Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет8/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Лекция (1)

Проблема қою - «Бұрын зерттелмеген, нені зерттеу керек?» деген 
сұраққа жауап беру. Проблема қарама-қайшылықтан туындайды. Мысалы, 
жоғары мектептің оқытушысының кәсіби іс-әрекетіне деген педагогикалық 
талаптар мен олардың арнайы педагогикалық-психологиялық даярлығы 
болмауы арасындағы қарама-қайшылық. 
Тақырыбы – зерттейтін проблемамызды қалай атау керек екендігін 
анықтау. 
Зерттеу көкейтестілігі - аталған проблеманы қазіргі кезде не үшін 
зерттеу қажеттілігін анықтаумен тікелей байланысты.
Объект – зерттеуде не қарастырылатынын анықтау. Бірақ объект 
туралы толық, жан-жақты білім алу мүмкін емес. Сондықтан объектінің қай 
жағы, қандай қыры, байланыстары, қызметтері қарастырылады, соны 
көрсеткенде зерттеуші зерттеу пәнін анықтайды.
Мысалы, зерттеу тақырыбы - «Сыныптан тыс жұмыстарда білім 
алушылардың моральдік жауапкершілігін тәрбиелеу». Бұл тақырып бойынша 
зерттеу объектісі - білім алушылардың адамгершілік тәрбиесі. Ал зерттеу 
пәні – моральдік жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс 
жұмыстар жүйесі. 
Зерттеу мақсаты – жұмысты орындау барысында алынатын нәтиже. 
Зерттеу міндеттері – осы мақсатқа жету үшін не істеу керек екендігін 
анықтау. 
Гипотеза – ақиқаттылығы, шындығы әлі анықталмаған, дәлелдеуді 
қажет ететін ғылыми болжам, ғылыми тұжырым. 
Ғылыми жаңалығы – қандай нәтиже бірінші рет алынып отыр, бұрын 
істелмеген не істелді? деген сұраққа жауап беру. 
Теориялық маңыздылығы (мәнділігі) - ғылымдағы қандай 
тұжырымдамаға (концепцияға), қандай теорияға өзгеріс, жаңалық енгізілді? 
Практикалық маңыздылығы – зерттеу барысында алынған ғылыми 
білімдер қандай практикалық мәселені шешуге мүмкіндік береді? деген 
сұраққа жауап береді. 
Зерттеудің практикалық маңыздылығы (мәнділігі) - алынған 
зерттеу нәтижесі қандай практикалық проблеманы шешуге мүмкіндік 
беретіні.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет