Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ»


«Сөз тіркесі эстафетасы» ойынының мақсаты



бет25/29
Дата21.05.2022
өлшемі492.5 Kb.
#458483
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Дип. Сөз тіркесі

«Сөз тіркесі эстафетасы» ойынының мақсаты — оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөз тіркесінің байланысу формалары жөніндегі түсініктерін бекіту.
Ойынның шарты. Бір оқушы матасу байланысына мысал айтады да, қолындағы орамалды кестесі оқушыға тастайды. Ол оқушы ары қарай жалғастырып, үшіншісіне береді. Сүрінген оқушы айыбын өтейді. Нәтижесі:

- қажетті сөздерді дәл тауып айтсам деген ойды да туғызды.
«Қызықты адаммен интервью» ойынының сөз тіркесі туралы
мағлұмат алу мақсатында ойнатылды. Бір оқушы журналисттің рөлін атқарды, екінші бір оқушы белгілі бір маманның рөлін ойнады. Журналист-оқушы тіл маманы-оқушыдан сөз тіркесі туралы өзіне қажетті мағлұматтар алды.
«Сөзді тап» ойыны

Ойын мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін үғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Ойын ережесі: Көлденеңі бес, тігінен сегіз қатар тор көз кесте тақтаға ілінеді. Кестедегі тор көздеріне алғашқы және соңғы дыбыстарын бірдей әріптер жазылады. Оқушылар осы әріптерден соңынан оқыса да, оңынан оқыса да бірдей сөздер ойлап табады.
Ойын ұзақтығы: 5 минут
Ойын кезеңдері: Алғашқы кезеңде мұғалім оқушыларға ойын ережесін түсіндіріп тақтаға кесте іледі. Екінші кезеңде оқушылар берілген тапсырманы орындайды.
Ойынның қатысымдық қызметі: Оқушылар дыбыстарды, сөздерді дұрыс құрауға, сөздердің мағыналарын жете түсінуге дағдыланады.
Ойынның тиімділігі: Оқушылардың дауыссыз дыбыстар туралы түсінігін нығайтады. Олардың ізденімпаздық қабілетін жетілдіреді.


қ












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет