Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет25/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Лекция (1)

Бақылау сұрақтары: 
1. Бақылау 
2. Педагогикалық эксперимент 
3. Озат тәжірибені талдау, жалпылау 
 
 
Дәріс №10 
Тақырыбы: Ғылыми педагогикалық зерттеудегі психологиялық 
әдістер 
Дәріс жоспары:
1.Психологиялық диагностика 
2.Тестілер 
Психологиялық әдістер - бұл психиканың құбылыстары мен 
заңдылықтары арқылы зерттеудің негізгі жолдары. 
Педагогикалық зерттеулерде психологиялық әдістерді қолдану қажетті 


екені сөзсіз. Педагогика зерттеулерінің тең ортасында психикасының алуан 
түрін көрсетіп, оқушы мен мұғалімнің тұлғасы тұрады. Дидактикалық 
зерттеулерде ми, зиялылық элементтерін тексеруге қажеттілік тууы мүмкін, 
оқушылардың танымдық қабілеттері, олардың оқу қабілеттерінің деңгейін 
анықтаған кезде, оқуға уәждемесін, оқытудағы жаңа әдістердің нәтижелілігін 
тексергенде, оқушының психикалық ерекшеліктерінің дамуына келгенде 
психологиялық әдістер көптен-көп қолданылады. 
Педагогикалық зерттеулерде біз оқушының тұлғалық мінездемелерінің 
диагностикасын жасауға мәжбүрміз, оларды жеке тәсіл тауып оқыту үшін, 
сонымен қатар мұғалім тұлғасын оның педагогикалық әдістерге жүгінеіз, 
басқа сөзбен айтқанда, психологиялық диагностика процедурасын өткіземіз. 
Педагогикалық зерттеуде психодиагностика мақсатында: бір оқушыны 
(мұғалімді) екіншісінен айыру, бір топ оқушыларды (мұғалімдерді) 
қалғандарынан ажырату. 
Көптеген заманауи зерттеушілердің пікірі бойынша, психодиагностика 
жас ілім, қарсылық білдіруге қажеттілік туып тұр. Көптеген 
психодиагностикалық бақылауларды біз мақал-мәтелдерден, ертегілерден, 
әңгімелерден байқауымызға болады. Психодиагностика элементтеріне көне 
философтар көп көңіл бөлген. Аристотель, Гиппократ, Демокрит, Гален 
адамның психикасының әртүрлі ерекшеліктерін, құнды психологиялық 
диагностикалық көрсеткішін тапқан. 
Мінез диагностикасы саласында, Тефорастының шығармасы көп 
қызығушылық туғызады. Ол шығармасында мінездердің түрлері және олар 
қалай көрінетінін анықтаған. Психодиагностикалық ерекшеліктерді біз 
ортағасыр шығыс ғұламалары: Авиценна, Әл-Бируни, Ибн Рушда және т.б. 
шығармаларынан көре аламыз. 
Назарлық, сыншылдық, ойлу қабілеттеріне арналған тапсырмалары 
Аристотельдің перипатиялық мектебінің тәжірибесінен алынған. Соңынан 
олармен Иттард пен Сеген (белгілі бір уақытқа дейін қолданылатын қабілетті 
өлшейтін тақтаның авторлары), Селье және басқа психиатрлер Крепелин, 
Циген, Юнг психодиагностиканы белсенлі қолданған, олар ойлауға, логикаға 
көптеген тапсырма шығарған. 
Психодиагностиканың ілім ретінде құрылуына Ф.Гальтонның «Адам 
қабілеттерін және оның дамуын зерттеу» (1883) жұмысы сөзсіз зор үлесін 
қосты, ол онда жалпы зиялылықты психодиагностикалық әдістер көмегімен 
зерттеуге ұсыныс берді. 
Содан кейін Кэттел, Бинэ, Симон, Векслер қазіргі уақытта 
қолданылатын әйгілі интеллект тестілерін шығарды. 
Психодиагностика педагогикалық зерттеулерді кеңінен таратады. Өте 
жақсы мысалдар дамытып, интеграциялық оқыту мәселелерін қарастырған 
(П.И.Зинченко, А.А.Смирнов, Л.А.Венгер, А.В.Запорожец, В.В.Давыдов, 
Д.Б.Богоявленская, т.б) жұмыстарының шеңберінде кездесеміз. 
Педагогикалық 
зерттеуде, 
психодиагностика 
қолданған 
сәтте 
психикалық құбылыстарды оның қоршаған ортамен, өмір, жұмыс әрекетімен 


байланысын адал тексеруге және психиканың қайшылықтарын анықтауға 
мүмкіншілік туады. 
Психодиагностикалық әдістерді таңдау өте маңызды жұмыс. Неге 
десеңіз, қазіргі уақытта әдістердің көп болғандығына келесі ақпаратты, 
зерттеу мақсаттарына сай еске сақтаған жөн болады: 
-әдіс неге бағытталған
-әдіс зерттелетін сапаны қалай анықтау керек; 
-бұл әдіс қандай мақсатпен құрылды; 
-кім бұл әдісті нәтижелі қолдана алады (психолог, педагог және т.б.); 
-әдіс қандай популяцияға бағытталған; 
-қолдану уақытына талаптар қойылған ба; 
-әдістің өнімділігіне талаптар қойылған ба; 
-әдістің құндылығы мен сенімділігі. 
Психодиагностика әдістерінің көп болғандығы сонша, оларды қандай 
жолмен реттеуді табу талап етіледі. Классификация (сыныптама) немесе 
таксономия бұл жерде бірнеше мағына білдіреді. Әр уақытта, әр салада және 
әртүрлі мақсатпен құрылған әдістердің ішкі байланыстары ашылады. Мәнді 
негіздерін ашқанда классификация қажетті ерекшеліктеріне байланысты 
әдістерді тез табуға мүмкіншілік береді. 
Таксонометрикалық шолу негізінде бірқатар ерекшеліктері үздік 
қиюластырып, әдістерді тиімді құрастыруға мүмкіншілік бар. Әдістердің 
сәтті сыныптамасын В. Черны және Т. Колларик бастаған чех 
психологтардың тобы ұсынды. Әдістер тоғыз негізгі тіреліп топталған, олар 
педагогикалық зерттеуде қажетті әдісті таңдап алуға мүмкіншілік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет