Бағдарламасы Орындаған: Молдабаева А. Тобы: дпмно-101в


сынып оқу пəнінің базалық мазмұны



бет3/14
Дата23.12.2022
өлшемі57.38 Kb.
#467818
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Химия п нінен 8 – сынып о ушыларына арнал ан п. . д академик В.

4. 8 сынып оқу пəнінің базалық мазмұны:
І – тақырыпАлғашқы химиялық ұғымдар (18 сағат):
ІІ – тақырып Атомның ұүрылысы. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элемен-ттердің периодтық заңы және периодтық жүйесі. Химиялық байланыс.(14 сағат)
ІІІ – тақырып Ауа. Оттегі. Жану. (8 - сағат).
ІV – тақырып Сутегі. Тотығу – тотықсыздану реакциялары. (6 - сағат)
V – тақырып Су. Ерітінділер. (8 - сағат)
VI – тақырып Бейорганикалық заттардың негізгі кластары. (14 - сағат)
Ғылыми тұрғыдан негізделген В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы мұғалім қызметін екі кезеңге бөледі.
1.Оқу процесін жобалау кезеңі.
2.Осы жобаны іске асыру кезеңі.
Бірінші кезеңде мұғалім оқу материалын шағын мақсаттар жүйесі ретінде көрсетеді. Бұл шағын мақсаттарға жету-жетпеуін жазбаша жұмыстар арқылы тексереді, яғни болжам жоспарланады. Болжамнан оқушылар жақсы өтуі үшін, мұғалім оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге алдын-ала тапсырыстар береді. Екінші, яғни жобаны іске асыру кезеңінде мұғалім оқу процесінің нақтылы жағдайларын ескере отырып, жобаны жүзеге асырады. Оқу процесін жобалаудағы негізгі объекті – оқу тақырыбы. Бұл оқу тақырыбының көлемі, тақырыптың күрделілігіне байланысты 6-7 сабақтан, 22-24 сабаққа дейін болуы мүмкін. Технологияда оқу процесін жобалаудың толық және бөлшектелген көрінісін технология-лық картадан көруге болады. Технологиялық карта 5 бөліктен тұрады: мақсат қою, болжам, үй жұмысын мөлшерлеу, логикалық құрылым, түзету.
Технологиялық картаның әр бөлшектері қандай жұмыс атқаратынын қарастырайық.
1.Мақсат қою. Берілген тақырыпқа қойылатын білім стандарттарының талабын жүзеге асырып жүрген бағдарлама мазмұнын талдай отырып, шағын мақсаттар қарастырылады. Тақырыптар көлеміне және оның күрделілігіне байланысты шағын мақсаттар саны 2-ден 5-ке бейін болуы мүмкін. Арнайы технологиялық ұйғарым бойынша әр шағын мақсатқа сәйкес өзіндік жұмыс құрастырылады.
2.Болжам. Бұл өзіндік жұмыстардың, яғни болжамның, ерекшелігі мынада: тексерудің және оқушылардың жетістіктерін бағалаудың қарапайымдылығы. Болжам екі түрлі тапсырмадан тұрады: білім беру стандарты деңгейіндегі тапсырма және тереңдетілген тапсырма. Болжамның 1-ші және 2-ші тапсырмалары стандарт деңгейімен сәйкес қарастырылады, ал 3-ші тапсырмада «жақсы» деген бағаға сәйкес, 4-ші тапсырмада «өте жақсы» деген бағаға сәйкес тапсырмалар беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет