Сегментология (дыбыстаным) проблемасы. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі үшін «фонема» бірлігі жарамсыз болып шықты. Егер «фонема» бірлігі жарамсыз болып шықса, онда «фонология» бірлігі де жарамсыз болып шығады, өйткені оның жалпы фонетикалық анықтамасы «фонология фонема жайлы ғылым» дегенге саяды. Турасында да фонология ғылымы тек фонеманың мәртебесін анықтап, оның жұмсалым түрлерін тиянақтап, айырым белгілерін сипаттап отырады. Олай болса, «фонология фонема жайлы ғылым» болса, онда бұдан туындайтын ақиқат ол тонема мен сингема жайлы ғылым емес. Басқаша айтқанда, тонема мен сингема фонологияның зерттеу нысаны болмайды. Сонда тонема мен сингеманы қарастыратын не ғылым жоқ болып шығады. Ал бірақ тонема мен сингема «фонологиялық» ақиқат тілдік бірлік ретінде бар. Алайда «фонологиялық» деген атаудың тонема мен фонема үшін «еуропа өзімшілдікпен» шартты түрде алынып отырылғанын ескеріп, оны шынайы атаулармен алмастыруды ойлау керек. Сондай ұқсастық жолымен «тонология» және «сингемология» атаулары шығады: фонология фонема жайлы ғылым; тонология тонема жайлы ғылым; сингемология сингема жайлы ғылым. Сөйтіп жіктелім кестедегі бос орындар жаңа атаулармен толығады. Әр саланың зерттеу нысаны болып отырған фонема, тонема, сингема атауларымен үйлестіре түсу керек болса, онда оларды «фонемологиялық, тонемология, сингемология» деп қалыптастыруға болады. Әуентаным (интонология). Қазақ мәтінінің әуен құрылымы негізінен сөйлем деңгейіндегі қатысым (коммуникатив) мәлімет беруді қамтиды. Сондықтан да оқулықтар мен оқу құралдарында хабарлы, сұраулы және лепті сөйлем деген атпен үш түрлі ғана сөйлемнің әуен түрі қамтылады. Ал кейбір оқулықтар мен оқу құралдарында әуен мәселесі тіптен сөз болмайды. Мұның өзі академиялық деңгейдегі зерттелім нәтижелерінің практикалық оқу-әдістеме саласына әлі жете қоймағандығын көрсетеді. Қазақ мәтінінің әуені күрделі фонетикалық құрылым болып табылады. Оның құрамында қарапайым қатысымдық әуеннен басқа үстеме әуен бірліктерінің бар екенін ескеру керек. Сөйлем құрамындағы зәру сөздің әуені жоғары, айтылым күші қарқынды келіп, өзге сөздерден бөлектеніп тұрады. Мысалы, зәрулік әуені бірінші сөйлемде «басқа емес, мен» екінші сөйлемде «ертең емес, бүгін», үшінші сөйлемде «жұмысқа емес, сабаққа», төртінші сөйлемде «қайтамын емес, барамын» екендігін көрсетеді.
Сөйлемде қанша сөз немесе қанша сөз тіркесі болса, солардың бәрі зәрулік әуенмен айтыла береді. Қазақ тілінің төл дыбыс құрамын дәл анықтап, оның жүйесін (айырым белгілерін) дұрыс сипаттап шығу үшін ең алдымен қазақ тілінің жасалым негізін анықтап алу керек болады. Олай болмаған жағдайда қазақ тілінің дыбыс құрамы дәл анықталмайды, дыбыс жүйесі дұрыс сипатталмайды. Өкінішке орай, ондай жаңсақтықтар қазіргі қазақ фонетикасында баршылық. Жаңсақтықтардан арылудың жолы тек қазақ тілінің жасалым негізіне сүйенгенде ғана табыла
1. Әрiп дегенiмiз не?
сөздiң дұрыс айтылуы;
сөздiң дұрыс жазылуы;
Достарыңызбен бөлісу: |