65
Бұл мәселенің шешімін табуға 1975
жылы Георг Келер мен Цезарь
Мильштейн ұсыныс берді. Олар жасушалардың гибриді - гибридомаларды
алуға
мүмкіндік
беретін
әдісті
ойлап
тапты.
Гибридомалар
иммунизацияланған жануарлардан алынған лимфоциттер мен in vitro
өсірілген сүйек кемігінің миелома жасушаларын құйылыстару нәтижесінде
пайда болады.
Жануарды иммунизациялаған кезде, антигеннің
енгізілуіне жауап
ретінде тышқанның организмінде антиденелерді түзетін В-лимфоциттер
түзіледі. Бұл жасушалар тек қожайын ағзасында ғана өмір сүре алады,
оларды жасанды қоректік ортаға енгізген кезде, олар тіршілігін жояды. Егер
иммундық жасуша мен ісік жасушасын құйылыстырса, жасанды қоректік
орталарда шексіз ұзақ өмір сүре алатын гибридті жасушалар пайда болады.
Оған қоса, гибридті жасушалар антиденелерді түзу қабілетін сақтап қалады.
Белгілі бір нақты антиденені түзе алатын гибридомаларды селективті
өсу орталарда оқшаулап алады. Бұдан кейін оларды культуралды сұйықтыққа
салады,
мұнда олар көбейіп, көп мөлшерде туыстастас жасушаларды
(клондарды) түзеді. Мұндай клондар моноклональды антиденелер (МКА) деп
аталатын жасушаларды түзе алады. МКА дегеніміз – құрылымы мен
спецификалығы бірдей антиденелер, оларды шексіз көп мөлшерде түзуге
болады.
Антиденелерді бөліп алудың басқа тәсілі алынған гибридомаларды
тышқанның қарын бөлігіне инъекциялау тәсіліне негізделген. Ол
жерде
гибридома репликацияланып, асцитті ісіктің (қарын аймағындағы
сұйықтықта жүзіп жүретін жасушалар шоғыры) пайда болуын шақырады.
Тышқаннан бөліп алынған асцитті сұйықтық – антиденелері бар суспензия
болып табылады. МКА-ге жатпайтын жасушалар мен ақуыздар алып
тасталады. Одан қалған материал құрамының
көп мөлшері антиденелер
болғандықтан, оларды қолданады. Осы әдіс жоғары концентрленген
антиденелер препаратын алуғы мүмкіндік береді. Алайда, оларды үлкен
масштабта өндіру бір уақытта бірнеше мың тышқанды қолдануды қажет
етеді және алынатын материал ары қарай тазартуды талап етеді. Ол әдіс қиын
және қымбат болғандықтан, қазіргі кезде жасушалардың өсірілуін
қолданатын бірінші әдіс қалаулы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: