Билет билет билет



бет32/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Билеты МОӘТ-2

Ә) Алгебралық материал. Оқулықта алгебраны оқып-үйренумен байланысты пропедевтикалық дайындық жүзеге асады. Алгебраның теориялық мәселелері келтірілмейді, бірақ алгебраға негіз болатын ұғымдар (график сызу, өрнек, теңдеу, шамалардың арасындағы байланыс, пропорционал шамалар, тура және кері пропорционалдық және т.б.) жүйелі түрде енгізіледі. Сол сияқты есептер шығарғанда, ондағы берілген шамалар мен ізделінді шама арасындағы тәуелділікті табу, амал компоненттерінің өзгеруіне сәйкес, амал нәтижесінің өзгеруін қарастыру ілгеріде функция ұғымын енгізуге дайындықтың нақты мысалдары болып табылады. Функциялық тәуелділік туралы қарапайым түсінік қалыптастыру І бөлімнен басталады, оның 8-параграфы бір шаманың екінші шамаға тәуелді бола отырып өзгеруін көрнекі тәсілмен график сызу арқылы көрсетуге арналған. Тор көзді қағазға белгілі бір масштабпен өлшеніп салынған кесінділер бойынша график салуды, оны түсініп, оқи және зерттеу білуді қалыптастырады. «Координаталар», «координаталар жүйесі» деген терминдер айтылмайды, бірақ қазақ оқушысына таныс емес кейбір ұғымдардың мән-мағынасын ана тілінде дәл, әрі мазмұнды тұжырымдаған. Мәселен, олар «горизонталь ось» және «вертикаль ось» терминдерін сәйкесінше «көлденең шүлдік» және «тіке шүлдік» деп алған.
Жалпы алғанда, алгебралық материал пропедевтикалық мақсатқа бағындырыла отырып, оқулықтың басынан аяғына дейін өзіндік әдістемелік ретпен орналастырылған. B) Геометриялық материал. Оқулыққа геометрияның кейбір элементтері де енгізілген және оның да пропедевтикалық мақсатқа бағындырылғаны аңғарылады. Геометриялық материал оқулықтың IV, V, VII және Х бөлімдерінде берілген. Геометриялық материалдың мазмұнының қазіргі 5-сынып математикасына қарағанда әлдеқайда кең екендігі бірден байқалады. Олардың барлығын игеру ешқандай теоремалар мен дәлелдемелерсіз, практикалық іс-әрекеттер орындау арқылы жүзеге асырылады. Негізінен алғанда, геометриялық білімдерді практикалық жұмыстар арқылы игертуге баса мән беріледі және олар арнайы іріктеліп алынған геометриялық мазмұнды есептер жүйесін шығарумен бекітіліп отырады. Диаграммалар салумен байланысты материалға да көп орын берілген. Олардың екі түрі, бағанды және дөңгелек диаграммалар қарастырылып, оларды салу, түсіну және оқи білу жұмыстары практикалық іс-әрекеттер орындау арқылы игеріледі. Диаграммалар үшін сол кездегі кеңес мектебінің алдына қойылған талаптарға сәйкес, социалистік құрылыстың сандық мәліметтері жан-жақты пайдаланылған. B) Шамалар және оларды өлшеу мәселелері оқулықтың басынан аяғына дейін арифметикалық, алгебралық және геометриялық материалды оқып-үйрену барысында олармен тығыз байланыста енгізілген. II бөлімде метрлік өлшеуіштер жүйесімен таныстыру жүзеге асырылады және ол кесіндінің ұзындығын өлшеумен ұштастырылады, ондық бөлшек ұғымы шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде енгізіледі, сондай-ақ, ескі орыс өлшеуіштерін метр өлшеуіштеріне айналдыру мәселесі қарастырылады. III бөлімде метрлік өлшеуіштер жай бөлшектер мен оларға амалдар қолдануды оқып-үйренумен байланыстырылып отырады. IV, V, VII және Х бөлімдерге бұрышты, ауданды және көлемді өлшеу мәселелері енгізілген. XII бөлім тұтасымен жер бетінде жүргізілетін өлшеу жұмыстарына арналған. Бөлімнің «Өлшеулер» атты соңғы параграфында метрлік өлшеуіштер кестесі мен орыс өлшеулерін метрлік жүйеге ауыстыру кестесі берілген. Г) Есептер. Әрбір бөлімде теориялық мәселелерді бекіте түсу мақсатында «Жаттығулар» деген тақырыптармен практикалық тапсырмалар мен есептер келтірілген. Оқу құралына 795 жаттығу енгізілген, оның басынан аяғына дейін оқушылардың есеп шығаруына көп көңіл бөлінген. Есептердің мазмұны әртүрлі тұрмыстық жағдайларды қамтиды (мектеп тұрмысы; социалистік құрылыс; ауыл шаруашылығы; техника; аймақтану; экономика; география және т.с.с.). Оқулықтын негізгі ерекшеліктерінің бірі – онда пайдаланылған математикалық терминдердің сипатында. Алғы сөзді атап көрсетілгендей, мемлекеттік білім кеңесі бекіткен терминдерден ауытқымауға тырысқан. Онда қазіргі күні пайдаланып жүрген терминдер молынан кездеседі. Сонымен қатар, қолданыстан шығып қалған атаулар да бар: «ортан сан», «шығасы сан», «өсінді», «ортақ ең үлкен бөлгіш сан», «ортақ ең кіші бөлінгіп сан», «өсіру», «кесе сызық», «тұстас бұрыштар», «төрткіл», «үшкіл», «қыйықша» (параллелограмм), «қостабан», «еселік ара», «тең аралық», «құрылымдас шамалар» және т.с.с. Кейбір терминдер оның интернационалдық атауларына фонетикалық өзгерістер жасау жолымен алынған. Мысалы, «математійке», «диағрам», «дійәгнәл», «кәписент», «пірезме», «пурсент», «селендір» және т.б.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет