Бағдарламасы түркістан өлкесіндегі XX ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ халқының МӘдени ағарту ісінің дамуы



бет2/8
Дата06.10.2024
өлшемі176.4 Kb.
#504351
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Рашева Г.У. Түркістан бағдарлама (Соңғы)

Мақсаты мен міндеттері: Түркістан өлкесінің XX ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ халқының мәдени-ағарту ісінің дамуының ерекшелігін, ұлт тарихында алатын орнын көрсету мақсатында мына міндеттерді іске асыру;

  • Түркістан өлкесіндегі қазақ халқының мәдени-ағарту ісінің дамуын түсіндіру;

  • Аталған кезеңдегі тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты түрлі көзқарастармен танысу;

  • Оқушылардың Түркістан өлкесінің XX ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ халқының мәдени-ағарту ісі туралы білімін кеңейту, тереңдету;

  • Маңызды оқиғалар мен тұлғаларға қатысты өз пікірін қалыптастырып, дәлелдеу, баға беру;

  • Қазақ зиялыларының қызметіне мінездеме беріп үйрену;

  • Отан тарихын оқуға деген қызғушылығын арттыру;

  • Патриоттық сезімін тәрбиелеу.

Бағдарламаның өзектілігі: Түркістан өлкесіндегі XX ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ халқының мәдени-ағарту ісінің дамуымен тереңірек танысу, 11 сыныптарда болатын бақылау сынағы мен ҰБТ- ға дайындық барысында кездесетін мәліметтерге байланысты тарихи оқиғаларға қатысты, сұрақтарға тереңірек дайындыққа негізделген.
Бағдарлама «Мәңгілік Ел» Қазақстан халқының жалпы ұлттық идеясының жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатындағы құндылықтар: қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, сыйластық, бірлесе жұмыс жасау, еңбек және шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу қағидаттары назарға алынған.
Бағдарламада XX ғасырдың бірінші ширегінде қазақ даласында оқу-ағарту және жоғарғы білім беру ісі мәдениет саласындағы ең артта қалған және берекесі Түркістан өлкесі туралы мәселе қарастырылған. Бұл өлкеде халықтың басым көпшілігінің сауаттылық деңгейі өте төмен деңгейде қалды, олардың сауатын көтеретін педагогикалық мамандардың саны азшылықты құрады. Қазақ зиялылары халық ағарту саласында кешенді және батыл шараларға бара отырып, сауаттылық пен білімнен шеттетілген көпшіліктің сұранысын өтеуге ұмтылады.
Кеңестік жүйенің күшейіп билік жүргізуіне қарамастан, қазақтың зиялы қауымы ұлттық мамандарды дайындау мен жоғарғы оқу орындарын ашудағы мәселелермен шұғылданып, партия басшылығының жетегінде кеткен жоқ. Қазақстанда ашылған алғашқы жоғарғы оқу орындарының тарихында өшпес із қалдырған тұлғалардың бірі Х.Досмұхамедұлы, Т.Рысқұлов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Ж.Асфендияров, Н.Төреқұлов. Т.Жүргенов және С.Садуақасұлының ғылыми еңбектері мен қызметтері орасан зор.
20-шы жылдары Х.Досмұхамедұлы білім-парасаты мен күш қайратын халқына аямай қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетіп, ұлт мәдениетін өркендетуге өзінің қомақты үлесін қосқан нағыз тұлға. Ол 1922 жылы Ташкент қаласында қазақ зиялыларының басын қосып Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің алдына «қырғыз-қазақ мәдениетін» өркендетуді мақсат еткен «Талап» қоғамын құрады. 1923 жылы Х.Досмұхамедұлының бастамасымен ғылыми көпшілікке арналған «Сана» журналы шығарылып, оның алғашқы санында бірнеше мақалалары мен зерттеу еңбектері жарияланады.
Халқымыздың біртуар ұлы Т.Рысқұлов қазақ зиялыларының тарихи тағдырына зор көңіл бөліп, оның пайда болуы мен қалыптасуына және саяси, әлеуметтік, ұлттық және ағартушылық бағдарлардың негізінде олардың атқарған қызметін саралаудан өткізеді.
Осы орайда «Түркістан өлкесіндегі XX ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ халқының мәдени-ағарту ісінің дамуы» курсы мектеп оқушыларының , XX ғасырдың бірінші ширегіндегі Түркістан өлкесіндегі қазақ халқының мәдени-ағарту ісі туралы мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ жас жеткіншектің тарихи жадының қалыптасып, өзіндік ой қорыта алуына бұл пәннің қосар үлесі айрықша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет