30
18 жыл ауырған Айюб пайғамбар
Сынақтың ең үлкенін, қиындықтың ең күштісін пайғам-
барлар көрген. Солардың бірі Айюб пайғамбар.
Оның есімі
аталғанда сабыр ұғымы еске алынады. Өйткені, ол адамзат
тарихында ең қиын сынаққа түсіп әрі көркем сабырдың үл-
кен үлгісін көрсетті. Алла оны алдымен беріп сынады: Айюб
– өте ауқатты бай, дүниесі де мол, төрт құбыласы тең жан еді.
Қызметшілер ұстады. Оның он төрт баласы болды. Осынша
нығметтерімен қоса Алла оған пайғамбарлық берді.
Кейін-
нен қолындағы барлық нығметтен айырыла бастады.
Бар мал-дүниесі күн санап кеміп, кедейлікке ұрынды. 14
ұл-қызы бірінен соң бірі Раббысына қайтты. Сосын Алла оған
ауыр бір дерт жіберді. Айюб төсек тартып жүре алмай қалады.
Жастанса – жастығы, таянса – таяғы болып әйелі қызмет етті.
Осылай Айюб 18 жыл өмір сүреді.
18 жыл бір төсекте жата берудің қандай қиын екенін еле-
стете аласыз ба? Бір күні әйелі Айюбқа:
–
Сен пайғамбарсың ғой, жалынып сұрасаң, Алла сенің
дұғаңды қабыл етеді. Неге Алладан айықтыруды сұрамайсың?
– дегенде, Айюб:
– Біз молшылықта, бақыт-шаттықта
қанша жыл өмір
сүрдік? – деп сұрайды.
– Жетпіс жыл, – деп жауап береді әйелі. Сонда Айюб:
– Ендеше жетпіс жыл молшылық пен нығметтің астында
өмір сүргенім үшін қиыншылыққа да жетпіс жыл шыдағаным
дұрыс емес пе? – деп жауап берді.
Күн
санап жағдайлары нашарлап, азық-ауқаттары тау-
сылып, жоқшылық алқымдарынан алғаны сондай, әйелі өте
ұзын шашын сатуға мәжбүр болады.
Сөйтіп сол ақшаға Айюбқа
тамақ әкеледі. Айюб тамақтың қалай келгенін айтпайынша же-
мейтінін айтады. Сонда әйелі орамалын шешіп көрсетеді. 18
жылға созылған сынақ үдеп, шегіне жеткен кезде Айюб Алла
31
Тағалаға
Ән-нии мәссәниәд-дурру уә әнтә әрхәмур-рахимиин
деп дұға жасайды. Раббысы оның дұғасына жауап береді. Алла
Айюбқа:
Достарыңызбен бөлісу: