Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент (аты, жөні)



бет10/37
Дата23.05.2024
өлшемі0.78 Mb.
#501771
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
гр8

Аглютинация реакциясы
Бұл реакцияны 1897ж. ағылшын зерттеушілері Райлд пен Семпул ашып оны сарып аурына диагноз қоюға қолдануға ұсынғандықтан, ғалымдардың құрметіне «Райд реакциясы» - деп атап кеткен.
Райт реакциясын қою үшін негізінен мынандай дәрмектер қажет:
1. Зерттеу үшін алынған қанның сарысу.
2. 0,5 % карбул қышқылы қосылған изологиялық ерітінді.
3. Антиген-биофабрикада дайындалған, құрамында (1 мл көлемде) 10 млрд. өлтірілген сарып микробы бар физиолгиялық ерітінді.
4. Бруцеллезге оң және теріс реакция беретін қанның сары сулары.
Реакцияны таза 4 пробиркада 1 мл көлемінде 4 қатынаста ірі қара, жылқы және түйе қандарын 1:50; 1:100; 1:200 және 1:400 қатынастар қояды. Мысалы: қой, ешкі, шошқа, елік және иттің қандарын 1:25;1:50;1:100 және 1:200 қатынаста тексереді.
Малдарды сарып ауруына жалпылай тексеру кезінде реакцияны 2 қатынаста (2 пробиркада) қоюға рұқсат беріледі. Бұндай жағдайларда ірі қара, түйе мен жылқы қанын 1:50 және 1:100, ал қой, ешкі, шошқа және елік пен иттің қандарын 1:25; 1:50 қатынасында ғана тексеру қолайлы. Осы екі қатынастың кем дегенде біреуінде оң реакция берген қандарды іріктеп бөліп алып, оларды қайтадан 4 қатынаста тексеріп аглютинациялық титро анықталып қорытынды диагноз қабылданады.
Ірі қара, жылқы, түйе, шошқа және иттің қанын тексеру үшін реакцияны 0,5%-тік фенол қосылған 0,85%-тік физиологиялық ерітіндіде ал қой, ешкі және еліктің қанын 10% ас тұзы бар дистіленген суда қою қажет.
Реакцияны қою үшін ең алдымен 4 пробирканың ең біріншісіне 1 мл, ал қалған 3-не 0,5мл фенол + немесе 10-тік ас тұзы бар (қой, ешкі және елік қанын тексеріледі) физиологиялық ерітінді құяды. 1-ші пробиркаға 0,08мл (ірі қара, түйе, жылқы ) немесе 0,2 мл (қой, ешкі, шошқа, елік) қанының сары суын қосады да араластырып болған соң 1-ші пробиркадан 0,5мл алып 2-ші пробиркаға, екіншіден 0,5 үшіншіге, осылайша 4-ші пробиркаға дейін араластырып ең соңғы 4-ші пробиркадан 0,5мл қанның сары суымен физиологиялық ерітіндінің қоспасын алып төгіп тастайды.
Содан соң аталған 4 пробирканың әр қайсына 0,5мл 1:10 қатынастағы 10% ас тұзы ерітіндісімен (қой мен ешкі және елік) араластырылған сарып антигені құйылады. Антигенді құйып болғаннан соң пробиркалардың ішіндегі қоспаның көлемі 1 мл жетеді және де осындай тәртіппен құйылған реакцияның 1-ші пробиркасындағы қатынас 1:50-ге, 2-де 1:100, 3-де 1:200 және 4-де 1:400 тең болады немесе қой мен ешкінің зерттегенде бұл қатынас 1-де 1:25, 1:50,1:100 және 1:200-ге сәйкес келеді. Сонымен бірге реакцияның дұрыс жүруі қадағалау үшін сарыпқа оң және теріс қанның сары суларымен жоғары да көрсетілген қатынастар тексеру реакциясы қатар жүргізіледі.
Барлық (негізгі және тексеруге арналған) пробиркаларға антигенді құйып болғаннан соң, пробиркалардың ішіндегі қоспаның жайлап сілку арқылы мұқият араластырады да, пробиркаларды 18 сағ термостатта (t-37°) ұстайды, уақыт өткен соң реакцияғва термостаттан шығарып 1 -2 сағ бөлме темп-мен сақтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет