59.12 Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламаларын аяқтау қызметі
59.12.0 Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламаларын аяқтау қызметі
Бұл ішкі класқа кино-, бейнефильмдерді және теледидар бағдарламаларын аяқтау қызметі кіреді, яғни монтаждау, фильмді/пленканы аудару (ауыстыру), титрлерді басу, субтитрлер, қатысушылар тізімін жасау, жасырын субтитрлерді жасау, компьютерлік графика, анимация және арнайы эффектілер енгізу, кинофильм жасау және өңдеу, сондай-ақ кинозертханалар мен мультипликациялық фильмдерге арналған арнайы зертханалар қызметі кіреді.
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- жазылған пленкаларды сақтайтын фильмотекалардың қызметі кіреді
Бұл ішкі класқа:
- фильмдерді көшіру (кинотеатрда көрсету үшін кинофильмдерді қайта шығарудан басқа), сондай-ақ төлтума матрицадан (көшірме-мастері) аудио- және бейнежазбаларды, CD немесе DVD компакт-дискілерді тираждау, (18.20 қараңыз)
- жазылған бейнетаспаларды, CD, DVD дискілерді көтерме саудада сату, (46.43.2 қараңыз)
- таза бейнетаспалар мен CD дискілерді көтерме саудада сату, (46.52.0 қараңыз)
- жазылған бейнетаспаларды, CD, DVD дискілерді бөлшек саудада сату, (47.63 қараңыз)
- кино өндірісінде қолданылатыннан басқа пленкаларды өңдеу, (74.20.0 қараңыз)
- бейнетаспаларды, тұтынушылардың кең көлемі үшін DVD дискілерді жалға беру, (77.22.0 қараңыз)
- актерлер, суретші-мультипликаторлар, режиссерлер, сахнаны қоюшы және техникалық мамандар қызметі кірмейді, (90.0 қараңыз)
59.13 Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар тарату бойынша қызмет
59.13.0 Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар тарату бойынша қызмет
Бұл ішкі класқа:
- фильмдер, бейнетаспалар, DVD дискілерді және осыған ұқсас өнімді кинотеатрларда, теледидар желілерінде, сондай-ақ көрмелерде көрсету үшін тарату кіреді
Бұл класқа сондай-ақ фильмдерді, бейнетаспаларды және DVD дискілерді таратуға берілген құқықтарын сатып алу және сату кіреді.
Бұл ішкі класқа:
- фильмдерді көшіру, сондай-ақ төлтума матрицадан (көшірме-мастері) аудио- және бейнежазбаларды, CD немесе DVD компакт-дискілерді тираждау, (18.20 қараңыз)
- жазылған бейнетаспаларды, CD, DVD дискілерді көтерме саудада сату, (46.43.2 қараңыз)
- жазылған бейнетаспаларды, CD, DVD дискілерді бөлшек саудада сату кірмейді, (47.63 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |