Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі



бет41/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

Диверсификациялау– тәуекелді төмендету құралы. Егер капитал әр түрлі бағалы қағаздар арасында таратылатын болса онда тәуекелдер төмендейді. Бағалы қағаздар қоржынына облигацияларды, артықшылығы бар және жай акцияларды кіргізу жөн – мұндайды бағалы қағаздардың түрлері бойынша диверсификациялау деп атайды. Диверсификациялау экономиканың салалары, аймақтары, мемлекеттер және мерзім бойынша айырылады.
Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.
Қарыз міндеттемелер – инвестор (несиегер) және осы құжатты шығарған тұлға (несие алушы) арасында зайымды дәлелдейтін құжат. Қарыз міндеттемелерге облигацияларды, мемлекеттік зайымдарды, банктердің депозиттік және сақтандыру сертификаттарды, вексельдерді жатқызады.
Қарыз бағалы қағаздар – пайыз түрінде табысты алу айырбасқа қарызға берілген қаражаттарды дәлелдейтін және қарыз алушының белгіленген уақытта қарызды қайтарып беру міндеттемесін көрсететін бағалы қағаздар.
Инвестициялар- көбейту немесе құның сақтау мақсатымен экономиканың әр түрлі салаларына салынатын ұзақмерзімді капитал салымдары.
Инвестор-инвестициялық қызметті асыратың жеке немесе заңды тұлға.
Инновациялар- ғылым, техника, технологияны еңгізу негізімен негізгі капиталды (өндірістік қорларды) немесе өндірілген өнімді жаңарту.
Ипотекалық несие –бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.б.) кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
Қаржы-несиелік саясаты – ҚР Ұлттық Банкінің қаржылық реттеу әдістерінен тұратын мемлекеттің саясаты.
Қаржылық салымдар - бұл бағалы қағаздарды сатып алу, яғни инвестициялық қоржының құрау. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар, олардың атқаратың мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші ролге ие болып отырған меншікті инвестициялар. Жалпы, қаржылық инвестициялар дегеніміз несие-қаржы қызметі болып табылады, сондай-ақ несие мекемелеріне (банкілерге) сақтауға тапсырылатың ақша сомасы, қаржы мекемелеріне сақтауға тапсырылатың бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар) және депозиттік салымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет