Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Э. Махтың философиясы мен философиялық мектебіне тән



Pdf көрінісі
бет126/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   217
философия хасанов

 
8.4. Э. Махтың философиясы мен философиялық мектебіне тән 
эмпиризм мен сенсуализм және рационализм. 
 
Позитивизмнің 
екінші 
тарихи 
формасы 
– 
махизм 
мен 
эмпириокритицизм (Э. Мах, Р. Авенариус және т.б.). Эмпириокритицизм – 
«таза тәжірибеге» негізделген философиялық жүйе, басқаша – сыни 
эмпиризм деп атайды. Бұл жүйе «әлемнің шынайы бейнесі туралы 
ұғымдарды» қалыптастыру мақсатында кез келген метафизикалық болжамды 
жоққа шығарады да, философияны тек тәжірибеге негіздейді. Позитивизм 
махизм кезеңінде таным мен тәжірибенің табиғаты; субъекті мен объекті 
мәселесі; «зат», «субстанция» ұғымдарының сипаты; шындық ӛмірдегі 
«негізгі «элементтердің» табиғаты; физикалық пен психикалықтың қатынасы 
т.б. мәселелермен байланысты қарастырылды.
Бұл мәселелерді зерттеуде махистер феноменологияға қатысты 
кӛзқарастарды қалыптастырды, бұл жағынан позитивизм Д.Юмнің 
философиясы мен Д. Берклидің субъективтік идеализміне жақындады. Олар 
«әлемдегі элементтердің» «бейтарап» сипатта болатынын дәлелдеді. 
Махистер материализм мен идеализмнің «метафизикалық» қайшылығын 
жоққа шығаруға тырысқанымен, іс жүзінде субъективтік идеализм мен 
феноменологияның кӛзқарастарын ұстанған болатын.
Эмпиризм – кездейсоқ құбылыс емес. Теорияның абстрактылы 
ұғымдарының эмпирикалық деректермен байланысы мәселесі ғылымда 
негізгі категориялардың мағынасын жіктеуге қажеттілік туған кезде 
ғылымның логикасы тәжірибеде қаншалықты негізделген деген мәселеге 
байланысты үнемі кӛтеріліп отырады. Бұл мәселе ХІХ-ХХ ғасырлардың 
тоғысында да туындады. Бұл кезде жаратылыстану саласында революция 
болған еді. Бұл ретте Э.Махтың классикалық физикадағы негізгі теориялық 
ұғымдардың логикалық сипатына қатысты еңбегі де үлкен пікірталас 
тудырды. «Механика» деп аталатын еңбегінде ол Ньютонның уақыт пен 
кеңістіктің шексіздігі турасындағы пікірлерін сынап, салмақ, есептеу жүйесі 
т.б. ұғымдардың «логикалық мазмұнын» анықтауға тырысады.
Электронның дүниеге келуі Мах пен Авенариусты «материяның 
жоғалып кететіндігі» туралы пікірге жетеледі. Егер философияның негізгі 
ұғымы жалған, қолдан жасалған болса, онда осыған дейінгі жасалған 
метафизикалық пайымдаулар да қате, сондықтан ғылымды керексіз 
метафизикалық абстракциялардан тазалау керек. Осы пікірге сүйеніп, олар 
«эмпириокритицизм материализм мен идеализмнен жоғары» тұрады дегенді 
айтты. Мах пен Авенариус заттар мен бізді қоршаған ӛмірдегі шындықты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет