Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек. Гете


Мұзафар Әлімбаевтың «Ақсерек



бет3/6
Дата25.02.2016
өлшемі4.91 Mb.
#18529
1   2   3   4   5   6

Мұзафар Әлімбаевтың «Ақсерек те көксерек» кітабында автор тақырып-жаңалығымен, өркендеу тапқырлығымен, нақтылық шымырлығымен ерекшеленетін бұл кітаптағы туындылар белгілі автордың жемісі.Кітапта бүгінгі заман балаларының әр жастағы арман тілегі, өмірге құштарлығы нанымды суреттеледі. Мұнда сахнадан айтылуға лайық тақпақ та кеп, әндер де бар.

Жинаққа енген бір топ өлеңдер балапар мен жас өспірімдерге арналған үздік шығармалардың республикалық конкурсында екінші бәйге алды.



Тәкен Әлімқұловтың «Сырлы наз» кітабы сонау X ғасырдағы «Огуз -наманың» көп-көп сөзі ескірсе, одан көш құрым жасаған Қорқыттың күйі біздің заманға арнасын жоғалтпай жетті. Және қазақша сайрап тұрады. Осының сыры неде? Жүз жасаған әннің, мың жасаған күйдің құдіреті неде?! «Сырлы назда» осыған жауап табу ниеті бар.

Сұлтанәлі Балғабаевтың «Жулдызың жансын» жинағына соңғы жылдары жазылған деректі әңгімелері енген. Бұл әңгімелердің бәрінде де республикамыздың майталман спортшыларының даңқ тұғырына көтерілуі, шеберліктерін шыңдауы, әртүрлі сәтсіздіктерге мойымауы, тартымды суреттеледі. Сондай-ақ жас спортшыларды тәрбиелеуге, олардың бойында жеңіске деген құштарлықпен бірге адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыруға байланысты мәселелер де сөз болады.

Қазақтың көрнекті ақыны Қалижан Бекхожиннің «Менің замандастарым» атты лирикалық кітабында замандас, тұстастары жайында зор парасатпен өткір сезіммен философиялық толғаныстар жасайды. Совет адамдарының игі істерімен бірге сонау дәуірдегі Ақсақ Темір хикаясы, қазіргі Африканың жауынгер-күрескері Секу Туре бейнелері, Чехословакия жерінің сипаттары да әсем суреттеледі.



Герольд Бельгердің «Алты асу» деген атпен повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрді. Повестерінің бірінде қазақ ауылында өсіп, ол жерден өзіне адал да ақкөңіл достар тапқан неміс баласының тағдыры жайлы жазылған.

Ақын Қанипа Бұғыбаеваның «Жыр және жүрек» жыр жинағы үш бөлімнен тұрады. Жинаққа енген өлеңдерінде Отанға, елге деген сүйіспеншілік, туған жер тынысы, бүгінгі бейбіт өмір, шат тұрмыс шабытпен жырланады.



Баубек Бұлқышевтың «Адамзатқа хат» кітабына оның бұрын жарық көрмеген шығармапары жинақталған, Жинақ майданда қыршын кеткен жас талант иесінің мол мүмкіндігінен, оның әдеби талғамының биік, барлық жанрда бірдей қалам сілтей алатын кең тынысты жазушы екендігінен айқын мағлұмат береді.

Белгілі балалар жазушысы Машқар Гумеровтың «Ана мен бала», «Үш күн, үш түн», «Асыл дәрі», «Қос шынар», «Жоғалған кілт» және басқа кітаптарын оқырмандар жақсы біледі. «Тоғыз тосқауыл» жинағына енген повестер мен ертегі-әңгімелер сол кітаптарынан іріктеліп апынған.



Танаш Дәуренбеков «Сүмбіле» повесінде семья, мораль мәселесін сөз етсе, «Аптап» повесінде жетім бала тағдыры, қайрымды өкіл әке жайы әсерлі суреттеледі.

«Гүлзар» - белгілі балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтің өлең кітабы. Бұл кітапты оқи отырып, бапапар керікті өлкеге көңілді саяхатқа шығады, әр түрлі қызықты ертегілер оқып тамашалайды.

Жазушы Марат Қабанбаевтың «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана» атты жинағы жасөспірімдер мен балаларға арналған шығармалардың республикалық бәйгесінде үшінші орын алған туынды.

Повесть кейіпкері сезімтал да ұшқыр қиялды бала. Негізгі сюжет осы Асан мен көрші үйдегі баланың арасындагы қарым-қатынасқа құрылады. Сонымен қоса шығармада ата-аналардың жас ұрпаққа тәрбие берудегі жауапкершілігі жайлы да сөз қозғалады.

Жазушы Әскен Нәбиевтің «Бейтаныс бойжеткен» кітабына «Жол басы» повесі мен бір топ әңгімелері енген. Ауыл тынысы, ¥лы Отан соғысы кезіндегі халқымыздың ерлігі шынайы достық, адамдардың бір-біріне деген ізгі қатынасы Нәбиев творчествосына негізгі арқау болған.



Жүмекен Нәжімеденовтың «Даңқ пен дақпырт» атты романы өнер адамы жайлы сыр толғайды. Автор өнердің үлкен төріне даңқ, мансап, қолпаш, қошемет емес биік парасат, білікті өңбек қана жеткізе алады деген ой түйеді. Бұл кітапқа сонымен бірге екі повесі енгізілген.

Революционер ақын Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы - кешегі дауылды кезеңнің бейнесін бар бояу-нәрімен кейінгі ұрпаққа жеткізген деректі, мемуарлық шығарма. Автор өз көзімен көрген, өзі бел ортасында араласып жүрген тарихи оқиғаларды суреттей отырып, революция қас жауларының бетін ашып, жаңа өмір жолында жан аямай күрескен коммунистердің қаһарман бейнесін сомдап соғады. Роман көркемдігімен, деректі нақтылығымен де құнды, өміршең туынды.



15тамыз Кәкішев Тұрсынбек 85 жаста
Кәкішев Тұрсынбек (1927) - әдебиетші, ғалым, сыншы. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. «Оңаша отау» (1982) кітабына енген «Абайтанудың алғашқы асулары»атты мақаласында қазақ әдеби сынындағы Абай шығармашылығы төңірегінде атқарылған істерге, оның ұлттық сыни- ғылыми ойдың даму эволюциясындағы көрінісіне, Абай шығармаларын зерттеуші ғалымдардың бұл іске қосқан үлесіне, жекелеген зерттеулер мен мақалаларға талдау жасайды. Автор мұнда абайтану ғылымының алғашқы кезеңіндегі зерттеулердің қазақ әдеби, ғылыми сынына негіз болғанын ерекше бөліп айтады. Кәкішев «Абайдың сатирасы» (Абай тағылымы, Алматы, 1986) және «Асылдың сынығы» («Лениншіл жас», 20. 05. 1970) атты мақалаларында Абай шығармаларының тақырыптық- идеялық және көркемдік ерекшеліктеріне назар аударса, «Орыс ориенталистері Абай туралы» деген мақаласында («Ертіс», 22. 09. 1963) орыс зерттеушілерінің Абай жайында айтқан пікірлері мен берген бағаларына талдау жасайды.

Әдебиеттер:

Кәкішев Т. Жол үстінде 80 күн (Сапарнама).-Алматы:Жалын,1983.-264 б.

Кәкішев Т. Жасампаз өлке. (Сапарнама).-Алматы:Жалын, 1989.-272 б.






18 тамыз

Шара Жиенқұлованың туғанына 100 жыл
Жиенқұлова Шара (Гүлшара) Баймолдақызы (1912— 1991) — биші, педагог. Қазақстанның халық артисі (1938; 1936 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі). 1929 — 30 ж. ҚазПИ-дің тарих факультетінде оқыды. Өнер жолын Қазақ драма театрынан бастады.

Тұңғыш ойнаған рөлі — Б.Майлиннің “Майдан” пьесасындағы Пүліш. Бұдан кейін Еңлік, Қарагөз (М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек” пен “Қарагөзінде”), т.б. рөлдерді сомдады. 1934 ж. Музыкалық драма театрына (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ауысты. Мұнда Әуезовтің “Айман — Шолпан” музыкалық драмасында, Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Жалбыр” және “Ер Тарғын” операларында ұлттық билерді орындады.

1936 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, ұлттық би өнеріміздің әсемдігіне өзге халық өкілдерін тәнті етті. Қазақтың тұңғыш ұлттық балеті — “Қалқаман — Мамырда” (1938) Мамырдың партиясын орындады. 1938 ж. “Амангелді” фильмінде Балымның рөлін экранға шығарды. Балетмейстер Л.А. Жуковпен бірлесіп И.Н. Надировтың “Көктем” балетін қойды. 1940 — 1962 ж. Қазақ филармониясында қызмет етіп, 1962 — 66 ж. Қазақтың ән-би ансамблін басқарды. 1966 — 75 ж. Алматы хореографиялық училищесінің директоры болды.1958 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.

Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968). Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен және медальдермен ма

Әдебиеттер:

Жиенқұлова Ш.Өмірім менің - өнерім:Повест.-Алматы:Жазушы,1983.-216 б.

Жиенқұлова Ш. Өмірім менің - өнерім:Өмірбаяндық повест.-Алматы:Жазушы,1983.-292 бет, порт. суретті.

Құмарова Ш. Би тәңірі – Шара//Егемен Қазақастан,2012,5 маусым.

Ұлттық бидің падишасы:Шара Жиенқұлованың туғанына 100 жыл//Егемен Қазақстан,2012, 28 тамыз.

19 тамыз

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан

облыстық кітапханасына 75 жыл
Кітапхана 1896 жылы 20 наурызда халыққа білім беру жөніндегі қамқорлық Қоғамының бастамасымен құрылды,

кітапхананың құрамына алдыңғы қатарлы қалалықтар мен саяси жер аударылғандар кірді. Ол кезде кітапхана «Өскемен халықтық ақылы кітапхана-читальня» деп аталды. Сол кезден бастап, сол бір кезеңдегі кітаптардың титулды парағында кітапхана атауымен бірге «1896ж» штампы қойылған. Алғашқы кітап қоры Қоғам мүшелері Костюрин, Федоров, Гинтов, Михаэлис, Емельянов, Федоров, Вестениус және т.б. жеке кітаптарынан құрылды. Алғашқы кітапханашы облыстық Сауда банкінің бухгалтері П.Ф.Столбов болды. Кітапхана алғашында қалалық басқармада, сонан кейін Халық Үйіне көшірілді. (қазір облыстық Жамбыл ат. драма театры).

1914 ж. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында кітапханада 2000 таяу кітап болды. Кітапхананы пайдалану үшін 50 теңге пұл – ақы алынғандықтан оқырмандар қатары шектеулі еді. 1920 жылы кітапхананың кітап қоры 5000 данаға дейін өсіп, пайдалану ақысыз болды. Осы жылдары кітапхана драма театрының екінші қабатындағы оқу залына, жаңа бөлмеге орналасты. Бұл жерде оқырмандарға 1936 ж. дейін қызмет көрсетілді. Қалалық газет 1920жылы 11 қарашада «Қалалық кітапханаға жазылушылар саны күннен – күнге өсуде» - деп жазып, Өскемен уезіндегі кітап тапшылығын атап көрсетті.

Кітапханаға Александр Пушкин есімінің берілуіне қала қауымдастығы өтініш берген. 1937 жылы 19 тамызда Өскемен қалалық советінің президиумы қалалық кітапханаға ұлы ақын есімін тағайындауға қаулы қабылдады. Ал, екі жылдан кейін Шығыс Қазақстан облысы Семейден бөлініп шыққаннан кейін, кітапханаға облыстық кітапхана статусы берілді.


20 тамыз

Кеңес Одағының Батыры

Степан Николаевич Борозенецтің туғанына 90 жыл

1922 жылы Таврия ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 9 класс бітіргеннен кейін, байланыс техникумына оқуға түсіп Семей аэроклубында шұғылданды. Қабілетті курсантты Орынбор қаласының авиация училищесіне оқуға жібереді. Сол кезде Ұлы Отан соғысы басталып кетеді. Оқу бітіргеннен кейін лейтенант Борозенец училищеде нұсқаушы болып қалтырылады, тек бірнеше рапорттардан кейін 1944 жылы С. Н. Борозенец майданға жіберіледі. Ол 1-і және 2-і Белорус майданында соғысқа қатысты. Бір жылдан аз уақытта 569 қарбалас авиациялық полкының бөлім командирі лейтенант Борозенец 94 жауынгерлік ұшу жасады, бекініс белдеулерін жару және Бобруйск маңындағы қоршаған жау топтамасын жою операцияларына, дұшпанның Шығыс-Пруссия топтамасын талқандауда, Данциг-Гвеньдік операциясына қатысып, батыс жағалаудағы дұшпанның бекініс белдеулерін бұзып өтіп, 3 танк, 6 паровоз, 120-ға жуық вагон, 84 машинаны жойып, зениттік және дала артилериясының 36 батареясының отын басты, 9 жанар-жағар мен оқ-дәрі қоймасын жарып, 1250 содаттар мен офицерлерді жаралап өлтірді. 1945 жылғы 18 тамызда С. Н. Борозенец Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.





21 тамыз

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов каласының құрылғанына 65 жыл

(1991 жылы жабылған Семей ядролық полигон орталығы)

Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім ССРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605.

Курчатов қаласы - бұрынғы Семей сынақ полигонының орталығы. Шығыс Қазақстан облысының батысында орналасқан. Қаланың геофизикалық координаттары СШ 50 44.3-5046,2 және ВД 7830,5-7833,7 құрайды. 11 мың гектар ауданды құрайды. Курчатов қаласының құрамына Курчатов қаласының өзі, Дегелен бекеті (2 км) және Молдары селосы (3-4км) кіреді. Көрсетілген тұрғын пункттері ерікті емес, және есепке кірмейді. Климат. Курчатов қаласы Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағалауында құрғақ агроклиматты зонада ГТК 0,3-0,5 –ке тең (жазық бозалы-бетегелі дала кіші зонасына жатады) орналасқан. Мұнда климат күрт континентті. Оған тән: көктем-жазғы мерзімде құрғақшылық, жыл бойына атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жеткіліксіз әрі тұрақсыз, жыл бойына әсіресе көктем мезгілінде желді болады, жазды жоғары, қыста төмен ауа температурасы тән. Орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ге дейін, мұнымен қоса интенсивті вегетациялану кезінде (мамыр-шілде) 90 мм-ге дейін ғана жетеді. Қар жамылғысының биіктігі көп емес, қыста ашық алаңдарда 13 см-ді құрайды. Жылдық орташа температура қалыпты және +2,4градус. Өзге жылдарда максималды температура +40-42 градус, минимальды –48,-49. Ең жылы ай-шілде, ең суық айлар- қаңтар және ақпан. Басым желдер оңтүстік-батыс және батыс бағыттағы желдер, олардың күшеюі сәуір, мамыр, маусым айлары болып табылады.

Қалада үш ескерткіш бар:

Жеңіс ескеркіші 1985 жылы Павлодар қаласының сәулетшісі, 31516 ә/б әскери құрылысшылырмен және 52605 ә/б әскери құрылысшыларымен салынған. Ескеркіштің ашылуы 1985 жылы 9 мамырда болған. Әскери құрылысшыларға арналған ескерткіш 1972 жылы салына басталған. 10 тамызда оның ашылуы болған. Сәулетшісі- Ресей Федерациясының мәдениетіне еңбегі сіңген сәулетші- Корнеев Георгий Александрович. Ескерткіш қаланы тұрғызған әскери құрылысшылар құрметіне салынған (1947-1972).

Әдебиеттер:

Бозтаев К. Семей полигоны. «Қайнар қасіреті».-Алматы, Қазақстан,1997.-296 б.

Бозтаев К.Семипалатинский полигон.-Алма-Ата,казахстан,1992.-192 с.

Бозтаев К.29 августа.-Алматы,Атамұра,1998.-164 с.,илл.

Сергазина Г.М., Балмуханов С.Б. Семипалатинский ядерный полигон:история строительства и функционирования.-Семипалатинск,1999.-115 с.




27 тамыз

Меңғали Мусиннің туғанына 85 жыл

Меңғали Шаймарданұлы Мусин (1927-2011), журналист, жазушы-өлкетанушы

Меңғали Шаймарданұлы 1927 жылдың тамыз айында Катонқарағай ауданы (бұрынғы Үлкен Нарын ауд.), Нұғыман ауылында дүниеге келген.

1931 жылдың басында Меңғали Шаймарданұлының ата-анасы қазақ-орыс аралас елді мекеніне, яғни Күршім ауданына

көшіп барады.

Алғаш рет Меңғали Шаймарданұлы әдеби шығармалармен айналысуды қазақ тіліндегі шығармалардан бастап, сол бойынша күнделік жүргізе бастады. Ал 16 жасында «Жамбыл», «Партизандар» атты поэмалары жарық көрді. Бұл шығармалары жазушының жеке мұрағатында сақталған.

М.Мусин аудандық «Сталинский путь» газетінде екі жыл жұмыс атқарып, кейін «Знамя Коммунизма» (қазіргі «Рудный Алтай») газетіне ауысады. Содан бері басылымнан қол үзген жоқ, нәтижесінде елу жылдан астам журналистік тәжірибесі жинақталды. 1964 жылы жоғарғы партия мектебінің журналистика бөлімін тәмамдаған. Зейнеткерлікке «Рудный Алтай» газетінен шықты, оның Риддер қаласындағы меншікті тілшісі болды. Осында қызмет істеген жылдарда П.Бажов атындағы сыйлықтың лауреаты болды. 1995 жылы ұлтаралық Қытай радиосының әдеби сыйлығының лауреаты атанды. М.Мусиннің шығармалары мәскеулік, республикалық басылымдарда басылды. «И любовь твоя и боль» атты повестер жинағы, «Қырғын», «С Катонских гор, с берегов Нарыма», «Түнекте тұншыққандар» атты кітаптары жарық көрген.

Москва қаласында жоғарғы партия мектебін бітірген. 50 жылдық жұмыс өтілі бар кәсіби журналист. Көптеген орталық, аймақтық, облыстық, аудандық баспасөз беттерінде, «Огонек», «Жұлдыз», «Простор» журналдарында, халықаралық «Феникс» журналында, сонымен қатар дерекке негізделген жинақтарда еңбектері жарияланды.

«Люди щедрого сердца» (1964), «Любовь таоя и боль» (1979), «Унесенные в небытие» (1997), «Репортаж ХХ века» (1999), «Почтовый ящик 15», «Волга впадает в Иртыш» (2003), «Дети Каратая» атты кітаптары әртүрлі деңгейдегі баспалардан басылып шықты.

1 қыркүйек

Ұлы Отан соғысына қатысушы,

СССР жазушылар Одагынын мүшесі.

Өскемен каласының Құрметті азаматы

Михаил Иванович Чистяковтың (1917-2006) туғанына 95 жыл

1917 жылы 3 қыркүйекте Башкирияда Ургуш ауылында дүниеге келген.

Ақын. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Қазақстан Республикасының өнер саласына еңбегі сіңген қайраткер. Өскемен қаласында 1947 жылдан бастап тұрады. «Рудный Алтай» газетінің редакциясында жұмыс істеді. Көп жылдар бойы «Звено Алтая» әдеби бірлестігін басқарды. КСРО және Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, 15-тен астам поэтикалық және прозалық кітаптардың авторы. «Дорога» кітабы үшін Қазақстан жазушылар Одағы сыйлығының иегері атанды. Оның кейіпкерлерінің арасында өскемендіктер аз емес.

Білім алушы жастар арасында қоғамдық жұмыстарды жүргізді, Шығыс Қазақстандағы ақын– жазушыларды өнерге тәрбиеледі. Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, ерлігі мен еңбегі үшін көптеген медальдармен марапатталған. ШҚМУ-нің құрметті профессоры.






1 қыркүйек

Режиссер, педагог, қоғам қайраткері Әзірбайжан Мәмбетовтің туғанына – 80 жыл (1932-2009)

1932 жылы 1-қүркүйекте Россия Федерациясының Волгоград облысының Савенко селосында туған. 1952 -1957 жылдары Москва қаласындағы Луначарский атындағы ГИТИС институтының режиссер факултетін біттірген. 1957 жылдан М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрында режиссер

қызметін атқарды, 1980 жылдан бастап театрдың бас режиссеры және директор қызметін қоса атқара жүріп, ұзақ жемісті еңбегінің нәтижесінде 200-ден астам қойылымдарды сахнаға шығарды. 1974 жылы Ә.Нүрпейісовтың «Қан мен тер» спектаклі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреатты атағына ие болды. 1976 жылы КСРО халық әртісі атағы берілді. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың шақыруымен 1999 жылдан бастап, Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі. Осы тетрда қызмет жасаған уақытында бірнеше қойылымдарды сахнаға шығарды: Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш Баян сұлу», Т. Ахтанов «Жоғалған дос», Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн», В. Дельмар «Баянсыз бақ», Эрве «Түлкі Бикеш», А.Чеховтың «Ваня ағай» , Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» , Ш.Айтматов «Ана-жер-ана», С.Назарбеков «Махамбет» . 2000 жылдан Астана қаласының «Құрметті азаматы». 2001 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді.
4 қыркүйек

Жазушы Төлен Әбдіковтің туғанына 70 жыл (1942)

Әбдіков Төлен (4.9.1942 жылы туған, Қостанай облысы Жангелдин ауданы “Еңбек” ауылы)—жазушы. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1965). “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, “Жалын” альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары,

1977 — 79 жылы “Қазақфильм” киностудиясының бас редакторы, Қазақстан КП ОК-інде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, онан кейінгі кездері “Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағына 2-хатшысы болды. 1994 ж. ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 1997 жылдан ҚР Президенті аппаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды. Сонан бергі кезеңде “Көкжиек” (1969), “Күзгі жапырақтар” (1971), “Ақиқат” (1974), “Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары, Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге арналған “Өліара” (1985), “Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді. “Біз үшеу едік” атты драма шығармасы Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрында қойылды. “Ақиқат” атты кітабы орыс тіліне (1981), жекелеген әңгіме, повестері украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланды. Әбдіков шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философия тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді.

Әдебиеттер:

Әбдіков Т.Өліара:Роман.-Алматы:Жалын,1985.-352 б.
9 қыркүйек

Жазушы Дүкенбай Досжан – 70 жаста

Дүкенбай Досжан 1942 жылы Жаңақорған ауданы Құланшы ауылында туылды – жазушы.

1964 жылы ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген.1963 – 1966 жылдары «Жетісу» газетінде әдеби қызметкер, 1966 – 1975 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор, 1976 – 1984 жылдары Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Кейін Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі болған.

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1964 жылы жарық көрді. Досжан проза саласында өнімді еңбек етіп, 8 роман, 18 повесть, 100-ден астам әңгіме жазды. Досжанның көркем шығармалары мен зерттеу еңбектерінің тақырып аясы кең. «Отырар» (1965), «Фараби» (1965), «Жібек жолы» (1973) хикаяттары мен романдарына тарихи оқиғалар арқау болса, «Зауал» (1970), «Кісі ақысы» (1978), «Дария» (1975), «Табалдырығыңа табын» (1980), «Жолбарыстың сүрлеуі» (1984) атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналған. Ұлы адамдар өмірін көркем тілмен сөйлеткен «Мұхтар жолы» (1998), «Абай айнасы» (1994), «Алыптың азабы» (1997) романдары өз алдына бөлек топтама құрайды. Досжан шығармалары даралық стилімен, бейнелі тілімен ерекшеленеді. Жазушы кейіпкердің жан толғанысын сезім шырғалаңы, ой ағыны арқылы суреттеуге машық. Оның «Екі дүние есігі» (1998) атты зерттеу еңбегі – Түркістан қаласының тарихын, сондағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің салыну жай-жапсарын мейлінше мол қамтыған дерекнама. Досжанның шығармалары әлемнің 19 тілінде жеке кітап болып шыққан. Екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді (1990). «Құм кітабы» үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1996). Досжан Түркістан қаласының, Жаңақорған, Созақ, Отырар аудандарының құрметті азаматы

Әдебиеттер:

Досжанов Д. Жібек жолы.Роман.-Алматы:Жазушы,1973.-272 б.

Досжанов Д. Келіншектаудағы тас түйелер.-Алматы:Жалын, 1979.-176 б.

Досжанов Д. Табалдырығына табын.Роман.-Алматы:жазушы,1980.-384 б.

Досжанов Д.Жолбарыстың сүрлеуі:Повестер.-Алматы:Жазушы,1984.-464 б.

Досжанов Д.Мұхтар жолы.Роман-толғау.-Алматы:Жазушы,1988.-400 бет, порт.

Досжанов Д. Таңдамалы шығармалар:2 томдық.-Алматы:Жазушы,1990.-432 б.

Досжанов Д.Таразы:Роман-толғау.-Алматы:Жазушы,1992.-544 б.

Досжанов Д. Абай айнасы.-Алматы:Қазақстан,1994.-368 б.

Досжан Д. Құланшыда қалған із.Мектеп оқушыларына арналған әңгімелер.-Алматы:Рауан,1994.-254 б.


17 қыркүйек

Сырбай Мәуленов туғанына 90 жыл (1922-1993 ж)

Сырбай Мәуленов 1922 жылы Қостанай облысы Жанкелдин ауданы Торғай поселкесінде туған — ақын. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды. Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. "Жолдас" (1954), "Жас жүрек" (1956), "Жол үстіндегі жалындар" (1963), "Жұлдыз жырлар" (1963), "Қызыл арша" (1969), "Боз қырау" (1976), "Тау гүлдері", "Шалқар", "Жалын" (үшеу де 1979). "Жаңбырсыз күз" (1980), өлендері "Шуақ", "Алтын тасқын" өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981); "Жұлдыз жүрек" (1985) жинақтары шықты. Ақын кітаптары сыншылар тарапынан жоғары бағаланды . (1958) жылы "Таңдаулы өлеңдер" атты таңдамалысы, 1966 жылы "Шаңқай түс" жинағы, 1972 жылы "Тандамалыларың" 2 томдығы басылып шықты . Оның "Жаңа көктем" (1956), "Дала таңы" (1957), "Көгілдір таулар" (1964), "Жер нәрі" (1970), "Апрель жапырақтары" (1972), "Таңдамалы лирикалары" (1967), "Тандамала лирикалары" (1972), "Жапырақтар жанады" (1972), өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. 1981 — 1984 ж. "Таңдамалы шығармалары", "Алтын тасқын" 1-т. 1981, "Өлеңдері" 2т.-1983; "Өлеңдері", 3т. 1984 жарияланады. Мәуленов — белгілі журналист бола отырып мерзімді баспасөзге белсене қатысты, көптеген публицистикалық мақалалар мен очерктер жазды. "Жар нәрі" атты әдеби портреттер мен очерктер жинағында 1966 республика еңбекшілерін халық шаруашылығын өркендетудегі еселі еңбегін туысқан республикаларға барған сапарларынан алған әсерлерін суреттейді. "Ал Үркер төбеде тұр" 1971 жыл кітабы естеліктер мен портреттерден этюдтерден құралған. Бұл жинақта Абай, Ыбырай; Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қ. Аманжолов, Н.С. Тихонов, М. Тұрсын-заде тағы басқа өмір жолын қысқа әрі көркем бейнеленген. Шындағы шұғыла атты мақалалар мен очерктер жинағында 1972 Отанымыздың 50 жыл ішіндегі қол жеткен табыстары баяндалған. Мәуленов балаларға арнап "Барлаушы бал" (1961), "Құлыншақ", "Бала жолбарыс" (екеуі де 1963), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы "Қорқақ торпақ" (1968) тағы басқа өлеңдер мен әңгімелер жазды. Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығынаң лауреаты (1970). 1-дәрежелі Отан соғысы; "Қызыл Ту", "Халықтар Достығы", "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталды.

Әдебиеттер:

Мәуленов С. Таңдамалы өлеңдер:1938-1958.-Алматы:Көркем әдебиет,1958.-410 б.

Мәуленов С.Шаңқай түс.Таңдамалы.-Алматы:Жазушы,1966.-500 б.

Мәуленов С. Шыңдағы шұғыла. Мақалалар мен очерктер жинағы.-Алматы:қазақстан,1972.-176 б.

Мәуленов С. Жаңбырсыз күз.Өлеңдер.-Алматы:жазушы,1980.-136 б.

Мәуленов С. Жұлдыз жүрек:Өлеңдер.-Алматы:жазушы,1985.-216 бет, суретті,порт.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет