324
Сүлеймен қарақшы
тұратын баракқа айдап келгенде, әрқайсысына етегi қысқа бiр-
бiр шапан үлестiрген. Сүлейменге шапан тарлық қылды. Бiрақ
басқа амал жоқ. Тырыстырып киiп алды.
Әнеукүнгi пойызбен келгендердiң бәрiн бiр баракқа
жайғастырды. Ендi Ажан да, Аязбек те топқа қайта қосылды.
Төртеуi барактың орта шенiне орналасты.
Төр жақтағы бұрынғы жатқандардың iшiнде оншақты қазақ
бар екен. Сүлеймендер барған күнi-ақ солармен шүйiркелесiп,
табыса кеттi. Олардың арасында Сүлеймен секiлдi қапсағай денелi
бiр кiсi өзiн “Қаппармын” деп таныстырып, қалғандарының да
аттарын атап шықты. Өзi Сүлеймендi сырттай жақсы бiледi екен.
— Мен жайлы қайдан естiп едiң?
— Өзiңдi көрмесек те, сыртыңнан талай естiгенбiз, Сүлеймен.
Әкем рахметтiк сен жайында көп айтатын.
— Әкең кiм едi?
— Мен Қазығұрттағы шегiр Естемес бидiң баласымын.
Мынау — Бекмырза, Ұлтанбек байдың баласы. Ал анау жаныс
Қосшығұлдың Айтбайы...
— Әй, әй, тоқта! Естемес бидiң
қолынан талай дәм таттық
қой. Баяғыда Билiкөлдегi Шымыр Керiмбай болыстың тойына да
бiрге барған едiк. О кiсi қашан қайтты өмiрден?
— Алты жылдай болды. Елге бәлшебектер кәнпiс жасағанда,
бәрiмiздi “бай-құлақтың баласы” деп жазықсыздан-жазықсыз
соттап жiбердi. Алдында екi жылдай Оралда болып едiк, былтыр
осында айдап келдi.
— Естуiмше, Естеместе мал көп болмайтын дейтiн...
— Бай баласы ретiнде сотталған мынау — Бекмырза. Менi би-
болыс баласы деп соттады.
Содан сонау қиыр Сiбiрдегi орман iшiнде өз жерлестерiмен
жолыққан Сүлейменнiң көңiлi бiр сәт көтерiлiп қалды. Сол күнi
өткен-кеткендi
әңгiме етiсiп, жерлестер ұзақ сөйлестi. Әсiресе
Бекмырза әңгiмешiл адам екен. Басына түскенге мойып, жүнжiп
кетпептi. Қайта жан-жақтағылардың бәрiн күлдiрiп, небiр
қалжың әңгiмелердiң тиегiн ағытты.
Бiр күн өткен соң Сүлеймендер
барлық сотталушылар
сияқты жұмысқа шықты. Микай дәл айтқан екен. Солдаттар