Жұт ағайынды болғандықтан, сол жылы жеті жұт бір-ақ келген еді. Қытайлар қолда бар азықтарын жеп болды. Қытай қашуға айналды. Алтайдағы соншама қытай армияларының жейтін түгі қалмады. Ондай қалың күшке айырпланмен де азық тасу да қиын болды.88 Ал айырпланды да атып түсіріп тоқтатпадық.
Дәл осындай ауыр жағдайда тұрғанда екі метрге дейін қар жауған Көктоғай қаласын қоршап алып, зеңбірек астына алғалы тұрдық. Жау жер астынан шығып алып, жаяулы, атты болып Сартоғайға қарай қашты. Ол қырылып отырып Қаратүнкеге келді. Ол жерден түре соғысып Сартоғайға алып келдік. Сартоғайда төрт күн шайқас болып жау армиясы Дабысынға қарай қашты. Соғыстың алдың, ашып қойдық.
Қытайлар Дабысынға келгенде ол жалтаң жер болып, қытай шыдап соғыса алмады. Дабысында 12.000 әскери күш болып, ол күнде ол жерді қытайлар “Зұң бұ” деп атайтын. Осы Зұң бұдан айдап шықтық.
Екінші жақтан Бұлғындағы 7.000 жау әскерлері Жарынтыны иелеп алып, (139) көп уақыттан бері бізге ауыр зиян кетіріп тұрды. Олардың да азық-түлігі таусылды. Екі күндік шайқастан соң қашып Дабысынға келді. Дабысынды тас-талқан қылғаннан кейін, бұл армия Шонжыға шегінуге мәжбүр болды. Сол жылы У Жуши келіп, ауыр жағдайда тұрған Шынжаңды жөнге саламын деп “жоғарғы Көктоғай, Шіңгіл, Бурылтоғайдағы 60.000 армия шегініңдер. Алтайды Оспан өзі билесін. Алтай уәлиі Кау Жоянды қайтып келжін” деген еді.
Соншама қалың күш азықсыз қалып, У Жушидің нұсқауын қабылдаған болатын. Біз солай болса да бұл армияны оқпен ұзатып салуды дұрыс көрдік. Алпыс мың армиядан Шонжыға не бары 7.000-ға таяу армия өтіп, 53.000-нан астамын қырдық.
Қытай бандиттері бізді, Шығыс Түркістан мұсылмандарын үш жүз жыл өлтірген болса, біз не бары 17-ақ күн сұрапыл соғыс жүргізіп, осыншалық санға ие Шың Сысай бандит армияларын қырып тастадық.
Біз елді айдап, жауды қоршағанда осыншалық зор нәтижеге қол жеткіздік. Біздің шығын да аз болмады. Талай ерлеріміз құрбан болды. Монғолия бізді алдап малды жұтатып, 18.000 адамды аштан өлтіріп, 1.300.000-нан астам мал ақ сүйек болып қалды. Көшпелі ел қазақ үшін ауыр зиян болды.
1945 жылы 5 тамызда “Екі жақ бітім жасадық. Жендет Шың Сысай кетті. Демократиялық жаңа өкімет құрамыз. Жолымыз Сан Мын Жұй. Алтайдағы қытай армиялары шегініп, Алтай құқығын Оспан өзі өткізіп алсын” дегендіктен мен өзімнің күрес жолымды уақытша қайырып қойдым.
Өйткені көшпелі ел қазақтардың малы жұтап, адамдары аштан өліп, жер-жерде қазақтар үшін болатын зиян өте ауырлай бастады. Оның үстіне бізге Шығыс Түркістан құрып беретін орыс пен монғол жасырын (140) тәсіл қолданып, қойдың басын көрсетіп, иттің етін сата бастады. Оспанды да ептеп ептеп жоғалтуды, Оспаншыларды да ептеп атып тастауды ойластырып, өзіміз сенген Дәлелханды қолдарына қондырып, басқаша жұмыс істей бастағандықтан біздің бір бөлім адамдарымыз жіктеле бастады.89 Осы жағдайды көре отырып мен ең алдымен тыныштық бітім дегенге мақұл болдым. У Жушимен болып жатқан әңгімені біртіңдеп Оспанға білдіріп отырдым.
Сол себепті мен өлкелік өкіметке тағы бітім жолын іздеп барған едім. 1945 жылы 7 шілдеде “Шын Силиң шақырып жатыр” деді. Машина келген екен. Сол машинаға отырып генеральный соғыс мекемесіне барсам, сап-сарала бір адам отыр екен. Жанында аудармашы болып Бұрхан Шахиди отырыпты. Аман-сәлем болмады.
- Шіңгіл – Көктоғай – Бәйтік жеріне барған 60.000 армиядан Шонжыға 7.000 адам әрең келді. Қытайды осынша қыратын бізде не әкеңнің құны қалған еді? Онша қытайды кімнің күшіне сүйеніп өлтірдіңдер? Қандай бітім жасағың келіп жүр? Сенің бітім дегенің жалған іс. Біздің ішкі сырымызды білгің келіп жүр, - деді.
- Мен Алтайға бітім іздеп барғанда, ондағы Уаң Силиң да осы идеяда болып, елден маған хабар әкеле жатқан бауырым Кәбілді жолдасымен қала сыртында атқызып тастаған еді, - деп жауап қайырдым.
Бұрхан аударды.
Мен сөзімді жалғастырып:
- Біздің қазақтың мынадай мақалы бар: “Қонағым артыңа қарап сөйле!” дейді. Сіз де артыңызға қарап сөйлеңіз. Ең әуелі 1940 жылғы бітім қайда? 1940 жылы Монғолиямен бірлесіп алып, 4.500 үйді Бұлғын жалпағында қырып, 11.000 қатын-баланы қырып тастағаныңызды білемін. 1738 жылдан қазірге дейін Шығыс Түркістан мұсылмандарынан қазіргі тірісінен көбірегін, яғни 6 миллион мұсылманды өлтіріп отырсың. Ал арғы тарихтан алып айтқанда, сонау Ғұн түрік тарихынан бері бүкіл Түркістанды қыз беріп, бірін бірін салып қырып (141) келесің. Қазіргі Бейжин, сол кездегі Ханбалық түріктің сұлу патшасының астанасы еді. Олардың ұрпағы қайда? Естемидің Тардұш дейтін ұлы Күшардан бір миллион адамымен қашып барып пана іздеген еді. Соның ұрпағы қайда? Сенің жерің ұзын қорғанның іші еді. Бұл жерге осыншалық күшпен бізді жаулап алатын сенің не әкеңнің құны бар? Егер екі жағымыз ата құн даулайтын болсақ, онда менің ата-бабамның құны сенде. Сенің ата-бабанның менде құны жоқ. Бұл тұрған жерін тарихтағы Түркістан жері. Орта Азия Түркістан елдерін баса билеу, оны өлтіріп құрту құқығын сен кімнен алдың? Түркістан қазақтарын сатып алып па едің? Не үшін сен бізге ұлттық билік құқығын бермейсің? Адам өлтіруді кім бастап келеді? Сенің үш жүз жылдық езгіңе біз 17 күн ғана қарсылық істедік. Осыны көп көріп отырсың ба? Осы Жұнғарияда дәуіріміздің І ғасырында 630.000 қазақ бар едік. Сол кезде қытай ішкі өлкеде 150.000 адам едің. Қазір сен қанша? Біз қанша болып отырмыз? - дедім.
Бұрхан аударды. Жеткізе аударды. Бұл генерал басыла берді. Ары-бері жүріп келіп күлді де:
- Бітім жасау дегеніміз орынды пікір екен. Жанымхан, Әлең сіздермен бірге келді ме? - деді.
- Бітім болса деген пікірді Әлен, Жанымханнан бұрын, У Жушиге мен айтқан едім, - дедім. Бұл іс осымен тоқтап қалды. (142)
Қосымша айтатындарым
1. Біз “Шығыс Түркістан Бұлғын Шіңгіл Ақ Үй Соғыс Комитетінің” бұйрығы бойынша 1944 жылы қыркүйекте Буыршын Алтай елдерін айдап, Шіңгіл ауданына апарғанбыз. Кейін елді қорғау үшін Манат әскерлері Өндірқара қарауылын ұстауға жіберілген болатын. Ол адам өзі Жәнтекей, оның ішінде Есентай руынан шыққан еді. Бүкіл Жәнтекей елінің Шіңгілге барып, малдан айрылып жұтағанын көріп, Ақ Үй Соғыс Комитетіне де, Оспанға да өкпелеп Сарсүмбеге бағынып кеткен еді. Кейін оның орнына Әсербай қарауылы жіберілген еді.
2. 1943 жылдың ақырында Оспандар көшіп шекараға барып орналасып, Соғыс Комитеті құрылғаннан кейін Үрімжіден Құрман, әкесі Құсайын, Шәри, Қалман үш адамды өкіл етіп қызмет беріп жіберді. Бұлар Дөңтідегі Лу Зы Қойға барған соң Қалманды алып қалып, қалған екеуін Қалел тәйжі аулына жіберді. Шәри Келестің үйіне келді. Олар келіп:
- Монғол жерінде тұрмаңыздар. Түбінде монғол, орыс билігінде болғандықтан опасыздық істейді. Күнәларың сұралмайды. Өзіміздің жерге көшіңіздер, - деп Үрімжі өкіметі қағаз жазыпты. Қалел тобы Қарақастар кетпекші болды. Сондықтан ел ішіндегі алалық кеселінен үкімет құруымыз біраз шегінді.
Оспанның Жәнібек орнына бармағандығы, Ырысхан орнына бармағандығы және бір жесір дауы болып Оспанға тағы бір наразылық көтеріліп тұрған еді. Мен Шәри мен Құсайынды қонақ қылдым. Шәри Шың Сысай мен орыстың айрылған хабарын алып келді. Құсайынды Шіңгіл ауданына шән, Меркіт Қабиды аударушы деп белгілеген екен. Біз бағынбайтындығымызды айттық.
Олар бізге мынаны айтты.
- Құмылда ішкі өлкеге апаратын бір миллион 400 мың ат дайын болып жатыр. Осы атты айдап әкеліңдер.
Осы атты айдап әкелуге Монғолиядан жол беруін талап етіп едік. Олар мақұл (143) болып жол берді. Оспан:
- Алдымен үкімет құрып алайық. Сондықтан қыс бойы тыныш жат, - деп бұйрық берген болса да мен таңдап жиырма адам алдым да қазақтың малын қытайдан айырып қалайын, қытай мінген ол аттарды өзіміздің әскер мінсін деп жүріп кеттім.
Зейнел батыр да артымнан төрт адаммен келді. Бұлғыннан шығып, Көкадырға бардық. Одан Намжыққа барып, Бәйтік пен Кіші Қаптық арасындағы Торанғылы Қобымен Көк Серкеге шықтық. Ол жер Қуанышбай батырдың мекені еді. Одан шығып алып, Шабылған Бастауға бардық. Онда бір түн тынығып алып, ертеңінде Боз Бастауға барсақ, онда жүз сиыр баққан үш үй қазақ қонып жатыр екен. Қатын-баласын бір үйге жинап алып, бір құнажын сиырды сойып жедік. Сегіз адамды сол жерге қарауылға тастадық. 18 адам Ақбұт Талдықта жатқан жылқыға бардық. Үш үйдің бірі Молқы екен. Соның біреуін ертіп алдық. Қар қалың жауыпты. Ол жерден жылқы жөткеліп кетіпті.
Кенерелеп жүріп Пиязы Сасық Бастауға келдік. Онда Абдолда ауылы деген 20 үй Керей Ителі бар екен. Бұл бастау суы сор болып, бірнеше атымыздың іші ауырып қалды. Ол жерге тілсіз етіп қарауыл тастап кеттік. Ланшор, Құмшорда 2.000 жылқы жатыпты. Бастығы бар, Мұғал деген мал докторы бар екен. Таң ата ауылды қоршап алдық.
- Мұғалда мылтық бар, үйде екен. Мұғалды шақыр, - дедік. Ол үйден:
- Мені кім шақырады? - деп дауыстап еді. Біз тұрып:
- Қожаң шақырады, - дедік. Кәбіл мен Боранбай тас арасында аңдып отырған еді. Келе жатып найзаны көріп қойып қайта қашқан Мұғалды Кәбіл мен Боранбай ұстап алды. Мұғалды, Зәки дейтін Найманды қолға алып 40 жылқышыны ақысын беріп жеріне қайтардық. Зәкиді Зейнел таниды екен. Тегінде Алтайлық екен. Зәки Қонтан жағасында:
- 1.000 ат бар. Елу ат жайлауда, - деді.
Ол аттарды айдап келдік. Қонтанға қарай жүргенде Қабдолда Хайбардың 500 жылқысы жатыр екен. Одан көк ала атты Зейнел ұстап алды. Зәки бастық 15 адамға 15 ат және қосар беріп қайтарып жіберіп, 3.000 атты айдап елге қайттық. (144)
Секел Еренқанды қытай ұстап кетіпті. Онан із-түс жоқ екен. Біз Шолақ дөңнен асып, оларға келдік. Қуанышбайға келіп ол жерде Хайбар тәйжінің үйі бар екен. Қабдолланың Сара дейтін әйелі бар екен. Машан дейтін баласы аң аулап кетіпті. Олар Алтай ахуалын білмейді екен. Бір кесек киіз берді.
Одан жүріп таң ата Боз Бастауға келдік. Сиырдың еті асылып жатыр екен. Етті жеп алып, көмір жолымен жүріп отырып, кеш бата Әліп шабылған бастауға келдік. Азырақ ұйықтап алып таң ақтанша жүрдік. Көксеркеден асырып, Айдар Құмға келдік. Одан жүріп отырып үлкен Қаптықтағы Ұланбәйшінге келіп түстік. Онда демалып, бие сойып жедік.
Ертеңінде Ұланбәйшіннің тар сайында жылқыны санап өткізсек 2.600 жылқы болыпты. Ламжықтан төрт құлан атып, етін тығып кеткен едік, соған келдік. Жер қалың ши болып, шөп жетіліп түсіп кетіп еді. Сол жерге келіп сауға бөлдік. 100 атты Ақ Үйге, 100 атты Мәжік генералға, 30 атты Оспанға, 15 атты Қалелдің үйіне, 15 атты Келес пен Шәриге, 15 атты Жанболсын ауылына, 15 атты Кәріп, Әбдірасұл, Манаттарға бөліп қойдық. 100 атты жүлдеге мен алдым. 100 атты Қуанышбайға, 50 атты Зейнел алды. Қалған атты 24 адамға 50 аттан тең бөлдік. Таңдап бестен ат алдық. Бәйтік Қаптық арасында жоғалып 300 ат қалды. Атқа таңба басып болып қос атпен үйге жүріп кеттім. Көк адырдағы Қала қарауылына жолығып, белгіні беріп жүріп кеттім.
Біз келсек Шың Сысайдан Монғолияға телеграмма келіпті. “Сіздің адамдарыңыз бізден 3.000 ат алып кетіпті. Сол аттарды Құсайын мен Шәриге қайтарып беріңіздер” деп жазған екен. Атты бөлік бойынша бердім. Оспан мен Қалелдікі алмай қойыпты. Ақ Үй азаматтары бізді таншон істеп қойыпты. Оспан Жәнібек пен Ырысхандікіне барып, Құран оқыдым. Мен бар елді шақырып, әкемнің қырқын бердім. Бұл пакіттің [мәтіннің] орны жоғарыда қалған еді. (145)
Әлихан бір кезде Оспанға жазған хатында “Сақ болыңыз – орыстар бізге шынайы Шығыс Түркістан мемлекетін құрып бергісі келіп отырған жоқ. Жын ойнатып отыр. Сіздің жасаған тоқтамыңыз бойынша, мен де іс көремін. Жарнама мен тоқтамды мықты ұстаңыз. Коминтерн тарап кетті. Алтайдағы қазақтардың қолындағы малынан айрылсақ, Алтайдың шаруашылық күші кетсе, онда құрудан басқа жол қалмайды” деген екен.90
Орыс пен монғол істі енді қайдан бастайды? Алтайды әбден тоздырды. Алтай елін Қазақстанға айдатып барды. Монғолияға айдатып барды. Шіңгілге айдатып барды. Бір қалта сүйек ұнын (жиырма бес килограм) бір атқа берді. Халық малдан айрылды. Адамдардан айрылды. Осы кезде орыстар Құлжа мен Тарбағатайдың шаруашылығын құрту үшін шекарадан жасырын сауда ашты. Бір мылтық елу оғымен маңдай алды бір ат болды. Бұл мен шайды шығарып, кім мал қуып апарса, ол кімнің малы деп сұрамады. Ұрыдан арзан сатып алып әкете берді. Ақырында Қалибек, Хамза тобы да орыстың ұрлық қылығына шыдай алмады. Алтайды әбден тоздырды.
Ысқақбек, Дәлелхан, Ахметжанды жасырын қолдарына қондырып алды да оларды “социализмшіл, данышпан алдағыны көре алады. Алысты болжайды. Коммунизм адамзаттың еркінен тыс келіп қалған қоғамдық түзім екенін Ахметжан, Ысқақбек, Дәлелхан болжайды” деп оқымаған үш надан адамды мақтап, алдап қолдарына қондырып алып, іштен бізді жіктеді. Оспанның, Қалибектің басына саяси қастаңдық істеуге ұрынды.
- Алтай жұтап, халыққа обал болды. Енді қозғалысты Құлжадан басталық, - деп соқты. Онда да көңілде үлкен арамзалық салды. Құлжадағы Тараншының, Қызайдың надандығынан ақымақтығынан онда Лөкшек көп алдын да, артын да ойламайтын адамдардан мықтап пайдаланды. (146)
Достарыңызбен бөлісу: |