«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



бет3/19
Дата01.07.2016
өлшемі1.52 Mb.
#169782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Бағдарламаның басты бағыттары


Бірінші бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау

4. Бағдарламаның бірінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:



  1. Банктердің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау;

  2. Банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

  3. мемлекеттік гранттар беру;

  4. шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредит беру;

  5. жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;

  6. микроқаржы ұйымдарының Банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру.

  1. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жеке жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асырушы және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қатысушылар бола алады.

Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру құралы бойынша Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жеке жобаларын елдің барлық өңірлерінде салалық шектеулерсіз іске асырушы және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер қатысушылар бола алады.

Мемлекеттік гранттар беру құралы бойынша Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде жеке жобаларын салалық шектеулерсіз іске асыруды жоспарлап отырған шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар қатысушылар бола алады.

Моноқалалар мен шағын қалалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында айқындалған.

Бағдарлама шеңберінде қолдау шараларын іске асыру мақсаттары үшін моноқалалар мен шағын қалаларға, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға жатпайтын елді мекендер ауылдық елді мекендер деп танылады.


Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау
6. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

Жобаны ӨҮК-ге шығарғанға дейін 12 ай ішінде жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.



  1. Жобаны ӨҮК-ге шығарғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) және Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер субсидиялауға жатады.

  2. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды. Бұл ретте жаңартылатын негізде берілген айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға жол беріледі.

Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттің бір бөлігі бойынша жаңарту мүмкіндігінің шарты ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.

  1. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті ескермей есептеледі.

  2. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 14 %-дан аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың ішінде 10 %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.

  3. 180 млн. теңгеден астам кредит/қаржылық лизинг шарты бар кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.

Кәсіпкердің жобаға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары, оның ішінде кәсіпкердің оны растауы жөніндегі мерзімдер ӨҮК шешімінде көрсетіледі.

  1. Кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

  2. Сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

  3. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын жағдайда, жалпы субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойылған кезден бастап белгіленеді.

  1. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-нің мақұлдауын алған жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда қайта қаржыландырылуы мүмкін.

  2. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржылық агенттік қайта қаржыландыру жүзеге асырылған банкте/даму банкінде/лизингтік компанияда алғашқы субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

  3. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне аудару арқылы республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

  4. Бағдарлама шеңберінде банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар мыналарды:

  1. Кәсіпкердің бастамашы болған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты жағдайларды;

  2. Кәсіпкердің кредит/ қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді;

  1. лизинг нысанын тәуелсіз бағалауды, лизинг нысанын сақтандыруды, кепіл шартын тіркеуді және ауыртпалықты алуды жүргізуге байланысты жағдайларды;

4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту, лизинг нысанын арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің көрсететін қызметтері және т.б. сияқты көрсететін қызметтерін өтеу) жағдайларды қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмайды.

  1. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылы өтейді.

  2. Қалқымалы сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте сыйақының пайыздық мөлшерлемесі Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде белгіленген шекті мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.

21. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/кәсіпкерлердің лизингтік компанияларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары бойынша регламенттеледі.
Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру


  1. Кепілдік жаңа инвестициялық, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.

  2. Кепілдік беру, егер айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды және/немесе инвестицияларды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға жүзеге асырылатын, бірақ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін 20 млн. теңгеге дейінгі және егер мұндай қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе инвестицияларға байланысты болса, айналым қаражатын кредит сомасының 100 %-ына дейін қаржыландыруға жол берілетін жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерді қоспағанда, кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

  3. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:

1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит сомасы
20 млн.теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы ісін жаңа бастаған бір кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі;

2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ынан аспайды;

3) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға жіберілген 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.


  1. Жұмыс істеп тұрған Кәсіпкер үшін:

1) кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы
180 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі;

2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды;

3) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша, сондай-ақ қаражатының 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға жіберілген 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.

26. Кәсіпкерлер үшін кепілдік ақылы негізде ұсынылады. Кәсіпкер кепілдік беру шартына қол қойғанға дейін қаржы агенттігіне кепілдік беру мерзіміне байланысты кепілдік бергені үшін комиссия төлейді: қоса алғанда


2 (екі) жылға дейін – кепілдік сомасының 0,05 %-ы, 2 (екі) жылдан жоғары – кепілдік сомасының 0,1 %-ы.

  1. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 14 %-дан аспайды.

  2. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайды.

  3. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне бөлу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  4. Кредиттің нысаналы пайдаланбау, Бағдарлама шарттарының бұзылуы, қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың орындалмау фактілері анықталған жағдайда, қаржы агенттігі кепілдіктің күшін жояды.

  5. Кепілдіктің күшін жою туралы ақпаратты қаржы агенттігі негіздемемен және растайтын құжаттармен бірге күшін жою туралы шешім қабылданған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынады.

  6. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.


Мемлекеттік гранттар беру


  1. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

  2. Мемлекеттік гранттар моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға салалық шектеулерсіз беріледі.

  3. Бір кәсіпкер үшін ең жоғары грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды. Грант нысанында қолдау шараларын қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне бөлу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  4. Мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді. Бұл ретте Бағдарлама шеңберінде оқыту құрауыштары сертификаттарының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

  5. Конкурсты өткізу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері гранттар беруге үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың жобаларының өтінімдерін іріктеу жөнінде конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары Кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың біртұтастығы, ұсынылатын құжаттардың жан-жақтылығы мен толықтай зерттелуі, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.

  6. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың бизнес-жобасын бағалаудың мынадай критерийлерінің негізінде ұсынымдар береді:

  1. бизнес идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);

  2. бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

  3. бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру, өткізу нарығы үшін үй-жайдың болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);

  4. бизнес-жобаның міндетті шарттары шағын кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің, сондай-ақ әйелдің, мүгедектің және 50 жастан асқан тұлғаның оны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен бірлесіп қаржыландыруы болып табылады.

  1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан тұлғалар грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:

  1. негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

  2. материалдық емес активтерді сатып алу;

  3. технологияларды сатып алу;

  4. франшиза құқықтарын сатып алу;

  5. зерттеу жұмыстарына, жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

  1. Грант қаражатын жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеу ретінде пайдалануға болмайды.

  2. Мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарламаның шеңберінде Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында регламенттеледі.


Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру


  1. Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін МУҰ-ға беріледі.

  2. Микрокредиттер жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту және айналым капиталын толықтыру үшін салалық шектеулерсіз беріледі.

  3. Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге берілмейді.

  4. Микрокредиттің ең көп сомасы бір қарыз алушыға 10 000 000 (он миллион) теңгеден аспайды.

  5. Соңғы қарыз алушы үшін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 10 %-дан аспауға тиіс.

  6. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредит Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынадай шарттарда беріледі:

1) қайтарымдылық, жеделдік және ақылы негізде 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға;

2) кредит беру мерзімі – 5 жылдан аспайды;

3) игеру кезеңі – Бағдарламаның Өңірлік Үйлестірушісі бюджеттік кредит алған кезден бастап 5 жыл;

4) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуы – жеке істі ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру;

5) МУҰ/кредит бойынша микроқаржы ұйымы кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу жөнінде жеңілдік кезеңін ұсынуы мүмкін.

48. Бағдарламаны өңірлік үйлестіруші МУҰ-ға кредит береді және онымен кредит беру туралы келісім жасасады. МУҰ үшін кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 % мөлшерінде белгіленеді.

49. Микроқаржы ұйымдары үшін кредит бойынша ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін ӨҮК-мен келісім бойынша МУҰ белгілейді.


  1. МУҰ микроқаржы ұйымдарын іріктеуді жүргізеді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларында айқындалатын критерийлерге сәйкес кредит ресурстарын беруді жүзеге асырады.

  2. Кредит ресурстары микроқаржы ұйымдарына жеделділік, қайтарымдылық, ақылы, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында беріледі.

  3. Микрокредиттер беру мынадай түрде жүзеге асырылады:

1) шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарлама шеңберінде микрокредит беру мәселесі бойынша консультациялар алу үшін МУҰ-ға, микроқаржы ұйымдарына өтініш білдіреді;

2) шағын кәсіпкерлік субъектісі жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және МУҰ-ға, Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған микроқаржы ұйымына микрокредит алуға өтінім береді;

3) МУҰ, миркоқаржы ұйымы жобаны бағалайды, қорытынды жасайды және микрокредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды;

4) микроқаржы ұйымы ай сайын келесі есепті айдың 30-күніне дейінгі мерзімде МУҰ-ға Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттер бойынша ақпарат береді.



  1. МУҰ мониторингті жүзеге асырады және Микрокредит беру қағидаларында көзделген нысан бойынша Уәкілетті органға тоқсан сайынғы есеп береді.

  2. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларымен регламенттеледі.


Жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау


  1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері микроқаржы ұйымдарынан бюджеттен тыс көздерден алған микрокредиттер жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатады.

  2. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ауылдық елді мекендердегі, шағын қалалар мен моноқалалардағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыруға берілетін жаңа микрокредиттер бойынша МУҰ жүзеге асырады.

  3. Тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, жылжымайтын тұрғын үйді, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге жіберілген микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол берілмейді.

  4. Микроқаржы ұйымы микрокредиттерді субсидиялауға МУҰ-ға өтінім бергенге дейін 12 ай ішінде микроқаржы ұйымдары бұрын берген микрокредиттер де жаңа микрокредиттерге жатады.

  5. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған микрокредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ микрокредит сомасының 30%-дан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) микрокредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.

  6. Жаңартылатын негізде берілген айналым қаражатын толықтыруға бағытталған микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол берілмейді.

  7. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын микрокредиттер сомасы бір шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін
    10 млн. теңгеден аспайды.

  8. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 20 %-дан аспайтын микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың 50 %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын шағын кәсіпкерлік субъектісі төлейді. Бұл ретте «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайындық мақсатында көрмелерге, симпозиумдарға, көрсетілімдерге, конкурстарға қатысуға алынған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау 70%-ға дейін жүзеге асырылады.

  9. Бағдарлама шеңберінде микроқаржы ұйымдары:

1) шағын кәсіпкерлік субъектісі бастамашы болған кредит беру шарттарын өзгертуге байланысты жағдайларды;

2) шағын кәсіпкерлік субъектісінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын жағдайларды қоспағанда, қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе микрокредитке байланысты өзге де төлемдерді алмайды.



  1. Қолданыстағы микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылданған жағдайда микроқаржы ұйымдары бұдан бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылы өтейді.

  2. Жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру уәкілетті орган мен МУҰ арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

  3. МУҰ Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді субсидиялау мәселелері бойынша микроқаржы ұйымдарына ақпарат береді.

  4. Микроқаржы ұйымы шағын кәсіпкерлік субъектілерін Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді субсидиялау шарттары туралы хабардар етеді.

  5. Шағын кәсіпкерлік субъектісі микроқаржы ұйымынан алынған микрокредиттер бойынша субсидиялар алуға өтінім береді.

  6. Микроқаржы ұйымы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен өтінімдер негізінде МУҰ-ға өтініш білдіреді.

  7. МУҰ микроқаржы ұйымдары ұсынған жобалардың қаржы-экономикалық тиімділігін бағалауды жүргізеді және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын ӨҮК-нің күн тәртібіне енгізу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне береді.

  8. ӨҮК жобаларды мақұлдау/мақұлдамау жөнінде шешім қабылдайды.

  9. ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда МУҰ микроқаржы ұйымымен мақұлданған жобаларды субсидиялау жөнінде шарт жасасады.

  10. МУҰ жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға бөлінген тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты шегінде ғана жобалар бойынша құжаттар қабылдайды.

  11. Микроқаржы ұйымы ай сайын есептіден кейінгі айдың 30-күніне дейінгі мерзімде МУҰ-ға Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттер бойынша ақпарат береді.

  12. МУҰ шағын кәсіпкерлік субъектілерінің субсидияланған жобаларының мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті орган мен МУҰ арасында жасалған шартта көзделген нысан бойынша уәкілетті органға тоқсан сайын есеп береді.

  13. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында регламенттеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет