элективті курс, гимназиялық (лицейлік) компоненттің арнайы курстары
БАҒДАРЛАМАСЫ
ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ XX ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ
ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ – АҒАРТУ ІСІНІҢ ДАМУЫ
10 - сынып оқушыларына арналған
(барлығы 34 сағат, аптасына - 1 сағат)
Рашева Гульжан Умирзаккызы
Қ.А. Яссауи атындағы №123 мектеп - гимназияның
тарих пәні мұғалімі, тарих ғылымдарының кандидаты
Пікір жазған:
Акынова А.П. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы
Азербаева А.Т. Қ.А. Яссауи атындағы №123 мектеп - гимназияның тарих пәні мұғалімі, педагог – зерттеуші
Түсініктеме хат мазмұны
Тарих ғылым, пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәжірибесін баяндайды. Тарихи білім әр адамға қажет. Тәуелсіз Қазақ мемлекеттілігінің жағдайында ұлттық сананы жаңғыртып, тарихи танымның көкжиегі кеңейту үшін халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын жаңаша көзқараспен өскелең ұрпаққа жеткізуді қажет етеді.
Осыған байланысты отан тарихында әлі де үстірт қарастырылған мәселелер аз емес. Соның бірі Түркістан өлкесіндегі XX ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ халқының мәдени-ағарту ісінің дамуы. Өйткені Түркістандағы қазақ зиялыларының ағартушылық қызметін айқындап берген ең басты мәселе тереңде жатқан тарихи, саяси, ұлттық және мәдени дәстүрлерге сүйенетін бостандық, тәуелсіздік және отаршылдық езгіден құтылу идеясы болды.
Осыдан болар әрбір тәуелсіз, дамыған ел өз мемлекетінің, халқының тарихын оқытып үйретуге, алдымен мектепте оқытуға ерекше мән береді. Жалпы білім беретін негізгі мектепте тарих пәнінен қосымша білім берудің маңызы зор.
Орта мектептерде тарих сабақтарын оқытқанда тарихи кезеңде, Түркістан өлкесіндегі XX ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ халқының мәдени-ағарту ісінің дамуын танып білу, баға беру өте маңызды. Курсты оқу арқылы оқушылар XX ғасырдың бірінші ширегіндегі Түркістан өлкесінің Сырдария, Жетісу облыстарындағы қазақ халқының мәдени-ағарту ісінің дамуына өзіндік баға беруге тырысады. Оқушылар курсты оқу барысында түп деректерге, түп деректерді тану мәселелеріне, зерттеулерге, мақалаларға ерекше көңіл бөледі, анықтайды, талдайды, зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |