БАҒдарламасы қарағанды, 2010 мазмұны №



бет11/33
Дата24.02.2016
өлшемі4.52 Mb.
#13116
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33

Автожолдар

Автомобиль жолдары – көліктік – коммуникациялық кешеннің маңызды бағытының біреуі.

Қарағанды облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 12368,6 км құрайды, оның ішінде:

- республикалық маңызды автомобиль жолдары – 2773 км;

- облыстық маңызды автогмобиль жолдары - 3549 км;

- аудандық маңызды автомобиль жолдары –2522,3 км;

- қалаішілік автомобиль жолдары – 1817,8 км;

- елді мекенішілік жолдар -1706,5 км.

Жолдың көп бөлігінде қатты жабын бар. Қарағанды облысы бойынша жалпы ұзындық 12368,6 км, автожолдар аса біркелкі орналаспаған.
Қарағанды облысы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

12432,6

3479,1

4341,3

4020,2

592

Республикалық маңызды жолдардың ұзындығы



Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

2773

9382

1494

341

-

Облыстық маңызды жолдардың ұзындығы



Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

3549

394

1696

1368

91

Аудандық маңызды жолдардың ұзындығы



Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

2522,3

161

622

1708,3

31

Қалаішілік жолдардың ұзындығы



Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

1706,5

287,1

505,9

562,1

351,4

Көбінесе облыста жабыны бар жолдар, алайда қалалық жерлерде тұтқыр материалдармен өңделген жолдар жоқ. (мұндай жолдар тек Жезқазғанда, Қаражалда, Шахтинскіде, Саранда). Қатты жабыны бар жолдардың үлесі 47% құрайды.

Қарағанды облысының автомобиль жолдарының техникалық жағдайы :

- республикалық маңызды: жақсы жағдайда – 44,9%, қанағаттанарлық – 22%, қанағаттанарлықсыз – 32,2%;

- облыстық маңызды жолдардың тек аз бөлігі жақсы жағдайда екенін айту керек – барлығы 28 %. Қалған жолдар қанағаттанарлық (шамамен 35 %) және қанағаттанарлықсыз (37 %) жолдар ретінде топтастырылуы мүмкін.

- әлді мекенішілік жолдар жалпы жаман жағдайда, тек 17% жолды жақсы жағдайда деп сипаттауға болады, 45% жол қанағаттанарлық жағдайда және 38% – жол қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр.

- қалаішілік жолдар жақсы жағдайда, бұл 21% құрайды, қанағаттанарлық – 43%, қанағаттанарлықсыз – 36% жолдар.

Автомобиль жолдарының жағдайы диаграммада көрсетілген.


2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 12368,6 км жалпы ұзындықта автомобиль жолы желісінің жағдайы


Қарағанды облысы басым автожолдардағы қозғалыс қарқындылығы

Автожолдың атауы

Ұзындығы, км

Қозғалыстың тәуліктік қарқындылығы, авт/тәу

Қолдану дәрежесі, %

Республикалық маңызды автожолдар

Астана-Алматы

690

> 9000

~ 95

Қызылорда -Павлодар

889

> 6500

~ 90

Қарағанды - Аягөз - Бұғаз

303

> 3000

~ 85

Облыстық маңызды автожолдар

Қарағанды – Шахтинск – Есенгелді – Щербаковское - Киевка

255

> 2000

~ 70

Осакаровка – Молодежное

81

> 3000

~ 70

Осакаровка – Киевка

83

> 3500

~ 70

Просторное – Жарық – Ақсу-Аюлы – Ақтогай – Балқаш

435

> 2000

~ 70

Соңғы 5-6 жыл ішінде Қазақстан экономикасында мердігерліктің 8-10% жылдық өсу темпіне қол жеткізе отырып, едәуір жандану болды. Осы кезеңде көптеген қорлар Қарағанды облысының инфрақұрылымын қалпына келтіруге бағытталған.



2005-2009 жылдардағы Қарағанды облысы жолдарының ұзындығын өзгерту динамикасы

Жолдардың маңыздылығы/ жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

Республикалық маңызды

2837

2837

2837

2837

2773

Облыстық маңызды

3356

3359

3359

3549

3549

Аудандық маңызды

2665

2665

2712

2522

2522

Қолданыстағы автомобиль жолдары өзінің географиялық орналасуы бойыншахалықаралық жүк тасымалдаудың негізгі бағыттарына сәйкес келеді. Оңтүстік – Шығыс Азия мемлекеттерінің және Қытайдың жоғары даму қарқындылығын ескергенде Қарағанды облысы аумағындағы аталған халықаралық көлік дәлізінің транзиттік тасымалдау көлемін игеруге жақсы келешегі бар.

Өткізу қабілеттілігін ағымдық және келешектегі қажеттілікке сәйкес келтіру үшін таяу арада олардың артылған техникалық санатқа ауыстырып қайта салынуына әкелу қажет (ең азымен екіншісін республиалық маңызды автожолдар үшін, үшіншісін облыстық маңызды автожолдар үшін).

Сондықтан, транзиттік әлеуеттікті тиімді қолдануды арттыру Қарағанды облысының басым автожолдарының жеткілікті өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етуге шоғырландыру керек.

Келешекте қозғалыстың қарқындылығын және автомобиль жолдарын қолдану дәрежесін артытыру, сонымен қатар Қарағанды облысының жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарында апаттылықты төмендету күтіліп отыр.

Негізі облыстық және аудандық маңызды жолдар III-IV техникалық санаттарына жатады, ал кейбір елді мекендерге апаратын жолдар V техникалық санатқа жатады. Ауыспалы жабын түрлері бар автомобиль жолдарының телімі және қара жолдар не жылдамдық қозғалысы, не бойлық жүктеулер бойынша талаптарға жауап бермейді, не қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етпейді.

2007 жылдан бастап республикалық бюджеттен жергілікті маңызды автомобиль жолдарын қайта салуға және күрделі жөндеуге трансферттер бөлініп жатыр.

Бүгінгі күні мердігерлік ұйымдар жаңа жол техникасын алып жатыр (автогрейдерлер, асфальт төсеушілер, тегістейтін катоктар және т.б.), сонымен қатар 19 асфальтбетон зауыты, 6 ұсатқыш бар, бұл жыл сайын бөлінген бюджеттік қаражатты толық көлемде игеруге мүмкіндік береді.

Жалпы қолданыстағы жолдарда апаттылықты төмендету бүгінде жол саласының негізгі тапсырмаларының бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта қауіпсіз жол қозғалысының деңгейін арттыру жұмыстары жолдарда апаттылық себебін талдау негізінде құрылатын жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі. Көктемгі – күзгі қарастыру нәтижелері жолдары қауіпсіз ұстаудың барлық жақтарын білдіреді, бұл автожолдарда қауіпсіз қозғалыс шарттарын арттыру бойынша қажетті іс-шараларды уақтылы жоспарлауға мүмкіндік береді.

Автомобиль жолдарында апатты – қауіпті жерлерін анықтау, есепке алу және жою бойынша нұсқаулық әзірленді. Жол полиция органдары және жол – көлік оқиғаларынан экономикалық шығынды бағалау бойынша әдістеме үшін жол-көлік оқиғаларын тіркеу және талдау бойынша бағдарлама кешені әзірленді. Жол белгілері, жол қозғалысын ұйымдастыру құралдарына, таңбаға және қоршауларға қойылатын талаптар бөлінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік – техникалық құжаттар қолданысқа енгізілген.

Қарағанды облысының экономикасын дамыту облыстық және аудандық маңызды автомобиль жолдарының желісін дамыту қажеттілігін де анықтайды. Әділ алғышарттар:

- өндірістік және ауылшаруашылық көлемінің өсуіне байланысты жалпы ішкі өнімнің өсуі;

- жүк және жолаушылар тасымалдау көлемінің өсуі;

- Қарағанды облысының автомобиль паркінің өсуі болып табылады.

Жол – құрылыс жұмыстарының үлкен көлемін қарқынды орындау индустриаландырудың деңгейін тұрақты арттырусыз мүмкін емес. Жол құрылысын индустриаландыру алдымен, негізін асфальтбетондық және бетондық қоспаларды, құрылымдарды және темірбетон, ұсақ тас, ірі құм, құм, басқа жол – құрылыс материалдарының жинағынан тұратын бұйымдарды шығаратын стационарлық және жылжымалы кәсіпорындар құрайтын өндірістік базасының жетілуін және дамуын қажет етеді.

Қаражаттың шектеулігінен автомобиль жолдарын ұстау және сақтандырып жөндеу ұмыстары толық жүргізілмей, қызмет көрсету мерзімінің қысқаруына және жол жабынының, жер түйінінің және жасанды құрылыстың уақытынан бұрын бұзылуына әкеледі.Көгалдандыру бойынша орман алқабын механикалық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және отырғызуларды жаңадан егу және күту жұмыстары толық жүргізілмейді.

Уақытнан бұрын бұзылу үрдісін тоқтату ұстау нормаларын қатаң сақтағанда ғана мүмкін.



Теміржол көлігі.

44 елді мекенді қамтитынтеміржол жолаушылар көлігінің 11 әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) және ішкі қатынастар, соның ішінде 6 облысішілік ауданаралық және 5 ішкі қатынастар. Тасымалдаушы - «Қала жанындағы тасымалдаулар» АҚ. Облыс аумағында 24 теміржол вокзалы орналастырылған.

Қала жанындағы электрпоездар вагондарының паркін амортизациялау 90% құрайды. Ал жолаушылар вагоны жұмыс паркінің тозуы 96,4% құрайды.

Автомобиль көлігі.

Облыста 39 тасымалдаушы жұмыс істейді, облыстық орталықта қалалық бағыттарға 9 автокәсіпорын қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта облыста 260 астам елді мекендегі жүйелі қатынасты қамтитын 270 автобус, соның ішінде 54 қала жанындағы және 79 облысішілік қалааралық, 14 облысаралық, 8 халықаралық және 115 қалаішілік бағыттар бойынша жолаушыларды және жүкті тасымалдау жүзеге асырады.

Жылдан жылға жолаушылар көлігінің қозғалыс құрамы паркінің ескіруі және қысқаруы байқалады, олардың жартысы 10 жылдан артық қолданылады. Жолаушылар көлігі құралының физикалық және моральдік тозуының деңгейі үлкен. Істің жағдайы жыл сайын нашарлауда. Қазіргі уақытта 50,4 % автобустар нормативтік қызмет мерзімінен артық қолданылуды және істен шығару керек. Осындай қозғалыс құрамының жалпы саны 440 бірліктен артады.

Қалалық және қалааралық бағыттарды 1225 автобус қолданылады. 2000 жымен салыстырғанда үлкен сыйымдылықты автобустардың пайдаланылатын паркі 2009 жылға қарай 163 бірлікке қысқартылған (20,1%).

Көлік құралдарын жұмысқа қабілетті күйде ұстау және тозған көлік құралдарын желіге шығару артылған эксплуатациялық шығындарды талап етеді, қалаларды экологиялық қалыпты нашарлатады және қауіпсіз жол қозғалысын төмендетеді.

Су көлігі

Облыста 54 бірлік өзендік және 2 200 тар кемелер, соның ішінде 800 өздігінен жүретін және 400 өздігінен жүрмейтін механизмдер тіркелген.

Балқаш көлінде «Балқаш су жолдары кәсіпорны» республикалық қазыналық кәсіпорын орналасқан. Кәсіпорын қауіпсіз кеме қатынасы үшін флотта 7 кемені ұстайды, жалпы ұзындығы 987 км Балқаш көлі бойынша су жолында 5 кеме қатынасының телімі бар. Навигациялық кезең 214 тәулікті құрайды. 2009 жылы навигвция үшін 79 тың тонна жүк және 3700 жолаушы тасымалданған. Көбінесе тасымалданатын жүк балық өнімі болып табылады. Негізгі тасымалдаушылар - «Фирма Балқашбалык» ЖШС, «Арселор Миталл Теміртау» АҚ және «Fish market» ЖШС.

Теміртау қаласындағы Самарқанд су қоймасында «Арселор Миталл Теміртау» АҚ балансында 8 теплоход, оның ішінде 4 жолаушыларды тасымалдауға рұқсат қағазы бар. Жолаушыларды тасымалдаудың негізгі тағайындалуы кәсіпорын жұмыскерлерін жұмысқа және қайта жеткізу болып табылады.



Ауа көлігі

Ауа көлігінің де едәуір пайдасы бар, ол үш әуежайда – Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларында ұсынылған.

Қарағанды қаласындағы әуежай «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ Қарағанды қаласынан 12 км жерде орналасқан. Әуежайда мықты күш – қуат бар және халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келеді. Әуежайдың класы бірінші ИКАО санаты бойынша барлық түрлердің әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ ұшу аэровокзалдық кешенді қайта салу, карго-терминалды, жанар-жағармай материалдарының қаймасын салу және мамандандырылған техниканы алу жұмыстары аяқталды.

Халықаралық деңгейдің талаптарына сәйкес келтіру бойынша Жезқазған қаласының әуежайын қайта салу аяқталды.

2010 жылдың маусымнан бастап «Қарағанды - Жезқазған» әуе бағыты ұшырылды. Аталған бағытқа «Asia Wings» АҚ қызмет көрсетеді. Ұшудың жиілігі – аптасына үш реет (дүйсенбі, бейсенбі, сенбі).

Сонымен қатар Қарағанды қаласының әуежайынан Алматы (ЭйрАстана), Өскемен (Asia Wings), Қызылорда (Asia Wings) қалаларына, халықаралық бағыттарда Мәскеу (Трансаэро), Санкт-Петербург (Россия) қалаларына ұшу жүзеге асырылады.


2005-2009 жылдардағы көліктің барлық түрі жұмысының негізгі көрсеткіш динамикасы

Атауы

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

% 2009 жалдан 2005 жылға

Жолаушылар айналымы, млн.ж-км

12080,9

12 475,1

13 535,2

13625,1

13860,7

114,7

Жүкайналым, млн.т-км

3357,4

3 824,4

4 271,4

4383,8

4588,4

136,6

Жолаушылар тасымалданды, млн.адам

1056,5

1 077,9

1 207,0

1 214,2

1268,4

120,0

Жүк тасымалданды, млн.тонна

309,4

334,7

368,9

374,5

380,9

123,1


Байланыс

Телекоммуникация саласында 433 елді мекен ішінен 431 телефонмен жабдықталған, 50 адам аз тұрғыны бар 2 елді мекен телефонмен жабдықталмаған.

Облыста 412 телефон станциясы қолданылады, оның ішінде 232 АТС қалалық телефон станциясы және 180 ауылдық телефон станциясы бар. 9 ауылдық аудандардың ішінен 6 байланыс желісін цифрлық форматқа ауыстыру жұмыстары аяқталған (Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет, Жаңаарқа, Осакаров аудандарында). Алыстағы аудандарды байланыспен қамтамасыз ету 21«Дама» жүйесімен және 22 SKY EDGE спутниктік жүйемен жүзеге асырылып жатыр.

22 елді мекенді «Транстелеком» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШЧ қамтамасыз етті. 3 мобильдік операторлар стандартта жұмыс істейді («GSM Қазақстан» «Қазақлеком» АҚ» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС), біреуі –CDMA стандартында ( «Алтел» АҚ), кейбір фирмалар экспресс – пошта қызметін ұсынып жатыр.

«2002-2005 жылдарға арналған Қарағанды ОДТ ауылдық телефон байланысын дамыту бағдарламасын» кезең бойынша жүзеге асыру монтаж, АТСЭ SI 2000, АТСЭ М 200 құрылғыларын Жезқазған ГДТ, Балқаш ГУД, Абай РУТ, Бұқар жырау РУТ, Осакаров РУТ орнату, қосу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. 163 ауылдық АТС 129 АОН , соның ішінде АПУС АОН «Крокус Ком» - 68 АТС жабдықтау қамтамасыз етілген.

Қарағанды ОДТ жүзеге асырылған көптеген ірі жобалардың бірі – бұл 2008 жылғы «Қарағанды – Ботақара – Қарқаралы ВОЛС қрылысы», ол жошыбай Бұқар жырау, Қарқаралы және Осакаров аудандарының 9 ауылдық елді мекендерін жандандыруға мүмкіндік берді.

Қарағанды облысында «Қазпошта» АҚ өндірістік нысанының желісі 6 қалалық пошталық байланыс түйінінен, 6 аудандық пошта байланысының түйінінен, 3 топтасқан помшта байланысы бөлімінен, 1 пошта байланысы түйінінен тұрады, сонымен қатар 264 пошта байланысы бөлімі, ішінде 169 ауылдық пошта байланысы бөлімі, 7 жылжымалы, 24 пошта байланысы орны бар. 16 елді мекенде пошта қызметін көрсету үшін шағын және орта бизнес субъектілері тартылған. ҚОФ құрылымына «Поштаны сқұрыптау және тасымалдау учаскесі», «Облыстық арнайы байланыс қызметі» және «Автобаза» бөлімшелері кіреді.

2001 жылдан 2008 жыл аралығында 19 жаңа пошта байланысы бөлімі, ішінде 7 жылжымалы ОПС ашылған.

Ауылдық пошта байланысы бөлімін үйлесімділеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2004 жылдан бастап пошта қызметін көрсету 17 ауылдық пошта байланысыбөлімінің шағын бизнес субъектілеріне берілген. Рейстік автобустарды қолдану жолымен пошталық жолдамаларды тасымалдау жүйесі қалыптастырылған. Филиалда 50% пошта бағыттарына жалға алынған көліктер қызмет көрсетеді.

Компьютерлік ақпараттық желі құрылған, барлық қалалық және аудандық бөлімшелер корпоративтік спутниктік телефон және электрондық байланыспен қамтылған. Бұл қазіргі уақытта ұқсас қызмет көрсететін компаниялардың мерзімінен кем түспейтін, қызметтерді көрсету (төлемдерді қабылдау, аударымдарды қабылдау және төлеу, шұғыл пошта жолдамалардың жетуін бақылау, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу) мерзімдерін едәуір тездетуге мүмкіндік берді.

2006 жылдан 2009 жыл аралығында аудандық және ауылдық елді мекендердегі байланыс бөлімдерінде 21 Ғаламтор желісіне қоғамдық рұқсат орны ашылды.

Электр және жылумен жабдықтау

Сонғы жылдар ішінде электр энергияны қолданудың көлемі облыс бойынша 8,2 пайызға өсті. Бұлардың ішінде тұтынушылардың өсуінің лидері қарағанды, Балқаш, Қаржал, Теміртау қалалары болды (8пайыз-25пайыз). Ауылдық мекендерде көптеген өсу Қарқаралы, Шет, Нұра, Жаңаарқа, Осакаровка және Бұқар жырау аудандарында бақыланады.

Элетро желілердің тығыздығын бағалауды Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларында аумақтың кв.метріне 1 шақырымнан жоғарыны көрсетеді. Балқаш, Жезқазған, Сәтпаев, Приозерск және Қаражал қалаларында аумақтың кв.шақырымына 1 шақырымнан кем емес. Ауылдық жерлерде желі тығыздығы төмен.

2009 жылы Қарағанды облысының электрстанцияларының суммарлық генерациясы сағатына 11,3 млрд. кВт-ты құрады, тұтыну – сағатына 14,4 млрд.кВт. Нәтижесінде тапшылық сағатына 3,09 млрд.кВт. Осыған орай, облыс осындай қиын энергия тапшылығын басынан өткеріп отыр (жеке күндері ең жоғарғы деңгейі 690 МВт-қа жетеді), яғни аймақтың энергетикалық секторының басты мәселелерінің бірі болып табылатын, экономикалық өрлеу динамикасының пропорционалды өсуі тенденциясы бар.

Осыған байланысты, жылу энегия көздері мен инженерлік коммуникацияда оның ішінде аймақтың экономика мен тұрғын үй құрылысын алда дамыту үшін қолданысындағы жабдықтарды жаңғырту мен қайта жаңарту, жаңа генераторлық қуаттарды енгізу талап етіледі.

Бағдарламада Қарағанды облысының қолданыстағы энергия көздерінде энергетикалық қуатты ұлғайту мақсатында техникалық қайта құралдандыру, қолданыстағы электр станцияларын жаңғырту (4-жоба) және жаңа энергия көздерін салу (3-жоба) бойынша кешенді іс-шараларды іске асыру жоспарлануда. Бұл электр және жылу энергиясында облыстың қажеттілігін қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде толықтай аймақтың әлеуметтік-экномикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Жылу және электр желілерін жаңғырту жағымды қызметі коэффициетін жоғарлату мен нормативті техникалық жоғалтулардың төмендеуіне әсер етеді.

Облыстың бұндай масштабты жылу энергетика шаруашылығын дамыту мәселесі едәуір уақыт пен қаражатты талап етеді.

Облыстың электр тұтыну нәтижесі соңғы 5 жылда экономиканың серпінді дамуымен байланысты орта есеппен алғанда жылына 3 пайыздан жоғары электр тұтынудың өсуінің болғанын көрсетті.

Аталған электр тапшылығы ЕЭС Қазақстан электр стансасынан «Солтүстік-оңтүстік» ВЛ-220/500кВ транзитті желісіне дейін переток есебінен жабылды. Қарағанды облысында жүктеменің өсуін жабуды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның «Солтүстік-оңтүстік» транзиті электр энергиясын беру мен Оңтүстік Қазақстан қуаты үшін арналғанды ескерсек, жаңа қуатты реттеу құрылысы қажет. Мұндайда, жаңа реттегіш қуаттардың қарқынын енгізу мына түрде болуы қажет, яғни 450-500Мвт кем емес деңгейде облыстың қуат тапшылығына демеуді қамтамасыз ету. Перспективаға, Қарағанды, Саран, Теміртау, Жезқазған және Балқаш энергия орындарында электр тұтынудың ұлғаюына байланысты, Орталық аймақта қуат реттегішты ұлғайту және 220-500 кВ мүмкіндігі бар желіні нақтылау бойынша шешімдерді қорытындылау үшін жобалық ұйымдармен электрмен жабдықтау сызбасын әзірлеу талап етіледі.

Электрді тұтынудың өсу болжамын есепке ала отырып облысты үздіксіз және тиімді электрмен жабдықтау үшін қажеттілер:

-иесіз электр желісі болса аудандар мен қалалар әкімдіктеріне «Горкомхоз» КМК қызметіне және балансына беру бойынша іс-шаралар әзірлеу;

-меншік иесі есебінен №5 турбоагрегатты орнату мен дайындаушы-зауытпен ұсынылған, номиналды белгіге дейінгі негізгі жабдықтарға сипаттама беру мақсатында Қарағанды ЖЭО-3 жаңғырту және қайта жаңарту жүргізу;

- электрмен жабдықтаушы желідегі жіберуші мүмкіндігін жоғарлату мақсатында Қарағанды қаласы мен қала маңында 2011-2015 жылдардағы кезеңге электр беруші желілер мен қосалқы стансаларда құрылыс және қайта жаңарту жүргізіледі, оның ішінде:

-«Жарық» ПС 220/110/10 кВ құрылысы;

ЖЭО-3 және «Жарық» ПС-да сәйкес ВЛ-220-110 кВ қайта қосу;

-ЖЭО-3 ОРУ-220кВ кеңейту;

-Жарық-Оңтүстік-Шығыс» ВЛ-110 кВ құрылысы;

-10-0,47 кВ кабельді және ауалық электр беруші желісін қайта жаңарту;

-ТП, КТП, ЦРП (275 дана) қайта жаңарту және жаңғырту;

-есептеу қондырғысын жаңғырту (коммерциялық, тұрмыстық);

-жылу техникалық жабдықтарды жаңғырту және қайта жаңарту бойынша кешенді жұмыс жүргізумен қызметтегі электр стансаларына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

-жаңа қуатты реттегішті салу.

Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 2112,9 шақырымды құрайды, оның ішінде 1863,3 шақырымы (88,2 пайыз) жеке меншік иесіне тиесілі. Қазандықтардың саны 100 Гкал/сағ дейінгі орнатылған қуатта 65 бірлікті құрайды.

Балқаш, Қарағанды, Қаражал, шахтинск, Жезқазған, Саран, Теміртау қалаларында, Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Оскаровка аудандарында жылу желілерінің ұзындығы өсті.

Жылу желілерінің ұзындығын азайту Жаңаарқа, Қарқаралы аудандарында бақылауда.

Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында өндірістік, әлеуметтік нысандарында және көпқабатты тұрғын үйлерде жылу- және электр энергиясын қолдану деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Алдағы жылу маусымдығына энергиямен жабдықтаушы нысандарды дайындау облыс әкімдігінің бекітілген қаулысымен бекітілген, іс-шараға сәйкес жүргізілуде.

2010 жылғы 1-қазандағы жағдай бойынша облыс бойынша жөндеу жұмыстары 100 пайызға аяқталған.

542 қосалқы стансада жөндеу жұмыстары атқарылған, электр беруші желінің 2 610 шақырымы жөнделген және резервтелген немесе 100 пайыз.

Ағымдағы жылда Қарағанды қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде оның ішінде «Күнгей» ықшамауданында тұрғын үй құрылысы және әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандары салынып жатқан және салынғандары барларды тұрақты әрі тиімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін «Орталық» жаңа қосалқы стансасының құрылысы аяқталады.

2010 жылдың 28-қазанында әкімдік отырысында «2010-2015 жылдарға арналған Қарағанды облысының энергия үнемдеуші Кешенді жоспары» әзірленді және қабылданды.

Кешенді жоспардың сәтті іске асырылуы үшін энергия кешенді кәсіпорындарында келесі іс-шараларді жүргізу жоспарлануда:

-техникалық және энергетикалық аудит;

-негізгі технологиялық жабдықтарды қайта жаңарту және жаңғырту;

-энергетикалық жабдықтың жұмыс тиімділігін жоғарлату мақсатында – технологиялық процестерді басқарудың автоматты жүйесін енгізу.

Жылу желілерінде нормативті және нормативтен жоғары жоғалтуларды қысқарту мақсатында Кешенді жоспармен берілуші технологиялық шешімдердің қатарын енгізу ұсынылады.

Біріншіден, жаңа жылу магистралін салу және ескілерді жөндеуде олардың олардың герметикасын қамтамасыз етуші изоляцияланған құбырларды қолдана отырып құбырларды каналсыз орнату тәсілі ұсынылады. Бұндай құбырларды және барлық компоненттерді (бұру, үштік, қозғалыссыз жарықтарды, камерасыз орнатқыштардың шарлық арматурасын, компенсаторлар және т.б.) қолдану, грунтта тікелей салынғандар жылуды тасымалдай барысында жылуды үнемдеудің негізгі көзі болып табылады.

Жылу энергиясының техникалық шығыны оқшауланған жүйелерде 3 пайыздан аспайды, тәжірибе жүзінде азаю жоқ, нормативтік қызмет мерзімі 30-50 жыл.

Екіншіден, электрқозғағыштар мен сорғылар жылдамдығын ретке келтіріп қолданысқа ұсынылса, сорғылардың жұмыс тәртібіне байланысты электрэнергиясының шығынын 30-50 пайызға айтарлықтай қысқартылады, сенімділік ғана емес, сонымен қатар электрқозғағыштар мен сорғылардың қызмет көрсету мерзімі жоғарлайды.

Үшіншіден, жылу және электр энергиясын тұтынуын реттеуге және бақылауға есеп құралдарын енгізу. Құралдар коммерциялық және ең үлкен шығын орындарын анықтауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, жылумен қамтамасыз ету үшін ең басты бағыт энергияны - ресурсты сақтау, автономды бу қазандықтарының орнына жылу сорғыларын орнатып (ЖСО) қолданысқа енгізу болып табылады. Жылу сорғыларын орнату үшін канализациялық суағар, жер сулары және басқалар төмен потенциалды жылу негізі болып қызмет етеді. Нәтижесінде, әрбір шығындалған кВтч электрэнергиясына 3-4 кВтч жылуды алуға болады.

Энергияны үнемдеу іс-шарасы және энергиямен жабдықтау жүйелері технологиясын енгізу маңызды бағыт болып табылады.

Электрэнергиясын тарату құрылымын таратуда электрэнергиясын беруде шығын 10-15 пайызды құрайды.

Электржелілерінің техникалық жағдайларының нашарлығы (электр жеткізу жүйесінің ұзын болуы, кабельдердің кесіктігінен), трансформаторлардың төмен коэффициенттігі, төмен байланыстығы, фазаларға салмақтың бірыңғай еместігі және басқалары техникалық шығындардың басты себептері болып табылады.

Коммерциялық шығындар тұтынушылардың электрэнергиясын ұрлауымен, есептеу кондырғыларның төменгі топтағы болуынан, тұтынушылардың төлемеу себептерімен байланысты.

Облыстың электржелісі компанияларымен энергияны үнемдеу кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде жоспарланған іс-шаралар:

-электрэнергиясын есептеу және бақылау жүйесін автоматтандыруды (бұдан әрі- ЕЖБЖА) енгізу, электрэнергиясын және электр қуатын өндіруді,тұтыну параметрлерін өлшеуге мүмкіндік береді;

-электр энергиясын есептегіш құралдарының ескілерін жаңа заманауи электронды түріне ауыстыру;

-электр беруші желілерін жаңғырту, жөндеу және тарату подстанцияларын қайта құру жұмыстарын жүргізу;

-электржелілерінің тәртібін оңтайландыру ;

-, жаңа оқшауланған өткізгіштер, жаңа жақсартылған технологиялар негізінде жасалған трансформаторлар, жаңа оқшауланған және магнитті материалдар, құрғақ қауіпті трансформаторлар, вакуумды және элегазды сөндіргіштер, инерциялық емес коммутациялық аппараттар және т.б, жаңа күшті электр жабдықтарының шығындар төмендетілген. Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу Агенттік Департаментімен келісілген және бекітілген инвестиция бағдарлама негізінде АСКУЭ жүйесін енгізу жұмыстары аймақтық электр тораптық компанияларда жүргізілуде.

2008-2010 жылдардағы инвестициялық бағдарламалар негізінде «Қарағанды Жарық» ЖШС АСКУЭ енгізудің бірінші кезеңі аяқталды.

Инвестициялық бағдарлама негізінде АСКУЭ енгізу бойынша іс шараларды 2011-2015 жылдар арасында облыстағы жылу стансалары мен энергия жабдықтарымен өзін-өзі тәрбиелендіруші ұйымдар (ЭЖҰ), «КРЭК» ЖШС-де жүзеге асырылу жоспарлануда.

Бюджеттік ортада энергия үнемдеу бойынша негізі іс-шаралар болып мыналар табылады:

-нысандарға міндетті паспорттау және энергия аудит жүргізу;

-автоматтандырылған жылулық пунктерді қондырғылау;

-су, электр энергиясы, жылу есеп аспаптарын қондырғылау;

-терезелерді иілімді шыны пакетке ауыстыру;

-қыздыру шамдары энергия үнемдеуге ауыстыру;

-ғимараттық термодеризациясы (төбенің жылу оқшаулағыштары, сыртқы қабырғалары , жер төрелер және т.б.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет