Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек


Преэклампсияның ауыр сатысымен эклампсияның емі. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы



бет27/55
Дата14.04.2023
өлшемі171.45 Kb.
#472262
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Экзамен.шұғыл көмек-2

32. Преэклампсияның ауыр сатысымен эклампсияның емі. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
Преэклампсия- Бұл жоғары арт. Қан қысыммен ,протеиурия,жайылған ісіктермен көрініс табатын синдром. 2 дәрежесі бар:
1.жеңіл дәрежесі- АҚҚ 140-160мм. С. Б. Көтер. Ісіну жоқ. Протеинурия 0.3 гр дейін.
2.ауыр дәрежесі- АҚҚ 160 тан жоғ, протеинурия 1гр ,жайылған ісінулер бар.
Клин белг: бастың қатты ауыруы ,көздің қарауытуы, көз көру нашарлайды.
Преэклампсияның ауыр сатысында жедел көмек көрсету ( 2010 жылдың
1 қыркүйегінде шыққан ҚР ДСМ №691 бұйрығына қосымша)
1. Әйелді аспирацияның алдын алу үшін сол қырымен жатқызу (стационарда дәрігер
мен лаборантты шақыру).
2. Тыныс алуды қамтамасыз ету.
3. №16,18 катетерлермен перифериялық көктамырды катетерлеу.
4. Магний сульфатының алғашқы дозасын көктамырға ақырындап 5-10 минут ішінде
енгізу – 25% - 20,0 мл.
5. Қан қысымын түсіру мақсатында ішке 10 мг нифедипин беру.
6. Магний сульфатының қолдаушы дозасы - 25% - 80 мл магний сульфат ерітіндісін
320 мл физиологиялық ерітіндіде ерітіп көктамырға минутына 11 немесе 22
тамшыдан енгізу.
7. Тәуліктік диурезді анықтау мақсатында қуықты катетерлеу.
8. ҚҚ 130/90 мм с.б. түскенде ғана перзентханаға тасымалдау.


33. Эклампсия. Этиологиясы, қауіп факторлары. Эклампсия кезеңдері. Диагностикалық шаралар. Клиникалық хаттама. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
Эклампсия- Бұл жоғары арт. Қан қысыммен ,протеиурия,жайылған ісіктермен көрініс табатын,құрысудың пайда болуы. 4 сәттен тұрады:
1. алғашқы – әйелде бет бұлшық еттерінің жиырылуы байқалады.Ұзақтығы – 15-20 сек.
2. Тоникалық құрысу сәті- әйелдің көзқарасы бір нүктеде тұрақталған, барлық бұлшық ет
топтары жиырылған. Омыртқа жотасының шалқаюы мүмкін. Ұзақтығы – 10-15 сек.
3. Клоникалық құрысу сәті- құрысу беттен басталып төменге қарай таралады.Ұзақтығы –
30 секундтан 1,5 минутқа дейін.
4. Комадан шығу сәті – әйел есін жинайды, есінде ештеңе қалмаған. Басының қатты
ауыруына, шаршауға шағымданады. Егер кома ұзаққа созылса,әйел комадан шықпай
қайтыс болуы мүмкін.
Эклампсияда жедел көмек көрсету ( 2010 жылдың 1 қыркүйегінде шыққан
ҚР ДСМ № 691 бұйрығына қосымша)
1. Әйелді көлденең жазықтыққа жатқызу, басын бір жаққа бұру.
2. Соғылудан қорғау, бірақ белсенді емес.
3. Тілді шпателмен бекіту (тыныс жолдарын жауып қалмас үшін).
4. №16,18 катетермен перифериялық көктамырды катетерлеу.
5. Магний сульфатының алғашқы дозасын көктамырға ақырындап 5-10 минут ішінде
енгізу – 25% - 20,0 мл.
6. Ылғалданған оттегін беру, минутына 4-6 л.
7. Қан қысымын түсіру мақсатында ішке 10 мг нифедипин беру.
8. Егер құрысу қайталанса көктамырға 10 мл 25% Mg SO4 ерітіндісін 5-10 минут
ішінде енгізу.
9. Дірілге бейімділік сақталса, көктамырға 2 мл диазепам (реланиум, седуксен)
ерітіндісін енгізу.
10. Магний сульфатының қолдаушы дозасы - 25% - 80 мл магний сульфат ерітіндісін
320 мл физиологиялық ерітіндіде ерітіп көктамырға минутына 11 немесе 22
тамшыдан енгізу.
11. Тәуліктік диурезді анықтау мақсатында қуықты катетерлеу.
12. ҚҚ 130/90 мм с.б. түскенде ғана перзентханаға тасымалдау (қан қысымы жоғары
кезде тасымалдау қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы,
эклампсия, инсульт, инфаркт асқынуларына алып келуі мүмкін).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет