Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет104/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Ұлыбритания, АҚШ елдерінің мерекелері, дәстүрлері, әдет-ғұрыптары. 
Этикет, ашықтық әлемі – бұл серіктестер, бастықтар, достар, туыстар 
және сүйікті адамдармен қарым-қатынаста көрінетін әдет-ғұрыптары мен 
дәстүрлері [12]. 
Барлық елдерде ресми демалыс күндері болып табылатын қоғамдық 
мерекелерде ұлттық дәстүрлерді көруге болады. Мысалы, «Аналар күні», 
«Пасха», «Рождество» мерекелері жақындарын, достарды, әріптестерді 
құттықтау, салтанатты рәсімдермен, фестивальдармен және т. б. аталып өтіледі. 
Ұлттық дәстүрлерін – бірнеше түрге бөлуге болады:
- Ұлттық дәстүрлер: ұлттық мерекелер, (өзінің бастапқы мағынасын
жоғалтқан) діни мерекелер; 
- Дәстүрлі күнге арналған халықтық мерекелер,
дәстүрлі рәсімдер:
Жеке өмірге қатысты дәстүрлер (баланың дүниеге келуі, үйлену тойы). 
Ағылшындар – мінез-құлқы тарихи тұрғыда қалыптасқан ерекше халық. 
Ағылшын дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бүкіл әлемге танымал. Ағылшындар 
өздерінің эмоцияларын бірінші кездескен адамға байқатпайды. Олар ұстамды, 
өте сыпайы, сондықтан олар бірден эмоцияларын білдіруге асықпайды. 
Дегенімен өте сезімтал халық. Ағылшын кез-келген жағдайда сыпайылық пен 
парасаттылықты сақтауға тырысады. 
Британдықтар үнемі сабырлы және өздерін салмақтылықпен ұстайды. 
Ағылшын дәстүрлері үшін – бұл тамаша тәрбие және әдептілік. 
Ағылшындар өте тәртіпті және үнемі қабылданған ережелерді ұстанады. Олар 
өте позитивті адамдар.Балаларды шынайылық пен ашықтыққа, өз пікірлерін 
еркін жеткізуге тәрбиелейді. 
Ұлыбританиядағы мәдени құндылық – отбасы, олар үйде отбасымен 
уақыт өткізуді жақсы көреді. Отбасылық кеш – ағылшын үшін маңызды. 
Дәстүрлі ағылшын отбасында отбасылық фотосуреттер үнемі сақталады.
Отбасы балалар үшін ең құнды орта болып саналады. 


240 
Ағылшын мәдениетіндегі көгалдандыру. Бұл нағыз Британдық өмірдің 
ажырамас бөлігі. Олар өздерінің сүйікті хоббиіне көп күш жұмсайды
сондықтан олардың үйлерінің айналасын әрдайым күтіп, көгалдандыру 
жұмысымен айналысады. Британдықтар бақшаға ғана емес, үй жануарларына 
да ерекше күтім жасайды. Ағылшындар кішкентай балаларға қамқорлық 
жасайтындықтарын мақтан тұтады. Мектепте оқушыларды табиғатпен 
байланысы және жан-жануарларға деген қамқорлық пен сүйіспеншілікке 
жетелейді.
Ағылшындар өздерінің мерекелері мен дәстүрлерін жақсы көреді және 
құрметтейді: олар ғасырлар бойы қалыптасып, пұтқа табынушылық және 
христиандық рәсімдерді, ресми мемлекеттік күндерді, музыкалық және 
спорттық іс-шараларды өткізуді ұнатады. Бүгінгі таңда мәдени рәсімдері мен 
дәстүрлі рәсімдері сақталған. Барлық ағылшын мерекелерінің өзіндік тарихы, 
символикасы мен рәсімдері бар. Мектепте оқушыларды эстетикалық бағытта 
тәрбиелеуі, ұлттық мәдени рәсімдерді сақтауға жетелейді. 
Жапон ұлтының дәстүрлері. Жапон ұлтының оқшаулануы ұлттық 
сипатта және дәстүрлі өмір салтында көрініс тапқан. Жапондықтардың ұзақ 
өмір сүруі, елдегі зорлық-зомбылықтың төмен деңгейі, халықтың этникалық 
құрамының біртектілігі – бұл бір қарағанда таңқаларлық және ерекше 
қызығушылық тудырады. Қазіргі уақытта Жапония – бүгінгі күнге дейін өз 
дәстүрлерін қастерлейтін және сонымен бірге түрлі технологиялар мен 
экономиканы дамытуда жетістікке жеткен әлемдегі жалғыз империя. Өткеннің 
мұрасы мен болашақ жетістіктерінің осындай керемет үйлесімінің себептері ол 
– жапондықтардың ұлттық мінезінің ерекшелігінен [13].
Жапондықтар консервативті ұстанымымен ерекшеленеді: олар ежелден 
қалыптасқан әдет-ғұрыптар мен мінез-құлық нормаларына адал және басқа 
ұлттардың әдеттері мен дәстүрлерін алуға тырыспайды. Олар үшін Ұлттық 
бірегейлік – бұл тиісті қарым-қатынасқа лайық ерекше мәртебе – құрметпен 
тағзым ету, кездесу мен қоштасу кезіндегі сыпайылық. Ұрпақтар сабақтастығы 
маңызды рөл атқаратын елде үлкендерге және өткеннің мұрасына үлкен 
құрметпен қарайды. Өзге елдің мәдениетінен пайдалы жаңалықтарды ала 
отырып, Жапония ешқашан өздерінің ұлттық ерекшелігіне нұқсан келтірмейді. 
Мектепте ұрпақтар сабақтастығы қатаң сақталған, жастардың бойына сіңіру 
дәстүрлі түрде жүзеге асады.
Жапон мәдениеті ұжымдастыруға бағытталған. Жапондар отбасы 
мүшелеріне, әріптестеріне және олар тұратын басқа да әлеуметтік топтарға 
бауырмалдық танытады. Жапондықтар үлкендерге және одан да беделді 
адамдарға кішіпейілділікпен және сыйласымдықпен, аса құрметпен қарайды. 
Осындай ұжымдастыру және ұжымның өмір сүру жағдайларын жақсартуға 
деген ұмтылыс қатаң этикет пен сыпайылық кодексін сақтауға әкелді. Мектепте 
оқушылардың бойында достық пен ұжымшылдық, кішіпейілдік, бауырмалдық 
қасиеттерге тәрбиелейді. 
Жапондықтар өте сыпайы ұлт, оның әр өкілі туғаннан бастап өзгелерге 
құрметпен қарайды. Олар саналы түрде жеке адамның шекарасын бұзбайды, 
сондықтан біреудің жеке өміріне қызығушылық танытуға, оны басқалармен 


241 
талқылауға, түрлі кеңестермен қорлауға бейім емес және бұндай әрекет оларға 
жат. 
Жапондықтар мектепте балаларын еңбекке деген сүйіспеншілік, парыз, 
жауапкершілік және құрбандық сезімімен жоғары бағалауға тәрбиелейді.
Жасөспірімдердің бойында ұлт ретінде өзін-өзі ұстай білуі және әр жапондыққа 
лайықты тұлғалық тәртіптілік тән.
Жапон менталитетінің ажырамас бөлігі – сұлулықты көруге деген 
құштарлық. Осы мақсатта мектепте және отбасында табиғат сұлулығын және 
адам шығармашылығының жемістерін бағалай білуі ол ұлтының менталитеті 
мен мәдениетінің негізі болып табылады. Жапондар бірнеше сағат бойы 
гүлденген Сакура ағаштарын, Фудзияма үстіндегі күннің батуын, каллиграфия 
сызықтарының мінсіздігін тамашалаудан жалықпайды. Оқушылардың бойында 
ертеден табиғатпен байланысуды үйретеді. Және осыған балалардың 
жастайынан сүйіспеншілігін оятады. Бұл олардың эстетикаға деген 
сүйіспеншілігі, икебана, бонсай, шай рәсімі сияқты өнерде пайда болды. Шай 
рәсімін жапондықтар ерекше бағалайды. Ритуалдағы ең бастысы – шай және 
шыныаяқтарға шай құю шебері. Дәстүрдің негізі буддизм заңдарымен қаланған. 
Күншығыс елінің тұрғындары шай рәсімдерін жақсы көреді және олардың 
барлық ережелерін сақтай отырып, одан шынайы ләззат алады. 
Жапон мәдениеті – бұл таңғажайып елге тән дәстүрлер, әдет-ғұрыптар. 
Ол өзінің тереңдігі мен өзіндік ерекшелігімен таң қалдырады. Соның бірі 
оригами – қағаз парақтарынан түрлі фигураларды бүктеу жапондық өнері. 
Оригами арқылы жапондар өздерінің идеялары мен «өмірдің ұсақ-түйектеріне» 
деген көзқарастарын көрсетеді. Жапон мектептерінде оқушылардың қол 
өнеріне, қағаздан жасалатын бұйымдарға баулу, оларды ептілікке, жылдамдық 
пен икемділікке баулиды. 
Икэбана – гүлді безендіруді жасаудың ежелгі жапон өнері. Оның негізгі 
ұстанымы табиғи сұлулыққты ашу. Жапонияда бірнеше, икебана бағытындағы 
түрлі мектептер бар. Олардың әрқайсысының өз заңдары бар. Жапондық гүл 
шоғы шартты түрде белгіленген үш негізгі элементтен тұрады: «sin, sue және 
hikae». Ең биік бұтақтар аспанды, қысқа – адамды, ең қысқа – жерді бейнелейді. 
Икебана олардың арасындағы қатынасты көрсетеді. Бұл үш жақты тәртіп 
адамдарда жетілуге дамуға деген ұмтылысты тудырады. Икебандағы әр өсімдік 
пен гүлдің өзіндік символдық мәні бар. Жапондықтар төрт «қасиетті» өсімдікті 
– хризантема, орхидея, жас бамбук өсінділері және жабайы өрік құрметтейді 
[13].
Мектепте оқу-тәрбие процесінде табиғатқа деген сүйіспеншілік ерекше 
жоғары орынға қойылған. Мектепте сабақ барысында оқушының бойына 
ұлттық құндылықтармен қатар ұлттық дәстүрлер табиғаттың сұлулығымен 
тығыз байланыста жүзеге асырылып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет