2. Мырыш және қалайы жалатылған темір коррозиясы. Екі сынауыққа жартысына дейін дистилденген су құйыңдар да, әрқайсысына 2-3 тамшы сұйытылған күкірт қышқылын және K3[Fe(CN)6] ерітіндісін қосыңдар. Ерітіндіні шыны таяқшамен араластырып, біреуіне мырыш жалатылған темір, екіншісіне қалайы жалатылған темір салыңдар. Қай сынауықта металл пластиналардың шеттері көк түске боялады? Ерітіндіде Fe2+ ионының түзілу себебін түсіндіріңдер. Сутектік деполяризациямен Fe-Zn және Fe-Sn гальваникалық жұбы әсер еткендегі анодты және катодты процестердің теңдеулерін құрастырыңдар. Салыстыру үшін оттекті деполяризациямен Fe-Sn гальваникалық жұбының әсерінің сызбанұсқасын құрастырыңдар.
3. Қорғаныш қабатының ролі. Екі кішкене алюминий пластинкасын мыс (ІІ) хлориді мен мыс (ІІ) сульфаты ерітінділеріне батырыңдар. Қай сынауықта мыстың ығысқанын байқайсыңдар. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Хлор иондарының коррозия процесінің жылдамдығына әсерін түсіндіріңдер.
4. Коррозияны тежеушілердің әсері. Стақанға 10 мл 0,2 н күкірт қышқылын, екінші және үшінші стақанға 10 мл-ден 0,1 н күкірт қышқылын құйыңдар. Үшеуіне де 2-3 тамшы қызыл қан тұзының ерітіндісін қосыңдар. Екінші стақанға 2-3 түйір ингибитор-натрий хроматын салыңдар. Бірінші және екінші стақанға алдын-ала азот қышқылына батырылған темір түйірін, ал үшіншісіне-таттанған темір түйірін салыңдар. Байқалған құбылыстарға түсінік беріңдер.
20. ҚАЛАЙЫ. ҚОРҒАСЫН
ғ 77 жұмыс. ҚАЛАЙЫ
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер:. қалайы, тамшурлар, тұз қышқылы (d=1,19 г/см3), күкірт қышқылы (d=1,84 г/см3), азот қышқылы (d=1,4 г/см3), 0,1 М темір (ІІІ) хлориді, калий гексацианоферраты (ІІІ), қалайы (ІІ) хлориді ерітінділері, 2 М натрий гидроксиді, 0,5 н висмут нитраты,
0,5 н қалайы (ІІ) хлориді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |