2003 жылға қарағанда құрылыс қарқыны бірнеше есе өсті, бюджет қаражаттары есебінен тұрғын үй құрылысы белсенділенді. Құрылыстың ең үлкен көлемі Ырғыз селосында жүргізілуде.
Туризм саласы
2010 жылы ішкі туризмді дамыту бойынша «Ырғыз-Торғай табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып, бірқатар іс-шаралар жүргізілді. 2010 жылдың 25-27 мамыр күндері аралығында Ақтөбе қаласында өткен ITFA-2010 туристік жәрмеңкесіне сол жәрмеңке аясында өткен «Шеберлер ауылы» халық қолөнер шеберлерінің Республикалық фестиваліне ауданның қолөнер шеберлері мен «Ырғыз-Торғай табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі ұжымы қатысты.
2010 жылдың 9-11 қыркүйек күндері өткен «Сарқылмас саяхат» Қазақстандық туристік жәрмеңкесіне «Ырғыз-Торғай табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі қатысты.
2010 жылдың 29-30 қазан күндері «Ырғыз-Торғай табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі мен «Зерде Тур» туристік агенттігімен бірлескен «Малайдар көлдер жүйесі экотуристік маршрутына (соқпақ)» ауданның туристік мүмкіншілігін көрсету, насихаттау мақсатында пресс-тур өткізілді.
Сондай-ақ, «Ырғыз-Торғай табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі мен білім бөлімінің «Менің туған өлкем», «Басты байлығымыз-табиғат» іс шаралары өткізілді.
Талдау негізінде саланың дамуында келесі проблемалық мәселелер анықталды:
-
Туристік объектілерге апаратын автомобильді жолдардың сапасының төмендігі және нашар дамыған инфрақұрылым;
-
Дайындалған мамандардың жоқтығы (туризм инструкторлар, экскурсовод-гидтері).
Аймақтың экологиялық проблемалары
Ауданда ірілі ұсақты 80-ге жуық көл бар, олардың жалпы аумағы 70 мың гектардың үстінде. Олардың 43-інен балық ауланады. Осы көлдер Торғай, Ырғыз, Өлкейек және Торғай, Ырғыз өзендерін көктемгі тасқын сумен жалғайтын Телқара, Сарыөзек өзендерінің суларымен жаңарып, санитарлық тазалық деңгейін сақтап отырады.
Өзен-көлдер жүйесінің ерекше бағалылығы -мұнда маусымдық миграция,түлеу және ұя салу, балапан басу кезінде суда жүзетін құстардың жүздеген түрі жинақталады.
Екіншіден –балықтың мол қоры бар. 1990 жылдары осында жылына 1000-1200 тонна балық ауланған.
Торғай және Өлкейек өзендері басын көршілес Қостанай облысынан алады. Бұрын шаруашылықтар су жайғызу мақсатында бірнеше су тежегіш бөгеттер салған. 2001 жылы бітеу бөгеттердің бірқатары алынды, алайда толық алынып болған жоқ. 1993-2001 жылдар аралығында 43 көл кеуіп қалып содан тұзды шаңның көтерілуі салдарынан орасан мол балық қоры мен киік жойылып, құстар азайып кетті.
Проблемалық мәселелер:
Торғай табиғи зоологиялық қорығындағы көлдердің деңгейін қалыпты ұстау үшін “Қожа”, “Қыл” жерлерінен реттегіш шлюздер құрылысын салу;
Құм басып қалудың алдын алуда көгалдандыру шараларын алу. Орман алқабы мүлдем жоқ. Қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін полигон құрылысын салуды қажет етеді.
2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласы Демографиялық әлеуеті
Ауданның демографиялық көрсеткіштерінің соңғы жылдары жақсаруы байқалады.
1-сурет. Ауданның демографиялық көрсеткіштері, адам
№
|
Көрсеткішер
|
өлшем бірлігі
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
| Демографиялық көрсеткіштер |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
туған адам саны
|
адам
|
338
|
320
|
306
|
292
|
320
|
335
|
312
|
343
|
2566
|
2
|
өлген адам саны
|
адам
|
119
|
116
|
115
|
92
|
129
|
119
|
104
|
103
|
897
|
|
Көші қон көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
көшкендер
|
адам
|
606
|
619
|
425
|
408
|
506
|
383
|
466
|
467
|
467
|
2
|
қоныстанғаны
|
адам
|
49
|
87
|
67
|
13
|
91
|
147
|
140
|
110
|
293
|
|
көші қон айырмасы
|
адам
|
-557
|
-532
|
-358
|
-395
|
-415
|
-236
|
-326
|
-357
|
-174
|
Халық санының тығыздығы. Алаңы 41,5 мың шаршы шақырымдағы халық санының ең төменгі көрсеткіші – яғни, 1 шаршы шақырымға 0,3 адамнан келеді.
Өлім және туу.Өлім көрсеткіші 2009 жылы 6,86, 2008 жылы 6,67 көрсеткішті құрады. 2003 жылмен салыстырғанда төмендеу бар. Соңғы 10 жылда ана өлімі тіркелмеген, Сәбилер өлімі көрсеткіш 2008 жылы 1000 тірі туған нәрестеге шаққанда 15,39 болса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 22,42 ні құрады.
Туу көрсеткіші 2008 жылы 22,8, 2009 жылы 21,61, жалпы 1999 жылдармен салыстырғанда өсуі байқалады. Соңғы 15 жылдағы ең төмен көрсеткіш 2004 жылы болды.
Табиғи өсім 2008 жылы 15,91, 2009жылы 14,74 болды.
Жас ерекшелік құрылымы. 2010 жылдың 1-қаңтарынадағы жағдай бойынша ауданның барлық халқының 69,7 % еңбекке жарамды тұлғалар. Солардың ішінде, 67% ер адамдар, 61,8 % әйел адамдар.
Халықтың 16,8% орта жастан сәл жоғары адамдар (45-59 жас), 6,66 % қарт адамдар (60-74 жас).
Қазіргі уақытта 15-19 жас арасындағы, және 20-24 жас, сонымен қатар 25-29 және 0-4 жастағы адамдар саны көпшілік деп айтуға болады. Мұны ауданның халық саны жеткілікті түрде «жас» деп айтуға болады.
Көші-қон. Соңғы жылдары ауданның көші-қон сальдосы жағымды азаюы байқалады. Көші –қон сальдосы 2008 жылы аудан бойынша -116, 2009 жылы -78 адам болды. Көшу жағдайы облыс аралық 2008 жылы 38, 2009 жылы24 адам болса, облысішілік 2008 жылы 213, 2009 жылы 213 адам кетті. Халықтың негізгі бөлігінің кетуі Ырғыз селосынан (66,8%) жұмысқа жарамды жастардың облыс орталығы Ақтөбе қаласына) орын алды. Көшіп келіп қоныстанушылардың негізгі бөлігі орналасуы да Ырғыз селосында. Қалған селолық округтерде қалыпты жағдайдағы көрсеткіштер орын алған.
Тұрғындардың өмір сүру деңгейі
Ырғыз ауданында өмір сүрудің ең төменгі көрсеткіші 11020 болса, облыста орташа көрсеткіш 11674 тенгені құрйды, немесе облыстық деңгейдің 94,4 пайызы. Кедей тұрғындардың үлесі – 3,0 пайыз, Ақтөбе облысының орта көрсеткішінен жоғары.
Аудан бойынша бір қызметкердің номиналды еңбек ақысының мөлшері 2009 жылы 38924 теңгені құрады, бұл облыс бойынша орта көрсеткіштің 64,4%. Орта айлық номиналды еңбекақы деңгейі бойынша облыс аудандары арасында 2009 жылы 8-орында тұр. Бұның себебі ауданның негізгі экономика саласы ауылшаруашылығы болуымен және жұмыс жасайтындардың 90 пайызға жуығы мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайтындығымен байланысты.
Ақтөбе облысының аудандар бойынша бір жұмысшының 2009 жылға арналған орта айлық номиналды еңбекақысы ,теңге.
Денсаулық сақтау
Өмір сүру ұзақтығы 2005 жылы ауданда орташа 57,5 жас болды, ал 2009 жылы ол көрсеткіш54,3 жасқа төмендеді.
Дәрігерлік-демографиялық көрсеткіштер
2005-2009 жылдарға дәрігерлік-демографиялық көрсеткіштердің динамикасы төмендегідей болды.
Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 2005 жылы 20,7, 2006 жылы 21,6, 2007 жылы 20,1, 2008 жылы 22,8 2009 жыы 21,61 болды. Жоғарғы көрсеткіш 2009 жылы (22,8) және төменгі көрсеткіш 2007 жылы (20,1) болды. Өлім көрсеткіші 2005 жылы 8,3, 2006 жылы 7,7, 2007 жылы 6,6, 2008 жылы 6,67, 2009 жылы 6,86 көрсетті. Осыған байланысты халықтың табиғи өсу саны коэфицентінің өсуі байқалды, ол 2009 жылы 16,0 өсті. Халықтың табиғи өсімі облыстың орта көрсеткішімен салыстырғанда жоғары болды.
Ана өлімі көрсеткіші соңғы 2005-2009 жылдары ауданда тіркелмеген, облыста орташа 17,9.
Бір жасқа дейінгі сәбилер өлімі көрсеткіші 1000 тірі туған балаға аудан бойынша 2005 жылы 18,7, 2006 жылы 21,6, 2007 жылы 6,4, 2008жылы 14,6, 2009 жылы 22,5. 2009 жылы облыстың орташа көрсеткішінен (18,81) жоғары болды.
2008 жылы Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) бойынша сәбилер өлімін есепке алу тірі туу және өлі туу өлшемдеріне ауысқаннан кейін көрсеткіштер өсуі күтіледі.
Балалар өлімі себептерінің арасында елеулі үлесін перинатальды кезеңде пайда болатын жағдайлар құрастырады, ал екінші орында – туа біткен ақаулар және үшінші орында – жүрек-қантамыр аурулары себебінен өлім көрсеткіші орын алуда.
Әлеуметтік-мағыналы аурулар
Соңғы жылдары жалпы өлім көрсеткіштерінің арасында жүрек-қан тамырлары ауруы бірінші орынға ие болып отыр.
Жүрек қан тамырлары ауруының көрсеткіші 2005 жылы 432,3, 2006 жылы -354,9, 2007 жылы 535,6,2008 жылы 432,3, 2009 жылы 1532,5.
Жүрек қан тамырлары аурулары бойынша өлім көрсеткіші -2005 жылы 58,0 2006 жылы 77,4, 2007 жылы 106,7, 2008 жылы 102,5, 2009 жылы 122,6.
Аудан тұрғындарына туберкулезге қарсы көрсетілетін көмектің жетілдірілуі бойынша қабылданған шаралар туберкулез ауруының төмендеуіне септігін тигізді. Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2005 жылы 194,8, 2006 жылы 154,8 ,2007жылы 116,1, 2008 жылы 103,2 ,2009 жылы 70,5.
Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2005 жылы 100 мың адамға ашққанда 194,8, 2009 жылы 70,5 болып төмендеді.
Туберкулез ауруы салдарынан өлім көрсеткіші 2005 жылы 40,0. 2006 жылы 45,7,2007 жылы 44,4, 2008 жылы 47,2, 2009 жылы 38,4. Туберкелез ауруы салдарынан өлім көрсеткіші 2005 жылы 12,9, 2009 жылs 12,7-ге төмендеді.
Туберкулез ауруының тұрғындар арасында таралуы бойынша эпидемиологиялық қадағалау мәселелері туберкулездің көптеген дәрі-дәрмектік тұрақтылықпен қиын жазатын формаларының бар болуы салдарынан өзекті болып қала беруде.
2015 жылға дейін туберкулезден жазылмайтын түріне хоспис ашу қажет. 2015 жылға дейін аурудың дәрі-дәрмекке тұрақтылық нысандары арқылы төмендетілуіне және туберкулез инфекциясы резервуарын азайту мақсатында қажетті шаралар қабылдау алда тұрған мәселе. Басты күш-тұрғындардың туберкулез ауруының алдын-алу бойынша санитарлық сауаттылығын жоғарылатуға бағытталады.
Онкологиялық аурулар
Онкологиялық аурумен ауыру көрсеткіші 2005 жылы 220,7 болса, 2009 жылы 115,4 болып төмендеуі байқалуда. Облыстық көрсеткіш -2005 жылы 162,9, 2009 жылы 158,7.
Онкологиялық ауру көрсеткішінің жоғраы болуының себебі Ырғыз ауданының экологиялық апат аймағына жақын орналасуынан.
Көлік санының көбеюіне байланысты күнделікті өмірде жарақат алу(травматизм) және оның (травматизм) салдарынан өлім көрсеткішінің өсуі өзекті мәселерінің бірі болып табылады.
Травматизмнің және травматизм салдарынан өлім көрсеткішін төмендету үшін ірі автожол жиегінде орналасқан елді мекендерде қазіргі заманды дәрігерлік пунктер салынып жатыр. Жарақат алған сәттің алғашқы кезінде көрсетілетін медициналық көмектің үлкен маңызын ескере отырып, аралас ведомстволардың мамандарын медициналық дайындау жұмысы жүргізіледі (жүргізушілер, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және т.б.).
Ауданның денсаулық сақтау жүйесінің дамуы. 2010 жылдан бері БҰДЖ шеңберінде стационарлы және стационарды алмастыру медициналық көмек көрсету жүйесінің төлемі орталықтандырылды, тегін мед көмектің кепілдендірілген көлемі тізбесінің кеңейтілуі, сонымен қатар жаңа технологияларды дамытып енгізу жұмыстары ашылды. Кезекте елді мекендегі бастапқы ұйымдар дәрігерлік амбулаторияла мен медициналық пункттердің ( ПМСП) төлемінің орталықтандырылуы тұр.
Денсаулық сақтау ұйымдарының желісі 2010 жылдың 01 қазанынан бастап мемлекеттік стандарттармен сәйкестендірілген (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2131 қаулысы) медициналық ұйымдар қызмет етуде.
2010 жылдың басында ауданда ДС жүйесінде 30 дәрігерлер немесе 10 мың халыққа 19,2 дәрігер қызмет атқарады және 130 орта буын медициналық қызметкерлер немесе 10 мың адамға 86,4. Облыстық көрсеткіш дәрігерлермен қамтылуы-38,1 және орта буын медқызметкерлермен- 68,7.
Сонымен қатар бүгінгі таңда аудан бойынша дәрігерлік мамандықтар жеткіліксіз.
Мемлекеттік дәрігерлік ұйымдардағы кереует қоры 2005-2009 жылдары өзгеріссіз қалды, орынмен қамтамасыз ету 10,0 мың адамға шаққанда-45,1, облыста орташа көрсеткіш-60,0.
Дәрігерлік қызмет сапасының жоғарылауы
Медициналық қызмет көрсету сапасының жоғарылуы білікті кадрлардың үнемі дайындығын, мед көмектің стантазизациясын, денсаулық сақтау ұйымдарының аккредитациялануын талап етеді. 2009 жылы штаттық лимит шеңберінде ішкі аудит қызметі енгізілді, мамандарды жоспарлы дайындау жүргізілуде.
Қол жетімділікті және дәрі-дәрмектік көмек көрсету сапасын жоғарылату
2010 жылдың басына ауданда 1 жеке дәріхана, аурухана жанында 1 дәріхана, барлық медициналық ұйымдар жанында дәрханалық киосктер жұмыс жасайды.
Денсаулық сақтау саласына 2005 жылы 133,7 млн.теңге, соның ішінде кепілдендірілген көмекке-113,1 млн.теңге жұмсалды. 2010 жылы 251,3 млн тенге, кепілдендірілген көмекке 217,0 млн.теңге, немесе 86,3% -rtжетті.
Білім беру
Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру.
2009 жыл соңында ауданда 10 балалардың мектепке дейінгі ұйымдары жұмыс жасады, онда 605 мектепке дейінгі жастағы балалар тәрбиеленуде. Балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының жүйесі 2008 жылмен салыстырғанда 1 бірлікке, балаларға арналған контингент өсті. Балалардың мектепке дейінгі тәрбие бойынша қамтылуы 66,3% құрады.
Балалар тәрбиесін ұйымдастырудағы отбасылардың сұраныстарын қамтамасыз ету мақсатында балаладың мектепке дейінгі мекемелерінің азшығынды моделі – толымдылығы 20-25 балалық мектепке дейінгі шағын – орталықтар құрылды.
Қазақстан Респбликасы Үкіметінің 1999 жылдың 22 қарашасындағы №1762 «Балалардың міндетті мектепалды даярлығы мәселелері туралы» қаулысын орындау мақсатында 2009-2010 оқу жылы ауданның 24 мектебінде контигенті 264, 24 мектепалды сыныптары ұйымдастырылды, 10 балалардың мектепке дейінгі ұйымдарында 2 мектепалды сыныптары жұмыс жасауда, онда 21 бала мектепке даярлықтан өтті.
Жалпы орта білім беру
Ауданда 23 жалпы білім беретін мектеп білім беру қызметін жүзеге асырады, оның ішінде 14 орта, 8 негізгі, 1 бастауыш мектеп. Аудан бойынша оқушылардың контингенті 3323 оқушыны құрайды.
Аудан бойынша жалпы педагог саны 702 оның ішінде 67-сі жоғары санатты, 142-сі бірінші санатты, 204-і екінші санатты қалған 289-ы санатсыз.
Аудан бойынша 20 шағын жинақталған (әрі қарай – ШЖМ) жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды (барлық мектептер санының 80% құрайды). Аталған мектептерде 2432 бала (жалпы оқушылар санының 70 % ) білім алды.
Мектептердің қашықтығына байланысты мектептен 3 шақырым қашықтықта тұратын оқушыларды арнайы жабдықталған автобустармен қатынауын қамтамасыз етуде Қаракөл елді мекеніндегі Қаракөл бастауыш мектебі мен Құйлыс ауылындағы орта мектебінің 7 км қашықтығындағы балаларды екі аралыққа тегін алып келуді 23 оқушының қатынап оқуына жағдай жасалып,тасымал ұйымдастырылған.
2008-2009 оқу жылында аудан бойынша ШЖМ-ң сынып комплектісі жасақталды, оның ішінде 17 біріктірілген сыныптар бар. Оның ішінде бастауыш сатыда 890 оқушы, орта буында – 1452 оқушы.
Аудан аумағында 23 (95,8%) қазақ тілінде білім беретін мектептер, 1 (4,2%) орыс және қазақ тілінде білім беретін мектеп бар.
Аудан бойынша соңғы 5 жыл ішінде ҰБТ түрінде оқушылардың білім сапасына сыртқы бақылау жүргізілуде. 2009 жылдың қорытындысы негізінде ҰБТ нәтижесі аудан бойынша орташа 71,2 балл болды. «Алтын белгіге» үміткер бір оқушы үздік бағаларын қорғады.
Қосымша білім беру
Аудан бойынша 3 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Ондағы оқушылар саны 1300. Оқушыларға мектептен тыс, сыныптан тыс тәрбие беруде жалпы білім беретін мектептер ұжымдарымен қатар өнер және спорт, көркем сурет мектептері және балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы жұмыс жасайды. Олар мектеп оқушыларының ұлттық дүние танымын қалыптастыру, біліктілігін дамыту және денсаулығын шыңдау бағытында қызмет етеді.
Тіл саясаты
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығы біздің елімізде тіл саясатын тиісті дәрежеде жүзеге асыруға бағытталған. Жергілікті бюджеттен мемлекеттік тілді қолдау мен дамытуға қаражат бөлініп отыр.Осы қаражат мемлекеттік тілді насихаттайтын көрнекіліктер сатып алуға, дөңгелек үстелдер өткізуге, әртүрлі байқаудан тұратын тіл фестиваліне жұмсалуда.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша ауданымызда «Мемлекеттік тіл ұлт тірегі» фестивалінің шеңберінде Ырғыз ауданында он екі номинация бойынша байқаулар өткізілді. «Мемлекеттік тіл менің тілім» , «Үздік аудармашы» , «Менің болашағым –қазақ тілінде», «Жыр мүшәйрасы», Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері, «Мақсұтым-тіл ұстартып өнер шашпақ», «Тіл-халық жанын таңдаудың кілті», Мұқағали Мақатаев атындағы II аудандық ақындар байқауы, «Қазақстан – туған өлкем», «Үздік әкімдік» және «Үздік тіл кабинеті» «Мемлекеттік тіл және БАҚ» жарияланды.
БАҚ
Ауданда 1 жергілікті бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды.
Аудан тұрғындарына республикалық «Хабар», «Қазақстан», және «Ел арна» телехабарлары көрсетіледі.
Негізгі міндеттердің бірі мемлекеттік ақпараттық саясатты БАҚ-тар арқылы жүргізу болып табылады.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жергілікті БАҚ арқылы мемлекеттік тапсырыспен жүргізу үшін 2009 жылы 3 млн.теңге, 2010жылы 3 млн.теңге қаржы бөлінді.
Алдағы уақытта жергілікті БАҚ-ты қаржыландыруды ұлғайту жоспарлануда.
Мемлекеттік телехабарлармен халықтың қамтылу деңгейі төмендегідей: «Хабар»-95%, «Қазақстан»-96%, «Ел арна»-90%.
Мәдениет
Саланың инфрақұрылымы. Ырғыз ауданында 28 мәдениет мекемесі жұмыс жасайды: Аудандық «Арай» мәдениет үйі , «Мәні» ауылдық мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб, орталықтандырылған кітапхана, балалар кітапханасы, 12 ауылдық кітапхана. Онда 118 жұмысшы-қызметкер жұмыс жасайды, оның 48-і шығармашылық қызметкерлер, 17-і жоғары білімді, 34-і арнаулы орта білімді мамандар. Аудандық «Арай» мәдениет үйі жанында 3 «халықтық» атағы бар ұжым жұмыс жасайды. (Ырғыз халық театры, Ырғыз этнографиялық – фольклорлық ансамблі, Есмурзиндер жанұялық ансамблі) 2007-2009 ж.ж аралығында мәдениет мекемелерінің саны 11 бірлікке, немесе 64,7 % -ға көбейді.
Саланың жетістіктері мен табыстары. 2007-2010 жылдар аралығында 9 мәдениет мекемесі, оның ішінде «Жол картасы» бағдарламасы аясында 5 мәдениет мекемесі күрделі жөндеуден өтті.
Бүгінгі күні аудандағы 14 кітапхананың кітап қоры 153379 дананы құрайды, оның 83654 данасы қазақ тілінде. Қызылжар ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі «Моделді ауыл кітапханасы» болып жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта аудандық орталық кітапхана, Қызылжар ауылдық кітапханасы Интернет желісіне қосылып, РАБИС бағдарламасымен электронды каталог жасақтап отыр.
2007-2009 жылдар аралығында 2442 мәдени көпшілік шара, оның ішінде 128 байқау, 488 концерт, спектакльдер ұйымдастырылды.
Ақтөбе қаласының 75 жыл толу мерекесіне орай ұйымдастырылған облыстық театр байқауында Е.Домбаевтың «Біздің кластың қыздары» қойылымымен 3 орынға ие болып, «Үздік әйел ролі» номинациясы бойынша марапатталды.
Аудандық байқауда жүлделі орынға ие болған өнерпаз, М.Мақатаев атындағы облыстық ақындар байқауына қатысып 1-ші орынға ие болып, Астана қаласында өткен Республикалық байқауда 3-ші орынға ие болды.
2007-2009 жылдар аралығында 32 адам жұмысқа алынып, 10 қызметкер білімін жетілдіру курсынан өтті.
Аудан өнерпаздары облыстық деңгейдегі байқауларға қатысып, жетістіктерге жетуде.
Басым жақтары:
- мәдениет мекемелерінің күрделі жөндеуден өтуі.
- «Аймақты әнмен тербетіп...» өнер мерекесін өткізу арқылы көршілес облыс, аудандармен мәдени байланыста болуы.
Осал тұстары:
-
мәдениет мекемелерінің, әсіресе ауылдық мекемелердің материалдық- техникалық базаларының төмендігі.
-
Кәсіби мамандардың жетіспеуі.
Мүмкіндігі:
- Аудан кітапханаларын модернизациялау, кітапханаларды жаңа әдебиеттермен қамтамасыз ету.
Қауіпі: білікті кадрлардың саладан кетуі.
Ауданда мәдениет саласына кедергі келтіретін мәселелер:
-
материалдық – техникалық базасының нашарлығы (аудандағы мәдениет үйлері мен кітапханалар автокөлікпен, дыбыс аппаратурасымен, музыкалық аспаптармен, сахналық костюммен, сахнаны жарықтандыру құралдарымен және т.б. толық қамтамасыз етілмеген);
-
ауылдық жердегі мәдениет ошақтарының дербес ғимараттарының жоқтығы.
-
кәсіби мамандардың жетіспеушілігі.
Спорт
Дене шынықтыру-сауықтандыру және жаппай көпшілік-спорттық шаралардың өткізілуі жыл сайын артуда, бұл шараларға 3 мыңнан артық адам қатынасады. Аудан аумағында мектеп, оқу орындары спартакиадаларының, мемлекеттік қызметкерлердің спартакиадасының және аудандық ауыл жастары спартакиадасының өткізілуі дәстүрлі орын алды.
Дене тәрбиесі мен спорттың материалдық-техникалық базасы нығаюда.
Дегенмен, дене тәрбиесі мен спорттың жаппай әрі қарай дамуына, спорттық резервтің дайындалуына және жоғары жетістікті спортқа ең алдымен кедергі келтіретіндер:
1) Саланың нашар материалдық-техникалық базасы:
Аудандағы дене тәрбиесі мен спорттың материалдық-техникалық базасының жағдайы барлық халықтың да, жоғары білікті спортшылардың да сұранымын қанағаттандырмайды, жалпы білім беретін мектептерде, тұрғылықты мекен-жайларда және көпшілік демалатын орындарда спорт құрал-жабдықтарының және құрылғыларының, спорт ғимараттарының жетіспеушілігі сезіледі. Спорт ғимараттарының көпшілігі техникалық пайдалануы бойынша қазіргі кезде жоғарылаған нормативтерге, республикалық регламенттер талаптарына және оқу-жаттығу үрдісі мен жарыстарды өткізу ережелеріне, қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейді.
Материалдық-техникалық базаның дамуы
№
|
Спорт ғимараттарының атаулары
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
1.
|
Барлық ғимараттар
|
60
|
60
|
2.
|
Спорт залдары – барлығы
Соның ішінде:
- жалпы білім беретін мектептерде
- балалар жасөспірімдер спорт мектебінде
|
9
8
1
|
9
8
1
|
3.
|
Соның ішінде жекешелендірілген
|
-
|
-
|
4.
|
1500 және одан артық орны бар трибуналы стадиондар
|
1
|
1
|
5.
|
Спорт алаңдары
|
27
|
27
|
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері де спорт ғимараттарына, сапалы спорттық керек-жарақтар мен қазіргі кездегі құрал-жабдықтарға қатаң тапшылықты зәру жағдайда.
Жалпы білім беретін 24 мектепте дене тәрбиесі бойынша сабақ жүргізу үшін бар болғаны 8 спорт залы бар (бұл аудан бойынша мектептердің жалпы санының 29 % құрайды).
Аудан халқының дене белсенділігінің қажетті деңгейінің жоқтығы, спорт ғимараттары санының жеткіліксіздігі, керек-жарақтар мен құрал-жабдықтар сапасының нашарлығы адам өмірінің ұзақтығына ықпалын тигізетін негізгі факторлардың бірі болып табылады.
2) дене тәрбиесі кадрларының жеткіліксіздігі және нашар біліктілілігі:
Әсіресе, қазіргі кездегі спорт әр түрлі жаңартпаларға бейім, сондықтан да спортшылармен жұмыс істеуде жаңа әдістемелерді игерген мамандардың дайындалуына ерекше назар аударып қатаң талап қояды.
Қазіргі кезде дене тәрбиесі мен спорт саласында 92 қызметкер жұмыс істейді, ал олардың ішінен тек қана 63 қызметкердің дене тәрбиесі бойынша арнайы білімі бар (бұл штатық қызметкерлердің жалпы санының 67 % құрайды). Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушы құрамының 16 % арнайы білімге ие емес.
2009 жылғы халық санағы бойынша Ырғыз ауданында 14771 (он төрт мың жеті жүз жетпіс бір) тұрғын тіркелді. Осы тұрғындардың арасынан тұрақты түрде дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатындар 3700 (үш мың жеті жүз ) адам, барлық тұрғындардың 24,3 % - ын құрайды.
2.2.3. Өңірдің инфрақұрылымдық кешені
Құрылыс
2004 жылы республикалық «Тұрғын үй» бағдарламасы жүзеге асырылуына орай, бюджеттен 4 пәтер құрылысына 19,0 млн. теңге, 2005 жылы 2 пәтерге 8,5 млн.теңге, 2006 жылы 5 пәтерге 21,0 млн.теңге бөлініп, 2008 жылы 3 екі пәтерлік тұрғын үй құрылысына 23,7млн.теңге, 2009 жылы осындай 23,7 млн.теңге бөлініп, бағдарлама аясында 103,7 млн.теңгеге 23 коммуналдық пәтер салынды.
Соңғы жылдары ауданның әлеуметтік—экономикалық әлеуеті артып, тұрғындардың жеке қаражатына тұрғын үй салу дами бастады. Жеке тұрғындар жергілікті құрылыс материалдары –табиғи құм, қамыс плита, саман кесекті пайдалану арқылы 2004-2009 жылдары барлық қаржыландыру көзлерінен 191 пәтер 16777 шаршы метр пайдалануға берілді. Тұрғын үйлердің 90 %-ға жуығы жеке қаражат есебінен жүргізілген. Негізінен тұрғын үй құрылысы Ырғыз селосында қарқынды жүргізілуде.
Ауданда «Құрылыс»саласында заңды тұлғалар жұмыс жасамайды.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайландыруға 2004-2009 жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен 42,6 млн.теңге жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік -коммуникациялық жайландыру жұмыстарына, 10,6 млн.теңге мемлекеттік коммуналдық тұрғын үйді көркейту жұмыстарына жұмсалды.
Өңірдің тұрғын үй коммуналдық кешені
Тұрғын үй қоры
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Елбасының Қазақстан халықына жыл сайын Жолдауын, ҚР Үкіметінің «Тұрғын үй» бағдарламасын және ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аудан бойынша 2008 жылы 14 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді және елді мекендерден тұрғын үй үшін 3 үй сатып алынды. 2009 жылға «Тұрғын үй» бағдарламасы бойынша 3 үй салынып 6 , бюджеттен қаражат бөлініп төрт үй сатып алынып 7, барлығы 13 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
2009 жылы «Тұрғын үй» бағдарламасына сәйкес аудан бойынша 4143 шаршы метр тұрғын үй, яғни 3834 шаршы метр жеке және екі пәтерлі үш үй 309 шаршы метр коммуналдық үйлер салынып пайдалануға берілді.
2010 жылы «Тұрғын үй» бағдарламасына сәйкес аудан бойынша 4143 шаршы метр тұрғын үй, яғни 3834 шаршы метр жеке және екі пәтерлі үш үй 309 шаршы метр коммуналдық үйлер салынып пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, коммуналдық меншіктегі 3 тұрғын үйлер жөндеуді қажет етеді.
Электрэнергетикасын дамыту
Аудан бойынша қуаттылығы 25-63-100-160-250 ква 49 трансформаторлар бар.
Вл/110 (198,93 шақырым)-Вл-35( 240,75 шақырым), Вл-10( 342,33 шақырым) -Вл-04 ква (98,93шақырым) барлығы 881 шақырым электр желісі тұтынушыларға электр қуатын беріп отырады.
Ауданда 2616 жеке электр энергиясын тұтынушылар жылына 5700,0 мың квт/сағат электр қуатын және 160 электр энергиясын тұтынушы заңды тұлғалар жылына 6200 мың квт/сағат, барлығы 2776 тұтынушы, 11900,0 мың квт/сағат электр қуатын пайдаланады.
2010 жылы тұтынушыларға электр энергиясын қалыпты, сапалы жағдайда беру үшін 7 трансформаторға, 10,3 км электр желісіне күрделі жөндеу жүргізілді.
Энергияны үнемдеу
Ауданда электр қуатын үнемдеу мақсатында облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 9 сәуірдегі №296 шешімін басшылыққа ала отырып, электр энергиясын үнемдеу жұмыстары жүргізілуде.
Сумен қамту
Ырғыз ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ауыз су 2002-2010 жылдар» салалық бағдарламасы бойынша 2009 жылы Құрылыс селосына 28 шақырымға су құбыры жүргізіліп пайдалануға берілді. Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі №1149 Жарлығына сәйкес, “Ауыз су” бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен “Ырғыз-Тельман-Коминтерн магистралды су құбыры желісін қайта жаңғырту” жұмыстарына 2007-2009 жылдары 400 000,0 мың теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізіліп 2010 жылы пайдалануға берілді
«Жол картасы» бағдарламасына сәйкес 2010 жылға «Ырғыз селосында салынатын селоішілік су құбырын қайта жарақтандыру құрылысына» жобаның сараптамадан өткен жалпы құны 125,445 мың. тенгеге жобалау сметалық құжаттары жасалып мемлекеттік және экологиялық сараптамадан өткізіліп, 2010-2011жылдарға құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ырғыз ауданы бойынша 20 елді мекеннің төртеуі орталықтандырылған су құбыры арқылы ауыз сумен қамтылған, қалған 18 елді мекентұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтуды қажет етеді
Аудандағы «Ақши» көлдетіп суару инженерлік су жүйесі ұзындығы 13 шақырым аудан және табиғат үшін экологиялық және экономикалық маңызы өте зор. Плотина және су реттегіш гидротехникалық құрылғылар су тасқыны кезінде «Айырқызыл» жер асты су қорының калыпты деңгейде болуын қамтемесіз етеді. Аудандағы өзен-көлдердің суын қалыпты жағдайда ұстап экологиялық жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Торғай мемлекеттік табиғи экологиялық қорының, Ырғыз-Торғай резерватының аумағындағы аң-құс, балықтардың, өсімдіктер түрлерінің жойылып кетуінен, көлдер кеуіп тұз ұшуынан сақтайды.Осы объектінің ГТҚ жұмыс жасамауы «Айырқызыл» тұщы суының азаюына, өзен-көлдер суының тартылуына, эколгиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соғуда. Осы «Ақши» көлдетіп суару инженерлік су жүйесін қалпына келтіру үшін жобалық –сметалық құжаттары жасалуда. Көктемгі су тасқыны кезінде осы «Ақши» суландыру жүйеснің 4 жерден бағыттаушы бөгеттері бұзылған, кәзіргі уақытта қайта қалпына келтіруді қажет етеді.
Соңғы жылдары Ырғыз ауданының аумағындағы Торғай және Өлкейік өзендеріне құйылатын судың көлемі күрт азайды. Бұл аймақтағы экологиялық жағдайдың нашарлауына, өзен-көлдердің тайыздауына, кеуіп қалуына әкелді.
Халықаралық маңызы бар бірегей табиғи жиынтықты және сулы-батпақты алқаптары бар Ырғыз-Торғай резерватының экологиялық жағдайын сақтап қалу Торғай өзенінің төменгі жағындағы өзендер, көлдер жүйесінің су режімін реттеу және Ырғыз ауданының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында гидротехникалық нысандар, яғни «Қыл» және «Қожа» жерінен өзен көлдердің деңгейін қалыпты жағдайда ұстау үшін су реттегіш шлюз салу қажет.
Жылумен қамту
Ырғыз ауданы бойынша 2010-2011 жылға күзгі-қысқы маусымға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекеме кәсіпорындарға 1347 тонна қатты отынға 12,1 млн.тенге, 1131 тонна дизел отынына 113,1 млн. тенге бөлініп, толық игеріліп 51 нысан қажетті отынмен қамтамасыз етіліп, қалыпты жылу берілуде.
Сонымен қатар аудан тұрғындарына жыл сайын 3000 тонна қатты отын қажет етеді. Жылда жеке кәсіпкерлер аудан халқын қатты отынмен қамтамасыз етіп отырады.
Газбен қамту
Аудан газбен қамтылмаған. Ырғыз селосына тартылатын «КС-13-Шетырғыз-Ырғыз» жоғарғы қысымды газ жеткізу құбырының құрлысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып 2011-2013 жылдарға жоспарланды.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою
Ырғыз ауданы бойынша 20 елді мекенде 14,8 мың халық тұрады. Жыл сайын 5400 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар әр селолық округтер бойынша арнаулы, белгіленген (34,6 га) алаңдарға шығарылады. Осы алаңдарды қалпына келтіру жұмыстары жылда жүргізіліп айналасы қалыпқа кетіріліп отырады.
Алайда аудан бойынша коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, залалсыздандыру, қоймалау, қайта өңдеу және т.б. жаңа типпен салынған түрлі қалдықтарды орналастыратын полигон жоқ.
Алдағы уақытта ауданда қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян келтірмейтін типтік жобада полигон салуды қажет етеді. Бұл коммуналдық қалдықтарды полигондарда орналастыру бойынша қажетті инфрақұрылымын құру бөлігіне, орта және кіші кәсіпкерлікті тартумеханизімі ұйымдастырылады және коммуналдық қалдықтарды орналастыру бөлек жинау, сұрыптау, залалсыздандыру, қоймалау, қайта өңдеу экологиялық проблемалары шешіледі.
Аудан бойынша жасыл желектендіру мақсатында жыл сайын түрлі ағаш және бұталар көшеттері отырғызылып, оны күтіп баптауға бюджеттен қаржы бөлініп отырады. Село елді мекен орталықтарына көгал алаңдары, гүлзарлар отырғызылып күтімге алынады.
Ауданда орман шаруашылығымен айналысатын мекеме жоқ, алдағы уақытта жасыл желектендіру және орман алқаптарын жыл сайын кеңейтіп, дамыту үшін орман шаруашылығымен айналысатын мекеме ашу қажет.
Жыл сайын ауданның елді мекендер аумағында көгалдандыру санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша санитарлық тазалық айлығы өткізіліп жергілікті жолдардың жан- жағы, өзен жиектері, көшелер, мәдениет орындары тазартылып қалыпқа келтіріледі.
Көлік инфрақұрылымы
Автокөлік жолдары. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 233 шақырымды құрайды, автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету жұмыстарына, жылма-жыл бюджеттен қаражат бөлініп жолды қалыпты жағдайда ұстау жұмыстары жүргізіліп келеді.
2008 жылы бюджеттен 6470,0 мың тенге, 2009 жылы 7030,0 мың тенге және 2010 жылы 7592 мың тенге бөлініп жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету мақсатында жаз айларында автомобиль жолдарын тегістеу, бүлінген жерлерін қалыпқа келтіру, көпірлерді, су ағар трубаларын тазарту, өрт қауіпсіздігі шараларын жүргізу және қыс айларында жолдарды қар басудан тазартып отыру жұмыстарын жүргізіліп, автомобиль жолдары қалыпты жағдайға келтірілді.
2008 жылы Ырғыз селосының ішкі автомобиль жолдарын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 55,40 млн.тенгеге Ырғыз селосының Құлымбетов, Жүргенов, Алтынсарин көшелеріне 2,7 шақырымға орташа жөндеу жүргізіліп асфальт төселіп, автомобиль жолдары қалыпқа келтірілді.
Жыл сайын жазғытұрымғы су тасқыны кезінде проблемалық мәселе болған «Ырғыз ауданының Ырғыз-Нұра бағытының 0-1 шақырымындағы Ырғыз өзенінің үстінен өтетін көпірді қайта жарақтандыру» жұмыстарына облыстық бюджеттен 94,0 млн. тенге бөлініп, 2008-2009 жылдары Ырғыз өзенінің үстінен өтетін көпір қайта жарақтандырылып пайдалануға берілді.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының төлқұжатын жасақтауды, сонымен қатар,Ырғыз-Құтикөл бағытында- 21, Ырғыз-Нұра- 90, Ырғыз-Құйлыс- 90 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қалыпты жағдайда ұстау үшін, күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді.
Азаматтық авиация.Ауданда әуе қатынасын дамыту, жолаушыларды тасымалдауды жақсарту мақсатында «Ырғыз селосындағы әуежай желісін қайта жарақтандыру жұмыстары» жүргізілуде.
«Ақтөбе-Ырғыз» бағытына әуеқатынасы бойынша жолаушылар тасымалдау маршруты.
№
|
Маршрут атауы
|
Қамтитын село, қала
|
Ұшақ маркасы
|
Жолаушылар сиымдылығы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Ақтөбе-Ырғыз
|
Ақтөбе-Ырғыз
|
Л-410
|
15 адам
|
Автомобиль көлігі.Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдауды жақсарту мақсатында Ырғыз-Ақтөбе бағытында тендерден жеңіп алған «Жібек Жолы 21 ғасыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрақты жүргізіп келеді. 2010 жылдан бастап республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсаруына байланысты «Ырғыз-Ақтөбе» бағытында үлкен автобустар жолаушыларды тасымалдауда.
Ырғыз ауданы бойынша автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау бағыттары бойынша тұрақты жүргізілуде.
Алайда, 4 елді мекендер автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау маршрутымен қамтылмаған.
Ауданда автокөлік маршруттары бойынша мәліметі.
№
|
Маршрут
атауы
|
Қамтитын
елді
мекендер
|
Маршрут түрі
|
Көлік саны
|
|
|
|
Тұрақты
|
Тұрақты емес
|
Қала
ішілік
|
автобус
|
Шағын автобус
|
1
|
Құтикөл-Ырғыз
|
Құтикөл
|
1
|
|
|
1
|
1
|
2
|
Жарма-Ырғыз
|
Құтикөл
|
1
|
|
|
|
1
|
3
|
Құрылыс-Ырғыз
|
|
1
|
|
|
|
1
|
4
|
Нұра-Ырғыз
|
|
1
|
|
|
|
1
|
5
|
Құйлыс-Ырғыз
|
|
1
|
|
|
|
1
|
|
Барлығы;
|
|
5
|
|
|
1
|
5
|
Телекоммуникация
Аймақты дамыту үшін байланыс инфрақұрылымын дамыту маңызды ресурстардың бірі болып табылады. Елдің барлық аумағында қазіргі заманғы байланыстың қол жетімділігі экономикалық өсімнің қарқынын, халықтың өмір сүру сапасын, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, қоғамдық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.
2008 жылы Шалқар-Ырғыз аралығында талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, Интернетке шығу мүмкіндігі жақсарды. Ырғыз селосында DS-2000 сандық АТС қойылды, 4 селолық округ орталығында АТС қойылып, 5 елді мекенде сөйлесу пункті ашылды. 2009 жылдан бастап СДМА-450 сымсыз жүйесі арқылы 10 елді мекен сымсыз байланыс қызметімен қамтылды.
Тұрғындардың байланыс қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейі ауданда 0,19 пайызды құрайды. Байланыс инфрақұрылымының дамуының және қол жетімділігінің жеткіліксіз деңгейі елдің әлеуметтік-экономикалық даму жолында басты кедергі болады.
2.2.4. Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуы
Физико-географиялық жағдайларды, экономикалық әлеуеті мен халықты қайта көшіру жүйесінің қалыптасуын ескере отырып, Ырғыз ауданы ауылдық елді мекендерден тұрады.
Ауданда халықтың шоғырлануы 0,3 коэффициентті құрайды. Бұл көрсеткіш Ырғыз селолық округінде 1,1, Аманкөл (1,0) Қызылжар (0,8), Құмтоғай (0,5), Нұра (0,2) және Тәуіп, Жайсаңбай селолық окруттерінде 0,3. . Аудан тұрғындары 100% село халқына жатады.
Тұрғындардың Ырғыз селолық округінде 45,1%, Аманкөл селолық округінде 12,9%, Қызылжар селолық округінде 15,6%, Құмтоғай селолық округінде 8,1%, Нұра селолық округінде 8,6%, Тәуіп селолық округінде 6,3%, Жайсаңбй селолық округінде 3,4% шоғырланған. Оның ішінде аудан орталығы Ырғыз селосында барлық тұрғындардың 38,2% орналасқан.
Аудан бойынша 190 заңды тұлғалардың 95,0 пайызы Ырғыз селосында орналасқан.
1-кесте. Ырғыз ауданының аумақтық-кеңістіктік дамуының стратегиялық бағыттары
Типі
|
Мағыналы АЕМ
|
Даму үшін потенциал
|
Оңтүстік дәліз
Актобе – Кызылорда – Шымкент – Тараз – Алматы
|
Қалыбай а.
Құмтоғай а,
Ырғыз а.
| -
«Батыс Европа- Батыс Қытай» мегажобасының бөлігі
-
Ауылшаруашылық өнімін өндіру орталығы
|
Ауылдық аумақты дамыту
2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру барысында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді:
«Ауылдық елді мекендерді модельдеу», «Ауылшаруашылық өндірісінің өсуі және экономикалық қызмет саласын кеңейту», «Инженерлік инфрақұрылымды дамыту», «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту», «Ауылдық аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету».
2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру кезеңінде
4 АЕМ, онда тұратын 6,5 мың адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды;
2 мектеп, 2 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пунктер салынды, 5 денсаулық сақтау және 35 білім беру объектілері күрделі жөндеуден өткізілді.
8 АЕМ -де 16 мәдениет нысандары ашылды, 1 кітапхана, 6 селолық клубы, 2 мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жүргізілді.
«Ырғыз-Нұра» автожолының бойындағы орналасқан Ырғыз өзеніндегі көпір қайта жарақтандырылды.
Ауылдағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 2004-2010 жылдары 47,5 млн тенге бөлінді.
Даму проблемасы:
-аудан мүлдем газбен қамтылмаған;
-сапалы ауыз сумен толық қамтылуы-25%
-жергілікті маңыздағы автоджолдардың жарақтылығы-44%
- канализация құбырлары жүргізілмеген;
- мектептердің бейімделген ғимараттарда орналасуы-78,3%
2.2.5. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін басқару жүйесінің дамуы
Жергілікті мемлекеттік басқару
Ырғыз ауданында 2010 жылдың 1 желтоқсанындағы штаттық кесте бойынша 91 мемлекеттік қызметші бар (2010 жылдың 1 қаңтарына - 107), оның ішінде: саяси мемлекеттік қызметшілер – 8 (8), әкімшілік мемлекеттік қызметшілер – 88 (99). 2010 жылдың 1 желтоқсанындағы мемлекеттік қызметші әйелдер саны – 35 (49) немесе 39% (45,7%).
Ырғыз ауданындағы саяси мемлекеттік қызметшілердің деңгейі 2006-2008 жылдар аралығында 7 адам деңгейінде болды. 2008 жылдан саяси мемлекеттік қызметшілер –8 адам болды. Саяси лауазымдарға саяси мемлекеттік қызметшілер реестрінде белгіленген саяси мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымдар жатады. Бұлар – аудан әкімі және селолық округ әкімдері.
Ырғыз ауданындағы мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 41,3 жас. 2010 жылдың 1 желтоқсанына 30 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер – 15 (15%), 30 жастан 40 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер – 26 (27%); 41 жастан 50 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер – 30 (31%), 50 жастан жоғарылар – 22 (27%) құрайды.
Әкімдік облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі басқаратын алқалы атқару орган болып табылады. Әкімдіктер өз құзыреттері шегінде тиісті аумақтарда жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады.
Электронды үкімет Бағдарламасын іске асыру бағытында Ақтөбе облысының электронды әкімдігінің web-сайты жұмыс жасауда (оның ішінде, Ырғыз ауданының web-сайты), ол арқылы тұрғындар өңірдегі жағдай туралы ақпараттар алуға қол жеткізіп отыр.
2011 жылдан бастап Ырғыз ауданында жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарының тиімділігін анықтау Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығымен бекітілген облыстық, республикалық маңызы бар қала, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының жыл сайынғы бағалау Жүйесімен (бұдан әрі – Жүйе) бағаланатын болады. Осы Жарлыққа сәйкес Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органы 2011 жылдан бастап аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметтерінің тиімділігіне бағалау жүргізеді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы аудандар, ауылдық (селолық) округтерде, ауылдық (селолық) округ құрамына енбеген ауыл (село), поселке аумақтарында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 89-бабында жергілікті өзін-өзі басқару органдарына заңға сәйкес мемлекеттік функцияларды атқару жүктелуі мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру және оның қызметі Заңмен реттеледі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өз өкілеттіліктері шеңберінде дербестікке заңмен кепілдік беріледі.
Жергілікті мәселерді шешу үшін жергілікті тұрғындармен сайланатын мәслихаттар өкілетті орган ретінде жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болып табылатыны, заңмен белгіленген. Осы орайда әкімдер жергілікті өзін-өзі басқару жүйесімен араласа және бір мезгілде жергілікті мемлекеттік басқаруды орындай отырып, жергілікті маңыздағы мәселелерді де шешеді.
Гендерлік даму
2010 жылдың 1 қаңтарына аудан тұрғындары 14771 адамды құрады, оның ішінде әйелдер - 7444 немесе 50,4 %, ер адамдар – 7327 немесе 49,6%.
Шешімдерді қабылдаудағы әйелдердің алатын үлесі төмендегідей: 1 әйел - аудандық мәслихат депутаты, 1 әйел бөлім бастығы, 17 әйел мекеме-кәсіпорын басшылары.
Мемлекеттік қызметте 42 әйел қамтылған, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің 46,1%, оның ішінде 1 әйел басшы лауазымда.
Аудан әйелдерінің жыл өткен сайын өз істерін ашу мен өркендетуге қызығушылықтары байқалуда. Аудан кәсіпкерлерінің жалпы санының 29,2% астамы әйелдер. Әйел кәсіпкерлердің көпшілігі қызмет көрсету саласын қамтып, қоғамдық тамақтану, сауда, шаштараздарда, тігін цехында өз бизнестерін ұйымдастыруда.
1999 жылдан бастап аудан әкімі аппараты жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Комиссия жұмыс жасап келеді. Комиссия гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыруда әйелдердің экономика, саяси және қоғамдық өмірге белсене қатысуына, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында нақты жұмыстар атқарып отыр. Осы бағытта түрлі акциялар, «дөңгелек үстелдер» және рейдтер ұйымдастырып, өткізуде.
Бұқаралық ақпараттар құралдарында әйелдердің қоғамдағы ролін жоғарылату, гендерлік теңдік, бизнестің әлеуметтік жауапкершігін арттыру, отбасылық бизнесті тарату және өркендету бағыттарында тұрақты ақпараттандыру жүргізілуде. 2010 жылы гендерлік саясатты қамтитын 4 материал жарық көрді.
Күшті жақтары:
1.Жұмыссыз әйелдер санының азаюы;
2.Экономикалық белсенді тұрғындардың сапында әйелдер санының көбеюі;
Әлсіз жақтары:
1.Шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің арасалмағының аз болуы;
Мүмкіндіктері:
1.Әйелдерді кіші және орта бизнеске тартуға мүмкіндіктер жасалуы;
Қауіптілігі:
1.Әйелдердің жас белгілері бойынша еңбек нарқында қажеттілігінің төмендеуі.
Бюджет
Жергілікті бюджет экономика мен әлеуметтік жүйенің дамуының маңызды құралы болып табылады. Оның көмегімен мемлекеттік ұйымдар жалпы ұйымдардың құрылымын өзгертуі мүмкін, шаруашылықтардың нәтижесіне ықпал етеді, әлеуметтік өзгерістерді іске асырады. Бюджеттік жоспарлау үйлесімді анық мемлекеттік жоспарлаумен іске асырылады: мемлекеттік бағыт – мемлекеттік ұйымдардың стратегиялық бағыты – тактикалық есептер – шара – ресурстар – бюджет.
2007 жылы бюджет кірісінің болжамы 1052393,0 мың теңге болса, түсім 1083807,2 мың теңгені құрады, немесе 103 пайызға орындалды. Оның ішінде жергілікті салықтар мен алымдар болжамы 95500,0 мың теңге болса, түсім 129246,4 мың теңгені құрады, немесе 135,3 пайызға орындалды. Бюджеттің шығыстар болжамы 1042729,0 мың теңге болса, орындалуы 1037402,9 мың теңге, немесе 99,5 пайызға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 138538,8 мың теңге нысаналы трансферт бөлініп, 138521,0 мың теңгесі игерілді. Облыстық бюджеттен 128988,0 мың теңге нысаналы трансферт бөлініп, 126120,0 мың теңгесі игерілді.
2008 жылы бюджет кірісінің болжамы 1537620,0 мың теңге болса, түсім 1543413,5 мың теңгені құрады, немесе 104,4 пайызға орындалды. Оның ішінде жергілікті салықтар мен алымдар болжамы 111548,0 мың теңге болса, түсім 117341,5 мың теңге болды, немесе 105,2 пайызға орындалды. Бюджеттің шығыстар болжамы 1573360,8 мың теңге болса, орындалуы 1564197,6 мың теңге, немесе 99,4 пайызға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 239158,4 мың теңге нысаналы трансферт бөлініп, 239149,9 мың теңгесі игерілді. Облыстық бюджеттен 334635,6 мың теңге нысаналы трансферт бөлініп, 329088,0 мың теңгесі игерілді.
2009 жылы фискалдық саясат экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету мен халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған. 2009 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің кірістер болжамы 2387842,9 мың теңге болса, түсім 2396208,6 мың теңгені құрады, немесе 100,4 пайызға орындалды.
2009 жылы бюджеттің шығыстар болжамы 2399799,7 мың теңге болса, орындалуы 2357099,1 мың теңге, немесе 98,2 пайызға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 714630,9 мың теңге нысаналы трансферт бөлініп, оның 672205,9 мың теңгесі игерілді. Облыстық бюджеттен 378312,0 мың теңге нысаналы трансферт бөлініп, 378310,5 мың теңгесі игерілді.
Бюджеттің шығысы 2008 жылмен салыстырғанда 53,2 пайызға немесе 832011,0 мың теңгеге ұлғайды. Шығыстың басым бөлігі әлеуметтік жүйені қаржыландыруға бағытталған.
Аудан бойынша 62 мекеме қызмет жасайды. Оның ішінде; 44-і мемлекеттік мекеме, 17-і мемлекеттік қазыналық коммуналық кәсіпорын, 1-уі шаруашылық құқындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын. Жыл басынан 18 мекемемен жалдық ақы келісім шарты жасалды. Келісім шарттың жылдық есебі 3155,1 мың теңгені құрайды.
Бюджет шығыстарының салалар бойынша талдауы
/мың теңге/
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
Шығындар
Жалпы тұрғыдағы мемлекеттік қызметтер
Қорғаныс
Білім беру
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау,тжер қатынастары
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
Көлік және коммуникация
Басқалары
Трансферттер
|
1564197,6
125743,1
1989,0
860444,2
89660,0
57480,5
95472,7
181054,6
15087,4
127895,9
9282,7
87,4
|
2396208,6
123649,3
4393,0
1441148,7
108362,1
60049,3
97379,8
454526,3
7874,7
51414,9
8284,8
16,1
|
Негізгі проблемалары
Қазіргі уақытта қазынашылық қызмет көрсету саласында жыл сайынғы бюджет көлемінің артуына байланысты туындайтын қазынашылықтағы өңделетін төлем құжаттары айналымының ұлғаюына байланысты проблема туындауда.
Негізгі проблема құжаттарды өңдеудегі және трафиктің өсуіне және жүйенің өнімділігіне жүктеменің артуына байланысты есептілік нысандарын беруде іркілістер болып табылады.
Осыған байланысты, қаржы құжаттарының өсу қарқынын ескере отырып, ақпараттық қазынашылық жүйесін электрондық құжат айналымына кезең кезеңімен көше отырып, бюджеттік баєдарламаларды атқару процесінде қазынашылық пен мемлекеттік мекеме арасындағы өзара іс-әрекет бөлігінде жетілдіру жөніндегі міндеттер көзделген.
Мемлекеттік сатып алу тендерлерін қалыптастыру бөлігінде де сауда-саттық жүргізудің созылмалы процесіне және конкурстардың өтпей қалуы жағдайында бюджет қаржысының кейін толық игерілмеуіне байланысты проблемалар анықталды. "Электрондық мемлекеттік сатып алу" ақпараттық жүйесіне кезең-кезеңмен өту өз кезегінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлатуға және бюджеттердің уақытылы орындалуын жоғарылатуға әкеледі.
Келесі жағынан, бюджеттің уақтылы орындалмау проблемасын шешу, рәсімдеу мәселелерін оңайлатуға ғана байланысты емес, көптеген мемлекеттік органдар өздеріне бөлінген қаржылық қаражаттарды әрқашан тиімді пайдаланбайды және белгіленген мақсатына пайдаланбау да жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда елдегі ішкі бақылау жүйесінің тиімді қызмет ету проблемасы туындайды.
Ішкі саясат
Ішкі саясат саласындағы маңызды бағыттар: аймақта ішкі саяси тұрақтылықты және қоғамдық келісімді сақтау, елімізде және ауданда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды идеологиялық қамтамасыз ету, мемлекеттік саясатты тиімді ақпараттық жүргізу.
«Қазақстан-2030» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарын дамытушы және нақтылаушы құжат ретіндегі Республика Президентінің Жолдауын насихаттауда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Мемлекеттік саясатты және реформалардың бағыттарын түсіндіру және насихаттау аудан әкімі жанындағы мамандандырылған ақпараттық насихаттық топтардың күшімен жүзеге асырылып келеді.
Ауданда құрамында 31 мүшесі бар 7 ақпараттық-насихаттық топтар жұмыс жасайды.
Аумақта болып жатқан қоғамдық-саяси процестердің даму тенденциялары мен қоғамдағы жағдайды конфессияаралық және этносаралық қатынастарды терең зерттеу мақсатында бөлімде жүйелі түрде мониторинг жасау механизмі жасақталған.
Осы мақсатта әртүрлі категориядағы тұрғындардың идеологиялық мәдени және рухани қажеттіліктерін, ауданның өміріндегі проблемалық сұрақтарының шешілу жолдарын анықтау үшін тақырыптық әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі.
Ауданда әлеуметтік-маңызды бағыттардың бірі-азаматтық қоғамның дамуына жағдай жасау.
1 ҮЕҰ «Жас қыран» қоғамдық бірлестігі жұмыс жасайды. Ауданда 4 саяси партиялардың аудандық филиалдары бар. Олардың ішінде ең ықпалдысы-«НұрОтан» ХДП-ның аудандық филиалы.
Жастар саясаты
Аудан халқының 27,8%-ін құрайтын 4171 ауыл жастары бар. Бүгінгі күні аудан жастарының мүддесін қорғау үшін «Жас қыран» жастар ұйымы тіркелген.
Жастар саясаты саласындағы проблемалар.
Сапалы білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету-жастар арасындағы басты проблема-болып отыр. Жастар саясатын жүргізуде кадрлық ғылыми немесе ақпараттық қамтылуының жетіспеуі-жергілікті деңгейде жастар саясатын тиімді жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Ықтимал қауіп-қатерлер:
-аудан халқының әлеуметтік оптимизм деңгейінің төмендеуі.
-аймаққа лақап діндердің кіруі және таратылуы мүмкіндігі.
Қоғамдық қауіпсіздік және қылмыстың алдын алу
2010 жылдың 11 айы ішінде Ырғыз аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік инспекторларымен қылмыстың алдын алу, қоғамдық ақуалды сауықтыру мақсатында төмендегідей профилактикалық жұмыстар атқарылды.
Ырғыз аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бойынша профилактикалық есепке алынған азаматтармен олардың қылмыс жасауының алдын алу мақсатында, тұрғылықты жерлері бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп келеді, атап айтқанда бұрын сотталғандығы үшін профилактикалық есепке алынған 10 азаматпен олардың тұрғылықты жерлері бойынша үнемі тексеру жұмыстары өткізіліп тұрады, оларға құқық бұзушылығы үшін әкімшілік қадағалауға алынатындығы туралы ескерту жасалынды.
Ырғыз аудандық ауруханасымен бірлесе отырып, маскүнемдігі үшін профилактикалық есепке қойылған 44 азаматпен, олардың жанұя мүшелерімен байланыс орнатылған , жыл басынан бері 4 азаматқа қатысты еріксіз емдеу мекемесіне жіберу мақсатында тиісті құжаттары жинақталып, аудандық сотқа жолданып, аудандық соттық қаулысымен 3 азамат түрлі мерзімдерге еріксіз емделу орталығына жолданды.
Жанұя жағдайында жасалынатын қылмыстардың алдын алу мақсатында учаскелік инспекторлармен және патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінде жан ұя шырқын бұзушы ретінде тамыз айы ішінде профилактикалық есепке 8 азамат қойылып, Қазақстан Республикасы «тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу туралы Заңына» сай жанұя жағдайында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 28 «қорғау ұйғарымы» беріліп. олардың тұрғылықты жерлері бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, олардың жан ұя жағдайында қылмыс жасауының алдын алу мақсатында шаралар алынуда.
Қараша айы ішінде учаскелік инспекторлармен азаматтардан қабылданған әкімшілік құқық бұзушылық туралы арыздар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 1 бөлігіне сай, яғни жан ұя жағдайында , туыстық қатынастағы азаматтар арасындағы құқық бұзушылық бойынша 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып аудандық сотқа жолданып тиісті шешімі қабылданып, 1 азаматқа қатысты әкімшілік айыппұлдар салынып , 2 азамат әкімшілік қамауға алынды.
Жыл басынан бері учаскелік инспекторлармен қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, барлығы 710 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (2009 жылы 744 хаттама) толтырылып , 646 әкімшілік қаулы алынып, 551104 теңге әкімшілік айыппұл салынып , оның 466723 теңгесі өндіріліп алынды, оның ішінде қоғамдық орында арақ ішкен мас күйінде жүргені үшін 402 әкімшілік хаттама (2009 жылы 443 хаттама), көше тазалығын сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 387 бабының 1 бөлігіне сай 73 әкімшілік хаттама (2009 жылы 49 хаттама, төл құжат ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 377 бабының 1 бөлігіне сай 51 әкімшілік хаттама толтырылды.
Учаскелік инспекторлармен жыл басынан 151 арыз-шағым қаралып оның 12 арыз бойынша қылмыс оқиғалары анықталып, тергеу бөлімшесіне жолданды, 23 арыз бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулысы шығарылды.
Қоғамдық орындарда, мас күйінде жасалынатын қылмыстардың алдын алу, оның ішінде бұзақылықтың алдын алу мақсатында учаскелік инспекторлар, кешенді полиция күштерінің патрульдік наря қызметкерлерімен бірлесе отырып, қоғамдық орындарда, жастар көңіл көтеретін орындарда патрульдік қызмет жұмыстарын атқарып, қылмыстың алдын алу мақсатында профилактикалық іс шаралар атқаруда.
Қылмыс оқиғасының негізінен түн мезгілінде болатындығы ескеріліп полиция қызметкерлерінен түн мезгілінде «Күзет» бөлімінің қызметкерлерінін қатыстыра отырып, түнгі патрульдік наряд жұмысы ұйымдастырылды.
Ырғыз аудандық ауруханасымен байланыс орнатылып , оның ішінде жүйке ауруына шалдыққан азаматтарды тиісті есепке алып, олармен жасалынатын қылмыс оқиғаларының алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында учаскелік инспекторлармен жыл ішінде жүйке ауруымен есепте тұратын азаматтарды тиісті емделу орындарына жеткізу жұмыстары атқарылып, жыл басынан бері учаскелік инспекторлардың тікелеу қолдауымен Ақтөбе қаласына жын-науқас ауруханасына жеткізілді.
Ырғыз аудандық ішкі істер бөлімінің табиғат қорғау және ветеринария саласы бойынша жыл ішінде бірқатар жұмыстар атқарылды, Ақтөбе облыстық балық шаруашылығын қорғау басқармасының инспекторларымен бірлесе отырып, 5 рейдтік тексерулер ұйымдастырылып балық аулау ережесін бұзғаны үшін 10 азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы алынып, 38610 теңге айыппұл салынып , оның 35106 теңгесі өндіріліп алынды.
Рұқсат беру лицензиялау саласы бойынша Ырғыз аудандық ішкі істер бөлімінде жеке қару иесі есебінде тұратын 147 азаматтардың жеке қаруларының сақталуы 169 рет тексеріліп , қару сақтау ережесін бұзғаны үшін 17 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 369 бабының 1 бөлігімен әкімшілік қаулы шығарылып , әкімшілік айыппұл салынса , 4 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 371 бабының 1 бөлігімен әкімшілік қаулы шығарылып , әкімшілік айыппұл салынып, ҚР ӘҚБтК-нің 368 бабының 1 бөлігімен 4 азаматқа қатысты іс құжаттары аудандық сотқа жолданып әкімшілік айыппұлдар салынып, жыл басынан барлығы 25 әкімшілік құқық бұзушылық анықталынып әкімшілік шарасы алынды.
Аудандық қылмыстық атқару инспекциясында шартты түрде сотталған 11 азаматпен олардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп , ҚАИ инспекторына мәлімдемемен етіліп хабарландыру жұмыстары атқарылуда.
Ырғыз аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы тобының қызметкерлері 2010 жылдың 11 айында әр түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасап,жол жүру ережесін бұзғаны үшін 267 адамға әкімшілік хаттамалар толтырып, шарасы алынды, оның ішінде алкголен масаю күйінде автокөлік жүргізгені үшін 33 жүргізушіге тиісті материалдар жинақталып сотқа жолданды. Осы аталған уақыт ішінде толтырылған хаттамалар негізінде барлығы 1562969 теңге айыппұл салынып, оның 1408952 теңгесі өндірілген.
Осы уақыт ішінде жол полициясы саласы бойынша 5 жол-көлік оқиғасы тіркелген.Сонымен қатар, жол полиция қызметкерлері,ІІБ-нің басқа саласы бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықты анықтау, қылмысты болдырмау, болған қылмыстардың дер кезінде бетін ашу мақсатында жұмыстар жүргізілді.
Алайда жасалған жұмыстарға қарамастан, қылмыс жасау және жол-көлік оқиғасы өткен 2009 жылмен салыстырғанда өсімді көрсетті.
2.3 Негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, аумақтардың орта мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелес артықшылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы
Ырғыз ауданының 2004-2009 жылдар аралығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау нәтижелері аймақтың даму диамикасының өсуін көрсетеді.
Артықшылықтары:
-
Ауданның географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы, Батыс Еуропа-Батыс Қытай бағыты бойынша транспорттық-логистикалық және транзиттік потенциалының болуы;
-
Жағымды инвестициялық климат, инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейі, негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсуі;
-
Жоғары демографиялық потенциалы;
-
Еңбек нарығының дамуы: еңбек ете алатын халықтың басым болуы, жұмыссыздықтың деңгейін азайтады, экономикалық белсенді халықтың санын өсіреді.
Кемшіліктері:
-
Жер құнарлығының деңгейінің төмен болуының себебі: агроөндірістік кешенінің дамымай қалғандығы, көп аймақтардағы су тапшылығы, ауыл-шаруашылық тауарларын өндірудің табиғи-климаттық жағдайларға тікелей байланысты болуы және ауыл-шаруашылық тауарларын өндірушілердің сату нүктелерінен қашық болуы;
-
Жоғарыдағы себепке байланысты ауыл-шаруашылын қолдаудағы жеке қызығушылығының бар болуы;
-
Азаматтардың тұрғын үйге тапшы болуы;
-
Аймақ аралық жолдарының сапасы төмен болуы;
-
Еңбек қорларындағы кәсіптік-дәрежелік құрылымының экономика талаптарына сай болмауы, кәсіптік білім беру саласындағы мамандарды дайындаудағы көлем мен бағытының арасындағы байланысының жоқ болуы;
-
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілер жүйесінің аз дамуы, алыстағы ауылдық жерлеріндегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жетуінің қиындығы;
-
Кірістің бір жанға деген бөлінуінің бірқалыпсыздығы;
-
Ауылдық жерлердегі білім беру деңгейінің төмен болуы;
-
Аталмыш саладағы әлеуметтік инфрақұрылым қызмет көрсету саласының төмен болуы;
-
Мемлекеттік органдар мен халық арасындағы жедел байланысының жоқ болуы.
Мүмкіндіктері:
-
Кластерлернегізіндегіауылөндірушілердіңкооперацияпроцесінбелсендіруарқасындаөндіріскөлемінжәнеауыл-шаруашылықшикізатөңдеудәрежесінарттыру;
-
Бюджеттікқаражаттардыпайдаланутиімділігінарттыру;
-
Жергіліктіатқарушыоргандардыңқызметініңтиімділігінжылдықбағалаужүйесінендіруарқасындажергіліктімемлекеттікбасқаруқұрылымынжетілдіру, барлықдеңгейдегіәкімдердіңжауапкершілігінарттыру;
Қауіпті тұстары:
-
Энергия жетіспеушілігінің сақталуы нәтижесінде аудан экономикасының даму жылдамдығының баяулануы;
-
Технологиялық тұрғыдан артта қалу, аймақтық экономикасының салалық диспропорциясы мен шикізаттық экспорттың үлесі жоғары болуына байланысты ішкі нарығының импорттық тәуелділігінің артуы;
-
Қаржы-несие жүйесінің тұрақсыздығына қарамастан құрылыс саласы жағдайының сақталуы;
-
Аймақ экономикасының шикізаттық бағытталуының сақталуы;
-
Желілердің тозу деңгейінің жоғары қалпында сақталудағы тұрғындардың өмір сүру деңгейінің және бизнес жүргізу шарттарының нашарлауы;
-
Ауыл тұрғындарының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызмет көрсетулеріне тапшы болуы ауылдық жерлердегі адам потенциалының төмендеуіне әкеліп соқтырады;
-
Жергілікті атқару органдарының аймақтық стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарының құрастыру сапасының төмен болуы;
-
Жаңа жоспарлау жүйесіне көшудегі басқармалардың дайын болмауы;
-
Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шараларын енгізудегі алатын теріс нәтижелері.
Достарыңызбен бөлісу: |