Халықтың қоныстануы – халықты елді мекендер бойынша орналастыру.
Халықтың механикалық қозғалысы – көшіп-қонуы, орын ауыстыруы, яғни миг- рациялық қозғалысы. Мұның бірнеше түрі бар: 1) ішкі миграция – халық- тың бір елдің шеңберінде орын ауысуы; 2) сыртқы миграция – халықтың бір елден басқа елге ауысуы, немесе халықаралық миграция; 3) маятниктік миграция – күнделікті қайталанып тұратын қозғалу.
Халықтың орналасуы – халықтың, тұрғындардың мемлекет, облыс көлемінде, аймақ бойынша орналасуы.
Халықтың табиғи өсімі – белгілі бір уақыт аралығында туылғандар (N) мен қайтыс болғандардың (M) саны арасындағы айырманың абсолюттік шама- сы. Егер туылғандардың саны қайтыс болғандардың санынан асатын бол- са, халықтың табиғи өсімі оң өсім болмақ. Өлім-жітім өте көп болғанда немесе туу деңгейі өте төмен болғанда өлім-жітім саны туу санынан көп болып, халықтың табиғи өсімі теріс өсімге айналады.
Христиан діні (грек. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мəсіхтелгендер)
– Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін.
– Ш –
Шама (өлшем) – нəрсенің немесе құбылыстың сапалық жəне сандық айқынды- лығының табиғи бірлігін білдіретін категория.
Шкала (лат. sdala – баспалдақ, саты) – сұрау, бақылау, құжаттарды зерттеу бары- сында алынған əлеуметтік деректерді бағалау үшін қолданылатын құрал- дардың өлшемдік жағы.
Шовинизм (франц. сhauvinisme – Наполеон Бонапарттың басқыншылық саяса- тына табынушы Н. Шовеннің атына байланысты шыққан сөз) – шектен
шыққан, жауыққан ұлтшылдық идеологиясы жəне саясаты; шовинизм фа- шизм идеялары мен саясатында ашық көрініс тапты; шовинист өз ұлтын, тобын, табын басқалардан артық көріп, асыра бағалайтын адам.
Шындық орын алып отырған кез келген (нəрсе, күй, ахуал) объектіні көрсетеді.
– І –
Ізгілік (лат. humanitas – адам табиғаты) – адамның еркін ойлауының əртүрлі кө- ріністерімен байланысты; оған сəйкес еркіндікті, адамның индивидуал- дық дамуын уағыздайды.
Іс-əрекет – əлемді жəне өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның не- месе топтың əлеммен жасайтын өзара əрекеті.
Элемент (лат. еlementum – бастапқы зат) – белгілі бір жүйенің құрамына кіретін жəне одан бөлінбейтін деп қаралатын объект ұғымы.
– Э –
Экзогамия (лат. ехо – сыртқы, тыс жəне gamos – неке) – туыстас (ағайындас) отбасылар арасында немесе жақын жерлестер арасында (сирек те болса) некелесуге тыйым салу.
Экзоэтноним (грек. ἔξω – сыртқы + έ̓θνος – халық, тайпа + ὄνυμα – атау) –халық-
тың басқа халықтармен аталуы.
Экологиялық көші-қон – халықтың қоршаған ортасы лас аудандар мен эколо- гиялық апат аймақтарынан басқа жақтарға қоныс аудару.
Элита (франц. slite – өте жақсы, таңдамалы) – əлеуметтік топтардың ішінде ерекше жеңілдіктері бар жоғары тобы. Оның мүшесі болудың келесі жол- дары бар: 1) индивидтің жеке басының қасиеттері арқылы; 2) элитарлық тұғырдың мұраға қалуы.
Эмансипация (лат. emancіpatіon – азаттық тəуелділіктен, бағынушылықтан арылту) – 1) тəуелділіктен, бағыныштылықтан, езілуден, соқыр сенімнен босату, арылту; 2) азаматтық құқықта кəмелеттік жасқа толмаған жасөспі- рімді толық əрекет қабілеттілігі бар деп тану.
Эмиграция (лат. emіgzaze – елден кету деген мағынаны білдіреді) – өз еліңдегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау.
Эндогамия (грек. endon – ішкі жəне gamos – неке) – этностың немесе белгілі бір тайпаның өз ішінде неке қосуы.
Эндоэтноним (грек. έ̓νδον – ішкі, үй + έ̓θνος – халық, тайпа + ὄνυμα – атау) –ха-
лықтың өзін-өзі атайтын атауы.
Достарыңызбен бөлісу: |