Диплом жұмысы тақырыбы: «Бастауыш сыныпта сан есімді оқыту әдістемесі»


IV. Бастауыш мектепте сан есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқыту жолдары



бет3/5
Дата09.06.2016
өлшемі386 Kb.
#124495
түріДиплом
1   2   3   4   5

IV. Бастауыш мектепте сан есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқыту жолдары

Қай пәнболмасын, оны оқытудың нәтижелі болуы, ең алдымен оқыту ісін тиімді үйымдастыруға байланысты. Берілуге тиім білім мазмұны қаншалықты жетілдірілгенімен, оқушылардың білімі мен дағдысына қойылатын бағдарламалық талаптар ғылыми -әдістемелік Тұрғыдан қаншалықты дұрыс болса да, егер ол білім мен дағдыларыд оқыту ісіне бөлінген уақыт пен мүмкіндікке сай жүйелі Тұрде үйретілмесе, бұл жұмыс нәтижелі болмайды. Әсіресе, әр пәнді оқытуға арналған каленьдарлық жоспарлардың ғылыми - әдістемелік, психофизиологиялық, тәрбиелік жақтары мен нақты мақсаттар қатаң ескеріле, жан-жақты ойластырыла жасалыуының маңызы зор.

Жаңашыл мұғалімдердің іс - тәжірибелеріне, каленьдарлық жоспардың әртүрлі үлгілерін сараптап көрген өз жұмысшымыздың қортындыларына сүйене отырып, 2-класта оқытылатын «Сөз» тарауын төмендегіше жоспарлаған дұрыс деп таптық:

Рет

нөмірі


Тақырыптар

Сағат саны

1

Кім? "кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.

10

2

Бас әріппен жазылатын сөздер

6

3

Не істеді? неғылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер.

6

4

Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер

6

5

Қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер

5

Ескерту: 2-класта «Сөз» тарауы .бір тоқсан бойы (үшінші тоқсанда) оқыларды. 12 сағат көркем жазуға, 2 сағат өткенді қайталап жинақтау сабақтарына қалдырылған. Ал байланыстырып сөйлеуді дамытуға арналған сабақтарды әр тақырыпты игеріп болған соң оқытылып жатқан ұғымдармен сабақтастыра үйымдастырған жөн.

Тілдегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап бертінінне байланысты әртүрлі топтарға бөлінетінін 2-класс оқушылары бірден түсініп кете алмайды. Себебі берліген сөзге сұрақ қою, немесе берілген сұраққа жауап берететін сөзді табу дағдысын олар әлі толық меңгермеген. Оның үсьтіне сөздердің семантикалық - грамматикалық



топтарынан қатысты сұрақтардың өзі шартты екенін білеміз. Бұл сұрақтарды дұрыс қойып үйрену үшін оқушылардың дерексіз (абстракқиялы) ойлау машығына төселуі қажет. Мысалы, кітап, терезе, тақта деген сияқты деректі заттардың атауларына бү_л не? деген сұрақты оңай қоятын оқушылар уақыт, сабақ, үзіліс сияқты дерексіз ұғымдардың атауларына келгенде қиналып қалады. Сонадай-ақ «Марат екеуміз өзенге бардық. Қүтжол да соңымыздан ерді» деген сөйлемдегі Марат сөзіне кім? деген сұрақ қойып, Қүтжол сөзіне не? деген сұрақ қойылуының себебін оқушылар бірден қабылдай алмайды. Әсіресе қалалық жерде өсііі, ой-өрісі орыс тілінің (теледидар, кітіпшалар, т.б.арқылы) ықпалымен қалыптасқан балалар үшін бұл ерекшеліәкті бірден түсіні өте қиын. Ал «Не істеді? неғылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбын оқыту барысында баллардың қабылдау мүмкіндігіне байланысты мәселелрге тіпті жиі кездесеміз. Мысалы, жүргірді, тасыды, оқыды, жазды деген сияқты нақты қимылды білдіріп Тұрған сөздерге не істеді? сұрағының қойылуын тез түсінеді. Бірақ олар жатыр, отыр, Тұр (Кітіп үстел үстінде жатыр, Қарға ағаш бүтағында отыр. Класта шкаф тұр) деген сөздерге бұл сұрақты қоймайды. Сонымен бірге «Уақыт өтті. Каникул жақындады. Сабақ аяқталды.» деген сөйлемдердегі «өтті, жақындады, аяқталды» сөздерінің қимылды білдіріп Тұрғанын бірден ұғымдыру да қиын. Адамның әрекетіне, жан-жануарлардың қимылына, құбылыстардың өзгерістеріне не істеді? неғылды? қайтті? сұрақтарының қайсысы қойылатыннын түсіндірудін де қиыншылықтары біршама баршылық.

Сондай- ақ «Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер» мен «Қанша? неше? нешінші? су_рақтарына жауап беретін сөздер» тақырыптарын оқытудың да өзіндік қиыншылықтар бар. Мысалы, бірінші тақырыпты оқыту барысында оқушылар қандай? қай? сұрақтарын заттың түсін білдіретін ақ, қара, қызыл, сары, көк .т.б смөөздерге қоя алады да, алыс, таяз, кең, тәтті, суық сияқты заттың сыны айқын байқалмайтын сөздерге немесе сулы, таулы, айбарлы сияқты белгіні білдіретін сөздерге бұл сұрақтарды қояр кезде қиналып қалады. Сондықтан 2-класс оқушыларына тілдеге сөздердің семантикалық — грамматикалық топтарын байқату барысында біз оларды дерексіз ойлауға, сөздердің лексикалық мағыналарын жинақтап, дерексіз белгілердіойша топтай білуге машықтандыруымыз қажет. Бұл, әрине, қиын жұмыс. Көрнекі құралдарды (суреттер, сөздер кассасы, кестелер) Тұрлендіре пайдаланып ойнату, әртүрлі мақсаттарды көздейтін жаттығу жұмыстарын оқушыларға барынша жиі орындату арқылы ғана көздеген мақсатқа жетуге болады.

Тағы бір айта кететін нәрсе: осы кластан бастап оқушылар «заттың аты», «заттың қимылы», заттың сыны, сапасы», «заттың


саны» деген ұғымдарды мұғалімнен естіп, немесе оқулықтан оқып, өздері де анықтама Түрінде айта бастайды. Бірақ балаладың бұрыннан қалыптасықан ұғым бойынша «зат» деген - қозғалмайтын жансыз нәрсе. Олардың түсінігшінде бұл сөздің аясын адам да, жан-жанауарлар да, өсімдіктер де, әртүрлі құбылыстар (жаңбыр, найзағай, жел, т.б.) да кірмейді. Ал оқулық бойынша оларға «Не істеді? неғылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді» деген анықтаманы жаттатып, оқыды, жазды, жүрді, жүгірді деген мысалдар келтіреміз. Балалар үағымдағы жансыз зат оқымайды да, «Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер» немесе ««Қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыптарына қатысты анықтамалар туралы да осыны айтуға болады.

Демек, оқушылар мұндай анықтамаларды мағыналарына толық түсінбей, қүр жаттап алмауы үшін оқыту барысында төмендегі екі түрлі жолдың бірін тандаған дұрыс:

1. Оқулықтағы анықтамаларды өзгертіп, «Не істеді?
неғылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер адамның, жан -
жануарлардың, заттың, құбылыстың іс-әрекетін, қимылын, өзгерісін
білдіреді» деген формада алуымыз керек.

2. Грамматикадан қоланылатын «зат» деген ұғымның кең


екенін, оған адам да, жан - жануарлар да, құбылыстар да енетінін
оқушыларға түсіндіріп, бұл түсіндірілген ұғымды бекіту үшін арнайы
жаттығу жұмыстарын жүргізу қажет.

Біздіңше, 2-класс оқушыларының мүмкіндігіне бірінші жол


лайық. • ;

2-класта морфологиялық ұғымдарды оқыту кезеңде есте үстайтын тағы бір мәселе - оқушыларға берілетін грамматикалық мағлұматтарды жүйелі түрде - қарапайым түсіктен күрделі түсінікке қарай бірте-бірте маңгерту болып табылады. Мұның мәні мынада:



  • Бір рет айтылған мәліметті оқушыларға қайта-қайта
    ежектей беруге болмайды. Мұндай жағдайда оқушылардың сабаққа
    ынтасы нашарлайды.

  • Ал бір сабақта берілетін грамматикалық ұғымдар мен
    дағдылардыдың көлемі тым көбейіп кетсе, балалардың қабылдау
    мүмкіндігіне салмақ түседі. Нәтижесінде меңгертуге тиіс
    мағлұматтар мен дағдылардың ешқайысын да толық игере алмайды.

Сондықтан осы екеуінің үйлесімді аралығын тауып, әр бір тақырып бойынша беруге тиісті ұғымдарды жүйелеп отыруымыз қажет. Мысалы, «қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбын оқытуға 6 ағат уақыт бөліп отырмыз.. Бұл тақырыпты осы берілген уақытқа сай былайша жүйелеуді ұсынамыз:

1 - сабақ

Тақырыбы: Кім? не? және қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздер байланыстыру туралы жалпы түсінік.

Мақсаты: Оқушылардың зат және оны атауы жөніндегі ұғымдар қалай түсінетіндерін бақылау. Заттың санын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге дайындау. Балалардың ақыл - ой қабілетін, дерексіз ойлау дағдысын дамыту.

2 - сабақ

Тақырыбы: қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздер.

Мақсаты: Оқушылардың қанша? неше?деген сұрақтарға жауап беретін сөздер жөнінде бірінші сабақта алған түсінігін орнықтыру. Олардың

назары сөздердің білдіретін мағыналарына аударып, бұл сөздерді топтай білуге баулу. Тек деректі заттардың атауларымен де жү_мыс істетіп байқау.



3 - сабақ

Тақырыбы: Қанша? Нешінші? беретін

сөздер. Мақсаты: Оқушыларға терминдерді айтпай-ақ, заттың

Санын блдеретін сөздер жеке затты және оның көпше түрін білдіретінін үғындыру. Оларға : Қанша? Нешінші? деген сұрақтарының қойлыуының мәнін білдіру. Оқушылардың орфографиялық сауаттылығын жетілдіру.

4 - сабақ

Тақырыбы: Кімдер? нелер? Қанша? неше? сұрақтарына

жауап беретін сөздер . Мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда алған

түсініктері мен дағдыларын орнықтыру.

Олардың сөз мағыналары туралы ұғымдарды

тереңдетіп, байланыстырып сөйлеуге

дағдыландыру.



5 - сабақ

Тақырыбы: Қанша ? сүрағына жауап беретін сөздер Мақсаты: Оқушыларға Қанша? неше? деген

сұрақтарына жауап беретін сөздер жалпы

түсінік беру.

Осы түста ескерте кететін жағдай: оқулықта бұл тақырыпқа қатысты жаттығу үлгілері жүйесіз берілген. Яғни әртүрлі мақсатты көздейтін екі жаттығу қатары беріледі, ал бір дағдыны меңгертуді көздейтін жаттығулар бір-бірінен алшақ тұр. Сондықтан мұғалім оларды өз жоспарына сай шығармашылықпен пайдалануы қажет.

Оқулық оқушылар үшін жазылады. Ол - оқушыларға, мұғалімге басшылық қана. Сондықтан тек оқулықтағы жаттығуларды орындаумен ғана шектелмей, қосымша жаттығу үлгілерін жасап, үлестірмелі қима қағаздар Түрінде қызықты тапсырмалар дайындап, олардың сабақ барысында үтымды пайдалануы балалардың белсенділігін арттырады, әрі уақыт үнемделеді.

Төмендегі сабақ үлгілерін жасау барысында юірз дер өз тарапымыздан осындай жаттығулар мен тапсырмалардың түрлерін барынша мол беруге тырыстық.



Сабақ үлгілері

Кім? кімдер? Қанша? неше ? сұрақтарына жауап беретін сөздер.



Бірінші сабақ

Тақырыбы: Тақырыбы: Кім? не? Қанша? неше ? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы жалпы түсінік.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың зат және оны атауы

ұғымдардын қалай түсінетіндерін бақылау. Заттың атын,санын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге дайындау. Балалардың ақыл - ой қабілетін, дерексіз ойлау дағдысын дамыту.



Көрнекі құралдар: Оқушыларға'бұрынан таныс әртүрлі

заттар (ойыншықтар, оқу құралдары) немесе оларды түрлі түсті суреттері.



Сабақтың барысы: I. Оқушылар зат және оның саны

туралы ұғымдарды қалай түсінетіндерін бақылау.

Бұл жұмыстың мәні мынада: оқушылар әрбір сөздің дыбыстардан құралатынын, ол сөздердің белгілі бір мағынаны білдіретінін бірінші кластан бастап-ақ үйрене бастайды. Бірақ өткен жылғы бұл проқесс негізінен сауат ашу мақсатында бағындырылған,


яғни заттың суретін көрсету арқылы оның атын білдіретін сөз құрамындағы дыбыстарды үйретуді көздеген еді. Ал ендігі мақсат керісінше: оқушаларды заттан оның атын білдіретін сөзді дерексіз ой арқылы бөліп алу дағдысына баулу. Бұл дағды қарапайым мысалдаор төңірегіндегі әңгіме, сұрақ - жауап тәсілдері арқылы қүалыптастырыылуы қажет. Мысалы:

- Мынау не?


Оқушылар жауап береді:

- Өшіргіш (қалам, сағат, кітап, т.б.). (Бұл сөздер әдетте


оқушыларға жақсы таныс деректі заттардың атауы болады).
Мұғалім балалар айтқан сөзді тақтаға жазып қояды да, сол

жазуды көрсетіп, тағы да сүрайды:

- Ал мынау неше өшіргіш ?

Үш өшіргіш.

Оқушылар тақтадағы бұл жазудың әлгіде көрсетілген нақтылы затқа (өшіргішке) қатысты екенін біледі. Бірақ қалай қатысты екенін ажырата алмауы заңды нәрсе. Сондықтан Мұғалімнің міндеті — бү_л жазудың жай жазу емес, заттың өзі де емес, сол заттың атауы екенін үғындыра білу.


  • Жоқ, бұл өшіргіштің атын білдіретін сөз.
    Осы үлгідегі мысал тағы да қайталанады:

  • Мынау'не?

  • Сағат.

  • Рас, сағат. Заттың өзі. Ал, енді осы заттың санын өздерін
    айтқан атын тақтаға жазып қояйық. Бұл не болды сонда?

  • Сағаттың санын білдіретін сөз.

Оқушылар зат пен оның санын білдіретін сөздің аралығын ажыратқанша бұл мысалды бірнеше рет қайталауға болады. Соңынан сүарқ - жауап ауызша формаға ауысып, жұымсы барысын жеделдете түсу қажет. Бұл түхта кластағы заттар мен олардың аттары үлкен етіп жазылған үлестірмелі қима қағаздар кең қолданылады.

  • Мынау не?

  • Кітап.

  • Ал, мынаунеше кітап ? («кітап» деген сөз жазылған
    үлестірмелі екі қима кағазды көрсетеді.)

  • Екі кітап.

Қорытынды:

- Барлық заттың атын білдіретін сөз болады екен. Ол заттарды


сол аттарымен атаймыз. Кәне, класс ішіндегі, көшедегі
өздерін көріп Тұрған заттарды атаңдаршы?!

Оқушылар айта бастайды:

- Тақта, парта, , ағаш, ....


II. Заттың санын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге дайындау.

Сабақ барысында бірінші мақсатты орындаудан екінші мақсатты игеруге әртүрлі жолмен көшуге -болады. Ең маңыздысы -бұл тұста оқушылардың психологиялық күйіне күш түспейтіндей болу керек. Ол үшін қарсы сұрақ қойылады:

- Ал, енді осы класс ішінде өздерің білмейтін заттар бар ма?
Болса, оның атын білу үшін қалай сұрайсыңдар.

Класта мұндай заттың жоқ болуы да мүмкін. Ондай жағдайда мұғалім өзі әкелген көрнекі құралдардың бірін немесе суреттерді пайдалана алады. Мысалы, жемістер бейнелген суреттерді алайық. Алма, алмұрт, қара өрік, шие, апельсин, т.б. жемістердің (суреттегі) әрқайсысына алдымен мұғалім, содан соң оқушылар сұрақ қоя отырып, олардың бәрі де «не?» деген сұраққа жауап беретінін анықтайды. Берілген ұғымды орнықтыра түсу үшін оқулықтағы 142-жаттығу орындалады. Бұдан соң суреттер бойынша жұмыс жүргізуге болады. Мысальі, аңдар (аю, арыстан, қасқыр, қоян, түлкі, т.б.). Ал оқушылар сұрақты өздері қойып, жауабын өздері айтады:



  • Мынау не?

  • Аю

  • Неше аю?

  • Екі аю

  • Қасқыр...

Осындай үлгідегі ауызша жаттығудың үшінші рет қайталанған тұсында мұғалім оқушыларды ойландыратындай өзгеріс енгізу қажет. Мысалы, суреттерде, ауылшаруашылығы машиналарының (трактор, комбайн, жүк машинасы, автобус) немесе қала транспортының Тұрлері (автобус, трамвай, траллейбус, такси т.б.) бейнеленген.

Оқушылар алғашқы дағдылары негізінде сұрақ қойып, оған


өздері жауап бере бастайды: ;

  • Мынау не?

  • Автобус.

  • Мынау неше автобус ?

  • Төрт автобус

Осы мұғалім суреттердің арасынан үлкен планда бейнелеген автобус жүргізушінің немесе кондуктордың, не көше айырығындағы милиқионердің суретін көрсетеді. Адам бейнелеген суреттерге келгенде оқушалардың ойланып қалары анық. Ал алғашқы дағдысымен «Мынау не?» деп сұрақ қойып жатса, мұғалімнің өзі араласады.

  • Ойланыңдаршы, адамға бұл не деп айта ма екен?

  • Айтпайды.

  • Ал оларға қандай сұрақ қойылады?

  • Бұл кім?

Соңғы сұрақтың жауабын мұғалім айтса да, оқушылар айтса да бәрібір. Маңызы - оқушының ойлануы - кенеттен жаңалыққа кез болу.

Ары қарай суреттерді араластыра бастау қажет: парта, төменге есімі жазылған оқушы қыз, нан, ақ халат киген сатушы, .т.б

Суреттердің көмегімен оқушылардың сұрақ қойып, оған өздері жауап берген дағдылары орнығып, ойлау жылдамдықтары артқан кезде олдардың алған білімдерін қортындылауға болады.

Қорытынды: барлық заттардың, адамдардың аттары болады. Олар сөздермен аталады. Бұл сөздерге кім? не? деген сұрақтар қоямыз. Егер адам болса кім? — деген сұрақ , ол жансыз зат, жан-жануарлар болса, не? деген сұрақ қойылады. Заттар дара не бірнеге болса оларға Қанша? неше ? деген сұрақтар қойылады.

III. Пысықтау жаттығулары. Мысалы, оқулықтағы 143-жаттығу.

Қосымша жаттығу үлгілері. Жақшадағы көп нүктенің орнына Қанша? неше ? сұрақтарының тиістісін қойып, көшіріп жазыңдар.

Шана (•...), бала (...), жүргізуші (...)..

Қалаған уақыттың көлеміне сай оқушыларды ойлау қабілетін дамытатын, әрі өткен материалдарды байытатын жұмбақ шешу жұмысын жүргізу де артық болмайды. Мысалы:

1. Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.

(Қарбыз)


2. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.

(Кітап)


Мүнан кейін оқушыларға мақал- мәтел табу тапсырылды. Оқушылар тапқан мақал- мәтелдерден сан есімді тапты. Ол үшін оқушыларға әр тақырыптан мақал- мәтелдер табу тапсырылды.

1-ші топқа:

Туған жерге туың тік.



2-ші топқа:

Өнерді үйрен де жирен.



3-ші топқа:

Ырыс алды — ынтымақ.



4-ші топқа:

Ел алғысын алсаң, елеулісі боларсың.

Бес минуттан кейін әрбір топ өз жауаптарын берді:

1-топ:


  1. Ат айналып қазығын табар,
    Ер айналып елін табар.

  2. Өз үйім - өлең төсегім.

  3. Ел ііиі - алтын бесік.

  4. Елінен безген ер оңбас,
    Көлінен безген қаз оңбас.

  5. Отансыз адам,
    Ормансыз бұлбұл.

2- топ:

  1. Өз үйінде ою оймаған,
    Кісі үйінде сызу сызады.

  2. Ата көрген оқ жонар,
    Ана көрген тон пішер.

  3. Керекті тастың ауырлығы жоқ.

  4. Өнерліге өлім жоқ.

5. Жаман етікші біз таңдайды.
3 -топ:

  1. Бірлік болмай, тірлік болмас.

  2. Тозған қазды топтанған қарға алады.

  3. Бірлік түбі - тірлік.

  4. Теңге - тиынмен, ынтымақ - үйыммен.

  5. Көкектен шошыған бие оңбас
    Көптен бөлінген үй оңбас.

4-топ:

  1. Суын ішкен қүдығыңа түкірме.

  1. Қарағайға қарап тал өсер,
    Қатарына қарап бала өсер.

  2. Бір елі ауызға екі елі қақпақ.
    Ғалым алдыңда ауызыңды тый.

  1. Балапан үядан не көрсе, үшқанда соны іледі

5. Асырауын тапса, адам болар,

Оқуын тапса, білім қонар.

Оқушылар Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын. Алтау ала болса, аузыңдағы кетер, төртеу түгел болса,

төбедегі келер. Т.б. мақал- мәтелдер тапты. Бұл ойынның екінші кезеңінде әр топ бір-біріне жұмбақ жасырды. Қай топ көп жұмбақ тапса, бір ұпай қосылды, егер таба алмаса, бір ұпай алынды.



Бірінші топтың жұмбақтары:

1. Бір үйге көзсіз болып басыңды сүғасың,


Бұл үйден көреген болып шығасың

(Мектеп)


2. Ішегіне мүз қатқан
Өз - өзін мүздатқан

(тоңазытқыш)



(Ит- Т)

3. Егер И-ден бастасаң
Хайуанаттың Тұрімін
И-ді алып тастасан

Әріптердің бірімін. Екінші топтың жұмбақтары:



(П әріпі)

(Велосипед)

(Кірпі)

  1. Мың найзалы жалғыз батыр
    Жауларына алғызбай Тұр.

  2. Екі аяқты бір ізді,
    Үстіне адам мінгізді.

  3. Үш шырпыдан бір есік
    Құрастырып көр шешіп

Үшінші топтың жұмбақтары:

(Піл)

(Шам)


(Шаңсорғыш)

  1. Тышқаннан басқа батпаған
    Бір шлангы төрт баған

  2. Ол жұмса көзін
    ¥йықтаймын өзім.

  3. Иректеп еденді иреңдеп келеді.
    Шаң мен тозаңды қылғыта береді.

Төртінші топтың жұмбақтары:

1. Қыста ғана болады


Үстасаң қолың тоңады.

(Қар)


2. Төрде жатып шалқиған
Дәу қарын қампиған.

(Жастық)


3. Көрсетеді,
Сөйлейді,

Өзі ешкімді көрмейді.



Екінші сабақ

Тақырыбы: Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін

сөздер туралы жалпы түсінік.



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Қанша? неше ? деген

сұрақтарға жауап беретін сөздер жөнінде бірінші сабақта алған түсінігін орнықтыру. Олардың назары сөздердің білдіретін мағыналарына аударып, бұл сөздерді топтай білуге баулу. Тек деректі заттардың атауларымен ғана емес, ішінара дерексіз заттардың атауларымен де жұмыс істетіп байқау.



Сабақтың көрнекілігі: Қүстар, ыдыстар, оқу құралдарының

суреттері бейнеленген үш плакат, үлестірмелі. қима қағаздар, «Аулада» деп аталатын картина.



Сабақтың барысы: I. Оқушылардың бірінші сабақтан алған

Қанша? неше ? деген сұраққа жауап беретін сөздер туралы түсінігін орнықтыру.

Бұл мақсатты орындауда үйге берілген тапсырманы тексеруден бастаған жөн. Содан соң мұғалімнің басшылығымен бірнеше жаттығу жұмыстары орындалады. Мысалы, оқулықтағы 144-жаттығу.

Қосымша жаттығу жұмыстарының үлгілері (үлестіреміл қима қағаздар ретінде пайдалануға болады.):

№1. Төмендегі сөздерді оқып шығыңдар да, әрқайсысына сұрақ қойыңдар. Көп нүктенің орнына . Қанша? неше ? деген сұрақтардың тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаыңдар.


Дәрігер (...), қалпақ (...), қойшы (...), сауыншы (...), шелек (...), сиыр (...).

№2. Төмендегі сөздерге ауызша сұрақ қойыңдар. Қанша? неше ? деген сұраққ жауап беретін сөздерді бір бөлек, Нешінші ? деген сұраққа жауап беретін сөздерді бір бөлеке көшіріп жазыңдар.

Бір , екі, үш , төртінші, бесінші, жетінші

№3. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, төмендегі сөздерді көшіріп жазыңдар.

Ар...а, дөңгел...к, қау...н, пыш...қ, ата...

№4. Әңгімені оқыңдар. Қарамен берілген сөздерді көшіріп жазыңдар. Бұл сөздерге сұрақ қойыңдар. Қанша? деген сұраққа жауап беретін сөздің астын екі рет сызыңдар.

Асқар екі қармақ алып өзенге келді. Өзеннің жағасында
тү_рған қайыққа отырды, Төрт рет қармақ салды. Кенет қайық ауытқып
кетті. Асқар суға қүлады. Ол қорқып айқайлады. Қүтжол Асқарды
жағаға алып шықты. :

Жаттығудың бү_л жоғарыдағы үлгілерінің бәріне ортақ мақсат біреу: оқушылардың Қанша? неше ? деген сү_рақтарға жауап беретін сөздер туралы түсінігін қалыптастыра беру. Осы ұғымды бекіту мақсатында 162-жаттығу жазбаша орындалады.

1- жаттығу. Мәтіннен зат есім және сан есімдерді тауып, бөлек жазыңдар. Туынды сөздердің жасалу жолдарын анықтаңдар.

Жайлауда


Кең көгалға жайыла қонған үлкең ауылдың оң жақ шеті өңшең ақ үйлер. Бұлар мал қотанынан, иіс-қоңыстан, мазасыздықтан әдейі қашып, шалқая қонған. Ауылдың екінші шеті мал иірілетін түсында отырған өңшең қоңыр үй. Бұл шетте жыртық, шоқпыт лашықтар, құрым қара қостар, кішкене күркелер бар. Қойшы шал, қозышы бала, түйеші, сауыншы, жылқышы да осы жақтан шығады.

Қазір үлкен ауылдың бұл шетіндегі қолы бос желең де, шүйке есіп, үршық иірген кексе қатын, кәрі кемпір де түгелімен ауылдың екінші жағына қүлақ асады. Тегіс алаңдап, ёолай жүгіргілері келеді де Тұрады. Олардың бәрін еліктіріп, қызықтырған - асқақ үн. Ол - ән. Ауыл үстінде шаңқай түсте, бұлтсыз аспанға шаншылып шырқалған әсем үн. Әйгерім әні.

(М.Әуезов)

Қосымша сұрақтар;



  • Кексе, асқақ сөздерінің мағынасын түсіңдіріңдер;

  • Әсем сөзіне антоним табыңдар;

  • Әр сөйлемнен екпін Тұрін ажыратыңдар;

  • Сөз таптарына қарай жіктеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет