Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы



бет1/5
Дата12.07.2016
өлшемі449.5 Kb.
#193008
  1   2   3   4   5


Жоба

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

қ а у л ы с ы


Алматы қ.

2011 жылғы «___» ___________

№ _____



Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкі Басқармасының «Қазақстан

Республикасында экспорт-импорт

валюта бақылауын жүзеге асыру

ережесiн бекіту туралы» 2006 жылғы

17 тамыздағы № 86 қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы


30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына (Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің 2006 жылғы қарашадағы № 16 жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесінде (бұдан әрі – Ереже):

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Ереженің мақсаттары үшін:

экспорт немесе импорт ретінде өзара сауда статистикасында ескерілетін, Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына (аумағынан) тауарларды өткізу;

экспорт немесе импорт ретінде өзара сауда статистикасында ескерілетін, кедендік рәсімдердің біріне орналастырылған тауарларды Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы экспорт немесе импорт үшін тауарларды өткізу деп түсініледі.»;

2-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға (филиал және өкілдік) және қызметті бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қалыптастырылатын бірегей нөмір;»;

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртібімен айқындалған теңгенің шетел валютасына қатысты орташа алынған биржалық бағамы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін, Ұлттық Банктің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртібімен кросс-бағамдарды пайдалана отырып есептелетін теңгенің шетел валютасына қатысты бағамы;»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) валюталық бақылау құжаттары:

міндеттемелердің орындалу мерзімдерінің, талаптарының өзгеруін, сондай-ақ келісімшарт бойынша тараптарды растайтын құжаттарды қоса алғанда келісімшарт;

келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттар, оның ішінде шетелдік банктердегі шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірмелер, төлемдік және келісімшарттар шеңберінде шетелдік банктердегі шоттардан төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын растайтын және сәйкестендіретін өзге де құжаттар, Кеден одағының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезіндегі тауарлар декларациясының көшірмесі, жұмыстардың орындалғанын, қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттар, экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кеден аумағы ішінде тауарларды өткізуді растайтын құжаттар;

лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлау туралы куәлік;

мәміле паспорты, мәміле паспортына қосымша парақ;

мәміле паспорты бойынша салыстырып-тексеру актісі;»;

мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде қызметті жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қалыптастырылатын бірегей нөмір;

2-2) кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі бойынша код (бұдан әрі – КҰЖЖ коды) – заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың филиалдарына және өкілдіктеріне кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісіне сәйкес статистика жөніндегі уәкілетті орган беретін сәйкестендіру коды;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары) – кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері, Қазақстан Республикасының кедендері және кеден бекеттері;»;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН) – жеке тұлғаның салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркелуі кезінде оған берілген нөмір;»;

9) тармақшада:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«тауарларды Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізген кезде – сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде ескерілетін тауардың кедендік рәсіміне орналастырылғанын растайтын тауарлар декларациясында көрсетілген тауарлардың шығарылған күні;»;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«нақты жіберілген тауарлар, орындалған жұмыстар (қызмет көрсетулер) үшін шот-фактураның, инвойстың берілген күні;»;

мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

«экспортер немесе импортер жазбаша растаған, резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындаған күні;»;

мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

«2-2. Мыналар экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кеден аумағының ішінде тауарларды өткізуді растайтын құжаттар болып табылады:

тауарларды қабылдау-өткізу актілері;

Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 276-7-бабының 3-тармағында айқындалған тауарға ілеспе құжаттар;

Салық кодексінің 276-17-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келетін шот-фактуралар;

тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортын растау үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (аумағына тауарлар импортталған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтарды төлеу туралы белгісімен қағаз тасымалдауышта);

тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан импортын растау үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (Қазақстан Республикасы салық органының жанама салықтарды төлеу туралы белгісімен қағаз тасымалдауышта);»;

3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер келiсiмшарт АҚШ долларынан өзгеше валютада көрсетілсе, резидент еместің орындалмаған міндеттемелерінің сомасы келiсiмшарт валютасында оны кейіннен келiсiмшарт бойынша репатриациялау мерзiмi аяқталатын айдың соңғы күнiндегi валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып АҚШ долларымен қайта санау арқылы есептеледі. Мәміле паспортын жабу мақсаттары үшін резиденттің орындалмаған міндеттемелерінің сомасын АҚШ долларына қайта санау мәміле паспортын жабу күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып жүзеге асырылады.»;

6-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:

«6. Экспортер немесе импортер осындай мәміле паспортын ресімдеген уәкілетті банкте мәміле паспорты ресімделген келісімшарт бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүзеге асырады.»;

8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мәміле паспортын ресiмдеуді талап ететiн келiсiмшарттар бойынша тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзетін кеден органының лауазымды тұлғасы Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізілетiн тауарлар декларациясын тіркеу кезеңінде:

1) мәміле паспортының, ал Ереженiң 47 және 49-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда мәмiле паспортына қосымша парақтың да болуын тексерудi;

2) мәмiле паспортындағы ақпараттың тауарлар декларациясында мәлімделген мәліметтерге және Ереженiң 41-тармағында белгiленген тәртiппен Ұлттық Банк жiберген ақпаратқа сәйкес келуiн тексерудi жүзеге асырады.»;

9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мәміле паспорты экспортер немесе импортер келiсiмшарт бойынша ақша төлемiн және (немесе) аударымын жүзеге асыруды бастағанға дейiн және (немесе) экспорт немесе импорт үшін тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізгенге дейiн ашылады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Мынадай:

1) экспорт немесе импорт мақсаттары үшін, оның ішінде жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарт шеңберінде Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарларды өткізген;

2) бұған дейін басқа кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға меншік құқығының резиденттен резидент емеске (резидент еместен резидентке) өтуімен байланысты осындай тауарларға қатысты экспорттың (ішкі тұтыну үшін шығарудың) кедендік рәсіміне арналған кедендік рәсім өзгерген;

3) мәміле паспорты банкінің банк және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы тоқтатыла тұрған не айырылған және мәміле паспортын жабуға негіздемелер болмаған жағдайда мәміле паспортының банкі болып табылмайтын уәкілетті банкке қызмет көрсетуге өткен;

4) Ереженің 35-тармағында белгіленген жағдайларда мәміле паспорты келісімшарт жасалған күні жеткізілетін тауарлардың құны елу мың АҚШ доллары баламасынан асатын әрбір келісімшартқа жеке ашылуы тиіс.»;

11-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Резидент емеспен құжаттар жiберудiң электрондық құралдарын пайдалана отырып келiсiмшарт жасалған жағдайда экспортер немесе импортер уәкiлеттi банкке оның техникалық құралдар арқылы жасалған көшiрмесiн келісімшарттың барлық тараптарының қолдары мен мөрлерi болған кезде ұсынуға құқылы. Келiсiмшарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшiрмесiн экспортер немесе импортер мәмiле паспорты ресiмделген күннен бастап алпыс күнтiзбелiк күн iшiнде ұсынады.

Мәмiле паспорты банкiнiң қызметкерi экспортер немесе импортер ұсынған келiсiмшарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшiрмесiн iстегі көшiрмесiмен салыстырып тексередi және онда келiсiмшарттың түпнұсқасы не нотариат куәландырған көшiрмесi ұсынылған нақты күнін көрсетеді. Келісімшарт тараптарының және қатысушыларының мiндеттемелердi орындау мерзiмдерi, сомасы және нысаны бойынша ауытқушылықтар болған жағдайда Ереженiң 44-тармағында белгiленген тәртiппен Ұлттық Банкке ақпарат жiберіледi.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Мәмiле паспортының банкi мәмiле паспорттары бойынша әрбiр экспортер немесе импортер бойынша валюталық бақылау құжаттарынан, олардың түсуiне қарай қалыптастырылатын iсті жүргiзедi. Істі электрондық форматта жүргізуге жол беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

«17-1. Экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кеден аумағының ішінде тауарларды өткізуді растайтын құжаттарда мәміле паспорты бойынша жіберілген немесе келіп түскен тауарларды есепке алу үшін қажетті деректер болмаған жағдайда, экспортер немесе импортер мәміле паспортының банкіне келісімшарттың және мәміле паспортының деректемелерін көрсете отырып және, қажет болғанда, резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындаған күнін көрсете отырып жазбаша растауды ұсынады.

Шынайы емес ақпарат ұсынғаны үшін жауапкершілік экспортерге немесе импортерге жүктеледі.»;

20-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) уәкiлеттi банктер Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы қолма-қол ақша өткізген кезде;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) резидент еместермен жасалған және экспорт немесе импорт мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлар өткізу көзделмейтiн келiсiмшарттар бойынша;»;

33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Ақпарат жазылған ақпарат тасымалдауыштарды (магниттi дискiлердi, магниттi таспаларды, компакт-дискiлердi, флоппи-дискілерді және басқаларын) экспорт немесе импорт мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізген кезде мәміле паспорты мәміленің мәні көрсетілген тасымалдауыштарда жазылған ақпарат болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпарат тасымалдауыштың құнына ресімделеді. Мәміленің мәні көрсетілген тасымалдауыштарда жазылған ақпарат болып табылатын жағдайларда мәмiле паспорты келiсiмшарттың бүкiл сомасына ресiмделедi.»;

35-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35-1. Кеден одағының кеден шекарасы арқылы жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған, кеден аумағында (одан тыс) қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған тауарды өткізуді көздейтін келісімшарт бойынша мәміле паспорты, егер келісімшарт жұмыстардың (қызмет көрсетудің) экспортын көздесе, экспорт бойынша не, егер келісімшарт жұмыстардың (қызмет көрсетудің) импортын көздесе, импорт бойынша ресімделеді.»;

35-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35-3. Экспортердің немесе импортердің мәміле паспорты банкіне тиісті жазбаша өтініші бойынша экспортердің немесе импортердің таңдауы бойынша бұрын жабылған мәміле паспорттары қалпына келтіріледі не «Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері» бөлімінде жабылған мәміле паспортының деректемелері көрсетілген жаңа мәміле паспорттары ашылады.»;

36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Келісімшарт бойынша мәміле паспортын жабуды банк экспортердің немесе импортердің мәміле паспортын жабу туралы өтініш жасаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде не Ереженің 37-тармағында көрсетілген мәміле паспортын жабуға қажетті негіздемелер болған кезде Ереженің 26-тармағында көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырады. Ереженің 37-тармағының 5)-8), 15), 16), 18), 19), 23) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда экспортердің немесе импортердің тиісті өтінішінсіз мәміле паспортын жабуға жол беріледі.»;

37-тармақта:

19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«19) мәміле паспорты ашылған сәттен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде мәміле паспорты бойынша ақша және тауарлар қозғалысының болмауы;»;

мынадай мазмұндағы 20)-23) тармақшалармен толықтырылсын:

«20) экспортердің немесе импортердің мәміле паспортын жабу туралы жазбаша өтініші болған кезде мәміле паспорты ашылған сәттен бастап мәміле паспорты бойынша ақша және тауарлар қозғалысының болмауы;

21) резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін олардың арасында болған бастапқы міндеттемені сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге мәнін немесе тәсілін көздейтін басқа міндеттемемен ауыстыру арқылы тоқтатуы;

22) келісімшартқа экспорттың немесе импорттың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлар өткізуге жол бермейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

23) резидент еместің келісімшарт бойынша резидент алдындағы берешегінің бүкіл сомасын өтеу жөніндегі соттың немесе өзге мемлекеттік органның, төреліктің резидент пайдасына шешімінің болуы.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Ереженің осы тармағының 5), 7), 8), 15), 16), 23) тармақшаларында көзделген жағдайларда мәміле паспортын жабу мүмкіндігі туралы шешімді Ережеге сәйкес алынған ақпарат негізінде экспортердің немесе импортердің мемлекеттік тіркелген орны бойынша Ұлттық Банктің филиалы қабылдайды. Ереженің осы тармағының 23) тармақшасының негізінде мәміле паспортын жабу мүмкіндігі туралы шешім Ереженің 4-1-тармағы ескеріле отырып белгіленген репатриациялау мерзімі аяқталғаннан кейін қабылданады.»;

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Мәміле паспорттары экспортердің немесе импортердің мемлекеттік тіркелген орны бойынша:

1) мәміле паспорты бойынша өзге операциялар болмаған кезде қылмыстық немесе әкімшілік іс жүргізу шеңберінде келісімшарт бойынша жүргізілген операция бойынша репатриациялау талабының бұзылғаны үшін шешім қабылданған;

2) экспортер немесе импортер мемлекеттік тіркелген орны бойынша болмаған жағдайларда Ұлттық Банктің филиалында жеке есепке алынуы тиіс.

Жеке есепке жатқызуды Ұлттық Банктің филиалы бір күнтізбелік ай ішінде:

1) әкімшілік және қылмыстық іс жүргізу шеңберінде келісімшарт бойынша репатриациялау талабының бұзылғаны үшін шешім заңды күшіне енгеннен кейін;

2) экспортердің немесе импортердің тіркелген орны бойынша болмауы себепті әкімшілік жауапкершілікке тартудың мүмкін еместігі туралы шешім қабылданғаннан кейін жүргізеді.

Жеке есепке жатқызылған мәміле паспорттары бойынша Ұлттық Банктің филиалы жыл сайын экспортерден немесе импортерден репатриациялау талабын орындау үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат сұратады. Егер экспортердің немесе импортердің орналасқан жері белгілі болмаса, Ұлттық Банктің филиалы уәкілетті банктерге, салық және өзге де мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес экспортердің немесе импортердің жұмыс істеуі және (немесе) оның орналасқан жері туралы сұрату жібереді.

Қажетті ақпаратты алуына қарай және мәміле паспортын жеке есепке жатқызған күннен бастап үш күнтізбелік жыл өткен соң Ұлттық Банктің филиалы мәміле паспортының банкіне мәміле паспортын жабу мүмкіндігі туралы хабарлайды.»;

41-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тауарлар декларациясында мәлімденген мәліметтердің және мәміле паспортындағы ақпараттың сәйкестігін тексеру үшін мәміле паспорттары бойынша Ұлттық Банктен алынған ақпаратты күн сайын кеден органдарына жібереді.»;

43-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«43. Уәкілетті банктер мәміле паспорттары бойынша міндеттемелердің орындалғаны туралы ақпаратты Ұлттық Банкке Ереженің 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша мынадай мерзімдерде жібереді:

мәміле паспорттары бойынша міндеттемелерді есепті айда уәкілетті банкте төлем карточкаларын пайдаланбай экспортердің немесе импортердің банк шоттарымен ақша төлемдері мен (немесе) аударымдарын жүзеге асыру арқылы орындаған жағдайда – есепті айдан кейінгі айдың он бесіне дейінгі мерзімде;

мәміле паспорттары бойынша міндеттемелерді төлем карточкасын пайдалана отырып және (немесе) мәміле паспорттары бойынша міндеттемелерді орындаудың өзге тәсілімен ақша төлемдері мен (немесе) аударымдарын жүзеге асыру арқылы орындаған жағдайда – экспортер немесе импортер растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды ұсынған айдан кейінгі айдың он бесіне дейінгі мерзімде.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Есеп айырысудың аккредитивтік нысаны не банктік кепілдік орындалған жағдайда деректер ақша төлемі мен (немесе) аударымын жүзеге асырған кезде көрсетіледі, ал төлемдерді вексельді беру арқылы жүзеге асырған жағдайда деректер экспортер немесе импортер Ереженің 32-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде көрсетіледі.»;

44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Уәкiлеттi банктер есептi айдан кейiнгi айдың соңғы күнiне дейiнгi мерзiмде Ұлттық Банкке Ереженiң 7-қосымшасында белгiленген нысан бойынша мынадай ақпаратты жібереді:

1) резидент еместiң репатриациялау мерзiмдерiнде келiсiмшарт бойынша экспортер немесе импортер алдындағы есептi айдың соңғы күнгi жағдайы бойынша елу мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы мiндеттемелерiн орындамауы;

2) келісімшарттың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін істегі көшірмесімен Ереженің 11-тармағына сәйкес салыстырып тексерген кезде келісімшарт тараптарының және қатысушыларының мiндеттемелердi орындау мерзiмдерi, сомасы және нысаны бойынша ауытқушылықтардың болуы;

3) Ереженің 49-тармағында көрсетілген жағдайлар.»;

45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Уәкілетті банк баламасы он мыңнан бастап елу мың АҚШ долларына дейінгі (қоса алғанда) сомаға жасалған және экспорт немесе импорт үшін (Ереженің 20-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлар өткізуді көздейтін келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылатын ақша төлемдерінің және (немесе) аударымдарының мониторингін жүзеге асырады. Егер экспортердің немесе импортердің осындай келісімшарт бойынша есепті айда алған (жіберген) ақшасының жалпы сомасы жүз мың АҚШ долларынан асып кетсе, уәкілетті банк есепті айдан кейінгі айдың он бесіне дейін Ұлттық Банкке Ереженің 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ақпарат ұсынады.»;

1, 2, 4, 5, 6, 7-қосымшалар тиісінше осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;

осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы 2011 жылғы «___»________ бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі

2011 жылғы «____» __________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

2011 жылғы «____» __________

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2011 жылғы «__»__________

№___ қаулысына 1- қосымша

«Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2006 жылғы 17 тамыздағы



№ 86 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесіне 1- қосымша
Экспорт бойынша мәміле паспорты
Мәміле паспортының бұрынғы нөмірі мен күні

«___»__________ жылғы ___________________________________
Мәміле паспортының қолданыстағы нөмірі мен күні

«___»__________ жылғы 1/_____________/________/___________


Мәміле паспортының банкі бойынша ақпарат:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет