544
Сүлеймен қарақшы
Алайда олар жүдә кекшiл ғой. Тағы топтанып алса, бас
бермейтiн бұзық. Менен жеңiлгеннен кейiн тыныш жүрмей,
сонау Қарағандыдан өздерi пiр тұтатын бiр дәуiн шақыртыпты.
Соны құлағым шалғасын, Тәшкенге қайтпай, әлгiнi күттiм.
Арада он бес күндей өткенде, бiреуi келiп: “Бiздiң Қарағандыдан
келген дәуiмiз саған екi күннен соң Ленгiрдегi базарға келсiн” —
деп айтты”, — дедi. «Батыр болса, қарусыз, пышақсыз болсын»
дептi тағы. Бардым. Базар ортасында шешендер топырлап тұр.
Ортасындағы бiреудiң тұлғасы бөлек. Құдды Сiбiрдегi қара Ибан
сияқты. Өздерiнiң күткен
адамы мен екенiмдi бiлгесiн, қолын
берiп танысты. Оның да аты — Сүлеймен екен. Бiрден қалай
төбелесетiнiмiздi және жасымды сұрады. Менен екi жас үлкен
екенiн бiлгесiн: “Бiр-бiрден ғана ұрысайық. Кiм орнынан тұрмай
қалса, сол жеңiлген болады. Жеңiлген адам жеңгеннiң уәжiнде
тұрсын”, — дедiм. “Жарайды, бiрiншi болып қайсымыз ұрамыз?”,
— дедi ол. “Сенiң жасың үлкен екен, әрi қонақсың. Сондықтан да
бiрiншi кезектi саған бердiм”, — дедiм.
Екеумiз топтан бөлiнiп, базар ортасына шықтық. Ол оң қолын
ары-берi айналдырып, бiраз дайындалып алды да, құлақшекемнен
қойып қалды. Көптен берi мұндай дүлей соққыны көрген жоқ едiм.
Көзiм тұманданып, талықсыған күй кештiм.
Бiр жағыма қарай
үш-төрт қадам тәлтiректедiм-ау деймiн. Бiрақ құламадым. Аздан
соң өз-өзiме келдiм. Қатты соққы тисе қатты көтерiлетiн ашуым
басыма шықты. “Әй, нәлетi! Ендi сен тұр! Қазақ қаһармандары,
әсiресе мына мен сияқты қаһарман ешкiмге әруағын таптаттырған
емес!” — деп құлақ үстiнен аямай бiр ұрдым. Ол цементтелген
жалпақ базар лавкасынан ары асып, жерге бүк түстi. Қайтып
тұра алмады. Жанындағыларын да тағы қырып салар едiм. Бiрақ
мен өздерiне бұрыла бергенiмде, олар қаша жөнелдi.
Қанша
дегенмен елу беске келiп, шау тартып қалған шағым ғой, қуып
жете алмайтынымды бiлгесiн, соңдарынан түспедiм.
Кейiн есiттiм, жаңағы Сүлеймен сол құлағанынан адам
қатарына қайта қосылмапты. Сiрә, миына қан құйылып кетсе
керек, бiр қолы мен бiр аяғы iстемей, тiлi де сөзге жөндi келмей,
көп жыл төсек тартып жатыпты.