275
Сүлеймен қарақшы
— Үйбай, шешейлер-ау, өлтiрдiңдер ғой. Қойсаңдаршы, —
деп сыңси жылап, Құлтанды қорғаштап, құшақтай алды. Екi әйел
ендi:
— Ә, салдақы! Бұл албастың
бiздiң байымызды өлтiргенде
жаның ашыған жоқ емес пе? — деп Нәзияға жабыла кетiстi.
Бар ашулары бойларынан шығып, қаһарланған екi әйел
Нәзияны жерге құлатып, тепкiнiң астына алды. Лезде Нәзияның
бетiн қан жуды.
— Мына қатындарды ажыратшы, — дедi Сүлеймен Ажанға. —
Нәзияны үйге апарып тық. Әйтпесе байына кектенген мыналар
сорлыны өлтiрiп қояр.
Ажан Нәзияны сабаған әйелдердiң екеуiн екi жаққа итерiп-
итерiп тастады. Сөйттi де Нәзияны қолтықтап, үйiне жеткiздi.
— Неге әкетесiңдер оны? Ол да байымен бiрдей
қорлық көруi
керек едi. Оның да бiзге көрсетпегенi жоқ.
— Зорлықтың бәрiн Құлтан бастап жүр де. Сондықтан о
байғұсты ұрудың қажетi не. Ендi мен сендерге бiр қызық нәрсе
көрсетейiн. Асулы тұрған екi белсендiнiң арттарын жалаңаштап
берейiн. Солқылдақ шыбықпен сол жерлерiн сабап-сабап
алыңдар, — деп Ажан қонышынан екi жүздi ұзын қанжарын
шығарып, Құлтан мен Тәңкiнiң шалбарларын тiлгiлеп-тiлгiлеп
тастады. Жоқ, тiлгiлемедi. Майлы
жерлерiнiң тұстарын ойып
кесiп тастады. Бұл көрiнiске балалар күлiсiп, мәз болысты. Ал
әйелдер жағы:
— Үйбай, бетiм-ау, екеуiнiң де арттары тура қатындардiкi
сияқты әппақ, әрi жап-жалпақ екен-ау, — деп беттерiн шымшып,
терiс қарасты. Балалар болса қолдарындағы шыбықтарымен
Құлтан мен Тәңкiнiң сол жалаңаш жерлерiн соға бастады.
— Қара,
құйрығы тiлiнiп, қанап кеттi, — дедi бiрi.
— Ал мынанiкi қатты ма, шыбықтың iзi батпайды, — дедi
екiншi бала.
— Ойбай, Сүке, өлдiм! Қой деңiзшi мыналарға. Жүрегiм
сығылып кеттi. Өкпем таңдайыма кептелдi, — деп байлаулы екеу
қарлығыңқы дауыспен айқайлады. Көздерiнен парлап жас ақты.
— Бұлар қазiрше осылай тұра берсiн, — дедi Сүлеймен ауыл
адамдарына қарап. — Балдар, сендер ұруды қоя тұрыңдар. Ендi
бәрiң Құлтанның үйiне кiрiп,
жарамды заттардың барлығын
қолды қылыңдар. Одан кейiн анау ақырдағы байлаулы семiз мiнiс
атын сойып алыңдар.