Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. – XVIII ғасырдың басын және XIX ғасырдың соңына дейіңгі уақытты қамтиды.
Диплом жұмысының ғылыми жаналығы. Қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстан жеріндегі экономикалық ерекшеліктер ескеріле отырып, жергілікті экономикалық жағдайының қалыптасу және даму тарихына кешенді түрде талдау жүргізілді. Сонымен бірге:
қазақ даласындағы жергілңкті кәсіпкерлікті дамытудағы әлеуметтік және этникалық құрылымының ықпалына талдау жасалынды.
XVIII – XIX ғасырлар аралығын қамтитын, Қазақстанның экономикалық тарихына байланысы бар дереккөздеріне зерделеу жүргізіліп, талдау жасалынды.
Диплом жұмысының әдіснамалық негізі. Экономикалық теориядағы сауда және кәсіпкерліктің әдістері мен теориясы мәселелеріне байланысты айтылған тұжырымда Г.Ө.Жолдасбаева, А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетовтардың зерттеулері экономикалық ой тұрғысынан отандық нұсқасын жасауға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңдағы кең таралып отырған фундаменталдық әдіснамалық бағыттар мен ықпалды ілімдік тарихи экономикалық еңбектерге талдау жасау мен баға беру тәсілдері болып табылады. Орыс зерттеушілерінің тұғырнамалық көзқарастарын ерекшелеу, оның қалыптасу себептері мен барысын талдау және оның түрлері туралы әдіснамалық пайымдаулары негізге алынды. Алдыға қойылған мақсаттарға жету мен міндеттерді шешу жалпы ғылыми тәсілдер мен әдістерге (топтау, және типологиялау, талдау және синтез жасау, жүйелеу) сүйену арқылы жасалды.
Диплом жұмысының құрылымы. Бұл дипломдық жұмыс құрылымы кіріспе бөлімінен, 2 тараудан, әр тарауы 2 тармақшадан, қорытынды бөлімнен, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
1 XVIII ғасырда Қазақстан экономикалық қатынастар
1.1 XVIII ғасырдағы қазақ даласындағы сауданың дамуы
Дүниежүзілік экономиканы құрайтын ұлттық шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық экономикалық байланыстар жүйесімен тығыз байланысқан. Бұл байланыстар халыкаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде дамиды[5, 102 б.].
Алғашқы мемлекеттер арасында халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың ең байырғы түрі — сыртқы сауда қатынастары орнай бастады. Дамыған елдер жаппай өнім өндіре бастаған индустриялық кезеңде сыртқы сауданың маңызы күрт артты.
Қазіргі заманда кез келген ел экономикасының ажырамас бөлігіне айналған сыртқы экономикалық байланыстардың құрылымы күрделеніп, аясы кеңейе түсті [8, 87 б.].
Соған қарамастан, сыртқы сауда халықаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрі болып табылады. Халықаралық экономикалық байланыс жүйесі сыртқы саудадан басқа несие-қаржылық қатынастар, жұмыс күшімен алмасу, халықаралық туризм, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты камтиды.
XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық – феодалдық қалпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді[9, 55 б.].
Қазақ қоғамының экономикалық базисі негізікөшпелі мал шаруашылығы Қазақстан территориясында мемлекеттің дамуы мен нығаюының алғы шарттарының жасалуына едәуір кедергі болды.
XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға тап болды. Қазақ хандығына үстемдік еткен әскери феодалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс пен алауыздық ұлғая берді. Қазақ хандығы өз ішінен үш жүзге (үлкен жүз, орта жүз, кіші жүз) жіктелетін еді[8, 72 б.].
Бұл дәуірде әр жүзді билеген кіші хандар үш жүздің ұлы ханына (Қазақ хандығының ханына) сөз жүзінде бағынғанымен, іс жүзінде өз алдына жеке саясат жүргізе бастады. Әрбір жүздің қарауындағы ұлыстарды билеген сұлтандар да дербестікке бой ұрды.
Сөйтіп, қазақ хандығы XVIII ғасырдың басында негізінен саяси жағынан бытыраңқы ел болып қала берді [8, 91 б.].
Саяси берекесіздіктің экономикаға тигізген зардабы күшейіп, жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар бұрынғыдан да әлсіреді. Жоңғарфеодалдарының шапқыншылығы салдарынан көшпелі және жартылай көшпелі аймақтармен қала-қыстақ арасындағы шаруашылық байланыс және сыртқы базарлармен сауда-саттық байланыс үзіліп қалып отырды.
Бұл жағдайлар халықтың шаруашылығы мен тұрмысына қыруар қиыншылықтар туғызды. Елдің экономикалық өмірінде үлкен рөл атқарып келген Оңтүстік Қазақстандағы қолөнер мен сауда орталығы болған қалалар құлдырап кетті.
Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi шаруашылықтың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды.
Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады[9, 102 б.].
Сонымен, XVIII ғасырдың 20-жылдарында Қазақ хандығының бөлшектенуі және қазақ жоңғар қатынасының шиеленісуі қазақ халқын қатты күйзелтті.
Қазақ жерлерін Ресейге косуды тездетуге байланысты стратегиялық міндеттерді шешу, Кіші жүздің солтүстік-батыс аудандары мен Ұлы жүздің бір бөлігін империяның шаруашылық дамуы жүйесіне біртіндеп тарту, Ресей мануфактуралық өндірісінің өнімін өткізетін арзан, колайлы, жақын рыноктар іздеу ішкі және сыртқы сауданың дамуы үшін қолайлы жағдай қалыптастырды.
Әскери-тірек пункттері ретінде құрылған Орск, Орынбор, Петропавл, (Семей, Өскемен, сондай-ақ, бекіністер мен баска да қоныстар, көшпелі қазақхалқы мен қазаққоныстарының тұрғындары арасында шаруашылық, қатынастардың орнатылуына қарай Ресейдің Қазақстанмен, Орта Азия иеліктерімен, Цин империясымен жөне Орталық Азияның басқа да елдерімен сауда байланыстарын кеңейтуде барған сайын маңызды рөл атқара бастады.
Сол кездегі Қазақстанның тарихи-географиялық жағдайлары себепті екі сауда орталығы: бір жағынан солтүстік-батыста Орск, Орынбор; екінші жағынан Өскемен, Семей, Омбы, Петропавл, Ямышевск, Железинск және басқалары кұрылып, шектес елдермен сауда да солар арқылы жүргізілді. Сондықтан аталған орталықтар аркылы шет елдермен сауда дамуының кезеңдерін, мөлшерін, мән-жайларын аймақтағы халықаралық қатынастардың ықпалымен өзгерістерге ұшыраған сауда мәмілелерінің жағдайлары мен ауқымын анықтау, салыстыру тұрғысынан қарастыру әбден дұрыс тәрізді.
Оңтүстік Оралдың аса ірі экономикалық орталығы ретінде Орынбор қаласы маңызының артуы қайран қаларлық бекіністі қала ретінде пайда болып, бастапқыда империяның аймақтағы мүдделерін қамтамасыз етуге арналған ол көп уақыт өтпей-ақ үкімет ойлаған үмітті ақтады. Қазақстанның қазіргі шекарасына неғұрлым жақын орналасқан Орск бекінісі де, басқаларымен, ең алдымен саяси жағдайлармен қоса, саудаға арналды. Өзі ірге тепкен кезден-ақ бекініс Ресейдің ішкі губернияларынан ортаазиялық елдерге тауарлар жеткізуді қамтамасыз еткен келешегі зор өткізу пункті ретінде дамыды, ал ортаазиялық елдердің керуендері өз тауарларын одан әрі көршілес Орынборға жеткізіп отырды.
Тастан және ағаштан салынған бекіністі екі үйден тұратын керуен-сарай, Орта Азия көпестерінің мүлкі мен тауарларының қауіпсіздігін, сақталуын камтамасыз етті. Ресей және Азия саудагерлерінің арасындағы делдалдар, сондай-ақ приказчиктер болып негізінен татарлар қызмет етті, олар «бұхаралықтармен діндес болатын, олардың сеніміне ие болуда неғұрлым ұтып шығатын, сауданы өз қолдарында ұстау үшін барлық амалды қолданып, орыстарды жібермеуге тырысты». Әкелінетін тауар үшін алынатын баж алымдары мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін кебейтуде елеулі көмек болды. Мысалы, 1738—1742 жылдарда қазынаға 3872 сом 39 тиын түсті, сома көп болмағанымен, оны содан кейінгі жылдарда көбейтуге үміт артқызды.
Орынбор губернаторы И.И.Неплюевтің «сауда-кәсіпшілік ісін, шын мәнінде, ақылмен және шеберлікпен жүргізгені сондай», Орта Азия көпестері, әсіресе хиуалықтар өздері қазақ даласы арқылы жүріп өткен кезіндегі қиындықтар мен қауіп-қатерге қарамастан, Орынборға тауарлардың түр-түрін әкеле бастады.
Орынбор өлкесіндегі айырбас сауданың негізгі түрі мал мен астық болды. 1745—1759 жылдар аралығында қазақтар Орынборға 49 697 жылқы мен құлын, 238 өгіз, 195 447 кой, 774 ешкі әкелді. Алайда айырбасталатын мал саны «әрқашанда ведомостарда әр түрлі себептермен толық көрсетілмеді, демек жоғарыда келтірілген деректер, шынына келгенде, мұнан көбірек болды». Н.И.Рычковтың деректеріне карағанда, айырбастау үшін қазақтар жыл сайын 30 000-нан 50 000-ға дейін қой, 10—15 мың жылқы айдап апарып отырған.
Айырбас сауданың ұлғаюына қарай үй малына жаңа тарифтік баға қалыптасты: өгіз — 2 сомнан 4 сомға дейін, ешкі — 30 тиыннан 60 тиынға дейін, қой 70 тиыннан сатылды, түйе 40 сомнан арзанға сатылмады. Қазақтар малға, мал терісі мен аң терісіне айырбастап барқыт, мәуіті, камка, жібек маталар, орамалдар, зер, кенеп,әсіресе, астық алды.
Азия халықтарымен бірден-бір сауда базары ғана Орынбор мен Орск болған жоқ. Жоңғар хандығының әлсіреуі салдарынан 1750 жылы Троицк бекінісінде айырбас сауда базары ашылды. XVIII ғасырдың 50-жылдарына қарай ойраттар жасаған жексұрындықтар» жүзінде тыйылған еді.
И.И.Неплюев пен А.И.Тевкелев Троицк бекінісінде айырбас сауданын бел алуын қолдады.
Оның үстіне Троицк бекінісінде азиялық сауданын ашылуы Орта жүздің ықпалды сұлтаны, бура-найман және атығай буындарын басқарған Абылайдың тілегінен туған еді, оларға сауда жасау үшін Орынбордан гөрі, Троицкіге бару жақынырақ болды, мұның өзі, әлбетте, Троицкіні Орта жүз қазақтарына жақын, Оңтүстік Оралдың елеулі сауда рыногына айналдырды. Нақ сол жылы бір ғана Қашғар жылқысы мен Ташкент тауарларын сатудан Троицк бекінісінде 9000 сом кедендік түсім жиналды; сонымен бірге оған 10 пұт күміс және «бірнеше» пұт алтын апарылды.Нұралы хан кесек күміс пен алтынды Орынборда, Бұхарада және Хиуада ортаазиялық көпестерден малға айырбастап алды.
Азия елдерімен сауда ісінің облыстағы жағдайын басқалардан көбірек зерделеген А.И.Тевкелев те өзінің «Әр түрлі қағаздарында» «алтын мен күміс және едәуір мөлшерде жиналған баж» ағылып келіп жатқанын атап өткен.
Сауда мәмілелерінің ауқымы, көп жағынан алғанда, Кіші жүз даласы арқылы өтетін керуен жолының қауіпсіздік дәрежесіне және Хиуа мен Бұхара көпестерінен белгілі бір алымдар алып, олардың Орынборға, Орскіге және басқа қалаларға дейінгі қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Нұралы ханға бағдар алған ықпалды ру билеушілерінің көзқарасына байланысты болды. 1750 жылғы 10 қарашада Нұралы хан И.И.Неплюев пен А.И.Тевкелевке Хиуаға көпестер жіберу туралы хабарлап, сауда жолының қауіпсіздігін камтамасыз етуге уәде берді және өз ықпалындағы шектен тыс жерден өткен керуендердің тоналуына өзінің жауапты еместігін айтып, былай деп жазды: «...маған келгендер ешқандай қауіпсіз және өздерінің бар мүлкімен жөнелтілетін болады, ал басқалар арқылы жүрсе, дала кең және мен білмейтін де бөгде жандар көп».
Сонымен Қазақстанның солтүстік-батыс шектеріндегі, әдетте, Орынбор саудасы деген жинақтаушы ұғыммен сипатталатын сауда XVIII ғасырдын орта шенінде өз дамуы және алыстағы азия иеліктермен карым-қатынасты кеңейту үшін жаңа серпін алды. Башқұрт көтерілісінің басылуы, Жоңғарияның әлсіреуі және оны кейіннен Цин империясының талқандауы өзара тиімді экономикалыққарым-қатынасты тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер туғызды, ол кейде отаршылдык, сынаржақты сипат алып, мысалы, жергілікті рыноктарда орыс мануфактуралык өндірісінің сапасы нашар тауарлары сатылуынан және көшпелі малының шын құнын нашар білген жағдайда, малдың Ресей тауарларына баламасыз айырбасталуынан көрінді.
Орынбордың Шығыспен сауда орталығы ретіндегі рөлі біртіндеп әлсіреп, Цин империясына, Монғолияға, Онтүстік-батыс Сібірге тікелей жақын орналасқан сауда пункттеріне орын берді, алайда II Екатерина үкіметі Орталық Азия халықтарымен сауданы қолдаудағы Орынбордың өткелдікрөлін сақтауға едәуір іскерлік күш-жігер жұмсады: «...оның мөлшерін көбейтуге бар күшті салуға және Орынбор тарапынан азияттармен коммерцияны қандай дәрежеге дейін ізгі шешіммен өркендетуге болатынына ұмтылу керек», — деп мәлімдеді императрица 1763 жылғы 18 наурызда Сенат алдында сөз сөйлегенде.
Ертіс, Есіл, Сібір шептерінің негізі қаланған кезден бастап оған Қашғардан, Жаркенттен керуендер бет алды, ойраттар, бұхарлық көпестер, монғолдар келіп жатты.
Қазақ халкымен, ал сол арқылы шектес елдермен де шаруашылық қатынастарды кеңейтуге мүдделі болған Сібір губерниялық әкімшілігі бекіністердің коменданттарына неше түрлі нұсқаулар жіберіп, соңғыларының назарын азия халықтарын саудаға тартудың тиімділігіне аударды. Орынбор өлкесіндегі сияқты, бұл да окімет орындарының қазынаға баж алымдарының түсуін көбейтуге ұмтылуымен байланысты болды, сол үшін бекіністер мен бекеттерде кеден тексерушілері ұсталды. Бірақ тұтас алғанда сауда ол кезде жеткіліксіз болды, сондықтан да баж түсімі аз жиналды».
Патша өкіметі саудаға ойраттарды тартуға ұмтылды. Сонау 1729 жылы Сібір губерниялық кеңсесі Сырткы істер алқасының нұсқамасында Ямышевск және Семей бекіністері аркылы Жоңғариямен сауданың тиімділігін мойындаған еді. Неғұрлым тұрақты сауда қатынастарын жолға қою мүмкіндіктерін анықтау үшін 1734 жылы Өскемен бекінісінен Жонғарияға керуен жарақталып жіберіліп, ол жақтан аман-есен, әр түрлі сыйлықтар алып оралды.
Жоңғарияның өзі де шекаралық бекіністер мен қазақтардың қоныстарында сауданы кеңейтуге мүдделілік көрсетті. 1732 жылы Қалдан-Церен өзінің жақында келген мейманы майор Угримовпен бірге өз өкілі Зогду ханды Мәскеуге жіберді, онымен бірге Семей бекінісіне жоңғар көпестерінің үлкен тобы келді. Елшілік Мәскеуден 1736 жылы Тобыл арқылы бағалы сыйлықтар алып оралды, 1738 жылы Семей бекінісіне қызметкерлерімен бірге 250 көпес керуені келді: олардың бір бөлігі – Ямышевск бекінісіне, екіншісі одан да әрі — Томскіге бет алды.
Жоңғар көпестерінің қалаларда және басқа да ішкі қоныстарда болуын кұптаған Сібір әкімшілігі ойраттардың тауарларын Ірбіт жәрменкесіне де жиі жіберіп отырды, сол арқылы азиялық саудагерлер тарапынан бәсеке тууынан қауіптенген орыс көпестерінің дереу теріс пікірін туғызды.
Шекаралық өңірде әскери-саяси жағдайдың шиеленісуі шекаралық сауданың жай-күйін едәуір қиындатты. Орыс көпестерінің өздері сібір губернаторына ойраттардың екі бекіністе — Ямышевск және Семей бекіністерінде ғана тауар сатып алып, өз тауарларын айырбастауына рұқсат етуді ұсынды. Осының ізінше бұхара және ойрат көпестерінің сібір қалалары мен слабодаларына баруына тыйым салынды. Тек Қалдан-Цереннің өз тауарлары үшін ерекшелік жасалып, олар Тобылға жіберілетін болды. Баж салығының көлемі ұлғайтылды. Ямышевск бекінісінің деректерін келтірелік: 1754 ж. - 125 сом 56 тиын, 1755 ж. - 394 сом, 1756 ж. - 894 сом 52 тиын. Салыстыру үшін мына цифрларды келтіре кетелік: Семей бекінісі бойынша азия ұлт өкілдері саудагерлерінен (қазақтардан басқа) алынатын баж салығының көлемі 15 жыл ішінде 1755—1770 жылдар аралығында 15 770 сомды, Ямышевск бекінісінде 13 385 сом 70 тиынды құраған.
Ойраттар Қазақстанға шапқыншылық жасаған жылдарда керуен жолдарымен және белгілі жолаушы бағыттарымен жүру қауіпті болды, соның салдарынан шектес елдермен сауда біршама зиян шекті. Жоңғар хандығы талқандалғаннан кейін жағдай өзгерді. 1757-1788 жылдары Орта жүз қазақтары сауда жасауға бөлінген екі бекініс — Семей және Ямышевск бекіністерімен шектелмей, басқа да Ертіс және Сібір бекіністеріне жиі бара бастады. Алайда XVIII ғасырдың 40-жылдарының орта шенінде енгізілген шектеулер қазақ саудагерлерінің бүкіл шекаралық шеп бойын- да еркін сауда жасауына барлық уақытта бірдей мүмкіндік бере қоймады, ол туралы 1758 жылғы 13 желтоқсанда генерал-майор А.И.Тевкелев Мемлекеттік сыртқы істер алқасына хабарлап, «шепке жақын жерлерде көшіп жүретін қазақтар қашық болғандықтан Ямышевск және Семей бекіністеріне бара алмайды» деп атап өтті. Қазақ қоныстарына жақын барлық бекіністерде сауданың, кеңейтілуіне басқа тұрғын жерлерден тамақ қорларының әкелмеуінен біраз мұқтаждык көріп отырған ауылдар мүдделі болды. 1759 жылдың желтоқсанында Петропавлск бекінісінің ашылуын да осымен түсіндіру керек, онда бірден-ақ даланың таулы жағынан айырбас сарайы кұрылып, көпестердің дүкендер ашуына рұксат етілді.
1760 жылы Сібірдің жаңа губернаторы Д.И.Чичерин Мемлекеттік кәсіпкерлік алқаның алдында бүкіл Сібір шебі бойында айырбас сарайларын ашу туралы өтініш жасап, ол қанағаттандырылды. 1756 жылы Өскемен бекінісінде де айырбас сарайы кұрылды, оның жанында тексерушілері мен күзетшілері бар кеден бекеті жұмыс істей бастады. Айырбас сарайларында мал өнімдерін өткізген қазақтар саны көбейді. Мәселен, сол жылғы 20 тамыз бен 14 қазан аралығында тек Ямышевск бекінісінде ғана байырғы тұрғындардан 350 адам, соның ішінде Абылай сұлтан мен Қазыбек би иеліктерінен 158 адам сауда жасады.
1766 жылдың желтоқсанында Мемлекеттік кәсіпкерлік алқа Сібір шебінің қолбасшысы генерал-поручик И.И.Шпрингердің рапортын қарады, онда шекаралық бекіністерге «үлкен керуендермен шығып, сауда жүргізуге» болатындығын растайтын қызықты мәліметтер бар. Оның үстіне бұхара мұсылмандарымен сауданы кеңейту туралы бастаманы Әбілмәмбет хан жасаған.
Ойрат қаупі жойылғаннан кейін аймақта орнаған тыныштық жағдай азия елдерінен ғана емес, Ресейдің ішкі губернияларынан да көптеген көпестердің келуіне себепші болды. Мұнда Қазаннан, Тобылдан, Тараздан, Түменнен, Орынбордан келген саудагерлерді жиі кездестіруге болатын еді. Олар қант, шелек, қалайы ыдыс, темір бұйымдар жөне басқа тауарлар әкелді. Алтайдың тау-кен зауыты кәсіпорындарына және Цин империясына мейлінше жақын орналасқан Өскемен бекінісінің рөлі жыл өткен сайын арта түсті, оған көпестер ағылып келіп жатты.
Қарастырылып отырған кезеңде Ресей Цин империясымен шекаралық шептер арқылы сауда жүргізген азын-аулақ елдердің бірі болып қала берді. Оның ең басты орталығы Кяхта-Маймачэн ауданы болып қалды. Алайда жақында жаулап алынған аудандарға, мысалы, Шыңжаңға орыс саудагерлерінің баруы әлі де қиын еді.
1777 жылы Орынбор, Троицк және Семей кедендеріне арналған жаңа тариф жарияланды, онда азиялық көпестердің тауарларына баж төмендетілді. Оған қосымша мақта-мата бұйымдарын, жібекті және іріқараны баж төлемей әкелуге рұқсат етілді, бұл мал иесі қазақтарға да, Ресей жағына өткізілуі жылдан-жылға ұлғайып келе жатқан әр түрлі малды арзан бағаға топ-тобымен сатып алушы ортаазиялық саудагерлер мен орыс көпестеріне де тиімді болды. Мәселен, Атығай, Бура-Найман, Уақ болыстарының қазақтары Ямышевск бекінісі мен оған жақын орналасқан редуттар мен форпостар арқылы: 1780 ж. -44 000, 1781 ж. - 50 900, 1782 ж. - 82 100, 1784 ж. - 87 500; Железинск бекінісі арқылы: 1770 ж. - 300,1778 ж. - 5400, 1780 ж. - 15 000, 1784 ж. - 28 000 жылқы айдап өткен.
Азиялық көпестердің бекіністі мекендерге келуін дәріптей отырып, шекаралық өкімет орындары кеден бекеттері арқылы Кәсіпкерлік министрлігі тыйым салған тауарлардың сатуға жіберілмеуін үнемі қадағалап отырды. Мәселен, Сібір шебінің инспекторы генерал-майор И.Лавров 1802 жылғы 1 тамызда Семей кеденінің басқарушысынан «азиялықтар атыс қаруы, оқ-дәрі, қорғасын, ресей теңгесі және солдат мәуітісі сияқты тыйым салынған заттарды қолданбағанын растауды» сұрады.
Орыстардың қазақ жерлерін біртіндеп игеруі үрдісінде XIX ғасырдың бірінші ширегінде Петропавлдың, жоғарғы Ертіс бекіністерінің Ресейдің Шыңжаңмен, Кашмирмен жөне Тибетпен сауда-экономикалық байланыстарының маңызды өткізу пункті ретіндегі рөлі арта түседі.
Шыңжаңмен сауданың негізгі көлемін Шығыс Қазақстанның қалалары мен басқа да қоныстарында ірге тепкен ортаазиялық көпестер жүргізді. 1818 жылы 30 сәуірде Ташкент көпестері Миркұрбан Ниязов пен Ахмадия Әміровтің керуені қазақ даласы арқылы Шәуешек пен Құлжаға барып, аман-есен қайтып оралды. Сонымен катар, қытай шегінен үш өзі сияқты саудагермен бірге грузин дворяны Семен Мадатов оралды, ол өздерінің пайдалы сауда жасағанын айтты, олардың керуені орасан көп тауар артылған 200 аттан құралған.
Сонымен, қалаларда және шекаралық қоныстарда құрылған айырбас сарайлары, кедендер Қазақ даласынан, ішкі губерниялардан және шектес елдерден жылдан-жылға саудагерлер тартып, аймақта саяси ахуалды қалпына түсіруде елеулі рөл атқарды. Бекіністер арқылы сауда жасау қазынаға және азиялық саудагерлерге елеулі кіріс келтірді, номадтардың мануфактуралық тауарлар мен астыққа деген қажеттерін қанағаттандырды, сауда жасаушы тараптардың экономикалық мүдделерінің ортақ және жақын екенін көрсетті.
XVIII-ғасырдағысауданың дамуы-XVIII ғасырдаҚазақстанменшекаралас аймақтардақазақ,жоңғаржәнеРесейменОрта Азиятұрғындары арасында сауда-саттық ісі жедел дамыды.Ресейдің XVIII ғасырдағы зерттеуші ғалымы Георги қазақтардын саудасы туралы былай деп жазды:«Олар (қазақтар) өздерінің тұрмысына қажетті нәрселердің барлығын да Ресеймен,Бұхармен,Хиуаменжәне басқа да көрші елдермен сауда жасау арқылы алып тұрады».
Қазақтар менЖоңғарияарасында күштісауда-саттықбайланысы орнаған болатын. Алайда ол екі ел арасындағы соғыстар кезінде үзіліп қалып отырды. Қазақтар түлкі мен қарсақ терісін жоңғарларға түйе және астыққа айырбастайтын. ЖоңғаркөпестеріЕртісөңіріндегі бекіністерге жиі келіп тұратын[6, 72 б.].
Кейде жоңғарлардың өздері де қазақ ұлыстарынаастықәкеліп жүрді. Ал қазақтар Жоңғария аумағына түйе мен астық сатып алу үшін үнемі барып тұратын.Жоңғарлар талқандалғаннан кейін олардың орнын қытай көпестері басты.Орта жүздіңмал өсіретін қазақтарыҚытайқалаларына жылқы айдап апаратын болды. Оларды күміс бұйымдар мен қант-шайға, жібек матаға айырбастады.
Қытай үкіметі өз армиясы үшін жылқы сатып алуға мүдделі болды. Ал Қазақстанда жылқыМонғолиямен ШығысТүркістандағыжылқыдан екі есе арзан еді. Қытайлықтарсауда-саттықты шекара аймағына өздерінің ықпалын күшейту үшін пайдаланды.ҚазақстанҚытай үшінқолөнербұйымдары мен шай өнімдерін өткізетін ірі рынокқа айналды[12, 102 б.].
1758жылы Абылай сұлтанның өтініші бойыншаҮрімшіқаласында қазақтардың Қытаймен сауда-саттығы басталды. Сол жылы қытайлықтар 300-ге жуық қазақ жылқысын сатып алды. Мұның өзі екі мемлекеттің арасындағы тұрақты сауда-саттықтың бастамасы болды.
Сауда-саттық негізінен бұрынғы Жоңғария аумағында жүріп жатты. Қытай жағынан сауда жасаушылар тек әскери қызметкерлер меншенеуніктереді. Қытайлықтардың арасында қарапайым тұрғындар саудаға араласқан жоқ. Қытай жағы қазақ тауарлары үшінмонополиялықтөмен баға белгілеп отырды. Ал өздері саудаға сапасыз тауарлар ұсынудан танбады. Мұның өзі қазақ саудагерлерінің наразылығын туғызды. Тек Абылай ханның араласуы ғана қытайлықтарды саудадағы теңсіздіктерді қайта қарап, оны жоюға мәжбүр етті [13, 48 б.].
Орта Азияныңсаудагерлері қазақ ұлыстарының аумағында баяғыдан бері сауда жасайтын. Олардыбұхаралықтардеп атайтын. Бұхаралықтардың сауда керуендері кең-байтақ қазақ даласын басып өтіп, сонауОрынборменТроицкігедейін, сондай-ақ БатысСібірдіңқалаларына дейін жететін.
Орта азиялық тауарлар түрлі кілемдер, барқыт маталар, бақша дақылдарының өнімдері, күміс және алтын бұйымдардан тұратын. Уақыт өте келе ортаазиялық көпестер СібірдіңТүмен,Тобыл,ТаразжәнеОмбысияқты әр түрлі қалаларында тұрақты тұратын болып алды. Қазақтар мен жоңғарлардың көшіп-қонып жүрген далаларында, сондай-ақ татарлардың елді мекендерінде Ресейдің шығаратын тауарларымен де сауда жасайтын болды[12, 131 б.].
Олар көбінесе қазақ даласындаРесеймемлекетінің атынан дипломатиялық қызметтер де атқарды. Ресейге сіңірген қызметі үшін олар әскери міндет атқарудан босатылды,баж салығынтөлемей-ақ сауда жасай беру құқығына ие болды. Бұхаралықтар ерекше ауыр қылмыс жасамаған жағдайда сотқа тартылмайтын.
Уақыт өте келе бұхаралықтарПетропавл,СемейжәнеӨскеменқалаларына көшіп бара бастады.
Орта Азиядан келгендер сауда-саттық жасаумен қатар көшпелі қазақтар мен отырықшы Сібір татарлары арасында ислам дінін уағыздаумен де белсене айналысты[11, 136 б.].
ХVІІІ ғасырда қазақтардың арасында құл саудасы кеңінен тараған жоқ еді. Қазаққоғамындағықұлдықпатриархалдық(үй ішілік) әрі көмекші сипатта болды. Мұның себебі - қазақтар өздерінің малын бағуды құлдарға сеніп тапсыра алған жоқ. Сондай-ақ әскери жорыққа кеткен кездерінде ауылда көп құл қалдыру да қауіпті болатын.Құлдардың қатарын толтырып отырудың негізгі қайнар көзі көрші халықтармен жүргізілетін соғыстар еді. Мәселен, қазақ даласындағы құлдардың саны Жоңғария мемлекеті жойылғаннан соң едәуір арта түсті.1771жылғы«Шаңды жорықтан»кейін Еділқалмақтары қатарынан еріксіз құлдарға айналғандар аз болған жоқ.
Ресейліктерден құлдыққа түскендер Орта Азиядағы құл базарларында сатылатын. Сонымен қатар, Орта Азиядан құлдыққа түскендер Орал, Есіл және Ертіс шекара шебіндегі бекіністерде сатылып кететін[10, 93 б.].
Көптеген құлдар Ресейдің Ірбіт жәрмеңкесінде сатылатын. Ересек құлдардың орташа бағасы 25 сомнан 50 сомға дейін, ал балалардың бағасы -10 сомнан 25 сомға дейін жететін.
XVIII ғасырдың аяқ кезінде Қазақстандағы құлдықтың бар екенін патша үкіметі де танып мойындаған. Мәселен, Жәмішев және Семей бекіністерінде жергілікті билік өкілдері жұмысшы күші ретінде құл сатып алып отырған. Сібір казактары қазақ ұлыстарынан тұтқын алып құлға айналдыру үшін жиі-жиі қарулы жорықтар жасап тұрған.
Ақшасыз айырбас саудасы ХVIIІ ғасыр және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында бүкіл дала өңірінің, сонымен қатар, Ертіс жүйесі тау-кен зауыттарының оң жағасын қамтыды. ХVIIІ ғасырда қазақтармен екі арадағы айырбас саудасына негізінен Сібір казактары қатысты[12, 134 б.].
Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің қалыптасуының тарихи және саяси алғышарттары қарастырылады. Қазақстанның оңтүстік өлкесінің Ресей империясына, ортаазиялық хандықтарға (Бұхар, Хиуа), Қытайдың батыс аудандарына географиялық жағынан жақындығы, оның сыртқы сауда саясатындағы ролін анықтады, орыс үкіметінің саяси және экономикалық позицияларының күшеюіне ықпал етті. Ресейдің Қазақстанға қатысты экономикалық саясаты XVIII ғ. екінші жартысы мен XIX ғасырдың өне бойында, орыстардың Азия территориясын отарлауы мен игеруі кезінде қалыптасты. XIX ғасырдың ортасынан бастап, Ресей текстильді және өңдейтін кәсіпорындарының шикізат пен өткізу рыногына деген қажеттіліктерінің артуы Қазақстан территориясында сенімді сауда жүйесін құруды талап етті. Басыбайлық құқық жойылғаннан кейін, Ресейдегі капитализм тез даму мүмкіндігіне ие болды. Бірақ, халықтың сатып алу мүмкіндігінің төмендігінен туындаған, ішкі нарықтың тарлығы, патша үкіметін, буржуазия мен көпестердің мүдделері үшін жаңа өткізу нарықтары мен шикізат көздерін іздестіруге итермеледі. А.А. Халфиннің еңбегінде көрсетілгендей бұл кезеңде Ресей әлемдік рынокта Европаға ауыл шаруашылық шикізатты шығарса ал, Азия рыногында, керісінше металл және тоқыма бұйымдарының, өңделген терілердің (дайын фабрика-заводтық өнімдердің) экспортері болды. Осы мәселеге байланысты, зерттеуші А.И. Верегин былай деп мәлімдеді: «Приведя в безопастность торговлю нашу в Средней Азии, мы приобретаем со временем легчайший способ вознаграждать те потери, которые вынуждены сносить по европейской торговле...» [24].
Сонымен, патшалы Ресейдің Орта Азияға, оның ішінде Қазақстан жеріне енуі, Ұлыбритания арасындағы бақталастық жағдайында жүрді. Осылайша, Ресейдің жаулап алушылық саясатының ұмтылысы нақты стратегиялық, саяси, сауда-экономикалық үстемдікке ие болу мен мол пайда табуға деген ұмтылыстарын айқын көруге болады.
1.2 Қазақ – Ресей саудасы
Қазақ-Ресей байланысының ұзақ тарихы бар. Ол сонау ХVIII ғасырдан бастау алады. Ол кезеңде олар, негізінен, дипломатиялық және сауда-саттық қатынастарымен шектелді. Мәселен, Орта жүз қазақтарының ХVIII ғасырда Строгановтармен сауда байланыстарының болғаны мәлім. ХVIII —ХIХ ғасырларда Батыс Сібірдің әскери жоне шенеуніктік тобы қазақтарды қырғыздар деп кате атап келді. Орыс империясының Батыс Сібірді баса-көктеп шығысқа қарай жылжи түсуіне бір кезде Сібірді мекен еткен ер жүрек қырғыздар (нағыз қырғыздар) табан тіресе қарсылық көрсеткен болатын. Сол қырғыздардың атын орыстардың кейінгі кезде қазақтарға қателесіп бергені анықталды. Түбі бірге туысқан екі халықтың шынында тілі де бір, көшпелі өмір салты да, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері де өте үқсас екені рас. Кейіннен бұлар, яғни қазақтар мен қырғыздардың, өз алдына бөлек туысқан екі халық екеніне көз жеткізген орыстар қазақтарды «қырғыз-қайсақтар» немесе жалпылама «қырғыздар» деп атап кетті, ал нағыз шын қырғыздарды «тау-тас қырғыздары», «қара қырғыздар» немесе «буруттар» деп атады. Қазақтарға олардың байырғы тарихи өз аты қайтарылмады. Өйткені Ресейде бұл кезде «казак» деген ұқсас атпен әскери сословие пайда болған еді.
Қазақ хандығының Ресеймен белсенді араласқан байланысы ХВЫЫЫ ғасырдың алғашқы үштен біріндегі кезеңге сәйкес келеді. Ондай байланысқа екі жақ та мүдделі болды. Қазақтардың билеушілері өздерінің солтүстіктегі көршісімен сауда-саттық байланысын орнатуға көбірек мүдделілік танытты. Олар өз тарапынан Ресеймен әскери одақ құруға бірнеше рет әрекет жасады. Өйткені шығысындағы Жоңғариямен әскери-саяси тұрғыда қарама-қарсылық туындай бастаған болатын. Ресеймен әскери одақ құру әрекеті алғаш рет ХVIII ғасырдың бас кезінде жасалды. 1716 жылы Қайып хан Ресейге елші жіберіп, жоңғарларға қарсы бірлескен күрес жүргізуді көздеді, кейінгі жылдарда да қазақ елшілері бірнеше рет барып қайтты. Орыстармен әскери одақ құру әрекеттерін Кіші жүздің ханы Әбілқайыр да жасап көрді. Алайда Ресей Швециямен болған ұзақ та ауыр соғыстан кейін қазақ хандарының ұсынысына кұлық білдіре қойған жоқ. Патша үкіметі Қазақстанды бірқатар себептерге байланысты өзінің геосаяси ықпалына алуды көкседі. Өйткені Қазақстан ол үшін Орта Азияға, Үндістанға, Ауғанстанға, Азияның басқа да мемлекеттеріне әскери іс-әрекеттері одан әрі ілгері жылжытуға қолайлы плацдарм еді. Ресейді өзінің Қазақстан мен Орта Азия бағытындағы сыртқы саяси қызметін күшейте түсуге мәжбүр еткен және бір нәрсе ағылшын-орыс бәсекелестігінің тигізген ықпалы болдьі. Қазақстан сонымен қатар Ресей экономикасының барған сайын күш алып келе жатқан зауыт-фабриқалары шығарған өнімдерді өткізетін орасан зор рынок болып та саналатын. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, қазақ даласы келешекте Ресейге әр түрлі шикізат, жер асты қазба байлық түрлерін, мал өнімдерін көптеп бере алатын бай аймаққа айналуы тиіс еді. Ақырында, Ресей басқа да кез келген империя сияқты номадтарды (жергілікті байырғы халықты) алым-салық төлеп тұрудың қайнар көзі деп білді.
Міне, осының бәрі де қордалана келіп, Ресей империясының Қазақ хандығымен шекаралас аймақтардағы дипломатиялық, барлау және әскери әрекеттер жүргізуіне негізгі түрткі болған себептер еді.
XVIII ғасырдың 20-жылдарында казақ-орыс қатынастары белсенді түрде жүре бастады. Әбілқайыр ханның бастауымен Кіші жүздің көптеген тайпалары Жайыққа жақындап, одан әрі оң жақ жағаға шығуға тырысты. Бұл жағдай орыс бодандығындағы башқұрттар және қалмақтармен жаугершілікке әкеп соқты. Шекаралық келіспеушіліктерді реттеу мақсатында Кіші жүз басшылары 1726 жылы Ресейге елшілік жібереді.
Әбілқайыр ханның бірінші жіберген елшілігі нәтижесіз аяқталып, екінші рет (1730 ж.) елшілік жібереді. Ондағы мақсаты — Орта Азияда, қазақ халқы арасында өзінің ықпалын нығайтуды ойлады. Кіші жүздің Ресейге қосылуынан (1731-1732) кейін «қазақтарды орыс бодандығында ұстау және оларды басқару» жөніндегі жоспар жасалынды, сонымен қатар башқұрт жерлерін қорғау, сауда қатынастарын жүргізу үшін Орынбор қаласын салу жоспарланды. Ресей мен Қазақстанның арасында сауда байланыстарын орнатуға қолайлы жағдайлар орныға бастады. Қазақ ұлыстарына Ресей саудасы үлкен қажеттілік еді. Түркістан, Ташкент өңірінен айрылған қазақтың көпшелі ұлыстары үшін рынок аса қажет болды. [7;515]
XVIII ғасырдың 40-жылдарының аяғында Орынборда 150 сауда дүңгіршектері және қоймалары салынды, ал 1754 жылы қазақтарға және азиялық көпестерге арналған күзде, қыста және жазда сауда жасайтын арнайы орындар ашылды. Сонымен қатар бұған ұқсас сауда орындары Семей, Жөміш, Троицк жерлерінде де салынды. Бұл тұрақтар алғашқыда бекініс ретінде тұрғызылып, кейіннен Ресей мен Қазақстанның арасында сауда орталықтарына айналды. 1750 жылдары Ресей империясы мен қазақ елі арасындағы сауданың өсу қарқыны байқалды.
Қазақстанның экономикасында Семей, Орск (Жаманқала), Гурьев, Орал (Теке), т.б. бекіністер маңызды рөл атқарды. Ортаазиялық және Шығыс Түркістанның көпестері көп мөлшерде мақта-маталар, ыдыстар, көкөністер, кілемдер, қару-жарақ, нан және күріш әкеліп отырды. Көшпелілердің отырықшылыққа көше бастауына сауданың дамуы себеп болды. Енді көшпелілер қалалардағы және елді мекендердегі сауда орталықтарына, жәрмеңкелерге бара бастады. Жердің тарылуы, бекініс шептерінің көптеп салынуынан, соғыс ауыртпалығынан қазақтардың шаруашылығында мал саны күрт азайып кетті, ол көшпелілікті құлдырауына әкеп соқтырды.
Қазақ халқының Ресеймен арадағы байланысының алғашқы бағыттарының бірі сауда қарым-қатынасы болды. Оның жолға қойылып, екі халық арасындағы байланыстың басталуы негізінен қазақ жерінің орыс мемлекеті құрамына қосыла бастау кезеңінен-ақ іске асырылды. Осы аталған уақыттан бастап қазақ даласының Шығыс, Алтай өлкесі де осындай екі жақты қарым-қатынасқа тартылып, уақыт өткен сайын ол кең қарқынмен дами түсті [7, 62 б.].
ХVIIІ ғасырдың бірінші ширегінен басталатын аталған аймақтағы сауда қатынасы алғашында негізінен айырбас ретінде жүрді. Жергілікті қазақтардың осы саладағы саудаланатын басты тауары мал және оның өнімдері болды.
Бұлар Ресейлік өнеркәсіптік тауарларына, астыққа, әртүрлі ыдыстарға, әшекей бұйымдарына, шай, қант, жеміс, т.б. тағамдарға, күнделікті қажетті мүліктерге кеңінен ауыстырылды. Осы мерзімнен басталған қазақ-орыс саудасының жергілікті халық тұрмысының дамуындағы маңызы да арта түсті.
Ақшасыз айырбас саудасы ХVIIІ ғасыр және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында бүкіл дала өңірінің, сонымен қатар, Ертіс жүйесі тау-кен зауыттарының оң жағасын қамтыды. ХVIIІ ғасырда қазақтармен екі арадағы айырбас саудасына негізінен Сібір казактары қатысты [8, 56 б.].
«...Орыс — қазақ айырбас саудасы жыл бойы тұрақты түрде барлық орыс қоныстарында жүргізілді. Әрбір қазаққонысы олар үшін сауда орталығына айналды», – деп көрсетті Сібір казак әскерлерінің тарихшысы Ф.Усов: «қазақтар айырбас үшін малдарын, тері, жүндерін, т.б. мал өнімдерін әкеледі. Осы жерде олар нан, шай, кант, мақта өнімдеріне, әшекей заттарына ауыстыра алады. Айырбас сауда, әсіресе, қазақтармен Алтай таулы өлкесіндегі кабинеттік шаруалары, сонымен катар,Бұқтырма өңірі қазақтары арасында қызу жүрді. Айырбасталатын тауарлардың ішінде астық өнімдері басым болды» [24, 25-26 бб.].
Осы аймақтағы орыс-қазақ саудасының алғашқы басталу тарихы туралы өлке зерттеушісі С.Н.Герасимов мынандай мәліметтер береді: «Жоңғарлармен болған соғыстан кейін орыстар бос қалған жоңғарлардың жерлерін өздеріне қаратып, шығыстағы иеліктерін Ертіс өзені жағалауына дейін жылжытты. Осы жерде орыс шекаралық жүйесіне жақын келіп, қырғыз-қазақтар орыстармен сауда қарым-қатынастарын жасай бастады. Ал бұған жоғары мемлекеттік рұқсат керек болғандықтан, 1760 жылы сұлтан Абдул Файз Санк-Петербург қаласына өзінің елшілері Бек МырзаменКұдайбергенді жібереді. Көршілерімен Ертіс жүйесінде сауда қатынасын жасауға мүдделі орыс мемлекеті 1764 жылы Семей қаласынан 15 шақырым жерде, Ертіс өзенінің солтүстік жағалауында кейін, Семейдің «Заречный» слободасының негізі болған ерекше айырбас алаңын негіздеді. 1765 жылы осындай айырбас алаңы Өскемен қамалында, 1765 жылы Железинскіде, ал 1803 жылы Бұқтырмада негізделді».
Аталған кезеңнен басталған қазақтармен арадағы сауданы одан әрі дамытып, өркендетуге патша үкіметі алғашқы кезеңінен-ақ мүдделілік көрсетті. Себебі, жергілікті халықпен айырбас саудасы Ресей үкіметіне тиімді болды. Көрсетілген уақытта негізінен қазақтарға сапасыз, Ресейдің ішкі аудандарында сұранысы жоқ өнеркәсіп тауарларын малға, оның өнімдеріне ауыстырды. Осы арқылы Ресей кәсіпорындарын арзан шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.
«Даламен сауда жасау, - деп тұжырым жасайды Е.Бекмаханов өзінің зерттеулерінде, - орыс саудагерлеріне аса көп пайда әкелді. Олар мұнда өтпейтін тауарларды әкелумен қатар, осы арқылы үлкен табыс тапты». Даламен екі ортадағы саудаға сипаттама жасай отыра А.К.Гейне былай деп жазды: «Ресейден қырғыздар барлық жәрмеңкелерде өтпеген сапасыз тауарларды алады. Керісінше, бұл қажетсіз бұйымдар қырғыз даласында малға айырбасталып, тиімді өтеді» [23, 57 б.] Қазақ даласын зерттеуші А.И.Левшиннің көрсетуінше: «қырғыздар өздерінің өткізген мал т.б. шикізат түрлерінің, орнына Ресейден әртүрлі темір, шойын және мыс бұйымдарын, мысалы, қазан, таған, ертоқым, қайшы, тері, балта, шалғы, кұлып т.б. сонымен бірге, барқыт, кенеп, жібек маталары, сандық, кішкентай айналар, иіскейгін темекі, үн т.б. алады» [25, 245 б.]. Осы кезеңдегі қазақтардың малының молдығы мен олардың оны көп мелшерде орыс тауарларына ауыстыратындығы жөнінен Батыс Сібір мен қазақ даласын зерттеуші И.Завалишин де көрсеткен, оның айтуынша: «Олар шекаралық қазақтарғанегізінен мал шаруашылығымен айналысады. Тері, мал майы, жүн және т.б. тауарға – темір, тері, көбінесе астыққа ауыстырылады. Мал, қой, жылқыны да олар өте көп мөлшерде сатады.
Қазақтармен екі ортадағы осындай айырбас саудасын жүргізе отыра, патша үкіметінің жергілікті әкімшілігі, саудагерлер әрқашан алдауға, малдарын арзанға алуға тырысып келді. Мысалы, Ресей көпестерініңқарапайым қазақтарды арақ беру арқылы қалай алдағанын граф Ян Потоцкий төмендегідей мысалмен келтіреді: «қазақтарда айырбастауға ұсынылатын тауарлардың нақты бағасы туралы ешқандай мағлұмат, түсінік жоқ, осы арқылы көпестерге қаншама пайда келіп жатқандығын айтпай-ақ түсінуге болады».
Сонымен бірге,Қазақстан аталған кезеңде Ресей өнеркәсіптегі тауарларының өткізу аймағы ғана болып қалмады. 1829 жылғы Сыртқы істер министрлігініңНиколай I-ге хабарламасында Қазақстанның арзан шикізат байлығын өркендей бастаған өнеркәсіп орындарына пайдалану мәселесі қойылды [26, 27 б.].
Қазақ даласындағы айырбас сауданың өркендеуіне орай өсімқорлық кеңінен етек алды. XIX ғасырдың ортасында орыс саудагерлерінін едәуір бөлігі жергілікті тұрғындарға тауарларын белгілі мерзімге дейін өспелі қарызға берді. Бұл туралы Сібір өлкесінің зерттеушісі М.Красовский былай деп жазады: «Саудагерлер, егін шаруашылығымен айналыспайтын қазақтар қырғыздарды алдау арқылы күн көреді. Олар саудагерлерден келісімімен тауарларды алып, оны қырғыз ауылдарына белгілі бір мерзімге дейін таратып береді, осы арқылы олар еселеп байиды. Мұндай өсімқорлықтан татар саудагерлері де қалыспай орыс көпестерінен де артық байыды...» [23, 69 б.].
Даладағы жергілікті халықпен сауда қарым-қатынастары арқылы патша үкіметі қазақ жеріне кеңінен еніп, оның шаруашылық, әлеуметтік даму жағдайымен молырақ танысуға мүмкіндік алды. Осы мақсатпен қазақ даласындағы малдың есебін жүргізді, оны тиімді жолмен айырбастаудың мүмкіндіктерін қарастырды. Бұл да Ресей мемлекетінің жергілікті халықты отарлауының, оларды өзінің қарамағына алып өту жолдарының бірі болғандығы белгілі. Осы мақсатпен 1840 жылдың басында Шығыс Қазақстан, Алтай өлкесі округтері қазақтарыныңмал саны бірнеше рет саналып, анықталды. Санаққорытындысы бойынша князь Петр Дмитриевич Горчаковқа берілген мәліметте «Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл, Ақмола, Аягоз, Көкпекті және Кұсмұрын округтерінде 800000-ға дейін жылқы, 200000-ға дейін ірі қара, 3000000-ға дейін қой» бар екендігі көрсетілген.
Осы мерзімде жалпы Ресейдің сауда мәселесімен мемлекеттік коммерц коллегиясы айналысып келді, ал Орта жүз қазақтары Ресеймен сауда байланысын Семей каласы арқылы жүргізді.
Ресейдің 1758 жылдан бастап сауда жұмысын басқарған обер-директоры Никита Шемякин тұсында сауда жұмысы өркендей түсті. Саудадан түскен салық орыс мемлекетіне мол қазына болып кұйылды. Мысалы, мемлекеттік саудадан 1789 жылы 3922 рубль, 90тиын алынса, 1791 жылы 8380 рубль, 74 тиынға өсті. Семейде 1792 жылы орыс, Сібір және неміс тауарлары 51338 рубльге, ал қазақ, Ташкент және Қытай тауарлары 63800 рубль 94 тиынға жетті [20, 178 б.].
Айырбас сауданы одан ары дамыту мақсатында патша әкімшілігі қазақ даласында осы мақсаттағы сауда аландарын көбейтуді максат етіп қойды. «оның халықаралык саудадағы колайлылығын ескере отыра, Елизавета патшаның жарлығымен 1765 жылы Өскемен маңайында айырбас алаңы негізделді. Мұнда ташкенттіктер мен бұхаралықтар үнемі өз тауарларын әкелетін болды, ал қырғыз-қайсақтар, — деп жазады сол кездегі құжаттар, — көп мөлшерде қой, жылқы, жүн, тері сататын».
Ресей өндіріс тауарларын өткізу, оларды шикізатпен қамтамасыз етуге мүдделі патша үкіметі шет аймақтағы сауда өкілдерінің мүддесін корғауды да үнемі басты назарда ұстап келді. Осы мақсатпен қазақ даласына келген орыс саудагерлері мен өнеркөсіп орындарының өкілдеріне арнайы сауда агенттері, тілмаштар мен жол бастаушылар бөлінді. Олардын алдына қойған мақсаты да капиталистік даму жолына түскен Ресей кәсіпорындарын көп мөлшердегі шикізат көздерімен қамтамасыз ету, арзан қолды өндіріс тауарларын шет аймақтарға көп мөлшерде өткізу болды. Аталған мақсатта үкімет тарапынан саудагерлердің қызметін женілдетуде, оларды ынталандыруірі сауда капиталын қалыптастыру мақсатында т.б. көптеген шаралар қабылданды. Атап айтқанда, патша үкіметі ірі саудагерлерге ресми атақ беріп, ол атақ мұрагерлікке қалатын болды.
Ертіс өзені маңайындағы саудагерлікті дамыту мақсатында Семей облысы аумағында сауда жасайтын саудагерлерге, мещандарға, т.б. бірінші топтағы саудагерлерге екі мың күміс, екінші топтағы саудагерлерге бір мың күміс, үшінші топтағы саудагерлерге 400 күміс рубль капиталы болған жағдайда он жыл сауда салығынан босатылатын болды. Саудагерлер өз есебінен Аягөз,Қапал немесе Көкпекті коныстарында сауда аландарын салуға міндеттелді. Сонымен катар, олардыңөндіріс базаларының болуы талап етілді.
Аталған тұрғыда 1827 жылдың 9 қыркүйегінде Омск облыстық басқармасының рұқсаты бойынша Петропавловск айырбас аланында сауда жасау мақсатында барлық көпестер мен мещандарды қажетті айырбас жасалатын тауарлармен қамтамасыз ету, азиялық тауарлар тиелген керуендерді қазақ малдарын айырбастау максатында Петропавловск арқылы қазақ даласында тоқтатуға мүмкіндік жасалды. Сонымен катар, «Сібір қырғыздары жарлығының» 202-бабына сәйкес Бұхара сауда керуені бастығы Иль Мухамед Нурмагамбетовтың өтініші бойынша Бұхара және Ташкенттің 2-3 топтағы саудагерлерінің Петропавловск қаласында сауда жасауларына рұқсат етілді.
Ал бұған дейін ішкі шекара жүйесінде арнайы рұқсаты бар, 1-топтағы шетел саудагерлеріне ғана рұқсат беріліп келген.
Ресей жағынан өнеркәсіп және тұрмысқа қажетті тауарларының қазақ даласына енуі олардың жаңа тұрмысқа тартылуына, қоныс аударып келген орыс шаруаларымен тығыз байланыс орнатуына жағдай жасады.
Қазақтар басы артық малдары мен оның өнімдерін өздеріне қажетті тауарларға ауыстыруға мүмкіндік алды. «Орыстар мен қазақтардың ең алғашқы байланыстары,- деп жазды Н.В.Алексеенко,- сауда байланыстары болды. Қазақ даласымен сауда қарым-қатынасы Ямышево (1720), Семей(1754), Железинск (1764) қамал кедендері арқылы жүрді.
Аталған сауда қатынастары, әсіресе, 1758 жылғы Жоңғар мемлекеті талқандалғаннан кейін жедел қарқынмен дами бастады. Алғашқы ақшасыз саудада жалпы айырбас құны бір жылдық тоқты болды[9, 48 б.].
Қазақтардың Ресеймен сауда жасайтын негізгі орындары шекара шебіндегіОрынбор,Троицк,Петропавл, Омбы,СемейжәнеӨскеменбекіністері болды. Қазақтар базарға мал жәнемал шаруашылығышикізатымен аң терілерін алып баратын.
Жергілікті үкімет орындарының мұндай жеңілдіктерге баруы,әсіресе, қазақтардын Орта Азия тауарларына деген сұранысынан туып, олар бұл тауарларды малға ауыстырды. Керісінше, аталған саудагерлер оны тағы да орыс өнеркәсіп тауарларына, соның ішінде аң терілеріне, әшекей, өндіріс заттарына ауыстыратын. Орыс саудагерлері қазақ даласына өз тауарларын шектеусіз әкелді. 1806 жылғы 12 ақпанда Н.Лавров қазақ жеріне көбірек тауар әкелудіңтиімділігін ескере отыра, шекаралық аймақтағы халықтармен сауданы өркендету туралы граф Н.Ф.Румянцевке кеңес берді. Мыс, темірден жасалған ыдыстар, әсіресе, қырғыз- қайсақтар үшін шойын қазан мен темекі керек болды [27, 87- 88 бб.].
Жергілікті қазақтардың мал өнімдерін көптеп айырбастауын қамтамасыз ету мақсатындағы патша әкімшілігі тарапынан 1831 жылғы тері мен мал майына, 1845 жылғы астық пен металл бұйымдарына мемлекеттік салықты тоқтату туралы шаралары саудагерлердің белсенділігін жандандыра түсті. Осы кезден бастап қазақ ауылдарының мал, оның өнімдерін Ресейдіңәр түрлі тауарларына айырбастаудың көлемі арта түсті. Даламен екі ортадағы сауда 40 жылдары, әсіресе, сауда жолдары мен керуендерін үкімет тарапынан мұқият түрде күзету колға алынғаннан кейін одан әрі дами түсті.
XIXғасырдың бірінші ширегінен бастап-ақ қазақ даласындағы саудада ақша қарым-қатынастарының рөлі арта түсті. Ақшамен сауда жасау, әсіресе, қазақтарға тиімді болды. Сауданың осы түрі арқылы олар тауардың әр аймақтардағы, уақыттардағы құнын біліп отыруларына мүмкіндік алды. Нәтижесінде өз малдарының, оның өнімдерінің нақты бағасын айкындауға жағдай жасалды. Ақша арқылы қажетті тауарға алдын-ала сұраныс жасауға мүмкіндік пайда болды. Мүмкін болар жұттан, ұрлык пен барымтадан т.б. қауіптенбей-ақ ақшаныңқұнын жоғалтпай, оны сақтау да өзінің тиімділігін көрсетті. Ақшаның сатып алу қабілетінің тұрақтылығы жергілікті халықтың малдарын, оныңөнімдерін өздеріне тиімді бағаға және қолайлы кездерде сатуларына да жағдай жасалды. Нәтижесінде қазақ жері біртіндеп Ресейдегі капиталистік қарым-қатынастар аймағына енді. Ол ірі сауда-ақша қарым- қатынастарының орталығына айналды. Сауданың көлемі артты, уақыт өткен сайын оған қатысатын халықтың саны да арта түсті. Осы арқылы тауар-ақша саудасы жергілікті тұрғындардын күнделікті өмірінен кең орын алды.
«Даламен екі ортадағы саудада, — деп жазды Е.Бекмаханов, — айырбас арқылы ғана емес, ақша қатынастары да өсе түсті. Қазақтар Бұхара мен Хиуа ақшалары арқылы шекара жүйесінде қажетті тауарларды ақшаға сатып алды. 1846 жылы Белозеровтың көрсетуінше,қырғыздар арасындағы саудаға таяу арада ақша қатынасы еніп, олар өздерінің сатып алғандарын ақшаға өткізеді.Ал мұнын өзі тұйық шаруашылықтан тауар өндіруге ерекше әсер еткен тауар-ақша қатынастарының енуіне жағдай жасады.
Енді осы кезеңнен бастап қазақ-орыс сауда қатынасында айырбас кұралы Ресей рублі мен Орта Азия монеталары болды. Сонын ішінде Қазакстанның шекаралық шығыс өлкесінде орыс ақшасы басым болды. БатысСібір сауда басқармасыныңкөрсетуінше,Орта жүз округтерінде қырғыздар біздіңақша белгілерімен танысып, енді олар ақырындап кредит билеттерін ала бастады. Сонымен қатар,жергілікті халыққа ақшаға сауда жасаудыңтиімділігі — мемлекеттік салықты (1 рубль 50 тиын) төлеуге жағдай жасады. Бұл мысалдар қазақтардын ішкі саудасына капиталистікқатынастардың енгендігін көрсетеді. Нәтижесінде, XIX ғасырдың бірінші ширегінде-ақ Ресейдің Қазақстанмен,жылдық сауда айналымы, тиісінше, барлық Орта Азия мемлекеттерімен сауда айналымынан едәуір артық болды.
Мал сату XIX ғасырдын ортасына дейін сауда орындарында негізгі рөл атқарды. Бес жыл ішінде (1841-1851 жж.) Шығыс және Орталық Қазақстан жылына орта есеппен базарға 658 мыңқой, 48 мың ірі қара, 19 мың жылқы шығарды. Әсіресе, күздің басында 5-10 мыңдық ірі қара табындары Петропавловск, Түмен, Қазан, Нижний Новгород және одан ары Москваға дейін айдалатын. Қой негізінен майын алу үшін Петропавловскіде сойылып, жергілікті май өңдеу орындарына жеткізіліп, одан ары Ірбіт, Нижний Новгород, Москва, Петербург қалаларына, біраз бөлігі шетелге шығарылып келді.
Жергілікті жерде өңдеу кәсіпорындарының жеткіліксіздігінен мал өнімдерінің басым көпшілігі Қазақстаннан тыс жерлерге жіберілетін. Мал терілерін одан ары өңдеу, ұқсату максатында Тобол губерниясы зауыттарына, ал жылқынын қылы, терілері, қой, түйе жүндері Макарьев жәрмеңкесіне және Сібірге таратылды. Мал өнімдеріне ауыстыру мақсатында Ресей қазақ даласына мануфактура, астық, металл тауарларын шығарды.
Қазақстандағы ішкі сауданың дамуы мен оның сыртқы байланыстарының қалыптасуы жергілікті қазақ саудагерлерініңқалыптасуына әкеліп сокты. Алдымен олар Петропавловск, Семей, т.б. қалалар көпестерінің агенттері ретінде қызмет атқарса, сонан кейін қазақ саудагерлері шекара жүйелерінде форпостарында, әсіресе, ауылдарда сауда жасай отыра, өз кәсіптерін ашты, Мысалы, 1863 жылы Баянауыл округіндегі 107 саудагердің 68-ін қазақтар құрады. 60 жылдардың ортасында Троицкімен, Ташкент, Бұхара, Хиуамен байланыс жасайтын қазақ саудагерлері Перовск фортындағы саудада да басымдылық көрсетті. Тауар сатып алу үшін олар Ірбіт жәрмеңкесіне, тіпті Кытайдың Шұғышаққаласына дейін барды. Профессор Т.Шойынбаевтың дерегінде: «Жекелеген қазақ саудагерлері ірі сауда капиталына ие болды. Мысалы, ағайынды Қонақбаевтардың сауда қоры 150 мың, Медеубаевтікі— 300 мың, Жұрыспайдікі — 500 мың рубль болған.
Сауда қарым-қатынастарының ақшалық жүйеге көшуі қазақтардыңөз малдары мен оныңөнімдерін акшаға сатудагы белсенділіктерін арттырды. Мысалы, XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресей кәсіпорындарына, соның ішінде әскери киім тігу фабрикаларына шикізаттың көп мөлшердегі қажеттігі олардың айырбаспен қатар қырғыз жүндерін ақшаға сатып алуларына жағдай жасады.
Сауданың мұндай түрін әскери киім тігу фабрикасыныңқырғыздардан қой жүнін сатып алуы туралы 1.07.1822 жылғы мына мәліметтенкөругеболады:
«Қазақтар орыс саудагерлеріне малдарын ақшаға сатумен қатар түскен ақшаға тұз, т.б. өздеріне кажетті тауарларды да сатып алатын болды». Сауданыңбұл түрі орыс кәсіпкерлерін де қанағаттандырды. Олар осы арқылы тұз өнімдерін алысқа тасымалдаудың орнына жергілікті халыққа өздеріне ұнаған бағаға сататын болды. Оны 1823 жылғы 27 қыркүйектегі мына төменгі мәліметтерден білуге болады:«2 тамыз күнгі Байшуак болыстығының старшинасы Әскер Шагаровқа және оның басқаруындагы қырғыздарғаЕртіс өзені жағалауы, Зайсан көлі маңайы қазақтары осы мерзімде малмен бірге балық сатумен де айналысты. Мысалы, Г.Н.Потаниннің зерттеуінше, «Осы жылдың алғашқы жартысында (1864-1865) 1741 пұд қызыл, 383 пұд ақ балық, 1344 пұд т.б. балық түрлері ауланып, 157 пұд балыққырғыздардан сатып алынды [28, 31 б.].
Уакыт өткен сайын қазақ даласындағы сауданың, дамуына мүдделі Ресей үкіметі тарапынан XIX ғасырдың басында бұл өңірдегі орыс көпестеріне салықсыз сауда жасауға рұқсат берілді. Нәтижесінде статистикалық есептеулер бойынша, XIXғасырдың ортасында әр жыл сайын қазақ даласынан, негізінен Орта жүз қазақтарынан Сібір жүйесіне 400 мыңға дейін қой мен ешкі, 12 мыңға дейін ірі қара маләкелетін болды.
Ресейден әкелінетін тауарлардың негізгі түріастық, жарма, кездеме маталар, шұға-мәуіті, иленген тері және металл бұйымдарыболды.
Қазақ-Ресей саудасының бірқатар өзіндік ерекшеліктері де бap еді.
Оларда:
біріншіден,сауданыңайырбас жасау сипаты басым болды. Өйткені, айналымдағыақшақазақтарда аз еді. Сауда бірлігі болып ісек қой саналды.
Екіншіден, сауданыңэквиваленттіктепе-тең балама бағалары болмады. Соның арқасында Ресейсаудагерлеріаз уақыттың ішінде-ақ байып шыға келді. Мысалы, бағасы 75 тиын тұратын 18 метр кенептібір жылқы мен өгізге айырбас жасады. Ал ол жылқы мен өгізді Ресейге алып барып 12—15 сомнан сатты[9, 108 б.].
Үшіншіден, қазақ даласына сапасы өте төмен тауарлар алып келінді.
Бұлжөнінде Ресейдің XVIII ғасырдағы белгілі зерттеушісіП.Палласбылай деп жазды:«(қазақтардың) саудаға ебі жоқ. Олар сапасыз тауарларды және қайдағы бір ұсақ-түйек заттарды айырбас жасау арқылы ала береді. Мұның өзі орыс көпестеріне қыруар мол пайда әкеледі».
Осы аймақтағы орыс-қазақ саудасының алғашқы басталу тарихы туралы өлке зерттеушісі С.Н.Герасимов мынандай мәліметттер береді: «Жоңғарлармен болған соғыстан кейін орыстар бос қалған жоңғарлардың жерлерін өздеріне қаратып, шығыстағы иеліктерін Ертіс өзені жағалауына дейін жылжытты. Осы жерде орыс шекаралық жүйесіне жақын келіп, қырғыз-қайсақтар орыстармен сауда қарым-қатынастарын жасай бастады[10, 125 б.].
Ал бұған жоғары мемлекеттік рұқсат керек болғандықтан 1760 жылы сұлтан Абдул Файз Санк-Петербург қаласына өзінің елшілері Бек Мырзамен Құдайбергенді жібереді. Көршілерімен Ертіс жүйесінде сауда қатынасын жасауға мүдделі орыс мемлекеті 1764жылы Семей қаласынан 15 шақырым жерде,Ертіс өзенінің солтүстік жағалауында кейін Семейдің «Заречный» слободасының негізі болған ерекше айырбас алаңын негіздеді. 1765 жылы осындай айырбас алаңы Өскемен қамалында, 1765 жылы Железинскіде, ал 1803 жылы Бұқтырмада негізделді»[10, 129 б.].
Аталған кезеңінен басталған қазақтармен арадағы сауданы одан ары дамытып, өркендетуге патша үкіметі алғашқы кезеңінен-ақ мүдделілік көрсетті. Себебі, жергілікті халықпен айырбас саудасы Ресей үкіметіне тиімді болды. Көрсетілген уақытта негізіне қазақтарға сапасыз, Ресейдің ішкі аудандарында сұраныс жоқ өнеркәсіп тауарларын малға, оның өнімдеріне ауыстырды. Осы арқылы Ресей кәсіпорындарын арзан шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік туды[15,350 б.].
П.И.Неболсингесүйенсек, Орта Азия елдеріне Ресейден әкелінген сауда айналымындағы негізгі тауарлар мынадай:
1) мақта-мата өнімдері: шыт, коленкор, миткаль (мақтадан тоқылатын ең арзан кездеме, түссіз шыт), кенеп (холстина), орамалдар, нанка (сарғылт түсті, қалыңдау кездеме), қызыл мата (кумач), кисея, мақпал (плис - мақта барқыт); 2) жібек мата өнімдері; 3) шұға; 4) былғары өнімдері: юфть (былғарының ерекше сорты), өңделген терілер, қара терілер, ешкі терілері; 5) қант, құмшекер және мұз кәмпиттер; 6) шайлар; 7) бал, балауыз; 8) ағаш өнімдері мен сандықтар; 9) бағалы аң терілері: түлкі, қарсақ, бұғы терілері, 10) шишадан жасалған өнімдер: айналар, шынылар, құмыралар, ыдыстар, фарфор мен қыштан жасалған ыдыстар, 11) бояулар: кошениль, сандал, киноварь (қызыл түсті минерал, сол минералдан алынған бояу), лазурь (көкшіл бояу), 12) химиялық бояулар: сассапариль (мәңгі жасыл өсімдіктер), купорос (металдың күкірт қышқылды тұзы), мүсәтір, ашудас; 13) әртүрлі уақ-түйек тауарлар: қағаз өнімдері, көзілдірік, сағат, орган (үрлемелі клавишті музыкалық аспап), темекі, темір бұйымдары, опа-далап, лимон, маржан, бүркіт, қаршыға, сұңқар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |