Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін - ұлт жанашырларына қарсы көтерілген науқан (ХХ ғ. 30-50жж.)



бет87/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93
Тарих билет

2. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін - ұлт жанашырларына қарсы көтерілген науқан (ХХ ғ. 30-50жж.).
Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді.
1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлтзиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқанқайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады. 1937 жылы 28 желтоқсанда Орталық Комитет «жауапқа тартылғандардың балалары мен туыстарын оқудан шығару туралы» шешім қабылдап, сан мыңдаған жазықсыз балалардың тағдырын ойыншыққа айналдырды.
.
3. Қазақстан Республикасының «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның жүзеге асу барысы.
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда «Интеллектуалды ұлт  2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.бул багдарламанын негизги максаты туалы мемлекет басшысы 2008 жылы 30кантарда болашак багдарламасынын стипендиаттарына арналган форумда малим етти Жобаның мақсаты – жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру, - деп атап өтті Президент.
Жобаны жүзеге асыру негізгі үш бағытты қарастырады. Бұл білім жүйесін инновациялық дамыту, қуатты ақпараттық серпіліс және жастардың рухани тәрбиесі. Соңғы жылдары Қазақстан халқының өмір сүру деңгейінің тұрақты өсуі мен әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктер Орталық Еуропаның бірқатар елдерінің даму параметерлеріне мейлінше жақындай түсуге мүмкіндік жасады. Дүниежүзілік банктің жіктемесіне сәйкес, біздің еліміз кірісі орта деңгейден жоғары мемлекеттердің тобына енгізілді. улттық модернизацияны уақыт талабына сай дамудың үлгісі ретінде қарастыруға болады. Бұл өте нәзік процесс. Өйткені, ол кез келген ұлттың алдына мынандай таңдау қояды - өзіндік ұлттық реңкті жоғалту арқылы немесе өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, заман талабына сай даму жолына түсу. қойылды.
Ұлттық модернизацияның нақты жүзеге асырылуы мен ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттері Президенттің 2004 жылғы «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» атты Қазақстан халқына жолдауында, 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауында және 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауында қойылды.
Сөзін қорытындылай келе Мемлекет басшысы «болашақтықтар» алған білімдерін өздерінің жас тәуелсіз мемлекетінің қалыптасуына үлес қосу үшін берілген бірегей мүмкіндік ретінде бағалауы тиіс екендігін атап өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет