«білім жолы нұрлы жол» Республикалық журнал редакциясы Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата01.07.2023
өлшемі1.01 Mb.
#475489
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
pedagog psiholog

Ассосация « Жанұя»
Психолог допты лақтыру арқылы ата - анаға сұрақ қояды, олар жауап береді.
«Сиқырлы жұмыртқа» ойыны
Әр бала жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, 
аяқтап сурет салады.
«Әрқашан күн сөнбесін!» жаттығуы
Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді. әр бұлтта тапсырмалар берілген. Соларды 
орындау барысында күннің көзі ашылады.
15


 - - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -
«Өкпені еріту» жаттығуы
Тып - тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз. Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын 
деп есептеңіз. Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін, көргіңіз келмейтін ) сіз 
кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, бұрын ренжітсін, қазір 
өмірде бар болсын, әлде өмірден өтіп кетті ме, оған мән бермеңіз. Көз алдыңызға 
елестеткенде оның жағдайы жақсы, жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек. 
Оны бақытты деп біліңіз. Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап 
тұрыңыз. Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз. Сіз кешірген адам кетісімен сіз 
өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз. Бақытты, күлкі 
үйірілген жүзбен тұрыңыз. Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін 
ұғыңыз.
«Тазару» жаттығуы
Терең дем алып, демді барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. 
Өзіңізге былай деңіз: Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен 
тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш
өкпелерден құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбарақаттылықты сезінемін. 
Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын Бірақ өкпені ұмыттым, кештім.
БАЛАЛАРДЫҢ КӨҢІЛ – КҮЙІН ЖӘНЕ ЕСТЕ САҚТАУЫН
 ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
«Жунглидағы жаңбыр»
Нұсқау; - Бір - біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп 
елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. 
Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл 
қимылдар жасаңыз). Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз).
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар 
жасаңыздар). Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды. Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты. Жел соқты. Жел басылып келеді.
Жағымды сөздер.
Мақсаты: Өзін - өзі одан әрі ашу, өзін - өзі тану, өзінің және айналасындағылардың
психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. 
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез 
келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез - 
келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. 
Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет