Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет4/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

4. Нейролингвистика (грек. Neuron жүйке, франц. Linguistigue лингвистика, лат. 
lingua тіл) – неврология мен тіл білімінің түйіскен жерінде пайда болан, мимен 
байланысты тіл жүйесін зерттейтін ғылым саласы. Мидың зақымдануынан сөйлеудің 
бұзылуы (афазия) орта ғасырлардан белгілі, бірақ оның зерттелуі 19 ғ. 2-жартысында 
басталды. Оны зерттеуде В.А.Богородицкий, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Л.В.Щерба т.б. тіл 
қызметінің үш құрамынан – фонация (дауыстап айту), аудиция (қабылдау), церебрациядан 
(мида болатын процесс) тұратынына сүйенген. Кеңес дәуірінде дамуы Л.С.Выготскийдің 
психологиялық концепциясына сүйенген А.Р.Лурия еңбектерінде көрсетілген. Қазіргі 
нейролингвистика адамның сөйлеу қызметін кешенді зерттеудің бір саласы болып 
табылады. 
5. Паралингвистика (грек. Para маңы және лингвистика) – 1) хабарланатын ойдың, 
пікірдің вербальды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса сөйлеу үстінде қолданылатын 


вербалды емес (тілден тысқары) амалдармен берілуін зерттейтін тіл білімінің саласы; 2) 
сөйлеу кезінде қолданылатын вербалды емес тәсілдердің жиынтығы. Паралингвистикалық 
тәсілдердің үш түрі бар: фонациялық тәсіл, оған дыбыс әуені, оның күші, кідіріс, дауыс 
мәнері жатады; кинетикалық тәсіл, оған ым, бет, қол қимылы, дене қозғалысы жатады; 
графикалық тәсіл, оған әріптер мен тыныс белгілері қолтаңбасының түрлері, әріп 
таңбаларын айырбастайтын қосымша символдық белгілер (§, т.б.) жатады. Сөйлеу кезінде 
паралингвистикалық тәсілдер үш түрлі қызмет атқаруы мүмкін: қосымша ақпарат береді, 
айтылмаған сөз орнына қолданылады, сөзбен бірге, аралас қолданылады. 
Паралингвистика құрамындағы универсалдық, этнолингвистикалық, идиолектілік 
компоненттеріне қарай ажыратылады. Паралингвистика ұғымын 40 жж. енгізген 
А.А.Хилл (АҚШ), оның жан-жақты дамуы тіл білімінде тіл жүйесінен тыс құбылыстарды 
зерттеуге байланысты 20 ғ. 60 жж іске асты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет