Биотехнологияның негізгі мақсаты қандай? Биотехнология қандай ғылымдармен байланысты (толық) Биотехнология


Моноклоналдық антиденелерді алу кезеңдері



бет13/60
Дата09.01.2024
өлшемі116.08 Kb.
#488716
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60
Принципы и методы получения биопрепаратов

Моноклоналдық антиденелерді алу кезеңдері

  1. жануарларды иммундеу;

  2. иммунделген тышқандардың лимфоциттері мен миелома жасушаларын будандастыру;

  3. МКА-ді синтездейтін гибридомаларды анықтау (скрининг);

  4. МКА-ді тұрақты синтездейтін гибридомаларды клондау;

  5. МКА-ге сипаттама беру;

  6. Гибридомаларды in vivo жән in vitro жағдайларында өсіру арқылы МКА-ді көп мөлшерде жинау;

  7. моноклоналды антиденелерді тазарту;

  8. гибридті жасушаларды сақтау (криоконсервация).

Моноклоналды антиденелер көмегімен аурулар диагностикасы және емдеу. Күрделі нәруыздар жүйесі ретінде моноклоналды антиденелердің ерекшелігі – белгілі бір заттарды тану қабілеті. Әдетте, бұл заттар – нәруыз немесе гликопротеид. Бұл механизмдер иммундық жауапқа байланысты емес көптеген диагностикалық процедураларда қолданылады. Мысалы, жүктілікті анықтауға арналған белгілі экспресс-тест бояудың өзгеруіне, бір не екі жолақтың пайда болуына негізделген. Себебі маркерлер «жүктілік гормонының» біреуімен (адамның хориондық гонадотропин гормонына (ХГЧ) байланысты моноклоналды антиденелер болып табылады. Жүктілікті анықтауға арналған экспресс-тестті дайындау кезінде антиденелер боялатын молекулаға (латекс) биохимия «тіркейді». Бояудың өзгеруіне негізделген механизмдер «антиген-антидене» өзара әрекет механизмін дәл көшіреді. Егер зәрде жүктілік гормоны болса, ол бояуды көрсететін латекске «тіркеулі» антиденелермен байланысады. «Бірінші көкшіл жолақ», кейін міндетті түрде көрінетін «екіншісі» байқалады. Егер адамның жүктілік гормоны (ХГЧ) сынамада болмаса, тышқан ағзасынан алынған келесі ұяшыққа қосылған антидене боялады. Мысалы, жүкті әйелде екі жолақ – біреуі адам моноклоналды антиденесінің гормонмен байланысуынан пайда болады. Ал екіншісі адам гормонымен байланыспай, тек бояғыш – латекс молекуласымен байланысып «тышқан моноклоналды антиденелерінен» пайда болады. Олар тест жүріп, реактивтер жұмыс істегенін көрсетіп, кез келген жағдайда жолақ береді. Сондықтан жүкті емес әйелде бір, ал жүкті әйелде екі жолақ пайда болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет