«Білім беру саласындағы бренд маркетинг» пәні бойынша №11 дәріс Тақырыбы: «Басқарушылық шешім қабылдау кезіндегі брендтің дамуы»



бет2/9
Дата13.04.2024
өлшемі0.68 Mb.
#498583
1   2   3   4   5   6   7   8   9
11 лекция Брендмаркетинг каз (1)

Тауардың кемелдену кезеңінде алғашқы сұраныс төмендейді. Кемелдену сатысы мерзiмi бойынша ТӨЦ-тiң ең ұзақ кезеңi болып саналады.
Бұл кезеңде нарық шектен тыс сегменттелген және өндіріс қуаттылығы толық қолданылады. Тауар ірі партиялармен шығарылып, оның ассортиментін кеңейту және тереңдету шығындары жоғары болады.
Фирма сұранысты қанағаттандыру мақсатында тауарларды үлкен көлемде шығара бастайды. Тауардың сапасы өте жақсы болып, дәстүрлі тауарлар қатарына қосылады.
Тауарды өткізудің құлдырау кезеңі. Технологиялық процесс әсерінен жаңа және айтарлықтай жетілген тауарлар пайда бола бастайды.
Бұл кезеңде өндіріс қуаты біршама толық қолданылмайды, сұраныс пен пайда тұрақты түрде төмендейді. Нарықтық ортадағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістер тауарлардың ескіре бастауына байланысты, сатып алушылардың талғамы мен қалауының өзгеруіне орай бағаның төмендеуiне алып келедi.
Фирмалар бәсекелік күрестен шыға бастайды. Тұтынушылар саны азаюы есебінен бәсекелестер саны да қысқарады. Тауар ассортименті оның жақсы сатылатын түрлерінен тұрады және жеке дүкендерде шоғырланады. Өткiзу арналарының тек кейбір бөлігі ғана қолданылады.
Буып-түю, орау (упаковка) фирманың маркетингтiк қызметiнде ерекше орын алады.
Ол тауардың қауiпсiздiгiн, яғни сақталуын қамтамасыз етедi, оның өткізілуіне ықпал етіп, қызмет етеді және тауардың қасиетi мен пайдалану әдiстерi жөнiндегi ақпараттарды бередi.
Буып-түю, орауға мынадай талаптар қойылады:
  • буып-түю, орау өткiзу арналарының ерекшелiктерi мен талаптарына сәйкес болуы қажет;
  • буып-түю, орау тұтынушының әдеттерi мен талаптарына қолайлы болуы міндетті.

Буып-түю, орау әсіресе, тұтыну тауарларын шығаратын фирмалар үшiн маңызды болып саналады. Ол құрал-жабдықтарды үнемдеудi, тауарды қолайлы пайдалануды, оны қорғауды және насихаттауды қамтамасыз етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет