Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


КӨЗ АЛДАУШЫ Көзбояушы. Талай жылдар үйренген бұл әдет, қырсаулық, көз  алдаушылық Бәйтеннің бойына мықтап орнаған (Ғ.Мұстафин, Қарағанды)



Pdf көрінісі
бет268/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   348
18.08.2023 dis

КӨЗ АЛДАУШЫ Көзбояушы. Талай жылдар үйренген бұл әдет, қырсаулық, көз 
алдаушылық Бәйтеннің бойына мықтап орнаған (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). 
482. 
КӨЗІНІҢ ЕТІ ӨСКЕН Менменсіді, асып-тасыды, дандайсыды. Көзінің еті өсейін 
деген екен (Б.Тоғысбаев, Асыл адам.). Өз бақытымды қорғаймын. Көзінің еті өскен жігітке 
өз намысын қыздың қалай қорғайтынын көрсетемін – деді Күлше (М.Иманжанов, Менің 
махабб.). Өзге мінін көргіш әулиеге біз де бірдеңе айта алады екенбіз. Көзінің еті өскен 
өзімшілдікке сот құрамын, әділет сотын құрамын, – деді Кәшкен (М.Иманжанов, Менің 
махабб.). Көздерінің еттері өскен екен («Лен. жас.»). 
483. 
КӨК ЕЗУЛІ Мылжың, мыжыма. Көнтек ерін Қодардың қатыны, көк езулі Омардың 
қатыны, Ұлтарақ, Балға, Айнабай, Тарақ, бас қосты бір күн солардың қатыны (Б.Майлин, 
Шығ.).


269
484. 
КӨК ЕСЕК Көнбіс жан, істің құлы, жұмсауға қолжаулық адам. Суық тас әкем тәні 
қара кесек, Жаншылған шешем жаны балшыққа есеп. Көлігі көз ашқаннан көрінгеннің, 
Жаны елік, жүрегі өлік бір көк есек (І.Жансүгіров, Шығ.). 
485. 
КӨК ЖАЛҚАУ Мейлінше еріншек, жұмысқа бойы жар бермейтін. Әрине, біздің 
арамызда көк жалқаулар да жоқ емес («Қаз. әдеб.»). Әлгі Смайыл бір түс жұмысқа шықпай 
қалып едім, мені «көк жалқау» деп қабырға газетіне жазыпты («Лен. жас»). Мен көргем 
жоқ, ондай досты... Тоқтай тұр, Нұрлан, кімнің көк жалқау екенін білерміз әлі!... Асықпа! 
(Н.Ғабдуллин, Шығ.). 
486. 
КӨКАУЫЗ сын. 1. Беталды сөйлей беретін, сөзуар, мылжың. Бұл көкауыз 
мылжыңның жер-жебіріне жетуге бірнеше жол болса, қандай жақсы болар еді («Лен. 
жас»). Ел ішінде атаққа шыққан көкауыз келін Зейнеп... (Б.Майлин, Таңд. шығ.). 2. Шатақ, 
ұрысқақ. Ол кісінің өзі көкауыз, долы болса керек (С.Сарғасқаев, Біз төртеу). Келін мен 
баланың арасын біріктірудің орнына іріткі салатын көкауыз, долы шешелердің әлі де 
кездесіп қалатыны өкінерлік-ақ («Лен. жас»). 
487. 
КӨКБЕТ сын. Ашушаң, ызақор, долы, бетпақ. Ол әлгі сіз айтқандай көкбет емес 
(Д.Исабеков, Қара шаңырақ). Бет-аузын түк басқан көкбет Керімберді сұмдық тұлданды 
(«Қаз. әдеб.»). Қызына ақыл айтып көріп еді, бірақ ана көкбет илігетін емес, сазарып 
отырып алды (Қ.Жұмалиев, Соңғы көш). 
488. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет