Дәріс №4 Менингиттер Энцефалиттер Хайбуллин Т. Н



бет1/9
Дата28.11.2023
өлшемі4.92 Mb.
#484651
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

. Дәріс №4 Менингиттер Энцефалиттер Хайбуллин Т.Н.

Менингит –ми мен жұлын қабаттарын зақымдай отырып жүретін орталық жүйке жүйесінің инфекциялық –қабыну ауруы.

Менингиттердің жіктелуі

  • жедел, жеделдеу, созылмалы
  • Біріншілік және екіншілік
  • Серозды және іріңді
  • бактериалық, вирустық, протозойлы, саңырауқұлақтық.

Менингиттердің жіктелуі

  • Іріңді
  • Серозды
  • Біріншілік
  • - жедел
  • хориолимфоцитарлы,
  • - энтеровирусты
  • - герпестік
  • - паротитті
  • - арбовирусты
  • Екіншілік
  • - пневмококкты;
  • - стафилококкты;
  • - стрептококкты;
  • - көк ірің таяқшалы ;
  • - Гемофильді таяқшамен шақырылған
  • - протей
  • - Фриндлендер бацилласымен шақырылған;
  • - Ішек таяқшасымен шақырылған.
  • туберкулездік
  • сифилистік
  • бруцеллездік
  • лептоспироздық
  • саңырауқұлақтық
  • парагрипптік
  • аденовирустық
  • - паротитті

Менингиттердің синдромальды диагностикасы

Жалпымилық симптоматика

  • бас ауруы
  • құсу
  • эпилептикалық тырысулар
  • психомоторлы қозу
  • есеңгіреу, сопор, кома
  • сандырақ, галлюцинациялар, дезориентация

Менингеальды синдром

  • жалпы гиперестезия
  • «жамылғы симптомы»
  • Керер симптомы
  • желке бұлшықеттерінің ригидтілігі
  • «бүк түскен ит» қалпы
  • Керниг симптомы
  • Брудзинский симптомы (жоғарғы, ортаңғы және төменгі)
  • Лессаж симптомы

Менингитке шалдыққан науқастың қалпы

А сурет – Керниг симптомы В сурет– желке бұлшықеттерінің ригидтілігі

Брудзинский симптомы (жоғарғы)

Брудзинский симптомы (ортаңғы)

Брудзинский симптомы (төменгі)

Балалардағы Лессаж синдромы (1 – сау, 2 – науқас)

Қабынулық ауру синдромы

  • Қалшылдау
  • Ыстықтау сезімі
  • Дене қызуының жоғарылауы
  • Перифериялық қандағы қабынулық өзгерістер
  • Катаральды өзгерістер: ларинготрахеит, конъюнктивит
  • Лимфотүйіндерінің ұлғаюы
  • Герпестік бөртпелер

Жұлын – ми сұйықтығының қалыпты көрсеткіштері

  • Түсі, мөлдірлігі
  • Түссіз, мөлдір
  • Жатқан қалыптағы қысымы
  • 100- 200 мм су б.б
  • Цитоз
  • 1 мкл 0-3-6 немесе 0-3-6 • 106/л
  • Клеткалық құрам
  • Лимфоциттер
  • Ақуыз мөлшері
  • 0,10-0.45 г/л
  • Глюкоза мөлшері
  • 2,1-3.9 ммоль/л (қанда 1/2)
  • Хлоридтер мөлшері
  • 169.2-225.6 ммоль/л

Ликвордағы қабынулық өзгерістер синдромы

  • Ликворлық қысым, жатқан қалыпта > 200 мм су б.б
  • Түсі мен мөлдірлігі: іріңді менингиттер – лайлы, сары- жасыл түсті, серозды менингиттер – түссіз, мөлдір.
  • плеоцитоз: іріңді менингиттер – нейтрофилдер басым (1 мың.нан 10-20 мыңға дейін), серозды – лимфоциттер (1 мкл 100-1000 кл 1 мкл)
  • Ақуыздың артуы: іріңді – 5-6 г/л, серозды – 0,66-1,1 г/л (қ.ж 0,15-0,45 г/л);
  • глюкоза: іріңді және туберкулезді менингиттерде төмендейді< 2,1 ммоль/л

Менингококкты менингит (1)

  • Цереброспинальды эпидемиялық менингит - менингококкты инфекцияның формасы
  • Қалтыраумен жедел басталады, дене қызуының 38-40С жоғарылауы. Жалпы жағдайы кенет нашарлайды.
  • Менингеальді симптомдар бірнеше сағаттан соң пайда болып, жылдам үдейді.
  • Бет гиперемияся, қозғалыс бұзылысы пайда болады.
  • Ес бұзылысы мен қозғалыс бұзылысы жиі аурудың 2-ші-4-ші күндері пайда болады.

Менингококкты менингит (2)

  • Қызба – дұрыс емес типте өтеді, ауыр жағдайларда терморегуляцияның терең бұзылыстары салдарынан ауыр гипертермия болуы мүмкін.
  • 3-4 к.ні жиі жағдайда герпетикалық инфекция қосылады. \
  • Қанда - лейкоцитоз 12000 - 30000 және одан да көп, полинуклеарлар есебінен; эозинофилдер болмайды.
  • ЭТЖ - жылдамдаған, кей кезде шамалы гипохромды анемия көрініс табады. Лквордағы өзгерістер тән.

Менингококкты менингит (3)

  • Ауыр жағдайларда – геморрагиялық және петехиальды, пурпуралық бөртпе тән. Түрлі формада, жұлдыз тәрізді, кеуде мен аяқтарда орналасады (жамбас, сан, тізе).
  • Петехиялар, сонымен қатар шырыштты қабаттар, конъюнктива, алақан және табанда да болуы мүмкін.

Менингококкты менингиттің емі

  • Кешенді болуы тиіс
  • Этиотропты терапия
  • Патогенетикалық терапия
  • Бензилпенициллин 200 000 – 300 000 ЕД 1 кг/тәулік – 24 млн ЕД, кеш тағайындалса немесе ауыр жағдайда 500 000 – 1 млн. ЕД/кг/тәу 6 қабылдауға
  • немесе Ампициллин – 12-14 г тәул, балаларға - 200-300 мг/кг тәул 6 қабылдауға.
  • Альтернативті препарат цефтриаксон – 4 г тәул, балаларға – 100 мг/тәул 1-2 қабылдауға
  • Альтернативті препарат – рифампицин үлкендерге 1,2 г/тәу – 2 қабылдауға
  • Альтернативті препарат - левомицетин – үлкендерге 4 г тәул, балаларға - 100 мг/тәул 6 қабылдауға
  • Дезинтоксикациялық терапия
  • Дегидратациялық терапия
  • Электролиттік бұзылыстарды реттеу
  • Эпилептикалық тырысулардың алдын алу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет