-ырынаффиксі арқылы, мысалы, І.Жасырын – сын есім, ІІ. Жасырын – етістік, араб сөзі.
-лық аффиксі арқылы, саулық сөзі, І.Зат есім – амандық, есендік, саулық сұрасу; ІІ.Зат есім – қозылы қой, боталы нар, бұзаулы сиыр немесе саулық мал. Сонымен қатар қулық сөзі, І.Зат есім – айлакерлік, амандық, ІІ.Зат есім – алғаш рет құлындаған бие. Қазақ тідінде аффикстер арқылы жасалып омонимдік қатарға енген сөздердің саны небары 4-5-тен аспайды.
Орыс және қазақ сөздерінен жасалған омонимдер. Мысалы: Сол сияқты ат айдаушы, атшы деген мағынадағы көшір сөзі орыстың кучер деген сөзінен алынған. Сеңсең тоңдарына оранып, шана ішінде қалғып отырған бірен-саран көшірлер де байқалады (М. Әуезов). Бұл сөз орыс шаруаларын Қазақстан жеріне көшіре бастады (С. Көбеев) дегендегі көшіретістігімен тұлғалас келіп, омонимге айналып кеткен.
Сондай-ақ, орыстың волость деген сөзі қазақ тілінде болыс болып өзгерген. Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға, Шелтірейтіп орысың, Шенді шекпен жапқанға (Абай). Бұл сөз Ерден апасына болысып, үйдің керегесін жайысты (С. Бегалин) дегендегі болыс етістігімен дыбысталу жағынан үйлесіп, омоним жасалған.
Сөйтіп, қазақ тіліндегі омонимдер сөздің мағыналық дамуы арқылы, дыбыстық өзгерістер арқылы, сөзге омонимдес аффикстер қосу арқылы, сонымен қатар кірме сөздердің қазақтың төл сөздерімен үндесіп жақындасуы нәтижесінде жасала беретіндігін көрдік.
Лексика-грамматикалық омонимдер тобындағы сөздер әр сөз табына қатысты болғандықтан, түбір тұлғасында омоним болды да, қалған уақытта әр сөз өзіне тән тұлғаларда түрленіп, өзгере береді. Мысалы:
Бөле I. Зат есім. Бірге туған апалы-сіңілі адамдардан туған балалардың арасындағы туыстық қатынас атауы.
Бөле II. Етістік. Жас баланы бесікке салып құндақтау.
Заты I. Зат есім. Бір нәрсенің негізгі мәні, мазмұны. Сіздің затыңыз кім болады? Қай жердікісіз? – деді (С. Сейфуллин).
Заты II. Үстеу. Тегінде, негізінде, сірә. Заты қолға түскен біреудің қару-жарағы болса керек (С. Талжанов).
Аралас омонимдер жоғарыдағы екі топқа жататын омонимдердің қасиетін қамтиды. Аралас омонимдер әдетте көп сыңарлы болып келеді. Мысалы:
Құр I. Зат есім. Киіз үй жабдығы.
Құр II. Зат есім. Таулы, орманды жерде тіршілік ететін жабайы құс.
Құр III. Үстеу. Бекер, бос. Текке, жат, әшейін.
Құр IҮ. Етістік. Бір нәрсенің негізін салу, орнату.
Құр Ү. Одағай. Жылқыны шақырғанда не тоқтатарда айтылатын ишарат сөз.
Түсіндірме сөздіктерде қор сөзінің 3 түрлі, жаз сөзінің 6 түрлі т.б. аралас омонимдік мағыналары көрсетілген.
Қазақ тілінде омоаффикстер арқылы да омонимдер жасалады. Мысалы, -ыс, -іс, -с, -ық, -ік, -қ, -ын, -ін, -н, аффикстер есімдер мен етістіктерден омонимдік қатар түзіледі. Айтыс зат есім, айтыс етістік; жабық зат есім, жабық сын есім, жабық етістік; тебін зат есім, тебін етістік.
Тіліміздегі омоним аффикстер туынды күйінде жұмсалып отырады. Қазақ тілінде осындай секілді туынды омонимдер аз кездеседі. ал орыс тілінде керісінше, түбір омонимдерге қарағанда туынды омонимдер көп екенін орыс тілі лексикасында академик В.Виноградовтың көрсетуінше айта аламы