Математикалық диктанттар - бұл білімді бақылаудың бір түрі. Бірақ олар әлі де сирек қолданылады, өйткені студенттерге тапсырмаларды есту қиын. Оқытудағы маңызды міндеттердің бірі-балалардың есту арқылы ақпарат алу, есту арқылы есте сақтау, Ақпаратты өңдеу және түрлендіру қабілетін қалыптастыру. Ақпаратты қабылдайтын біздің қолымызда бар сезім мүшелерінің ішінен есту органы көру мүшесінен кейін екінші орында, сондықтан балаларда оның мүмкіндіктерін дамыту өте маңызды. Математикалық диктанттарды қолдану осы есептерді шешуге көмектеседі.
«Бес саусақ» әдісі - Оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету. Бас бармақ – басты мәселе. Балалы үйрек – бірлесу. Ортан терек – ойлану. Шылдыр шүмек – шынайылық. Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек»— бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым
3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?
5. «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалімдерге көмек ретінде қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, онда оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге тапсырмалар үлгілері берілген.
Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін жинақта берілген тапсырмаларды қолдануына болады. Одан басқа мұғалімдерге қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз бетінше дайындауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге:
оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;
тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін (2-қосымша) ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.
Ф ормативті бағалау сабақта күнделікті жұмыс үрдісінде, үздіксіз жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |