз ұшу аппаратының ұшу жоспары әуе қозғалысын басқару орталықтарына жіберілуге жатпайтын ҚР ӘПҚ қағидаларының 82-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, әуе кеңістігінің сыныбына қарамастан әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін беріледі. – әуеайлақ шекарасын көрсететін таңбаланған белгілерден 5,5 км жақын емес). ӘҚБ орталықтарымен қысқа мерзімді шектеулерді енгізу қажет болған кезде ұшу жоспарын беру мерзімдері ӘҚБ орталықтарымен келісіледі.
19. "Ерекше" операциялар санатындағы ПҰА-ның ұшу жоспарын әуе кеңістігін пайдаланушы ӘҚБ БО-ға немесе жақын жердегі әуе қозғалысын басқару органына ҚР ӘПҚ қағидаларының талаптарына сәйкес ұсынады. Сондай-ақ ұшу жоспарларын интернет желісі және "Қазаэронавигация" РМК телефон желісі бойынша ұшу жоспарларын ұсыну жүйесі арқылы мына сілтеме бойынша беруге болады: websppi.ans.kz.
20. ПҰА ұшу жоспары мынадай ақпаратты қамтиды:
1) әуе кемесінің тану индексі туралы (рейс нөмірі, әуе кемесінің мемлекеттік және тіркеу тану белгілері (пилотсыз ұшу аппараты үшін әуе кемесінің мемлекеттік және тіркеу тану белгілері болмаған жағдайда ПҰА маркасы және оны пайдаланушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға көрсетіледі);
2) әуе кемелерінің саны мен түрі туралы, із турбуленттілігінің санаты (азаматтық әуе кемелері үшін);
3) ұшып шығу әуеайлағы (ұшып шығу пункті) және ұшып шығу уақыты туралы;
4) ұшу бағыты туралы;
5) ұшу маршрутының ерекшеліктерін, әуе кемесінің тіркеу белгілерін, пайдаланушының атауын, әуе кемесінің ұшу-техникалық деректерін, пайдаланылатын борттық жабдықты сипаттау үшін қажетті ақпаратты және егер ол үлгілік ақпараттан өзгеше болса немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдары тарапынан ерекше қатынасты талап етсе, өзге де қажетті ақпаратты, ҚР ӘПЖ қағидаларының талаптарына сәйкес ұшу мәртебесін қамтуы тиіс;
21. ПҰА ұшу жоспары ұшудан үш сағат бұрын ұсынылады.
22. Ұшу жоспарлары ұсынылған ПҰА-ның ұшуы көрсетілген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.
23. ПҰА, әуе кемелерінің ұшуы орындалады:
1) метеорологиялық минимумды сақтау шартымен G сыныбының әуе кеңістігі шекарасының шегінде (көлденеңінен 1500 метрден кем емес көріну және тігінен 300 метрден кем емес бұлттардың төменгі шекарасы);
2) бақыланатын әуе кеңістігінде (осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген ережелерді қоспағанда) – әуе қозғалысын басқару орталықтары қысқа мерзімді шектеулер енгізген кезде орындалады.
Жер бетінен 50 метр биіктікке дейін созылатын әуе кеңістігінде ПҰА ұшуын қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімді шектеулер белгіленбейді;
3) диспетчерлік аймақта-жер бетінен 50 метр биіктікке дейін созылатын және әуеайлақ қоршауынан 5,5 км жақын емес әуе кеңістігі (қоршау болмаған жағдайда – авиациялық жұмыстарды және ұшқышсыз ұшу аппараттарында жаппай көрсету ұшуларын (аэрошоу) орындауды қоспағанда, барлық биіктіктерде осындай әуеайлақ орналасқан жауапкершілік аймағында әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен келісілгеннен кейін және әуе қозғалысын басқару орталықтары қысқа мерзімді шектеулер енгізген жағдайда ғана жүргізіледі.;
4) бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық ұшу аймағында орналасқан:
G класты әуе кеңістігінде – әуеайлақты пайдаланушымен келісім бойынша және әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету органымен үйлестірілгеннен кейін (бар болған кезде);
бақыланатын әуе кеңістігінде – әуеайлақты пайдаланушымен және жауапкершілік аймағында (ауданында) осындай әуеайлақ орналасқан әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен келісу бойынша, әуе қозғалысын басқару орталықтары қысқа мерзімді шектеулер енгізген жағдайда жүзеге асырылады.
24. Әуе қозғалысын басқару орталықтары қысқа мерзімді шектеулерді белгілемеген жағдайларда, ПҰА жауапты пайдаланушы соқтығысуға жол бермеу мақсатында ПҰА басқа әуе кемелеріне, адамдарға, көлік құралдарына, кемелерге және құрылыстарға қатысты траекториясы мен орналасқан жерін бақылау үшін жеткілікті, бөгде адамның көмегінсіз (оның ішінде оптикалық құралдарды пайдаланбай) тікелей көзбен шолып байланыс жасауға тиіс.
25. ПҰА пайдаланушы адамдарға немесе меншікке қауіп төндірмеу үшін пилотсыз ұшу аппаратынан кез келген жүктерді немесе жануарларды (арнайы парашютсіз) тастауға жол бермеуі тиіс.
26. ПҰА пайдаланылмауы тиіс:
1) ұшу және қону уақытында – кез келген адамнан (ПҰА басқаратын адамды қоспағанда), басқа көлік құралынан, ғимараттан немесе құрылыстан көлденеңінен 50 метр жақын жерде;
2) ұшу кезінде – кез келген адамнан (ПҰА басқаратын адамды қоспағанда), басқа көлік құралынан, ғимараттан немесе құрылыстан көлденеңінен 100 метр жақын жерде;
3) барлық жағдайларда адамдар көп жиналатын жерден және (немесе) көлік құралдарынан көлденеңінен 150 метр жақын болуы тиіс;
4) ұшуға тыйым салынған және қауіпті аймақтарда, ұшуға шектеу қойылған аймақтарда (осындай аймақтарды белгілейтін тұлғалардың мүддесіндегі ұшуларды қоспағанда) жүзеге асырылады.
5-тарау. Пилотсыз ұшу апаратының ұшуын орындауға рұқсат беру тәртібі және қалалар мен кенттердің халық тығыз орналасқан аудандары бойынша ұшуларды орындау қағидалары
Достарыңызбен бөлісу: |