Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Христиандық догматика негізінің қалыптасуы (патристика-



Pdf көрінісі
бет60/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   217
философия хасанов

 
4.2. Христиандық догматика негізінің қалыптасуы (патристика-
апологетика дәуірінің бірінші кезеңі, Александрия діни мектебі, 
Каппадокийск «шіркеу әкелері» және гностицизм) 
Орта ғасыр дәуірінде, патристика кезеңінде (ІІ-VІ ғғ.), ең бірінші 
баспалдақтар апологетиктерге жатады. Апологетиканың мақсаты – ақыл-
парасатқа жүгінген дәлелдердің кӛмегімен дін ілімін қорғап, сақтау. 
Апологетиканың 
құрамына 
мыналар 
енеді: 
Құдай 
болмысының 
дәлелдемелері, жанның мәңгілігі, Құдайдың сыр беруінің белгілері туралы 
(оның ішінде ғажайыптар мен сәуегейліктер туралы) ілім, дінге және оның 
жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа 
діндерге талдау. 
Грек 
философиясының 
элементтері 
христиан 
ойшылдарының 
ассиямиляциясын Юстина Мученика бастаған. Ол христиан мен грек 
философиясының ортақ нүктелері кӛп деп санаған. Юстиннің ойынша, 
барлық жақсы философтардың арасында мынадай түйіндеме жүрген: барлық 
тірі жан ӛзінің пайда болу болмысында құдіреттен жаратылан. Ол Платон 
мен басқа философтардың ойларын еске алады, адам ӛлгеннен кейін де ӛмір 
бар деп. Платон мен Моисейді христиан ойшылдары деп есептеуге болады. 
Юстин Платонның космогония мен еркіндік туралы үздік идеяларын 
Египеттегі Моисейдің ілімдерінен алып пайдаланды, сондықтан да Платонды 
христиандық ойшыл деп айтуға болады. Оның айтуы бойынша 
философтардың жоғарыда кӛрсетілген мәселелері дұрыс, бірақ олардың жан 
туралы ілімімен келіспейді. Осыған қарамастан ол философтардың 
ілімдерінде «ақиқаттың сәулесі бар» және оны кездейсоқтық деп түсіндіру 
мүмкін емес екендігін нақтылайды. Ол осы кездейсоқтық бастауларын Логос 
туралы іліммен қарастырған. Гректердің ұлттық дәстүрлі философиялық ойы 


бойынша адамның миы шындықты логос арқылы немесе бәрін қамтитын 
нақтылық арқасында түсіне алады. Юстин бойынша осылардың бәрі логос 
немесе Құдайдың сӛзі арқылы іске асады.
Юстиннің оқушысы Татиан христиан дінінің варварлық қатынастарын 
классикалық мәдениетке және философияға қарама-қайшы қоюды мақтаныш 
тұтқан. «Гректерге сӛз» жазбасында ол христиандықты мадақтап, оны грек 
философиясына қарсы қойған. Гректер варварлар деп қарсы сӛйлеген адамды 
атаған. Осыған байланысты Татиан нұсқаған, таза грек тілі жоқ, Грекияның 
түрлі облыстарында сан түрлі сӛйлейді. Сондықтан адамдар риториканы 
ойлап тапты, яғни, сӛз бағасын түсіне біліп сатқанға, жоғары баға берген
осылайша жалған мен әділетсіздікті анықтады. 
Татиан бойынша гректердің барлық бағалы заттарын варварлар басып 
алған. Мысалы, астрологияны вавилондықтардан үйренді, геометрияны – 
египеттіктерден, хатты – финикийліктерден. Осындай сипаттаманы 
философия мен діниге қатысты ұйғаруға болады, Моисейдің жазбалары кӛне 
уақытқа, тіпті Платон мен Гомерге қатысты. Яғни гректер даналықты 
варварлардан үйренген, олар варварлардың аналығын түсінбейді. Сондықтан 
«гректердің даналығын» жайдан жай Моисей білген ақиқаттан қашу деп 
білеміз.
Пұтқа табынушы Құдайларына да қатысты Татианның критикасы бар: 
Гомер және басқа да грек ақындары олардың зинақорлық, бала ӛлтіру, 
жарамсақтану сияқты масқара істерін әшкерелеген. «Мұндай адамнан да 
тӛмен Құдайларға табынуға болмайды». Әйтеуір, дейді Татиан, пұтқа 
табынушылар бас иетін кӛптеген мүсіндер негізінен мүсіншілерге модель 
болған жолдан тайдыратындар кейпін бейнелейді. Осыдан ол «Христиандар 
тӛменгі қоғамдық топтарға жатады дейтін сол пұтқа табынушылардың ӛзі, 
тӛменгі топтағы адамдарға бас иеді» деп қорытындылайды. 
Филосософия мен Татианның христиандық сенімінің бір-біріне 
байланысы жоқ екенін анықтап, бӛлген Септимий Тертуллиан (160-220 
жж). Ол христианның радикалды қозғаушысы болған, ӛзі кинизм мен 
стоицизмнің ықпалында болса да осындай тұжырым жасаған. Оның ойынша, 
христиандықты қабылдау үшін тек қана сенім керек, әрбір ақиқатты іздеу 
қауіпті. Тертуллиан «Павел апостолдың жолдауында» «сеніммен танимыз» 
деген жаңа ұстаным белгіледі. Павел былай деген: «Исус Христос үшін 
барлығын да оқып білеміз, ӛз Құдайым үшін бәрінен де бас тарттым,... 
Христосымды табу үшін және оның ішінен ӛз сенімімді табу үшін, оның 
қайта тірілгенін, оның қиындыққа деген тӛзімін түсіндім». 
Стоиктер іліміне сәйкес Тертуллиан барлық нәрсенің тәнімен бірге 
жаны да бар екенін мойындаған. Ол Құдайда тылсым бір құдірет бар екеніне 
сенген. Тертуллиан ақиқаттың ашылуы жайлы: «Бұл ешқандай нәрсеге 
сәйкес келмейді» деген, «бұл мүмкін, әлде мүмкін емес». 
Тертуллианның айтуы бойынша ақиқаттың ұлы құпиясы бар. Ақыл 
құтқару ісінде әлсіз. Бірақ теолог ақылды түгелімен жоққа шығармайды. Ол 
тек «сенім үстемдік ету керек, ӛйткені ол мақсат қояды, пән мен тиімді 
білімнің арасын анықтап береді» деп атап кӛрсетеді.Тертуллианның айтуы 


бойынша, бәрі де сенімнің шегінен шығады, немесе Інжіл ғана Құдай 
танымының, сондай-ақ кез келген барлық білімдердің бастауы, қайнар кӛзі 
болып табылады. Құдай адам ӛмірін басқарады, ал философиялық ақыл-ой 
Құдайдан тек қана бас тартады. Сенім түсінігі айқын ақиқат, сондықтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет