Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет9/27
Дата20.05.2024
өлшемі1.61 Mb.
#501554
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
961013450907 kz 5B020500 Зинедина Айерке Сағынғалиқызы

Манағы қалған қырық қалмаққа
Батыр Мамай жөнелді [3,16].
***
Сен ақылы артық би болсаң,
Бағана айттым бір сөзді,
Сөзде неге тұрмайсың? [3,48].
Қазақстанның оңтүстік аймағында қолданылатын «дарбаза» сөзі де бірнеше рет кездеседі. Бұл сөз қақпа деген мағына береді. Жырда, әлбетте, сарайдың, не шаһардың қақпасы ретінде суреттеледі.
Қырық күн ашып шығатын
Дарбазасы бар екен [3,357].
Жалпылау есімдігі болатын «бүкіл» сөзін батыс аймақтарда күйшетіп, сөз арасына «т» қыстырынды дыбысын қоса айту бар. Жырда да сөздің осы нұсқасы ұшырасып жатады.
Бүткіл ноғай көреді,
Ит ішкендей арам ас [3,109].
Бүткіл сөзі жырда 13 рет қайталанса, әдеби нұсқасы бүкіл сөзі 6 рет кездеседі. Яғни жырда бұлар қатарласа қолданылған.
Жырда халық арасынан кеңінен тараған мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер де көп кездеседі. Олардың қатарында дәл қазіргі күйінде жұмсалғаны да бар, кейбір сөздерінің өзгеріске ұшырап қолданылғаны да бар. Жыр поэзиялық туынды болғандықтан мақал-мәтелдердің инверсияланып, яғни ырғаққа байланысты бір нақылдың екі тармақта бөлініп келгені байқалады. Мысалы,
Сабыр ет, балам, сабыр ет!
Сабырдың түбі - сары алтын,
Сабыр еткен жетер мұратқа
Сабырсыздық қылам деп
Қалып жүрме ұятқа [3,39].
***
Ер қаруы – бес қару
Жалғыз ерден ауыспайд [3,44].
***
Жалғыздың жары Құдай деген рас
Жаратқан жеткізді Алла соған ізім [3,135].
***
Қайтпайды деген мақал бар,
Шешініп суға түрінген [3,147].
***
«Екі қошқар бастары
Бір қазанға сия алмай»
Әр ұлтта бір тұқым
Асыл жұрат, сірәда-ай [3,190].
***
«Бас жарылса білдірме,
Бөрік ішінде» деген көп [3,191].
***
Өсер елдің жігіті,
Бірін-бірі батыр дер.
Өшер елдің жігіті
Бірін-бірі қатын ltр [3,452].
***
Отыменен кіреді,
Суыменен шығады.
Күндердің күні болғанда
Тоқалдан туған жамандар,
Жатып алып кеңесті-ай [3,447].
Жырда мынадай бір үзінді бар. Бөтен жұртқа барған адамды төрт нәрсемен қадірлейді: жүйрік ит, қыран құс, тұлпар ат, сұлу қыз [3,173]. Бұл мысалда қазіргі таңда біздің жеті қазынамызға айналған символдар кездеседі. Әрине, барлығы емес, төртеуі. Бұдан шығатыны – жеті қазынаның тарихының тереңде жатқандығы. Бұл үзінді арқылы халқымыздың этникалық құндылықтарының тамыры сонау Ноғайлы заманынан бері үзілмей келе жатқандығын аңғаруға болады.
«Орақ-Мамай» жырында кездесетін көптеген тілдік бірліктер кейін Махамбет поэзиясында орын тепкен. Тармақтарының құрылымы да буын саны мен грамматикалық формалары да бірдей қолданылған. «Орақ-Мамай» жырында:
Мен ноғайлы деген ел едім,
Мен Ноғайлының ішінде
Атасы текті бек едім.
Атасы бөтен қалмақтың
Жерін алсам деп едім,
Сұрайтұғын сұрамға
Елін алсам деп едім.
Қалмақты жеңіп есіріп
Байдалы байтақ көп жердің
Кегін алсам деп едім.
Бадана көзді аруын
Тегін алсам деп едім [3,55].
-делінсе. Махамбет осы жырдың ізімен:
Мен - мен едім, мен едім! 
Мен Нарында жүргенде 
Еңіреген ер едім. 
Исатайдың барында 
Екі тарлан бөрі едім. 
Қай қазақтан кем едім? 
Бір қазақпен тең едім. 
Өздеріңдей хандардың, 
Қарны жуан билердің 
Атандай даусын ақыртып, 
Лауазымын көкке шақыртып, 
Сұлтанын суға сұлатып, 
Ханшасын қақпа алдында жылатып, 
Ернін еттей тесісіп, 
Кеңірдегін кесісіп, 
Жыраға басын түсіріп, 
Жылғадан қанын ағызып
Басын кессем деп едім! [20,49].

  • деп жырлатады. «Орақ-Мамай» жырындағы Ноғайлы Махамбетте өзінің туған жері Нарынға айналған. Жаудан елдің кегін алу, аруын тегін алу мәселесі қозғалған екі шығармада да «мен» сөзі және тармақтарының соңында қайталанып келетін «едім» сөзі поэтикалық құрал ретінде жұмсалған.

«Орақ-Мамай» жырында Махамбетте

Еңсесі биік ақ орда
Тарқаушы ет халық жиналып [3,57].
Еңсесі биік ақ орда - 
Еріксіз кірсем деп едім [20,29].

Құбыладан жел тұрып,
Борай-борай қар жауған [3,215].
Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма? [20,49]

Мен еңіреп жүрген ер едім,
Тек көңіліме тоқ санап,
Едігедей бабасын [3,99].


Мен - мен едім, мен едім! 
Мен Нарында жергенде
Еңіреген ер едім [20,30].



«Орақ-Мамай» жырында өзге де фольклорлық туындыларда кездесетін тілімізде орнығып тұрақталған тұрақты жолдар да кездеседі. Мысалы, көптеген фольклорлық шығармаларда ұшырасатын кейіпкердің сөзін берер алдында, оның сөзінің өтімділігін, айтпақ ойының қарқының қаттылығын аңдататын Қарасайға сөйледі, Сөйлегенде бүй деді тұрақты жолдары жырда көп кездесекен [3,316]. Сонымен қатар, ауыз әдебиеті үлгілеріне тән «Түсінде бір іс көрді» тұрақты жолы «Орақ-Мамай» жырында «Түнде жатып түс көрді, Әжептәуір іс көрді» деген тармақтармен келген [3,25]. Батырлық жырларында батырдың жауға аттанар алдында үнемі келіп отыратын Буырқанып бұрсанып, Мұздай темір құрсанып тұрақты жолдары біз қарастырып отырған жырда да жиі көзге шалынады. Мысалы, «Аққұла атқа ер салып, Мұздай темір құрсанып, Жауды көрсе бұрсанып» жолдарымен берілген [3,316]. Мұндай халық санасында орнығып қалған тұрақты жолдар бір шығармадан бір шығармаға өтіп, қолданыла береді. Кез келген эпостық шығарманы айтушы ерте дәуірлерден бері келе жатқан мұндай тармақтарды жырлап отырған жырына қосатын болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет