Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет217/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам 
(оқушылармен кезек оқылады) 
Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, 
мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа, әрі ойлы, 
авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. Мысалы: ХХІ ғасыр – білікті, 
білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі (Н.Ә.Назарбаев), «Сақалын сатқан 
кәріден еңбегін сатқан бала артық»(Абай). 
«Отыз жетінші сөзінде», бұдан өзге де афоризмдері көп (23 афористік 
сөз). 
Осылайша, тұспал сөзбен ақыл айтып, тұжырымды ой беріп, әдебиетте 
тұспал мәтел сөз формасын дамытты. 
37- қара сөзі- нақыл сөздер яғни адамға жаман нәрселерден бойын аулақ 
салуды айта отырып, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, ғибратты сөз қалдырған. 
37 қара сөзін тыңдату.
Жұмыс дәптерімен жұмыс. 
Мәтінді оқу 
Алма-кезек оқыту стратегиясын қолдану 
Жеке жұмыс. 
 
Абайдың 37 қарасөзі не туралы? 
 
Абайдың қарасөздерінің ұнаған тұстарын жазып ал. 
• Қара сөзге өзіндік пікір жазыңыз. 
Топтық жұмыс (постер): 
«Абай қарасөздері біз үшін...» 
«Май түні» күйін тыңдап отырып орындау 
37 қара сөзінің түйінін айту.
Абай отыз жетінші қара сөзінде нақыл сөздерді тізеді. Нақылдардың 
барлығы дерлік адам бойындағы адамшылық қасиеттерді ардақтауға 
бағытталған. "Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша 
бітіргендігінен емес", – дейді Абай. 
Жалпы, қара сөзде ақын адам бойындағы қайратсыздық, заманның адамға 
әсері, білімге талпыныс, достық, тіленшілік, білгенді үйрету сынды 
тақырыптарды қозғайды. 


486 
"Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының 
бәрі виноват", – деп әр адамның заманға, заманның адамға әсерін сөз қылады. 
Абай заманды қалыптастыратын адамдардың өздері екендігін, сондықтан, әркім 
өзін дамытуға, өзін тәрбиелеуге күш салуы керектігін меңзейді. 
"Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп 
болмайды деген кісінің тілін кесер едім", – деп, адамның кез келген уақытта 
өзін қолына алып, түзеле алатындығын айтады. 
"Бақпен асқан патшадан, 
Мимен асқан қара артық; 
Сақалын сатқан кәріден, 
Еңбегін сатқан бала артық", – деп, білімге құштарлықты, адал еңбекті 
насихаттайды. 
Абай, осылайша, қара сөзінде қоғамдағы олқылықтарды сынап, ұрпаққа, 
замандастарына жақсылыққа апарар жолды меңзеп, әсер етуге тырысады. 
Қорытынды 
Бүгінгі сабағымызға мына өлең жолдарымен қорытындылаймын: Бүкіл 
елдің айнасы болған Абай - Адамзаттың мәңгілік мақтанышы! 
Үйге тапсырма: Өздеріңе ұнаған нақыл сөздерді жаттап ал [24].
Сыныптағы «Өмір бойы сабақ» тақырыбындағы сағаттық әңгіме 
еңбектің мақсаттары мен міндеттерін түсінуге, салаларды кеңейту және еңбек 
адамдарына деген құрмет сезімін, өзінің және адамдардың мүдделері үшін 
жұмыс істеуге деген ұмтылысты тәрбиелеу мәселелерін шешеді С. 
Николаеваның «Өмір сабақтары» мақаласын оқып, талқылау. 
Сабақты өткізу формасы: әңгімелесу 
Өтетін орны: оқу бөлмесі 
Жабдықтар мен көрнекіліктер: Тақтада белгілі адамдардың еңбек туралы 
мақал-мәтелдері, нақыл сөздері жазылған. 
Облыстың / ауылдың еңбек ардагерлерінің, еңбек ардагерлерінің 
суреттері мен портреттері. 
 «Өмір сабақтары» 
Менің көптеген достарымның аталары болған жоқ. Дәлірек айтсақ, 
олардың аталары соғыста қаза тапқан, оларды достарым ешқашан көрмеген. 
Достарым аталарын тек бірнеше ескі фотосуреттер мен туыстарының 
әңгімелерін білетін. Менің атам бар еді, мен оның жасы ұлғайған сайын, егер 
мен атамды білмесем, мен және менің өмірім өзгеше болар екенін, менің есімде 
өмір бойы қалатын сабақтарды білмейтін екенімді түсінетін едім. Ең қымбат, ең 
жүрек жылытатын және жақсы көретін естеліктер атам мен әжем туралы. Атам 
соғыста болмады. Өмір бойы ауылда ұсташы болып, соғыс кезінде оның 
қолының ісмерлігі ауылға ауадай қажет болды. Балалық шағымда мен оның 
қалай жұмыс істегенін көріп, оған себетте түскі ас әкеліп, оның жұмысының 
есігінің алдында, қашан жұмысты бітіреді деп күтіп отыратынмын. Бір-екі, бір-
екі – оның төсті ұрған құлаштары мен соққылары дәл және ауыр болатын. 
Атама қарап оның биік те ірі денесін бір айрықша күш билейтін шығар деп 
ойлайтынмын. Атамның жұмысы мен ұстаханасы маған жеті жасар қызға 
ерекше болып көрінетін.


487 
- Ата, неше рет соққы жасай аласың? – деп сұрайтынмын. 
- Қанша керек, сонша жасай аламын. 
- Ал, қанша керек? – балалық қызғушылықпен қоймайтынмын. 
- Әр жағдайда әр түрлі. Мысалы, егін жинау жұмыстары бітеді, 
құралдарды жөндеуге әкеледі, онда түнге дейін соққылауға тура келеді. Соғыс 
кезінде күні-түні темірді соққыладық. Мен ана бұрыштағы орындықта бір сағат 
ұйықтаймын да, қайтадан жұмыс істеймін. Атам керемет ертегіші болды, бізге 
әлемдегі барлық нәрсе туралы - азаматтық соғыс, ақтармен шайқас, әр түрлі 
қалалар мен оқиғалар туралы айтып беретін. Және оның бәрін өзі көріп, 
білгендей сөйлейтін. 
Неліктен біз оның барлық әңгімелеріне соншалықты сендік, оларды өте 
жақсы көрдік? Мүмкін, ол өзінің үлкен ірі іс-шараларға қатыспаған, 
соғыспаған, алыс жерлерді көрмеген өкініш-армандарын бізге ашып айтқан 
шығар. Мүмкін, ол өзін барлық оқиғаларға қатысқандай сезінген шығар, 
өйткені оны әрқашанда әлемде болып жатқан оқиғалар толқытатын еді. Ол 
үнемі барлық нәрсе туралы көп естіп, хабардар болатын және оларға қатысты 
өзінің пікірі айтатны. Қашан, қалай ол бәріне үлгерді? Таңертеңнен бастап 
үйдің айналасындағы шаруашылық, содан кейін ұстахана, кешке тағы да үйдің 
айналасындағы шаруашылық, осының бәрін ол өзі жасайтын. Өйткені оның 
бәрі шаруа адамының белгілі өмірі ғой. Бірақ, соған қарамастан ол өзінің 
уақытын жүрегімен және ойымен қадағалай білді. Қалай? Мүмкін, ұстахана 
колхоз ауласының орталығы болғандықтан ба, барлық ауыл тұрғындары 
жаңалықтармен, өсек-аяңдармен алмасу үшін ұстаханаға кіретін. Мүмкін, өзінің 
бос уақытында атам газеттерді оқығандықтан шығар. Барлығы темекі 
шеккенде, атам газетін оқитын. Мен атамның пікірін жолдастары да, көршілері 
де ерекше ықыласпен тыңдағанына қатты мақтандым. Ауыл адамдары кеңес 
алып, бір нәрсені түсіну үшін атама жиі баратын. Олар бір-біріне, кез келген 
сұрағы, қиыншылықтары бар адамға: «Кузьмичке бар, ол не дейді?»-деп, кеңес 
беретін. Біздің отбасымыз адамдардың үйге жиі келіп, отырып, атасымен 
әңгімелесетіндігіне үйренгенбіз. Шын мәнінде, мен, атамның өзінің бейімділігі, 
қажеттілігі, сенімділігі, жұмысшы табына қандай да бір ішкі жақындығымен 
насихаттаушы болғанын қазір түсінудемін. Ол толық мағынада шаруа болған 
жоқ, бірақ темір ұстасы – ауыл жұмысшысы болды. 
Мүмкін, сондықтан да ол үлкен зауыттардағы, құрылыс алаңдарындағы 
жаңалықтарға қатты қызығушылық танытты, басқа ауыл тұрғындары 
түсінбеген нәрсені қалай түсінуге болатындығын білді. 
Адамдардың өз жұмысына қатынасына ол ерекше үлкен мән беретін. Ол 
туралы бізбен, балалармен, жиі сөйлесетін. Оның сөздері менің есімде мәңгі 
қалды: «Мен бәрін түсініп кешіре аламын, бірақ шала жасалынған жұмысты 
ешқашан кешірмеймін». Ол бізді, өзінің жеңіл-желпі жүретін жалқау 
немерелерін, жұмысты қалай болса, солай істейтін адам – алдамшы адам деп 
сендірді. Өйткені ол өзін де, өзгені де алдайды. «Бұл адамның жай жүріп, 
жұмыс істемегенінен де жаман», - дейтін атам. 


488 
«Менің сөзімді тыңдаңдар», - деп бізді шақыратын. - Ар-ұжданмен 
жасалған жұмыс - адал жұмыс. Демек, жаман жұмысты ар-ұжданы жоқ, яғни 
жаман адам жасаған деген сөз! 
Менің атамның дүниеден озғанына көп болды, қазір мен балаларымды 
атамның сөздерін тыңдауға шақырамын: адал еңбек. Бірақ, атамның сабағы 
оларға нәтиже бере ме? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет