М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Бекітемін
Тарих және құқық
факультетінің деканы
Абулкасова Д.Б.
қолы аты-жөні
«__»__________ 2010ж.
Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасы
Аспаптық орындау, Дәстүрлі музыкалық өнер, Музыкалық білім, Вокалдық өнер, Режиссура, Мәдени тынығу жұмысы, Дизайн, Бейнелеу өнері және сызу
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
Қазақстан Республикасының тарихы
(пәннің атауы)
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – I
Семестр – IІ
Кредит саны - 3
Дәріс – 30 сағат
Практикалық сабақ – 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Емтихан – 2 -ші семестрде
Барлығы – 135 сағат
Орал
2010 ж.
Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының отырысында қарастырылды.
“____” ________________2010 ж. № ___хаттама.
Кафедра меңгерушісінің орынбасары ________ Б.Н.Бақтығұлова
(қолы) (аты-жөні)
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.
“___” ___________ 2010 ж. № __ хаттама.
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасы ____________ Б.М.Мырзабаева (қолы) (аты-жөні)
1.
2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
1.1 Оқытушы туралы мәлімет
Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы:
Дюсенгалиева Мерзат Ғұбайдоллақызы
Офис: “Қазақстан тарихы”
Жұмыс мекен-жайы: Нариманова 34. 409 каб.
Жұмыс телефоны: 51-04-69
Е-mail:
1.2 Пән туралы мәлімет
Қазақстан тарихы
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада мысалы 3 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің атпаға бөліну кестесі:
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 2
(2 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 3
(1 практика)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Кредит саны – 45
Өту орны: № 1, № 7, № 8 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинарлар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
1
|
1
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
1.3 Кіріспе
Пән бойынша мағлұмат:
Қазақстан тарихы курсы Қазақстан территориясындағы көне заманда мекендеген тайпалардың өмiрiнен бастап, орта ғасырлық мемлекеттердi қамти отырып, моңғол дәуiрiндегi өзгерiстердiң әсерiн баяндайды. Сонымен қоса Қазақ халқының саяси өмiрiндегi басты оқиға, Қазақ хандығының құрылуына тоқталады. Бұл оқиға қазақ халқының халық қалыптасуында үлкен роль атқарды. Одан кейiнгi кезеңде Қазақ хандығы бiресе күшейiп, бiресе дағдарысқа ұшырап отырды. Ал XVII – ғасырдың аяғында, XVIII – басында қазақ-жоңғар соғыстары күшейдi. Осы кезеңнен бастап Ресей отарлауы басталды. XX – ғасырдың басына дейiн патша үкiметi Қазақстанды отарлауын тереңдетiп, өз саясатын жүргiздi. Ал Кеңес заманындағы жүргiзiлген саясат қазақ халқы үшiн тiптен ауыр болды. Тек 1991 жылы Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан өз алдына мемлекет ретiнде дами бастады.
Курстың мақсаты:
Қазақстан тарихы пәнiн оқытудың мақсаты – студенттердi фактiлiк және теориялық мәселелер кешенiмен таныстыру, Қазақстан территориясын қоныстанған тайпалар мен халықтардың тарихы туралы, мәдениетi туралы, олардың этникалық және мемлекеттiк құрылысының дамуының тарихи заңдылықтарын ашу. Студенттердiң тарихи ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, олардың танымдық қабiлеттерiмен тарихи мәлiметтерге тәжiрибелiк жұмыс жасау дағдыларын дамыту, Отан сүйгiштiк сезiмдерiн қалыптастыру, бүкiл адамзаттық тарихи құндылықтарды ұғындыру.
Курстың мiндетi:
Қазақстан тарихы тәуелсiздiк алғаннан кейiн өзiнiң дамуында жаңа сипатқа ие болды. Тарих ғылымындағы өзгерiстердi, олардың даму процесi және Қазақстан тарихының зерттелмеген кейбiр кезеңдерi бойынша әлi де ортақ тұжырымдар қалыптаса қойған жоқ. Бiлiм алатын болашақ студенттер өз Отанының тарихынан хабардар болуға мiндеттi. Курстың мiндетi әлемдiк тарихтың бiр бөлiгi болып табылатын Қазақстан тарихын студенттерге меңгеру.
Пререквизиттер: Қазақ әдебиетi, мәдениеттану, жалпы тарих.
Постреквизиттер: Қазақстан тарихы курсы аяқталғаннан кейiн студенттер курсты толықтай меңгерiп, тарихи материалдарды топтастыру, оқиғаларды өз бетiнше зерттеу, саралау, салыстыру, зерделеу қабiлетiне ие болады.
Оқыту әдістемесі:
Курс негiзiнен дәрiс түрiнде және практикалық сабақтар арқылы жүргiзiледi. Сонымен қоса студенттердiң оқытушымен бiрге жүргiзетiн өзiндiк жұмыстары да бар. Дәрiс кезiнде негiзгi өтiлетiн тақырып бойынша мағлұматтар берiледi және конспект жаздырылады. Практикалық сабақ кезiнде алдын-ала берiлген тапсырмалар бойынша жауаптар алынады. Оқытушымен өтетiн студеттердiң өзiндiк жұмысы кезiнде қамтылмай қалған материалдарды тапсырма беру арқылы, сұрақ-жауап әдiстерi арқылы бекiтемiз. Сонымен қатар оқытудың белсендi формалары мен әдiстерiн қолдана отырып, дәрiс және практикалық сабақтарды немесе оқытушымен жүргiзiлетiн студенттердiң өзiндiк жұмысын (ОЖСӨЖ) жүргiзiледi.
1 апта
1 кредит сағат
№ 1 дәріс
Тақырып: Ежелгi дәуiрдегi Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |