Қоршаған ортамен таныстыру
|
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер:
-күзгі, қысқы табиғатты, олардың қарапайым өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту;
-адамдардың күзгі, қысқы әрекеттеріне балалардың зейін аудару дағдыларын қалыптастыру.
|
Құрастыру
|
Құрылыс материалдарынан құрастыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
- орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру;
- сызбаны қолданып, ірі және ұсақ құрылыс материалынан құрастыру;
- үлгі бойынша құрастыру;
- умаждау, жырту, шиыршықтауды қолданып, қағаз парақтарын көлемді пішіндерге айналдыру.
|
Сурет салу
|
Сюжеттік сурет салу:
- қоршаған ортаның әсемдігіне, өнер туындыларына, тұрмыстық заттарға, қазақ және басқа халықтардың ойыншықтарына эмоционалды-эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру.
- қарапайым табиғат құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге машықтандыру.
|
Мүсіндеу
|
Заттық мүсіндеу.
Ермексаздың, сазбалшықтың, қамырдың кесектерінен мүсіндеудің келесі дағдыларын қалыптастыру:
-түрлі тәсілдерді қолданып бейнелеу;
- түрлі пішіндегі таныс заттарды және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып,
үлгісі мен елестетуі бойынша көлемін жасау;
|
Жапсыру
|
Сюжеттік жапсыру:
-барынша күрделі заттарды, жануарлар пішінін бейнелеу, заттарды қағаз бетінде
орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру;
-дөңгелектерді және сопақша пішіндерді қию дағдыларын жетілдіру. Тар жолақтарды көлденеңінен қию, шаршыдағы бұрыштарды қиюды бекіту.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |